Гауһар Əлімбек көркем шығармалар арқылы тіл үйретуге арналған Қазақ тілі алматы 2014



жүктеу 4,19 Kb.
Pdf просмотр
бет8/48
Дата16.02.2018
өлшемі4,19 Kb.
#9899
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48

27
Өте-мөте Майраға қалай көрінем деп, қасірет шегем. Басқалардың 
күлгенін елемеспін. Ал Майра күлсе ше?
Таңертең əлдеттегіден ерте ояндым. Тамағымды апыл-ғұпыл 
ішіп, мектепке басқа балалардан ерте жөнелдім. Ешкімнің көзіне 
түспей, ешкімнің мазағына шалынбай, жалғыз келе жатырмын. 
Класқа кірдім де, құйрығым партаға жабысып қалған адамша тап-
жылмай отырып алдым.
Біреуден, екеуден басқа балалар да келіп жатыр. Мен болсам 
қыбыр етпеймін. Аяқтарымды партаның астына жасыра түсемін.
Əдетте класқа қоңырау соғылмай кірмейтін ойынқұмардың бірі 
едім. Сабақтан тыс уақытта байлап қоймаса бүйтіп отырмайтынмын.  
Құданың құдіретімен енді, міне, ол мінезімнен өзгере қалғанмын.
Ұшқалақ болу да, отырған орнынан тапжылмас шойын құйрық 
болу да оп-оңай екен.
Қоңырау соғылды, балалар класқа түгел кіріп отырды. Сабақ 
бас талды. Менің күткенім де, міне, осы еді.
Қасымдағы Көпекбай ұлы Қожақанды шынтағына түртіп, 
қаратып алдым. О не деген түрмен Қожақан, бетіме қарады. Мен 
сəл жымиып күлдім де, партаның астындағы аяқтарымды бертаман 
əкеп, нұсқап көрсеттім.
Қожақан көрді де бағжаң ете қалды. Сонымен тынды. Сабақ 
беріп тұрған мұғалімнен қорынып, басқа ештеңе айта алмады.
Осылай боларын мен білген едім. Ойлағанымның дəл өзі болды. 
Сұмдық пималарымды енді біртіндеп басқа балаларға да көрсете 
бас тадым.
Бəрінің əсері бірдей: көздері бағжаң ете қалады. Сабақты бұзып, 
айқай сап, мені мазақтай алмайды.
Үзіліске шыққанда мазақтар, күлер. Бірақ тосын көріп, таңырқап 
шуласқандай болмайды енді.
Бұл ақыл менің басыма түнде ұйықтай алмай жатқанда келген 
еді.
– Мəссаған! Мынаған қараңдар! Мынаның пимасына қараңдар! 
Əке 
сінің пимасын киіп алған ба!? Ой-ой, табанын қара! Немен 
табандаған, ей! Көтерші! Мəссаған, автомобильдің дөңгелегі! Əй 
сен мұны қалай көтеріп жүрсің? Қане, жүріп көрші! Ой-ой! Ізін қара, 
құдды машинаның ізі!
Бұны айтып жатқан менің ата жауым Жанбосын. Əлгінде 
сабақтың үстінде отырып, пимамды оған да көрсеткенмін. Көзін 


28
бағжитып, аузын қусыра созып, таңырқап қарап қалғаннан өзге ол 
онда ештеңе дей алмаған. Кесір неме үзіліске шығуды күткен екен.
Мен қашанғы тапжылмай отыра берейін. Мазақтайтын иттер 
тезірек мазақтап тынса екен. Киімімнің нашарлығынан мазаққа 
көкпар болуым менің осы ғана ма? Өлмеспін, бұдан да тірі қалармын.
Сыртқа шығар-шықпастан-ақ балалар мені қоршап алған.
–  Бұған енді тақаның да қажеті жоқ, –  дейді біреулер.
– Жүріп көрші, қалай жүрер екенсің? – дейді екіншілер.
– Жүре аласың ба? – дейді үшіншілер.
Жанбосын сөзбен тəлкектеп қоймайды. Пимамды аяғымен теуіп, 
жүгір деп, қолымнан жетелеп, осы тұста мені басынып-ақ жатыр.
Тоқтай тұр, бəлем, Жанбосын. Өш алатын кез əлі-ақ келер.
«Автомобиль» пиманы мен сол жылы қыстай киіп шықтым. 
Біраз күннен кейін өзіне үйреніп кеттім. Үлкендігі де, ауырлығы да 
байқалмайды. Кəдімгі дағдылы аяқ киім тəрізді онша елемейтін бол-
дым.
Бұл пимамен сырғанақ та тебем, лəңгі де ойнаймын. Тек тосын 
көрген біреулер:
– Өй, мынаның пимасы өзінен де үлкен ғой! Қалай көтеріп 
жүрсің?! – деп, таңырқаса, аяқ киімімнің бойыма шақ емес екені 
есіме сонда ғана түседі.
63-69-Б.
Сөздік
аштық голод
жалаңаштық
нагота 
төзу
терпеть 
тауқымет
тяготы, невзгоды 
сабақтан тыс
вне урока  (занятий)
сырғанақ
каток 
ойық
прорубь, отверстие (во льду). 
жалтыр
блестящий (гладкий)
шаңғы
сани


29
қайқы
согнутый, загнутый
сымтемір
проволока
зымырағанда
лететь стрелой, мчаться
бортаңдап
ходить неуклюжими шагами 
сəйгүлік
скакун
өгіз
вол, бык
артықшылық
преимущество, превосходство
əбден
весьма, очень, вполне
омақасып құлау
упасть кувырком 
өш
злоба, месть
жарқабақ
крутой берег
жапа
коровий помет, кизяк 
тоң болып қатып қалды
застыл ледяной коркой
жүйрік
быстрый
құйындатып ала жөнелді
помчался во всю скорость
қияла(-п)
идти (ехать) по склону, косо-
гору, идти по 
 
серпантину (при 
подьеме  на крутую гору или 
при спуске);
тай
 
стригун, стригунок 
(жеребенок по второму году)
кешқұрым
вечером, к вечеру, в сумерках
сығырайған
еле горящий 
жүгермек
беспутный, неладный, непуте-
вый (при недовольстве поведе-
нием ребенка мужского пола, 
мальчика)
жар
яр, обрыв, крутой берег 
қылдырықтай
как тоненький волосок прово-
локи
жыртылады
рвётся
бырқ-бырқ  ұрсып
возмущаясь, ругаясь (бурчать)


30
жамау
латать
төзе алмайсың
не выдержишь, не стерпишь
қор
унижение, оскорбление 
ұлтан
подошва
желке
затылок
қамсыз əкем
беззаботный отец            
жалаңаяқ
босиком, босой
кепсер
шумовка
ауызды қарыған
обожженный
табақ
большое круглое блюдо (для 
вареного мяса) 
əбдірадан
сундук
жексұрын
противный, мерзкий
ұлтарақ
стелька
шұлғау
портянки, обмотки
дарақышысын
перен. юродивого шута, клоуна
шомбал
толстый
біз
шило
тарамыс
дратва из сухожилия, жильная 
нитка
атауыз
плоскогубцы т.ж. кемпірауыз, 
тістеуік 
сақаша 
как бита, биток (альчик)
тақа каблук
бағжаң етіп
как испуганный,  удивленный
тапжылмас
неподвижно
тамағымды апыл-ғұпыл ішіп
быстро поел наспех, наскоро, 
торопливо
тəлкектеп
посмеиваясь, делать предметом 
подразнивания насмехаясь
лəңгі 
лянга (детская игра)


жүктеу 4,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау