Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014


1. қара, есек 2. сəйгүлік, өгіз 3. жуас, тұлпар 2. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет10/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48

34
1. қара, есек
2. сəйгүлік, өгіз
3. жуас, тұлпар
2. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.
 
....... қыста қатып қалады.
1. көл
2. Текес
3. құдық 
3. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.
Пышақ түгіл, ...... зорға тесіп өтеді.
 
1. ине
2. біз 
3. жіп
4. Пималар ауыр болғанмен іші қандай?
1. ып-ыстық 
2. тар
3. ұзын
5. Сөйлемді аяқтаңыз. Табанына ұлтарақ ........
1. тіктім
2. салдым
3. кіргіздім
6. Сөйлемді аяқтаңыз. Қамқор ананың күйінуден айтып жатқан 
.......
1. сөзі 
2. тілі
3. домбытпасы
7.  Бұл пималардың қандай жақтары тең еді?
 
1. үлкен мен ауыр
2. жылы мен суық
3. жақсы мен жаман
8. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз. Бұл пимамен ....... та тебем, ..... де 
ойнаймын.
1. шана, сырғанақ
2. сырғанақ, лəңгі
3. асық, шана
                                
               


35
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ 
(1924-1992) 
Бердібек  Соқпақбаев  Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қостөбе 
ауылында туылған. Ол көрнекті жазушы, қазақ балалар əдебиетінің 
классигі. Оның  «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы, «Он алты жасар 
чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1952),  «Алыстағы ауылда» (1953), 
«Балалық шаққа саяхат», «Дала  жұлдызы» (1960), «Аяжан» (1963), 
«Қайдасың, Гауһар» (1966), «Бастан кешкен» (1970), «Менің атым 
Қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1970)  повестері мен 
«Бозтөбеде бір қыз бар» (1958), «Əпендінің айласы» (1960), «Менің 
атым Қожа»  (1967), т.б. драмалық шығармалары бар.
«Менің атым Қожа» повесі орыс, молдаван, француз, украин, 
литван, латыш, өзбек тілдеріне аударылып, осы повесть бойынша 
Қазақфильм түсірген кино 1967 жылы Канн қаласындағы жастар мен 
балаларға арналған халықаралық фестивальда арнаулы сыйлыққа ие 
болды. 


36
Оралхан  БӨКЕЙ
Таңдамалы  шығармалар. 2-том.
Алматы,  2003.  -390  бет.                  
ИҒАҢ...
Еріншек-ақ кісі еді...
Еріншек болғанда дəл сондай, алдындағы асты алып жеуге 
 
ерінетін адамды көрген де бар, көрмеген де бар. Ұзын бойлы, қап-
сағай денелі алып адамды біздің ауылда Иғаң дейді. Иғаң Ұлы Отан 
соғысының басынан аяғына дейін қатысқан, қатысқанда да, анау-
мынау жаяу солдатың емес, полуторка машинасымен ту-у-у Бер-
линге аман-есен жетіп қайтқан, бірақ жаудың бірде-бір атқан оғы, 
не жарылған снаряды дарымаған, бүгінгі заманның нағыз Алпамыс 
адамы. Сонысына қарамай, орден-медальдары өте аз еді, тым қораш 
болған соң қорына ма, мереке-тойларда салдырлатып тақпайтын-
да. Иғаңның жауған оқ, жанған оттың ортасынан есен-сау оралуы
əлгі кісі басына бермес масқара еріншектігі ме-ау деп қаламын. Кім 
білсін? Ол да бір адам баласына жат емес мінез шығар.
Иғаң соғысқа бармас бұрын, бозбала шағында қара нардай 
күш ті, жауырыны жерге тимес балуан болған екен деп еститінбіз. 
Өтірік-шынын қайдам, ол кісінің қазіргі қауқары мəз емес, даң-дүң, 
ию-қиюдан аулақ жүретін жалтақ, маған тіпті жасықтау да болып 
көрінетін-ді. «Күші соғыста қайтқан ғой» деседі жұрт, Иғаңнан 
көңілі суымай. Баяғыдай арыстанша атылар мықтылықты заманда-
стары бəрібір аңсайтын.
Ол кісінің менімен даң құрдас ұлы болды. Тегінде, Иғаңда бала 
басы, шүкір, баршылық: үш қыз, төрт ұл. Өзі алпамсадай болға-
нымен, əйелі Биғайни өте əлсіз, ілмиген арық, аурушаң адам еді. 
Тесік өкпесін сүйреп, күрк-күрк жөтеліп, таңертеңнен кешке дейін 
жез самаурынның оттығын шұқылап, дода-дода бықсып отырушы 
еді жарықтық. «Мынау жарық жалғанның шуағына қыздырынбай-ақ 
аттанды ғой байғұс», – деп аяйтын менің шешем (өзі де жетісіп жүр 
ме).
Менімен даң құрдас ұлы Серікпен ойнап, Иғаңның үйіне жиі 
бара  мын. Ең таңғалатыным, берген сəлеміңді ғұмырында алмаушы 


37
еді. «Естідім» деп, аюдікіндей алақанын сермей салатын. Үйлеріне 
қашан, қай мезгілде барсам да, төр алдындағы, жыртық-жыртық 
қырық жамау көне сырмақтың үстінде əскерден киіп келген гим-
настеркасын жастанып, теріс қарап тоңқайып ұйықтап жатар еді. 
Қорылдап барып «пу» деп үрлеп, ақырын ысқырықпен аяқталатын 
соншалық кəперсіз, ұятсыздау ұйқыны сиырдың мөңірегені, баланың 
жылағаны мен иттің ұлығаны – қысқасы, бұл ауылдың ешбір айғай-
ұйғайы бұзуы мүмкін емес-ті. Тіпті оқыстан оянып кеткен күннің 
өзінде қиянаттанып, өз-өзінен боқтанып, шаптығып, əйелі мен бала-
ларына бүйідей тиісер еді. Ондай сəтсіз сəтте тек үндемей құтылу ке-
рек. Əкесінің ұйқысынан ояту əдісін тек менің құрдасым Серік қана 
білуші еді. Ол ақырын баспалап баратын да, машина болып дүрілдеп 
ала жөнелетін. Бес жыл бойы қаратемір – мотормен, бүгінде ауылда 
жарық берер дизельмен алысып, өмірі, жастығы – бəрі-бəрі дүрілдеп 
өтіп бара жатқан Иғаң селк етіп шошып оянып, атып тұратын. Он-
дайда Серік тұра қашады, əкесі жұлығы ағарып, ағаш шегесі ақсиып 
кеткен етігін жібереді соңынан. Етік баласынан гөрі үнемі есік 
көзінде жылтиып сүйек-саяқ аңдып жатар (оның өзі жылына бір-екі-
ақ рет) төрт көз, сары аяқ итті қан қақсататын...
Міне, біздің баяғыда бас балуан, солдат-шофер Иғаңның елуінші 
жылдардағы тірлігі осындай еді.
Иғаңның қос бөлмелі тоқал ағаш үйінің сырт пошымы қандай 
сұрқай болса, іші одан бетер: төргі бөлмеде іліп алар еш нəрсе жоқ. 
Шоқпыт-шоқпыт көрпе жабылған сықырлауық ағаш төсек (оның да 
сирағы əлдеқашан сынып, астына кеспелтек ағаш қойған); ол төсектің 
белі жоқ, тақтай төселген, таңертеңнен кешке дейін тамам балалары 
ойнайды да, түнде Иғаңның өзі ұйықтайтын. Ал басқалары ішіне шөп 
тығылған бөстекті көлденеңінен төсеп, жата-жата қалатын. Байғұс 
Биғайни тəтеміздің қай жерге ұйықтап жүргенін күні бүгінге дейін 
білмеймін. Үйге кіріп барғанда, сол жақ бұрышта – əбден тозығы 
жетіп, тесіліп қалған, мойны қылдырықтай темір пеш бар. Қысы-
жазы көмейіне отын тығып жаға берген соң ыза болып, ашу шақыра 
ма, қызара бөртіп, селкілдеп тұрар еді. Əсіресе, жаздың шыжыған 
шілдесінде лаулата өртеп от жаққанда, аядай бөлменің іші моншаға 
айналады екен... Не себептен далаға...
– Жазда тамақты далаға пісірейік десем, əкем ұрсады, – деді 
Серік маған. – Өрт жіберіп аласыңдар дейді.
Бүкіл ауыл өртеніп кетпей қалай отыр деп ойлаймын мен.


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау