377
қобдишам» айдарына жинақтау керек. Конкурстарға қатысу(«Жеңімпаз болмасам да, бұл менің
жетістігім» ұраны). Қалалық, Облыстық конференцияларға тәлімгермен бірге қатысып, жинаққа
енуге ұмтылу. Газет-журналдарға тәлімгермен бірге материалдар дайындау.Республикалық пән
бойынша журналға жазылып, қысқа мерзімдік жоспарын жариялау. Білім алушыларды
конкурстарға дайындап, конкурс ережесін толық орындау мен ондағы ерекшеліктерді есте
сақтау. Жеңімпаз болуға ұмтылу. Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс. «Не себептен оқушы
сіздің сабағыңызды игере алмай отыр?» осы сұрақ төңірегінде өзіңе жауап іздесең,
қабілеті
төмен оқушылар саны азаяды.Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір
қоғамдық жұмысты атқару, Спорттық,көркем-өнерпаздар сайыстарына қатысу, кәсіподақ
ұйымының ұйымдастырылатын конкурсына қатысу. Жыл соңында өзіндік есебі мен талдауы,
өзіне баға беру(Жас мамандар мектебі отырысында).
Осындай бағытта жұмыстар нәтижесінде 2018-2019 оқу жылында «SKILLS
AKADEMY» ұйымдастырған «Жас мамандар» ІІІ республикалық байқауға он жас маман
қатысып, 5 жас маман жүлделі орындарға ие болып, «Ең үздік жас маман» төсбелгісіне ие болды.
Жыл сайын облыстық жас мамандар , үздік тарихшы конкурсына қатысып, жүлделі
орындар
алды. Білім алушыларды конкурстарға қатыстыртып, оның нәтижесі, жас маманның нәтижесі
болып саналды. Ерекше айтатын болсақ, Солтанбек Елдостың шәкірттері 2019 жылы облыстық
конкурстардан жүлделі орынға ие болса, биылғы оқу жылында, қалалық конкурстан жүлделі
орын алып, облысқа жолдама алды.
Жас мамандарды функционалды сауаттылыққа бағыттау жолдары, берілген жоспар
бойынша жүргізіліп жатыр. Функционалдық сауаттылықтың бірінші механизмдегі ақпараттық,
коммуникативтік,
әлеуметтік,тұлғалық, азаматтық, технологиялық және пәндік құзіреттілігін
дамыту өз сатысымен жүреді.Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі ата-аналардың
балаларды оқыту барысындағы жұмысын ерекше қарастырады. Себебі, ата-ана, оқушы, мұғалім
арасы тығыз байланыста болған жағдайда ғана белгілі бір нәтижеге жетеді.
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша
әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27
қыркүйектегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу
басылымдары. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық
жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде
өздігінен әзірлейді және оны білім беру ұйымының директоры бекітеді[2]
Мектептің жұмыс оқу жоспарында вариативті компоненттен бөлінетін сағаттар элективті
курстар мен жеке және топтық жұмыстар сағатына мұғалімдер оқу бағдарламасын дайындайды.
Осы дайындаллған бағдарламаның заманауи талаптарға сай болуын әдістемелік кеңесте қаралып,
мұғалімдерге осы жұмыстарының нәтижесін қалалық деңгейде және облыстық деңгейде
әдістемелік өнім шығаруға бағыт беріледі. Жыл ішінде бағдарламаның
орындалысын тексере
отырып, бағдарламаның кемшілігі мен ерекшелігі анықталып, проблема туындайды. Екінші
жылы сол бағдарламаға жұмыс дәптерлер дайындалып, жақсы дайындалған жұмыстар
конкурстарға жіберіледі. Жоғары оқу орындардағы мамандарға тексертіп, пікір жаздырып
алынады. Мектепішілік әдістемелік кеңесте талқылап, қалалық білім бөлімінің әдістемелік
кабинетіне жолдама алынады. Осы жүйемен жүргізілген
жұмыстардың сапалы, талапқа сай
жасалған және сұранысы бар оқу бағдарламалар қалалық бөліміне жолдама алады. Осы жұмыс
жүйесі нәтижесінде «Әлихантану» оқу бағдарламасы, дәптері, әдістемелік құралы қалалық білім
бөлімімен бекітілді, Облыстық конкурсқа қатысып, бас жүлдені иеленіп, Республикалық
конкурсқа қатысып, ІІ орынға ие болды. «Өлкетану» дәптері дайындалып, қалалық деңгейде
конкурста бас жүлдені иеленіп, қалалық деңгейде әдістемелік өнім шығарылды. «Алаштану»
дәптері дайындалып, қала деңгейінде конкурсқа қатысып, жүлделі орынға ие болып, әдістемелік
өнім шығарылды. Биылғы оқу жылында «Өлкетану» бағдарламасы, жұмыс дәптері дайындалып,
өңдеуде жұмыс жүруде. Қалалық білім бөліміне жолдама алды. «І speak English» бағдарламасын
жас маман заманауи талаптарға сай электронды дайындап, қалалық және облыстық конкурстарда
қорғалып, марапатқа ие болды.
378
Функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ
тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия,
биология, география). Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға
ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде
белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.
Мұғалімдер
бөлімнің жиынтық бағалауының тапсырмаларын өздері дайындап, сабақта пайдаланады. Өз
жұмыстарын жинақтап, әріптестермен біріге отырып, әдістемелік өнімдер дайындайды.
Мұғалімдердің аттестаттаудан өтер кезеңінде педагог-зерттеуші, падагог-сарапшыға өтініш
бергендердің портфолиосында әдістемелік өнім болуы міндетке айналды. Сол себептен де
мұғалімдерге қойылған талаптың орындалысы, әдістемелік өнімдер облыс деңгейінде және
республика деңгейінде де шығарылып отыр.
Қорыта келгенде, педагогтердің функционалды сауаттылығын дамыту үрдісінде
мектепішілік әдістемелік қолдау көрсетудің ерекшелігі, жүйелі жоспар құрылып, әдістемелік
көмек заманауи негізде, дұрыс бағытта жол берілуінде .
Достарыңызбен бөлісу: