Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін дамыту



жүктеу 36,5 Kb.
Дата30.01.2020
өлшемі36,5 Kb.
#27774
түріСабақ



М.А. Жақанова

82 ЖББОМ Қарағанды қаласы


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін дамыту
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлап алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашылық адамдар қажет. Сондықтан да сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екуі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейнгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс- тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келшені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Осыған. Орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілетерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбмен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т№б№ сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым- қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс- тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақытыланды. [1]

Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы; бала өзінің білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.

Білімінде жүйеліліктің жоқгығынан, түсініктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау баланын қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады. Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған тынымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді.

Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінін атқаратын жұмысын өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек дегенін және неден кейін нені орындау керек екенін өз-өзіне күбірлеп айтатынын да байқаймыз. Бұлай жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп, ұйымдастырады. Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде – ақ өзіні мінез – құлқын өзі үйлетіре алады. Десек те, оның назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы оны шаруадан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуте мүмкіндік беретінмаңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керек болатынын дәлелд сыныпта оқитын балалар интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді. Бастацыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады,олар бала қияларын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің қайта пайда болу жағдайларын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б болуы мүмкін. Қазіргі таңда шығармалық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын , құралдарын анықтау психология мен педолгогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемді мәдениеттің дарлық дәуіріндегі ойшылдардың назарындағы болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға юолады . көтеріп отырған мәселе туралы ойлар, тұжырымдылар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл- Фараби, Абайды ерекше толғандырған.[2] Сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнеиі көтеріп отырған. Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, ол тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктермен ерекшеленеді деген қорытындыға келемін .

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісі негізінде жүзеге асыру үшін алдымен «шығармашылық» ұғымын табиғатын анықтай қажет. Психологиялық сөздікте «шығармашылық» ұғымына мынадай түсінік берілген: «шығармашылық-жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адамның әрекетінің нәтижесі, жемісі».

Оқушылардың ақыл ой белсенділігін арттыру үшін әр түрлі оқу әдістерін орынды пайдаланудың тиімді екені туралы М:А Данилов, Л:В:Занков, М:Н:Скаткин еңбектерінде айтылған [3] Бұдан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған, арнайы ұйымдастырылған оқыту әдістері оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, ойлаудың икемділігіне әсер ететіні айқындалады. Сонымен бірге әрбір оқушының жетістігіне негізгі-оқу көрсеткіші болатын еркіндік деңгейін айқындау, оқушыларды оқу материалдарын игеруде алға қарай жылжу, ілгерілеу дәрежесін байқау , «ізгілік пелогогикасы » негінде әрбір оқушымен тең қарым-қатынас орнату, яғни шиеленіссіз жағдай қалыптастыру, теориялық білімнің бағыттаушы ролі атқаруын қамтамасыз ететіні көрсетіледі.


Қолданылған әдебиеттер:

1.Оманов.Б Оилада математика – Т ., 1996 ж



2. Житомирский В., Л.Шеврин.Математическая азбука.-М.,1991 г.

3.Моро.М.И., Бантова М.А Математика в четвертом классе . – А ., 1990 г.
жүктеу 36,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау