№ 5 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
Тігін машинасында жұмыс істеу»
Өткізген: технология пәнінің мұғалімі Арзықұл.Ж.Н
Сыныбы: 5 в
Мерзімі: 26.01.16ж
Шалқар қаласы 2016 жыл
Сабақтың мақсаты
Білімділік: тігін машинасымен жұмыс жасай білуге,өз бетімен тігіс тіге білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқүшыларды іскерлікке,шеберлікке, тиянақтылыққа баулу.
Дамытушылық: оқушылардың іскерлік қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас,сарамандық
Көрнекілік: интерактивті тақта, тігін машинасы
Пәнаралық байланыс: информатика,әдебиет,тарих
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
а)сәлемдесу
ә)сабаққа дайыддығын тексеру
б)топқа бөлу
2.Үй тапсырмасын сұрау: екі топ мүшелері бір-біріне сұрақтар береді
1топ. Кесте тігу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
(мата,қайшы,ине,жіп,кергіш)
2 топ. Тігін машинасының түрлерін ата
(аяқ машина,қол машина,тоқ машина,арнайы жабдықталған машина)
1 топ. Тігіс дегеніміз не?
(бөлшектердің біріккен орны)
2 топ. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім?
(Леонардо Да Винчи)
1 топ. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды?
(Подольск)
2 топ. Мата неден тұрады?
(талшықтан)
1 топ. Ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не?
(үтіктеу)
2 топ. Талшықтың неше түрі бар?
(екі: табиғи және химиялық)
1 топ. Қол тігістерінің түрлерін ата
(көктеу,жөрмеу,кестелеу,т.б)
2-топ. Қол тігісін жүргізетін машинаны кім ойлап тапты?
(Карль Вейзенталь)
1-топ. «Зингер» зауыты қай жылы ашылды?
(1900жылы)
3.Жаңа сабақ
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді
Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.
Егер махавик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны.
Бос жүрісте махавик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.
Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жұрмейді
Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады
Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.
-Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.
-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз
-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
-жіпті инеге сабақтау.
Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды.
-Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.
-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз
-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
-жіпті инеге сабақтау.
4.Сергіту сәті: оиын ойнату ,сабағымызға байланысты құрал-жабдықтар,керек жарақтардың атын айтып оны екі тілде айту.
Платье-көйлек,бабочка-көбелек,
рубашка-жейде,иногда-кейде.
иголка-ине,пуговица-түйме,
нож-пышақ,ногти-тырнақ.
крючок-ілмекбіз,шьем-тігеміз,
урок-сабақ,расческа-тарақ.
шитье-тігін,знание-білім,
правила-ереже,окно-терезе.
5.Сарамандық жұмыс: Оқушылар тігін машинасын өздері сабақтап бірінен соң бірі тігіс тігіеді,бір-біріне баға береді.Екі топ тігістірін салыстырады,оларда бір-біріне баға береді.
6.Сабақты бекіту: сөзжұмбақ шешу:
Сұрақтары:
1.бөлшектердің біріккен орны(тігіс)
2.Тігіс тігуге қажет құрал(жіп)
3.Тігін машинасы қандай қызмет атқарады?(тігу)
4.Тігін машинасының бөлшегі(шөрік)
5.Тігін машинасының жарық түсетін жағы(сол жақ)
6.Тігін машинасының бөлшегі(табан)
7.Тігу құралы(ине)
8.Тігін машинасының бір түрі(арнайы)
7.Қорытындылау: екі топ арасынан жеңіске жеткен топты марапаттау,сабаққа қатысымдары бойынша оқушыларды бағалау.
8.Үйге тапсырма: тігіс турлері туралы оқу,жаттау,тігіп жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |