Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

 
ҚЫЗ ӘНІ 
 
 
Құлпырды дала мына, 
жаным - жаз, жайнады үміт. 
Тұр, жаным, жанарыңа 
қарайын айна қылып. 
Туғандай ай арманым 
осы бір шалғында анық. 
ұйқыңды аш, оян,жаным, 
келеді таң нұрланып. 
Көз жұмып, көңіл балқып, 
ісім жоқ баспанамен. 
Бақыты өмірде артық 
жан жоқтай басқа менен. 
Әнші құс, неге ертемен 
сайрадың бүгін сен де? 
Жарысыпжел-еркемен, 
сайлармен жүгірсем бе! 
Шырқап сен шалғайда әнді 
кең дала — қыр бағында, 
бақытың болғай мәңгі 
деп әлде тұрғаның ба? 
Осылай мың күн өтсін, 
сайрай түс бақта дәйім. 
Кішкентай бір тілекшім 
бар деп мен мақтанайын. 
Сәуірдің таңына ұқсап 
күлімдеп тұршы, жаным! 
Жүрегім алып үшад, 
Мен неге тыншымадым?! 
 
 
ЖІГІТ ӘНІ 
 
Атсын, сәулем, таңдар күліп, 
санаспайық уақытпенен. 
Осы емес пе арманды үміт, 
осы емес пе бақыт деген?! 
Куә болсын аспан, дала - 
бақыт құшқан таңым бүгін. 
Жабықпа сен, жасқанба да, 
бар күдіктен арыл, күнім! 
Атсын таңдар толып нұрға, 
жайнай түссін гүлім менің. 
Әлденеден қорықтың ба, 
неге, жаным, дірілдедің? 
Көрейін мен келбетіңнен 
ылғи таңның арай нұрын. 
Сені өтейін тербетумен, 
кетсін тұнған талайғы мұң. 


 
 
* * * 
 
Жүрек - жаз. Нұрлы өңдерде бақыттылық, 
қалғандай шыр айналып, уақыт тұрып. 
Дүние өң бе, түс пе — біле алмайды, 
әйтеуір жатыр дала жақұт тұнып. 
Қос ғашық көкшіл сағым шатырдағы 
бақытын сыйғыза алмайды ақылға әлі. 
Кенеттен тыныштыққа атой салып, 
шаңдатқан тұяқ даусы жақындады. 
Қыз сілкіп шала өрілген қос бұрымды, 
әйтеуір бір сұмдықты тосты мұңды. 
Торы төбел қаңтарулы тұрған күйі 
қайшылап қос құлағын, осқырынды. 
Жігіт те орнынан тұрды атылып, 
жатты тек демін алмай жылға тынып. 
Түстері суық қандай, қуғыншы ма, 
япыр-ау, кетер ме екен шын қапы ғып? 
Қуғыншы... Қайдан өзі мұнша халық, 
/істеді-ау ерте кетпей бір шалалық./ 
Қызы үшін қатыгез бай кешер мүмкін, 
алдына жігіт мойнын ұсынса барып. 
Қалайша тез жетті екен жорықтасып, 
/бұл жерден болатын-ды қоныс қашық./ 
Әйтеуір, ақ сезімге тапсырдық деп, 
екеуі тұра берді қол ұстасып. 
Аттылар жетіп қалды желе шауып, 
сойылға басар ма екен келе салып? 
Қыз кенет сыбырлады: “Бұлар біздің 
ауылдың адамдары емес анық”. 
Қос жүрек тұрып қалған дүрсілдеді, 
ұмыт боп жаңа ғана күрсінгені. 
Әлгіде демін тартып тынып қалған 
қайта есті сахараның сыршыл желі. 
Аттылар төніп қалды дүбірлетіп, 
Тор төбел тыпыршыды 
Бұл үнге елтіп. 
Сұсты жүз сазарысқан. 
Ешқайсының жылылық көрінбейді түрінде түк. 
Бір түсті үстеріне костюм киіп,  
Қатулы қабақтары қатер құйып, 
Асынған қару-жарақ жарқылдайды — 
Нұрет бай жіберген бе әскер жиып? 
Бір қауіп бір үмітпен араласып, 
қос жүрек шапқылайды ала қашып. 
Ертеңгі тәтті сәттер қалды былай, 
күн болса, арқан бойдан барады асып. 
Естілді дауыстары жат үн қатқан: 
/қым-қуат болып кетті сатырлап маң./ 
—Қараңдар мынау дала тағыларын 


дүниенің тәттілігін татып жатқан! 
- Әдемі-ай мына қыздың түрі қандай! 
- Қойшы әрі, әйел көрсең, ыңыранбай! 
Тағылар тағылығын істемесе, 
жүреді ішкен асын сіңіре алмай. 
Ортаға ап екі жасты, қызықтады 
сілімтік бандылардың бұзықтары. 
Жігіт тұр бір көгеріп, бір бозарып, 
ызадан әрең шыдап, қызып қаны. 
- Әй, өзің айтшы, қане; 
қызылмысың? 
- Қолыңа қалай қонды бүгін құсың? 
- Қарай гөр сазаруын үн шығармай, 
көрдің бе сұмырайдың жырындысын! 
- Алайық ат пен қызын олжа қылып, 
отырсын жас тотысы торда бұғып. 
- Ал өзін бір оқпенен... не болмаса, 
кетейік өлімші қып орға жығып. 
-Қайтеміз оқ шығындап бұл қазаққа, 
салайық онан-дағы түрлі азапқа. 
-Арқанмен сүйретейік атқа байлап... 
-Тоқтай тұр, бұл не дүбір жылға жақта? 
Құлақ сап ғашықтар да сәл аңдады, 
бір ұшқын жалт еткендей жанардағы. 
—Мен үйден қашып кеткем, бұлар біздің 
ауылдың мені іздеген адамдары, 
деді қыз, — жасырыңыз, 
сүйгенімнен айырса, өлім артық маған-дағы. 
Таң қылды “тағы” қыздың батылдығы. 
“Қолда ғой, құтқарайын ақыры мұны”. 
—Қашыңдар анау сайға, топ жыңғылға! - 
офицер осыны айтып, атын бұрды. 
Қыз сүйтіп жер соқтырды сонша жанды, 
минуттар қатерлі әлі болса-дағы, 
жай тұрған қуғыншы деп бандыларды 
жүз шақты салт аттылар қоршап алды. 
Бұл келген - азаматтар сенген елі, 
/бандылар, сөз жоқ, енді жерленеді./ 
Қайыржан Молдағүлов бастап келген 
советтің милиционерлері еді. 
Банды іздеп Бозалақты шолып үш күн, 
/болмады нәтижесі сол жүрістің./ 
Кеше кеш ауылына оралғанда, 
үстінен шықты қанды көріністің. 
Салумен бейбіт елге жазылмас мұң, 
сабылтып банды деген сағым қашқын; 
Тас-талқан ауыл үсті, күңіренумен 
көгенде жатыр бәрі ауылдастың. 
Қайыржан кешкен талай азаптарды, 
дәл мұндай көрген емес мазақтауды. 
өлігін анасының көрген сәтте, 
құлауға тәлтіректеп сәл-ақ қалды. 


“О, ана, қалай тыным табар жаным, 
Ойлаушы ең аласұрып балаң қамын. 
Жан ана-ай, тым болмаса, қанды қолдан 
сені де арашалап қала алмадым. 
Қап, бәлем, қанқұйлы жау, шыда аз ғана - 
туғызам тірі жүрсем саған да күн! 
Мыңына қасіретті тартқызсам да, 
өтер ме қасиетті анам қанын”. 
Жоғалтып орны толмас бар асылын, 
өксіді ұл басын құшып анасының. 
Сонан соң ерге қонып, қамшы басты, 
алардай жарау аттан жан ашуын. 
Сол боймен жетті, міне, алып-ұшып, 
кек қайнап, жанарлардан жалын ұшып. 
Бандылар қоршалғанын ссзбей қалды, 
ауылдық адамдар деп жаңылысып. 
Жау сасып, кетер бағыт таппады да, 
қойнаудың ығыстады қапталына. 
Бандыны қолға тірі түсірсек деп, 
жігіттер оқ жаудырды аттарына. 
Жау күші аз, бекініссіз, ашықта әрі, 
қалғандай мынау жайдан сасып тағы. 
Қайыржан жігіттерін сақтау үшін, 
бірден-ақ тұтқындауға асықпады. 
Осылай аңдысумен кешкірді күн. 
/сездірмед ғашықтар да ешкімге үнін./ 
Жігіттер күндіз-түні ұйқы көрмей, 
ат үсті жүргеніне бес күн бүгін. 
Сезілді жаулар оғын тауысқаны, 
сонда да екі жақтан жан ұшпады. 
--Тірілей беріліңдер! — деп бір кезде 
Қайыржан алға шығып дауыстады. 
Осыны күткен Белов - банды басы, 
қолында екі оқ қалған — бар “мұрасы”, 
біреуін Қайыржанға көздеді де, 
өзін де екіншімен қалды басып. 
Берілді қол көтеріп қалғандары, 
жалынып, жасуға да арланбады. 
Күйеу мен қалыңдық та келе жатты, 
алдынан қайта күліп таңғы арманы. 
Жауыздар салған талай бүлікті елге, 
тас-талқан болды тізе бүгіп демде. 
Жаралы Қайыржан мен қос ғашықты 
ортаға ап, тартты ауылға жігіттер де. 
 
 
*** 
 
Қанша жыл содан бері зырлап ағып, 
өзендей жүйткіді алға жылғаланып. 
Куәсі - көзбен көрген біздер ғана 
атқанын таңның қалай құмда ағарып. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау