Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

думанды өмірдің дүбірінен шеттеп қалмағам. 
Даласын, кәрі анасын сүйген бар балам 
жасаудың бәрін жасартуға мені арнаған! 
Мен сондықтан ұрпақтардың араларына 
тынбайтын тірлік тынысы болып жалғанам. 
1970 
 
 
* * * 
 
Жанымдасың. 
Рақатқа батасың жаңа балқып, 
жанарыңда бақыт тұр дара қалқып. 
Қалмағандай басыңда мысқал мұңың, 
шыға алмаған талайғы құштарлығың 
күн сайын барады артып. 
Жалындасын, 
алау сезім сендегі тұрсын жанып
шьн сезімнен қашпалық, қымсынбалық 
(әйел соны қалайды—ойлағын сен): 
алып ұшсын жүрегің, қайда жүрсең, 
қашан маған жеткенше дүрсіл қағып. 
Жанымдасың. 
Көңілің өр, жүзіңе нұр жалатып, 
арман болған адамды шын қаратып 
алғаныңа масаңсың. Қалай демен. 
Бақыт та ортак біздерде. Алайда мен 
кейде неге қаламын мұңға батып?.. 
Менің нәзік жаныма күнде үңілген 
болсаң, сезсең күйімді —кірбіңім кем. 
Бақытты ете алмайсың дер ем ашық: 
егер асқақ тұрмасаң менен асып 
болмысыңмен, ойыңмен, тірлігіңмен. 
Жаныма ерер бір адам керек қой деп, 
ондайға түк жүгінбен. 
1974 
 
 
* * * 
 
Сенің жүзің мен үшін ай нұрындай болмаса, 
өзің барда жаныма жайлы мұндай болмаса
тыныс берер кеудеме сенің демің болмаса, 
аймалаудан танбайтын еріндерің болмаса, 
үмітімді жалғайтын шын сенімің болмаса, 
саған дейін қиял мен мұң серігім болмаса, 
сен жүргенде ақ жаңбыр жайлы күндей болмаса, 
күздің тұман кештері айлы түндей болмаса, 
сенсіз мынау әлемді кезбейтінім болмаса, 
азаптарды сен барда сезбейтінім болмаса, 
өзің барда жер-көкті ұмытқаным болмаса, 
есімді алған еркелеу қылықтарың болмаса, 


рақаттан сен барда тұншығарым болмаса, 
тек өзіңнің алдыңда қымсынарым болмаса, 
сен барыңда қайғыдан арыларым болмаса, 
шыдам таппай өзіңді сағынарым болмаса, 
мұңайғанда тек өзің жұбатарың болмаса, 
сенің махаббатыңмен гүл атарым болмаса
маған ғана сыр ашып шешілерің болмаса, 
қате басқан сәтімді кешірерің болмаса, 
от-сезімің жүректі табындырған болмаса, 
бей-жай жүрген жанымды жалын қылған болмаса, 
бұла шақтың арманын сенен ғана көрмесем, 
қиналғанда күш беріп, бастамасаң өрге сен, 
сүю түгіл, жаныма жолатпас ем, көнбес ем! 
1973 
 
 
АРДАГЕРЛЕР 
 
Ардагерлер, 
елімнің қымбаттары, 
революцияны өсіріп құндақтағы, 
қасиетті күрестер жастықты ұрлап, 
самайды мұз қақтады. 
Қорғадыңдар 
шындықтың мұраттарын, 
Қобыландыдай төздіңдер сынаққа мың. 
Тік көтеріп жеңістің жалқы туын, 
ешқашан құлатпадың. 
Сендер барда 
нұр төгіп жанарынан
салғандай дала бір ән. 
Адамдық пен ерліктің ұлылығын 
сендерге қарап ұғам. 
Мінезім бар қаталдау кейде менің, 
жан жылуын ашумен түймеледім. 
Сондай шақта кеңдік пен мейірімді 
сендерден үйренемін, 
байсалды күйге енемін. 
үміт артқан сендердің ардағың ем, 
ойсыз, қамсыз атырған таңдарым кем. 
Сүйсіндіріп сендерді қуантуға 
өзімді арнадым мен. 
Шаттық нұрын 
әлемге шаш, әр таңым! 
Менің де бұл —шыңдардан асар шағым. 
өздеріңнен басталған от ұшқынмен, 
ардагерлер, 
сендерді жасартамын! 
1972 
 
АҚТАУ ТҮНІ 
 


Түн. Қала тұр. 
Зәулім үйлері жанарын көктің жасырып, 
заңғар таулардай етегі көктем, басы бұлт. 
Теңіздің тылсым толқындарында түнгі оттар 
қалады екен ақ маржандардай шашылып. 
Аскақ каланын сұлулығына сұқтана 
сұлу ай көктен қарайды мынау үйлерге әрең 
асылып. 
Қол созым жерде қолдарын саған тұр бұлғап
күміс күлкілі-ару толқындар сырды ұрлап. 
Ну ормандардай қалғиды сол сәт қас қағып, 
желегі жасыл бұлғын бақ. 
Сезімізге сел боп жатасың сонда көз ілмей, 
терезелерді жанап өткенде толқындар сырғып 
сыңғырлап. 
Көшелер тұнған желкілдеп тұрған жас шыбық 
- Кобзарь-ақынның көкірегінде кеткен жақсы үміт. 
Жас қала тұр теңізге тосып кеудесін, 
төбесін көктің көк күмбезімен бастырып, 
барады ол асқақ болашақтарға қарыштап, 
жастық пен достық, ұлылығынды мәңгі паш қылып! 
Мұнараларда шамшырақ лаулап, жастықтың үні 
тынбастан, 
ән қанатында қалықтайды екен түнгі аспан. 
Адамның бәрі ақьін боп кеткен бе-ау дейсің 
болашақтармен сырласқан. 
Дүние түтас ән болып тербеп тұрғандай, 
әр суреті - бір дастан. 
Самғаса тынбай әлемді кернеп асқақ үн, 
ән қанатында қалқыған шақта аспаным, 
өмірге қайта ғашық боп кетеді екенсің 
мың есе сүйіп туған жеріңнің жапырағын, әрбір 
тастарын. 
Адамдар деген құдіретті күшке бас иіп сонда қастерлеп, 
өлмейтін бір жыр келеді жазып тастағың! 
1966 
 
 
ЖОЛ 
 
Қайқаң қағып қара жол көсіледі 
мұнаралы қырларды асып. 
Қызғалдақтар қалады тосып ерін, 
жанарларында тұнғанда шық. 
Кетпесін деп қара жер қақ бөлініп, 
мынау жол құрсаулаған. 
Қалып барады теңіз де шақ көрініп, 
көкірегінде бұлт аунаған. 
Нәзік гүлдер жаутаңдап дірілімен 
ғашықтың сезіміндей. 
Адамдардың думанды дүбірінен 
дала жатыр көзі ілінбей. 


Мен келемін: құштарлық - көкірегім
сағыныш қанатында. 
Көру үшін бүгінгі от реңін 
бір кездегі “ала қырға”. 
Қатар түзеп қыз кеуде мұнаралар, 
өмірдің тынысындай, 
ақын келсе кетпейді бүл арадан 
көкірегінен жыр ұшырмай! 
1966 
 
 
БАРЛАУШЫЛАР 
 
Мен ғашықпын 
ұлы істерді дүбірлеткен бұл ғасырға, 
ой-арманы асқақ жылдасыма - 
дарияларды селдетіп сайларынан, 
мұнараларды самсатқан қыр басына! 
Жете алмайтын шығар-ау қыран да, сірә, 
ақ мұнаралардың шынар басына! 
Батырлық дегенді білмейтіндерің 
осынау барлаушылардан сұра! 
Бұлар ма, бұлар - 
елсізден елге сый арнап жүргендер, 
үстіртке қонып, қияннан өргендер. 
Сұраңдар осы ер жүрек ерлерден 
қиындық дегенді қиялда көргендер! 
Аттанған шақта ол шартараптарға, 
үмітті көзін қадап ақ таңға, 
сұра қандай деп қуаныш дегенің 
бұрқырап тыңнан фонтан атқанда! 
Барлаушы жүрер 
шатырлап аяз, дала қар құшқанда
өртеп өзекті “саратан” қысқанда. 
Барлаушы барда басқаның бәрі 
ұқсайды кілең балапан құстарға! 
1966 
 
 
ӨЗЕН –ШАМШЫРАҚТАРҚАЛАСЫ 
 
Буырқанып жататын құлап ағын, 
қайда кеткен өзені бүл араның? 
өзен емес, көресің ылғи мұнда 
мұнаралары қаптаған қыр алабын. 
“өзен” депті бабалар бұл аймақты, 
Арман қылып айтты ма - кім ойлапты... 
Тамшы суға зар болып тілесе де, 
өзен, көлін қимаған құдай қатты. 
Бүгін мұнда шырақтар тұр алаулап, 
қимастықпен кетіпті құлан аулақ... 
Жатыр сұлық боз дала, байтақ дала 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау