95
4. Əңгімеден омоним сөздерді табыңыз.
Үлгі:
аш, ас, бір, ақыр, бос .....
АШ І – ІІІ
АШ І
сын. ас ішпеген,
тамақ жемеген, тоқ емес.
АШ ІІ
ет. жабық тұрған нəрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту.
АШ ІІІ
ет. кір қалдырмау, тазарту.
5. Синонимдерді тауып жазыңыз.
(үлкен, ауыр, сұмдық, ала аяқ, сайқал, белдемше, арамдық, тойтарыс,
титтей, қарашадай, кішкене, еріншек, керенау, қырсау, кежір, шабан, илану,
нану, жəрдем, қолғабыс, септік, сеп, шарапат, тумаған, шопан, жазық, күнə,
қылмыс, қисық, қитар, құт, үрей, жанкүйер, жолдас, суайт, оңбаған адам.)
ҮЛГІ :
Ашушаң,
ашуланшақ, күйгелек.
Ауқатты, дəулетті, бай, əлді, қуатты.
Алдау, арбау.
Ас, тамақ, дəм, тағам, ауқат.
Мешкей, жалмауыз, обыр.
Соққы, ............................................................................................................
Көмек, ............................................................................................................
Сену, ..............................................................................................................
Кішкентай, ....................................................................................................
Қулық, ............................................................................................................
Қу, ...................................................................................................................
Қиын, .............................................................................................................
Қойшы, ..........................................................................................................
Сұм, ...............................................................................................................
Зəре, ...............................................................................................................
Дəу, ................................................................................................................
Кінə, ...............................................................................................................
Кісі, ................................................................................................................
Алжапқыш, ...................................................................................................
Серік, .............................................................................................................
Қыңыр, ..........................................................................................................
Жанашыр, .....................................................................................................
Жалқау, ......................................................................................................... .
Өгей, ..............................................................................................................
97
Джеймс ГРИНВУД
ӨГЕЙ БАЛА
повесть
Астана, 2002. -144 бет.
Орыс тілінен аударған: Ризабек Əдуов
ТАҒЫ ДА ЖАҢА АЗАП. ҚАШУ
Кішкентай Полли маған түнде де маза бермейтін.
Менің төсегіме
оны ымырт үйіріле-ақ жайғастыратын, ал мен ұйқыға жатарда оны
оятып алмауға тырысып бағатынмын. Егер бұл қолымнан келсе,
онда мен үш-төрт сағат тыныш ұйықтар едім. Бірақ түнгі
екіге кет-
кенде бала оянып алып, айқайға басатын. Біздің төсегіміздің жанына
қашанда май жағылған бір тілім нан мен бір құмыра сүт қойылатын.
Тамақ ішкенше пəле қыз үндемейді, ал түнде оның тамаққа тəбеті
ашылып, бергеніңді соғып алатын да, қайтадан гөй-гөйге басатын.
Қанша уатсаң да, қанша əн айтсаң да, оны көндіре алмайсың.
– Мама! Мама! Мама! – деп, шырылдағанда даусы көшенің арғы
басынан естілетін.
Мен оны уату үшін тырысып-ақ бағамын.
– Полли, сенің Джиммимен қыдырғың келмей ме? – деп сұраймын
одан. Сүттей аппақ түнде ол кейде келісетін де. Біз, əрине, шынында
да
қыдыруға шыға алмайтынбыз, бірақ мұны түсініп жатқан Пол-
ли жоқ. Біз шынында да далаға шығатындай киінетінбіз. Мен оның
басына өгей шешемнің қалпағын кигізіп, иығына өз кеудешемді жа-
батынмын. Менің қыдыруға шығатын киімімнің түрі – төсегімізде
жататын əкемнің ескі тымағы. Киініп
болған соң мен өгей шешемнің
даусына салып:
– Джимми, бар Поллимен қыдырып кел. Оған мəмпəсилі дүкенді
аралат! – деймін.
Енді өз даусыммен:
– Біз дайынбыз, қазір шығамыз! – деймін.
Содан кейін біз қыдыруға шығатынбыз, бірақ есікті таба алмай-
тынбыз, əйтеуір. Гəптің өзі осында болатын. Мəмпəси
сатып алу
үшін біздің далаға шығуымыз керек, ал біз есікті таба алмай əлек
7–1151