Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет2/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

5
Бердібек Соқпақбаев     
Бастан кешкен 
повесть
                                  
Алматы, 1970. -344 бет.
АҒАЛАРЫМ
Ағаларыммен танысудың реті енді келді.
Смағұл – əкемнің  інісі.  Мұрт шыға бастағанына аз ғана жыл. 
Мен бұл кісіні тəте деймін. Шешем қазақ əйелдерінің салты бойын-
ша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді.
Шырақ үйленбеген, бойдақ.
Смағұл əкемдей сылбыр емес, əрі пысық, əрі өнерлі адам. 
Қолынан өрімшілік, ұсталық бəрі келеді. Тегі ол не жұмысқа болса 
да бейім. Істеген ісін жапырып өндіріп істейді.
Қаршадайынан байларға малай жүріп ысылған. Колхоз қайда 
жұмсаса, барады, ерінгенді білмейді.
Аурушаң шешеме үйде бірден бір қолғабыс болатын осы кісі.
Ол əйел жұмысын да, еркек жұмысын да талғамай бəрін істейді. 
Су əкеледі, отын жарады, арпа кеузеп, қол диірменмен талқан тартады.
Смағұл шешеме əрі қайын, əрі келіні  есепті. Қажет болса, кір де 
жуады. Шешем Смағұлды жақсы көреді.
Тəтемнің мінезінің шайпаулығы бар. Ашуланса, су тамған ыстық 
майша шатыр ете қалады. Мен үйде тəтемнен ғана жасқанып, шын 
қорқамын. Ашуланса ол ұрып та жібереді. Қолы балғадай қатты.
Бірге туған ағайым Сатылғанның жасы жиырмаға жаңа ілінген. 
Азды-көпті оқуы бар, жаңалыққа бейім интеллигентіміз. Мінезі жұм-
сақ, майда жүріп, майда тұрады. Ешкіммен қақ-соғы болмайды. Аз 
уақыттан бері қарай Сатылған ауыл советте секретарь болып істейді.
Сатылған жиырма тоғызыншы жылдан бері комсомол мүшесі, 
қолынан газет-журнал түспейді. Күнде кешқұрым сығырайған 
бөтел ке шамның түбінде тесіліп кітап оқып отырады.
Жиырмасыншы жылдардың ортасында осы өлкенің Қолтық 
дей тін жерінен төте оқу бойынша бастауыш мектеп ашылғанда, 
Сатылған сонда үш класс оқып бітірген. Кейін латын əрпіне көш-
кенде оны өздігінен меңгеріп, біліп алған.


6
Сатылған мінезінің сынықтығымен жұрттың бəріне жағады. 
Біреу ден озсам деп, жағаласуды білмейді. Шамасы келсе, бой түзеп, 
киініп жүруге тырысады.
Ағайым мені ұрмақ түгіл, дауыс көтеріп, ұрсып көрген жан емес.
Мен болсам ағайыма тартпағанмын, тез ысып, тез суимын. Ыза 
болсам, күйіп-жанып дызақтап кетем. Ойланбай істеп, ойланбай 
сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады. Соңынан сол үшін өзімді өзім 
жек көріп жүрем.
Сатылғанды мен өте сүйетін едім. Ол мен үшін алдымдағы өнеге 
болатын. Ылғи да жақсы мінез-қылыққа тəрбиелейтін: өтірік айтпау, 
біреудің бірдеңесін ұрламау, жақсы оқу, темекі тартпау, т.т.
Менің білімге, адамгершілікке тəрбиелейтін түздегі ұстазым 
Сағатбай болғанда, үйдегі ұстазым Сатылған еді.
Сатылған Отан соғысынан оралмады.
52-53-Б.
Сөздік
бойдақ
холостяк
жуу
стирать, мыть
май шам
керосиновая    лампа 
шырақ
светило
мұрт
усы 
қолғабыс
помощь
пысық
шустрый, расторопный, дело-
витый 
өнерлі
искусный,  умелый
өрімшілік
мастер (изготавливающий пле-
теную сбрую)
ұсталық
мастерство, кузнец дела
аурушаң
больной 
талғамай
не выбирая 
арпа кеузеп
ковыряя, отдирая  кору, шелуху 
и т.п.
қол диірмен
ручная мельница


7
талқан
толокно
қайын
деверь ( этн. родня мужа по от-
ношению к жене, а также родня 
жены по отношению к мужу)
келін
невестка
шайпаулығы
несдержанный, дерзкий  харак-
тер
балғадай
как молот
мінезі жұмсақ
мягкий характер
сығырайған  шам
тусклый свет
мінезінің сынығымен
перен. о человеке, кот-й может 
найти вежливый подход ко 
всем; с гибким характером
дызақтап кетем
беспокойюсь (о характере), 
переживаю
өнеге
пример
отын
дрова 
кешқұрым
вечером
арпа
ячмень
сылбыр
медлительный, вялый,  
спокойный
ТҮСІНДІРМЕ  СӨЗДІКПЕН  ЖҰМЫС
СЫНЫҚТЫҚ
 зат. Адам мінез-құлқына тəн сыпайылық, ізеттілік, 
əдептілік, ибалылық. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 484-бет.  
КЕУЗЕ
 ет. Дəнді дақылды сыртқы қауызынан, қабығынан ажырату, та-
зарту, қауыздау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 16-бет.
ЖАПЫР
 ет. Бір істі, жұмысты өндіре істеу, айпап-жайпау. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 665-бет.  
ЖАҒАЛАС
 ет. Қосамжарланып араласу, қоса қабаттасу. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 3-т. 490-бет.
ДЫЗАҚТА
 ет. Жаны қалмай қимылдау, күйіп-пісу, шырылдау. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т . 224-бет.   


8
ШАЙПАУ
 сын. Оғаш мінезді, ашуланшақ. Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігі. 10-т. 94-бет.
ТҮЗ
 зат. Үйден сырт жер, дала. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 
310-бет.  
ЫСЫЛ
 ет. Жұмысқа, іске төселіп қалыптасу, ширау. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі. 10-т.  418-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
БОЙ ТҮЗЕДІ
  Сəнденді, буыны бекіді, есейді, ер жетті, өсті.
МІНЕЗІ МАЙДАЙ
 Əдепті, ізетті, көргенді, биязы деген мағынада.
МІНЕЗІ ШАЙПАУ
 (ШƏЛКЕС) Ұрысқақ, сыйымсыз деген мағынада 
айтылады.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  
Кеңесбаев І.К. Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Смағұл кім?
2. Смағұлды шешем қалай атайды?
3. Смағұл қандай адам болған?
5. Смағұл үйде қандай жұмыстар істейді?
6. Оның аурушаң шешесіне кім қолғабыс жасайды?
7. Тəтесінің мінезі қандай?
8. Ол  үйде кімнен жасқанып, шын қорқады?
9. Сатылған кім?
10. Сатылғанның жасы нешеде?
11. Сатылғанның мінезі қандай?
12. Сатылған қайда оқыған?
13. Кім жұрттың бəріне ұнайды?
14. Сатылған кім үшін өнеге болатын?
15. Сатылған  оған қандай тəрбие беретін?
16. Сатылған қайдан оралмады?
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша Сатылғанның мінезін, іс-қимылын суреттеп 
беріңіз. 
4. Əңгіме бойынша Смағұлдың мінезін, іс-қимылын суреттеп 
беріңіз. 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау