382
тақырыпқа өзінің сынып ерекшелігіне, деңгейіне жұмыс жасау барысында дарынды, орташа,
төмен балалар.
Дарынды балалар мәтінді зуылдатып оқып береді,бірақ ойын қағазға түсіре алмайды. Сол
балаға бағыттап сюжеттік мәтінді беремін. Ал кейбір балалар үндемей жаза береді, сөйлей
алмайды, кейбіреуі құрастыра алмайды, кейбіреуі тіпті берген ақпаратты оқып түсіне алмауы
мүмкін соған байланысты сыныпты деңгейлеп аламын да тапсырма беремін. Сонда жүйелі
болады. Оқу машығын жақсы оқи алады,бірақ мазмұнын түсінбейді. Мазмұнын түсінбейтін
балаға кілт сөзді тап. Негізгі ойды тап. Сол кезде ол кілт сөзді тауып, негізгі сөзді тауып, негізгі
сөзден мазмұнға қарай сатылап барады. Кейбір балалар оқиды да, ойын жүйелеп айтпайды. Ол
балаға мәтінге қарап отырып, жоспар құрып кел деп тапсырма беремін. Жоспармен сөйлеген
бала ол сайрап айтады.
Сюжеттік мәтінді оқу үшін, талдау үшін оқу машығы төмен балаларға оқытудың
түрлерін беремін. Кейбір балалардың айтылым, тыңдалым дағдысы жетіспейді. Ол балаларды
жұптастырып, бір-біріне сұрақ қояды. Сол кезде тексеріп алуға болады. Сюжеттік мәтінде
балалар жоспар құру білу керек. Сол жоспармен бала сөйлей білу керек. Негізгі ойды анықтай
білуі керек. Мәтіннің негізгі ойын таба білуді, проблемалық сұрақ қойғызып үйрету керек бір-
біріне. Мәтін бойынша жұмыс түрлерін бөліп беремін.
Балаларды конкурсқа дайындағанда еске сақтау қабілеті балаларды «Оқу айнасының»
проектісі аясында балаларды көркем сөз оқуға дайындаймын. Мәнерлеп оқуға көңіл бөлемін.
Осы тәсілдерді қолдана отырып үш тоқсанда осындай нәтижеге жеттім.
1 тоқсанда – 32 % 2 тоқсанда- 46% 3 тоқсанда- 59%
Қорыта келе оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі заман талабы.
Жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығынан көретін нәтижеміз, тұлғаның сөздік қоры
молаяды, ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау қабілеті артады, шығармашыл жұмыс істейді, қиялы
ұшталады, тапқырлыққа үйренеді.
Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз
шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің
жүрегі, қоғамның тірегі.
Достарыңызбен бөлісу: