Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

Қиқулап жаннан жөнеді 
балалар өңшең тай мініп. 
- Бәрекелде, тарланым , 
бермедің қолдан намысты! 
...Біреулер тістеп бармағын, 
бокалға біреу жабысты. 
Қыр-жайлау қалды жырақта, 
мен бүгін одан алыспын. 
Үні тұр бірақ құлақта 
сонау бір бәйге-жарыстың... 
1969 
 
АЯУЛЫ  БЕЙНЕ 
 
Клара Дмитриевнаға 
Сені іздеймін 
шешілмей жүрген жұмбақтар бойда тұнғанда, 
жас арман мені жетелегенде көп толғандырған 
сырларға. Қуанышым мен қайғымды дәйім алдымен саған ақтармай, 
шәкірттік көңіл тынған ба?! 
Қиындықтардан қиналмай аттап, саған келгенде 
ысылдым -өзіңнен асқан шың бар ма! 
Сені ойлаймын 
көзім түскенде аласармайтын шыңдарға, 
биіктер алда тұрғанда. 
Мәуелеп өскен бәйтеректерді көрсем мен - 
аяулы бейнең тұрды алда. 
Мені ылғи саған бас игізетін қандай күш екен сендегі -жылылық тұнған жанар 
ма мына, қарапайымдау тұлғаң ба?! 
Өмірдің соқпақтарымен 
арманды қуып, алыстап кеттім мен бөлек, жаныма жақын 
қимасым болған қалды да бір жан елде ерек. 
Мынау өмірден ізгілік көрсем, адалдық көрсем, мен ылғи бас иіп өтем сен бе  деп... 
1962 
 
 
* * * 
Өзімді жүрегіңнің есі қылдың, 
бұл жайды, амалым не, кеш ұғындым. 
Өзіңді мен де оңаша қиялдадым, 
жаным деп жүрегімнен күй арнадым. 
Жас сезім гүлдей нәзік, адал да едім, тек сенен 
бақытымды табам дедім. 
Айлы түн қыз жанынан сыр ұрласа, сен дедім ерке 
самал сыбырласа. 
Жатсындым, өзгелерді көзге ілмедім, сен бірақ жан 
күйіңді сездірмедің. 
Бейнемді көңіліңнен шығармадың, 
мен бірақ кезінде оны ұға алмадым... 
Өмірде өткелі көп, әні қысқа, 
ал бұған кінәлі кім —жазымыш па? 
1960 


 
 
 
АЗАТТЫҚТЫ АҢСАУ 
 
Адамзаттың арманын ұғып бірден, 
сенім құйып, үнінен үміт күлген, 
сан халықты бір тудың аясына 
бір әнмен біріктірген. 
Жердің сәуле көзіндей нұры бүгін, 
көркем қиял — кеудесі, тұғыры—Күн! 
Өзімшілдеу әлемге ұғындырған 
достықтың ұлылығын. 
Тілім аман, тамырлы халқым аман, 
елең етіп қарайды даңқыма маң. 
Отаным бар жаныма мерей құйып, 
жұлдызы жарқыраған. 
Даламызды жат жандар торып, басып 
жүрген күндер жырақта, жорық қашық. 
Жорықтардың түрі өзге—-шығады енді 
ұрпақтар қол ұстасып. 
Зуласа алға уақыттың тарпаң аты, 
Отанымның тарихтай әр сағаты. 
Қарыштайды жаңғырып жер жүзінде 
азаттық салтанаты! 
1968 
* * * 
Сенің нұрлы жанарыңды 
бақытым деп қалыппын ғой. 
Адал ниет, жан, арыңды 
содан маған таныттың ғой. 
Қош! — дедім де кете бергем, 
ойда бірақ қалыпсың ғой. 
Мені өзіңе жетелеген 
бір сезімді жаңа ұқтым ғой... 
1 9 5 9 
 
 
С Е Н   Е К Е У І М І З 
 
Менменшілдік артты да сана-күштен, 
екеуіміз де кетістік “тамам іс” деп. 
Махаббаттың жалынын жалғыз жұтып, 
сен ренжіп жүрсің ғой маған іштен... 
Екеуіміз де ақылға бекінбедік, 
таластық та, “сенікі шетін” дедік. 
Бүгін біздер мұңдымыз, жүрсек-тағы 
дымымыз да кетпеген секілденіп. 
Құр өкпені қайтеміз. Жетер, күнім, 
деймін іштей: “ Табысқай екі ел бүгін!” 
Екеуіміз де ұғындық, бірімізге 
бірімізсіз өмір жоқ екендігін. 


Елжірейсің — өкпенің бәрі біткен. 
Құшағыңды отырмын сағынып мен. 
Екеуіміз де үнсізбіз... жақындасақ, 
кететіндей өрт болып бал үміттер!.. 
1968 
 
ҚЫЗҒАНЫП ҚАЛМА, ЖАНЫМ, СЕН 
 
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма кейде күліп 
кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: 
сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар 
жігіттер,қызбалық қылма, жаным, сен. 
Көп қыздар саған күлімдеп тұрса көздерін тігіп 
қымсына,қызыға қойма, жаным, сен: 
өзіңдей менің бақытым үшін қуанып олар тұр шығар, мұны 
да ойла, жаным, сен! 
1968 
 
СЕН ТУРАЛЫ 
 
Сен бір албырт жігітсің, білемін мен, 
бір нәзіктік еседі жүрегіңен. 
Сен кірбіңсіз, көңілді болсаң дәйім, 
жаным сая тапқандай жүремін кең. 
Сен мұңайсаң, сан ойлар қоршап мені, 
деп қаламын: “Жүр екен аңсап нені. . .” 
Жалт етіп бір қараған жанарыңнан 
жан-күйіңді ұғамын сол сәттегі. 
Сен сырт көзге жігітсің көптің бірі, 
байқалмайды қызбалық, өткірлігің. 
...Бір ғажайып күш сенің 
бойыңдағы жүрегімді 
балқытып, төктірді нұр.. 
1968 
 
 
САҒЫНА ТҮССІН ДЕДІҢ БЕ 
 
Жүректі тербеп бал сезім, 
қоштастым сонда дірілдеп. 
Аузымнан шықпай бар сөзім, 
ішімнен тұрдым “күнім” деп. 
Жанарың сенің қадалған, 
жаныма күн боп нұр септі. 
Жиналған мынау жарандар 
қарамай бізге тұрса етті... 
Кеттің ғой сонда көп күнге, 
қолымды неге қыспадың? 
Тіледім самолеттің де 
кешігіп барып ұшқанын. 
Несіне тіктің көзіңді 
сүйілмей қалған ерінге... 


Сарғая күтіп өзіңді, 
сағына түссін дедің бе? 
1968 
 
Т І Л Е К 
 
 
Шынымен болып жүрсе жаның ғашық, 
сен маған жалынбашы,табынбашы. 
Ер мінезді жігітті ұнатады осы бір қарындасың. 
Сен менің жүрмеші әсте “құлым” болып, 
(кей әйел “жақсы көрер” ерлері жағынғасын, 
менің мұндай аурудан жаным қашық). 
Онсыз да өзіңсің ғой барым асыл, 
онсыз да өзің менің қанымдасың, 
жанымдасың. 
Ешқашан саған деген ақ жанымды 
қалмайды сағым басып. 
Орынсыз маған, жаным, иілмеші - 
ер жігітке лайық мұның несі! 
Және де керек емес жиі әкелген 
сый-сауқат, киім-кешек! 
Менің ең жек көрерім—жасандылық, 
сүйерім —ащы шындық. Тұрса-дағы ол 
көзіме бейуақытта жас алдырып. 
Қалдырма тілегімді 
тасаңда ұмыт. 
Әдемі сөздер айтпа есілдіріп, 
кінәң болса, жүресің несін бүгіп: 
тек шындықпен кел-дағы - кешірім күт! 
Жағынба сен! 
жүректің жалынымен 
сүйгізе алмағанның несі жігіт! 
Сен маған әзіл айтып күлемісің, 
жанымда қамқоршым боп жүремісің, 
сағынып алыс жолдан келемісің - 
алғашқы ардай таза тілек үшін 
тек шын болсын әр ісің—керегі сол. 
Сонда мен шын мәнінде серігіңмін, 
сонда мен сіздің үйдің келінімін. 
Сонда мен жайсаң көлдің жағасымын, 
өзіңдік сонда менің бар асылым! 
 
 
*** 
 
Жүректі тербеп бал сезім, 
қоштастым сонда дірілдеп. 
Аузымнан шықпай бар сөзім, 
ішімнен тұрдым “күнім” деп. 
Жанарың сенің қадалған, 
жаныма күн боп нұр септі. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау