Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет13/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

45
ҚҰРАҚ ҰШТЫ
  Тік тұрып қызмет етті, асты-үстіне түсіп бəйек болды.
ТӨБЕ ҚҰЙҚАМ ШЫМЫРЛАТТЫ
 Шошытты, қорқытты, үрейлен-
дірді; шошыды, тұла бойы түршікті,  зəресі ұшты.
ІЛІП АЛАР (-лық) ІСКЕ  АСАР (ЖАРАР, ТАРАТАР)
  Көзге түсерлік, 
кəдеге жарарлық. 
ЖАЛАҢ ҚАҚТЫ
   Қанағат етпеді, сумаңдады, ашқарақтанды. 
АШТАН ӨЛІП, КӨШТЕН ҚАЛМАЙДЫ
  Өз əлінше ішерлік-жерлігі 
бар, күн көріс жайы бар адам туралы айтылады. 
СҮЙЕГІН ƏЗЕР СҮЙРЕТТІ
  Жүйкеледі, болдырды. 
ҚАН ҚАҚСАТТЫ
 Зар жылатты, зар еңіретті. 
БҮЙІДЕЙ ТИДІ, БҮЙІ ТИГЕНДЕЙ ҚЫЛДЫ
 Қатты əлек салды, 
əлем-тапырығын шығарды, апшысын қуырды.
ТЕСІК ӨКПЕ
 Қиыншылықты көп көрген, көнбіс, кедей кісі. 
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.  Кеңесбаев І.К.
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж. 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.  Иғаң бозбала шағында қандай адам болған?
2.  Ол  Ұлы Отан соғысына қатысқан ба?
3.  Иғаңның неше баласы бар?
4.  Иғаңның отбасының тұрмыс жағдайы қандай? 
5. Əйелі қандай адам болған?
6. Отбасында Иғаң өзін қалай ұстайды?
7. Иғаңның əйеліне, балаларына деген қарым-қатынасы қандай?
8. Дастархан басында Иғаң өзін қалай ұстайды? 
9.  Иғаңның үйі неге  картоп екпейді? 
10. Иғаңның баласы Серіктің құрдасы кім?
11. Құрдастары Иғаңа не үшін  асты-үстіне түсіп бəйек болады?
12. Бүкіл ауыл тіршілік қамымен жүргенде,  кім ұйықтап жататын еді?
13. Ол Серік құрдасының үйіне барғанда неге ыза болды? 
14. Иғаңның  үйінен Ораш неге қашып шықты?
ТАПСЫРМА
1.  Əңгімені оқып, мазмұндаңыз. 
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3.  Əңгіме бойынша Иғаңның  мінезін, іс-қимылын суреттеп беріңіз. 
4.  Əңгімеден омоним болатын сөздерді тауып жазыңыз.
 


46
Үлгі: Арық, бар, жат, біз,  ....
                      
АРЫҚ  І–ІІ 
АРЫҚ  І
 зат. су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы.
АРЫҚ ІІ
 сын. семіз емес, еті қашқан, жүдеу.
5. Мына сөздерге мағынасы  қарама-қарсы (антоним) сөздерді та-
уып жазыңыз. 
АЗ –
ҰЗЫН –
АУЫРУ–
ТЕРІС –
КҮН –  
ЫСТЫҚ – 
ІШ – 
АШ – 
6. Əңгімеден синоним сөздерді тауып жазыңыз.
 
ҮЛГІ: 
 Қос, екі, пар
 Құрдас, құрбы, теңдес, қатарлас, жасты, жастас, тұрғылас.
7. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Иғаңның үйі қандай?
2. Иғаңның үйінде қандай мүліктер бар?
3. Ауыл шамы көпке дейін неге жанбайды?
4. Серік əкесін ұйқыдан қалай оятады?             


47
Оралхан  БӨКЕЙ 
Таңдамалы  шығармалар. 2-том. 
Алматы, 2003. -390 бет
БИҒАҢ 
Кезекті демалысымды алып, ауылға келе жаттым. Сонымен, Ал-
матыдан тым ерте, елең-алаңнан ұшып шығып, Өскеменнің аэропор-
тына қонғанымызда, күн арқан бойы көтеріліп қалған. Ығы-жығы 
халық тым көп екен – біреуді-біреу біліп болмайтын қайшыласқан 
ел. Аэропорттың іші қапырық, адам иісі – терден тұншығып өліп 
кете жаздайсың. Таңертеңгілік салқынтымда осындай, қолқаны 
қа бар тымырсық күн төбеге көтерілгенде не күйде болар екен деп 
ой лап тұр едім, бүйірімнен біреу түртеді. Мынандай күлімсі күнде 
күл кісі келіп, ойыны тасып тұрған кім екен дегендей жалт қара  -
сам – Биғаң, кəдімгі өзіміздің ауылдағы елу жылға сотталып, екі 
жыл дай отырып, есен-сау оралған Биғаң; біздің ауылдағы орыстан 
келіншек алып, одан он бір бала сүйіп отырған Биғаң; жылына екі-ақ 
ай жұмыс істеп (онда да тек жаз айында, пішеншілерге аспазшы бо-
латын), қалған күндері қыста қоянға тұзақ, жазда, көктем мен күзде 
балыққа ау құрып жүретін саппас Биғаң; ғұмырында ренжімейтін, 
дүние өртеніп бара жатса саспайтын, дүниенің қайғысы мен қуа-
нышын бөліп-жармайтын мең-зең, ұйқылы-ояу Биғаң; «Мына 
Шөкең алтын адам ғой, қадірімді өлген соң білесіңдер», – деп, секек 
қағып жүретін тынымсыз, бір жерге үлкен кісі болып, құйрық басып 
бес минут отыра алмайтын Биғаң... Биғаң... Биғаң.
– Ой, Орашжан, жаман құдаңды танымай қалдың ба? Шөкең 
ғой, – деп төсін қақты. Мен, шынында да, состиып, ыңғайсыздау 
тұ рып қалған екенмін, амандасып  қол бердім. Ал ол алақанын 
ұсынбады.
– Таңертең ерте тұрып, беті-қолымды жумаған едім, – деді. 
Бəрібір сенген жоқпын, ол кісінің əр нəрсені əдейі қырсықтанып 
істейтінін бала жастан білетінмін.
–  Денсаулығың қалай, аға? – дедім.
– Шүкір, – деді тықыршып, – Қара сиырдың қамы... бала-
шағаның наны...
– Балаларыңыз сол баяғы...


48
– Иə, сол баяғы он бір... екі жыл болды одан əрі жылжымай тұр.
Мен күлдім. Ал ол үндеген жоқ, қолтығына қысқан жеті тиынның 
ас тұзын ыңғайлырақ етіп ырғай орналастырды да, маған:
– Қашан келдің? – деді. Сонсоң рақаттана есінеді де, менің жауа-
бымды күтпестен:
– Таңдайымда бір жабысқақ шөл бар, ағайын, – деді. Мен 
түсіндім, түсінгенімді ол да түсінді, түсінісудің белгісі ретінде 
екеуміз де өп-өтірік күлдік.
...Ол тартып жіберді де, жеңін иіскеді. Суық судак ұсынып едім, 
жемеді. Тағы да жеңін құшырлана иіскеді де: «Привычка ғой», – деп, 
столдың шетіне қойған тұзды қолтығына қайта қысты. Менің екі 
көзім, есіл-дертім сол бір қорап жеті тиындық тұзда. Ақыры, шыдай 
алмайтын болған соң:
– Биға, – дедім.
– Шөкең, тыңдап тұр, – деп кеудесін қақты. Əй, азаматым-ай, да-
мылдай алмай тықыршып тұр.
– Шыңғыстайда ас тұзы көптен жоқ па?
– Неге, толып жатыр.
– Ендеше, анау қолтығыңыздағы не?..
– Мынау ма, ой, құдай-ай, сен де қайдағыны көресің. Бұл – 
Өскеменнің тұзы ғой. Өзің білесің, Шөкеңнің тұңғыш қызы осы 
қалада тұрмыста. Өзің білесің, Шөкең сол үлкен қызы сырқаттанып 
қалды деген соң, соған барып, міне, қайтқалы айрплан тосып тұр; 
өзің білесің, Шөкеңнің он бір баласы бар. Шөкеңнің өзі жұмысты 
түске дейін істейді, түстен кейін аштан өлсе де істемейді. Нинаның, 
жеңгеңді айтамын, бала оқытып алатын айлығы мені қосқанда он екі 
балаға жете ме? Жетпейді. Кəмпит сатып алуға тиыны құрғыр жоқ 
болды. Тіпті алған күннің өзінде көп баланы тойдыра аласың ба? Па-
палап алдымнан шыққанда, ұялып қалмаймын деп, тым болмағанда 
ауыздарының дəмін алсын деп, бір пашка тұз сатып алдым, əйтеуір, 
қаладан алдым ғой... (есінеді).
Аудан орталығынан ауылға дейін автобуспен бірге бардық. 
Биғаң жол бойы ішек-сілеңді қатырып күлдіріп, өткен жазда Мыл-
тық  қарағайда шөп шауып жүріп, ұзындығы екі метр жылан ұстап 
алғандығын, содан соң оның аузынан жел үрлеп шермитіп, қалай 
жарып жібергендерін ертегі-жыр ғып айтты. Бір ерекшелігі, Биғаң 
əңгіме айтқанда кішкентай балалар секілді екіленіп, екі көзі жайнап, 
«бəлем бар ғой, иə», «ана бар ғой, иə», «құдайға анық», «сенбесең 


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау