20
ҚАС ҚАРАЙДЫ, ҚАС ҚАРАЙЫП, ЫМЫРТ ЖАБЫЛДЫ
Кешқұ-
рым қараңғы түсу мезеті туралы айтылады.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.
Кеңесбаев І.К. Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ол өмірбаян, анкета толтырған кезде нені мақтан тұтады?
2. Ол əкесінің қай таптың өкілі болғанына риза?
3. Ыдыкеңнің жасы нешеде?
4. Ыдекең қандай адам болған?
5. Кейіпкердің шешесі қандай адам болған?
6. Олардың тұрмысы қандай болды?
7. Олар қандай үйде тұратын еді?
8. Ауылдағы кез келген үйде қандай заттар болады?
9. Ыдыкеңнің үйінде қандай мүліктер жоқ?
10.Ыдырыс үйінен жұмысқа қалай шығады?
11. Ыдекең үстіне қандай киім киеді жəне киген киімі сырт көзге қалай
көрінеді?
12. Таңертең Ыдырыс киімдерін қалай іздейді?
13. Ыдекеңнің киімдері қайдан табылады?
14. Ыдекең аяғына қандай пима киеді?
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша Ыдырыстың мінезін, іс-қимылын суреттеп бе-
ріңіз.
4. Əңгіме бойынша Ыдырыстың кескін-келбетін, үстіне киген киі-
мін сипаттап беріңіз.
5. Əңгімеден омоним сөздерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ:
Бір, қара, қор, ат, ер, арық, түс, шай, ұста, тартпа, ...
БІР І – ІІІ
БІР І
сан. Есептік санның ең алғашқысы.
БІР ІІ
сын. пара-пар, тең, бірдей.
БІР ІІІ
үст. аралас-құралас, бірге.
21
ҚАРА І –ІV
ҚАРА І
сын. күйенің, көмірдің түсіндей (түс, бояу)
ҚАРА ІІ
зат. аумақ, көлем, сан, мөлшер, шама.
ҚАРА ІІІ
этнограф. өлікті аза тұтудың белгісі ретінде киетін киім.
ҚАРА ІV
қарапайым, халық арасынан шыққан адам, қара халық, бұқара.
6. Əңгімеден синонимдерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ:
•
Бағалы, құнды, қымбат, бұлды, татымды.
•
Бай, мол, ен, көп, қыруар, ырғын.
•
Малақай, құлақшын.
7. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Ыдырыс үйіне масақты қайтіп əкеледі?
2. Ыдырыс масақты не үшін əкеледі?
3. Ыдырыс аяғына қандай пима киеді?
4. Əсбет қандай адам болған?
8. Асты сызылған сөздермен сөйлем құраңыз.
9. Асты сызылған сөйлемдерден сын есімді тауып, сын есімнің жа-
салу жолдарын айтыңыз.
10. Оқылымға қатысты тапсырманы орындаңыз.
1. Сөйлемге қажет сөзді қойыңыз.
Шешем – Əсбет тілді де ..... адам еді.
1. пысық
2. отты
3. ақкөңіл
2. Қандай үй кедей үй?
1. түгі жоқ
2. байлық
3. аты жоқ
3. Ең кедей қазақтың аты болмаса да, несі болады?
1. тамағы
2. ер-тұрманы
3. құлыны
4. Əкесі қандай мұрт қояды?
1. ұзын
2. қияқ
3. қысқа
5. Ыдырыс қалың киімнен не өтпейді дейді?
23
Бердібек Соқпақбаев
Бастан кешкен
повесть
Алматы, 1970. -344 бет.
МЕНІҢ ҒАЖАП ПИМАЛАРЫМ
Бала аштыққа да, жалаңаштыққа да төзеді. Ал бірақ ойнамай
төзе алмайды. Ойын оған өмір тауқыметінің бəрін ұмыттырады.
Бала ішегін сүйретіп ойнайды деген рас сөз.
Қыстыгүні сабақтан тыс уақытта сіз Қостөбенің бар баласын
Текес тің бойынан, сырғанақтың басынан табасыз.
Текес қыста қатып
қалады. Жұрт суды ойықтан алады.
Қар жаумаған кезде мұз айнадай жап-жалтыр болып жатады. Беті
толған бала. Болат коньки, шаңғы ол кезде таптырмайды. Қайқы бас
базар коньки тек Жанбосында бар. Басқалардың аяқтарында таба-
нына сымтемір қағып, қолдан жасаған ағаш коньки. Жанбосын
жұлдыздай ағып зымырағанда, біз бортаңдап ілесе алмай қаламыз.
Жанбосын сəйгүлік ат мініп, біз өгіз мініп жүргендейміз.
Осы артықшылығын Жанбосын əбден пайдаланады. Ағызып
келіп,
арамызды жарып өтеді, қағып-соғып жығып кетеді. «Сиыры-
мыз» омақасып тырайып құлап жатқанымыз. Тұра қуып, өш алуға
жете алмаймыз. Мықтағанда келістіріп бір боқтаймыз.
Конькиі жоқтар Текестің тік жарқабағын сырғанақ етіп ала-
ды. Содан шанасы барлар шанамен, шанасы жоқтар астыларына
сиырдың жапасын қойып сырғанайды.
Шаналы жұрт аз. Баласына құнттап шана жасап беретін өнерлі
ата-ана ауылда сирек ұшырайды.
Ауылда сиырдың кез келген тастап кете
беретін жапасынан арзан
не бар. Қыстыгүні ол жапалар тоң болып, қатып жатады. Шанасы
жоқтарға шана болады. Текестің суына бір матырып алсаң, тіптен
лазым. Аязға аз ғана қойып қойсаң, сырты одан бетер тоңазып,
көкпеңбек көк жалтыр мұз болып шыға келеді. Шананың ең жүйрігі
дайын, отыр да сырғанай бер. Мұз
жолақтың басынан жібергеніңде,
жолдағыларды басып озып, құйындатып алып жөнеледі. Шана