Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

Бұл күнде, қарап тұрсаң, өзгерді ғой, 
өрледі, өркендеді мұнда халық. 
өткенді ұмыт қылмай, шүкір, жастар 
кітап қып жазад дейді тыңдап алып. 
Баяғы құлазыған даланы ашық 
барады зәулім үйлі қала басып. 
Еділ мен Жайықтың да толқындары 
бірге ағып жатыр бүгін араласып. 
Болар зат көп екен ғой болғанынан, 
кәрілік келіп қалған соң қамығам. 
Сусыған құм Нарынның етегіне 
өзен де жасап алды қолдарынан. 
Болар ма адам мұнша құдіретті, 
байларға мал бағудың күні кетті. 
Кешегі шөл даланы орман қылып, 
нелер бір біз көрмеген гүлін екті. 
Баяғы айлық жолға бүгін кетіп, 
жетесің арып-ашпай, іңірлетіп. 
Киік пен қоян жортқан боз далаға 
темір жол тартып қойды дүбірлетіп. 
Жастарым, заманың шат, үнің де асқақ, алдыңда сендер 
шығар шыңың да асқақ. 
Әңгімем бітпепті ғой, кәрілік-ай, 
кетемін бірін айтып, бірін тастап. 
Бар біздің ауылда бір асыл адам, 
күміс шық самайында шашыраған. 
өмірдің сан асуын өткерсе де, 
таймаған асыл беттен, жасымаған. 
Сол жанды көргенің де мақұл, шырақ, 
жұрт оны жүреді ылғи жақынсырап. 
Ақ сақал қариялар құрмет тұтып, 
барады сол кісіге ақыл сұрап. 
Қадірлейді азаматын халқы-дағы, 
өзі де қайсар, әділ, жан қырағы. 
Қайыржан ағадай боп өсемін деп, 
кішкене бөбектер де талпынады. 
Білем ғой Қайыржанды бала жастан, 
/жан едік үй-ішімен араласқан./ 
кешегі қанды соғыс жылдарында 
жиырмада жауларымен жағаласқан. 
Орден бе – көп әйтеуір өңірінде, 
бірақ тек тақпайды өзі оны күнде. 
Істейді бастық болып талай жылдан 
осы жердің милиция бөлімінде. 
Ешқашан жағымпаздық ойламайды 
біреуге жақсы атты боп көрінуге. 
Білгің кеп отыр сенің бұл кісіні, 
неде деп осы адамның құнды сыры. 
Баяғы Мадияр мен Айғанымның 
осы еді қуанышы – тұңғыш ұлы. 
Бандының тұншықтырған ақырғы үнін 
қастерлеп Қайыржанның батырлығын, 


“Біз тірі қалмас ек, - деп, - ол болмаса”, 
қойған-ды Қайыржан деп атын мұның. 
өтті ерлер қыран құстай шырқады да, 
жеткізіп жаңа өмірдің нұр таңына. 
Аруағы сол ерлердің ырза шығар 
бүгінгі ас толқын ұрпағына. 
 
 
* * * 
Мейрімсіз, қатал десек те, 
әр жанның жүрек оты бар. 
Бақытын оймен есептеп, 
елжіреп кейде отырар. 
Сағыныш толмас жүректер 
жоқ, сірә, мына жалғанда. 
өзіндік әркім тілекпен 
өзінше шырқар арманға. 
Мақтауға ол мейлі тұрмасын, 
болмасын дана тұлға шын – 
сүйікті болу, сүю хақ, 
адам боп жаратылғасын. 
1968 
 
ЖАРАЛҒАН ДЕП ЖАТ ҮШІН 
 
Бабам қазақ қашаннан бала сүйген, 
мұрагерім болса деп мақсат қылып. 
ұл дауысы шыққанда қараша үйден, 
атан сойып той қылған, ат шаптырып. 
Сүйіншіге ұл туса бермегі көп, 
әзер болса астында аты қалған. 
Қыз туғанда “қырсықтың келгені!” деп, 
қырын қарап еркегі жатып алған. 
Иығына елінің мұңын артып, 
ұл алардай дұшпаннан бүтін кекті. 
Қанша қызы болса да, ұлын айтып: 
“Жалғыз бар ғой, құдайға шүкір!”… - депті. 
Із қалғандай артында өшпейтұғын, 
ұлы болса армансыз жүреді екен. 
ұл туғанын қашан да көксейтіні – 
ұлды еліне қамқор деп біле ме екен. 
Қайран бабам өтіпті шер-күдіктің 
емін іздеп баладан жаны жалын, 
Білсе еді ғой ел қорғар ер жігіттің 
сол аруға күні ертең табынарын! 
1962 
 
ДАЛА ЖАЙЛЫ АЙТЫС 
 
 
- үйрене алар емеспін далаңа сенің: 
отты жел, құмайт, елес-Күн – дара кешерім. 


Ат міне шауып қорғаған бабаң елім деп 
сол қалпы әлі сор, далаң... 
ана-жерім деп, 
жер бетіндегі жұмаққа балап едің кеп... 
Балғын жаныма керек те сенім, 
шақырмас онсыз қиял ғаламдар, 
қиял ғаламдар – желөкпе сезім, 
сезім болмаса ұямнан алар; 
мақсаты тұл боп қиянда қалар 
арман алдында ұяңдағандар; 
батырлы даламен өзектес едім, 
өзегін өзгеге қияр ма жанар – 
азаматы боп көгертпес елін 
Отанын, жерін сүйе алмағандар. 
Бабамнан қалған далам, шағылым, 
сендейге, мүмкүн, қарар гүл атпай. 
Мен үшін – жояр жаңартса құның, 
тек сол қалпымен маған жұмақтай! 
1968 
 
 
МЫҚТЫЛЫҚ ЖЫРЫ 
 
 
Жас баладай қуанып тұрмын бүгін, 
құшағыма ап боз жусан - қырдың гүлін. 
Асып-тасып көңілім көсіледі, 
ұмытқандай байырғы күннің мұңын. 
Сағыныш па, білмеймін, қуаныш па 
жүрек қанат қомдайды бір алысқа, 
Жер, аспан да көлеңке-бұлтсыз бүгін, 
тербелгендей дүние жыр-ағыста. 
Жыр-ағыста келемін алып-ұшып, 
қуанғандай есімнен жаңылысып, 
бейне бүгін үйіме абыр-абыр 
қимастарым келгендей сағынысып. 
Мөлдір өзен. 
Жап-жасыл жаға. Талдар... 
Адамдар-ау, шын барлап қарасандар, 
мынау таңда жаңа леп, жаңа сән бар! 
Маған қарап күлімдеп қол бұлғайды 
бейтаныс балақандар... 
Күн төгеді 
тау, далаға мейірім—құтты нұрын, 
қол ұстасып адамзат шықты бүгін 
ескертуге есерлеу мына әлемге 
бірліктің мықтылығын. 
1967 
ҮМІТ 
 
Түңілгенде, қиналған сәттеріңде 
маңдайыңнан сипайтын елің барда, 


елің барда—үміт пен сенім барда 
жаныңды нұр кернейді, 
жүректі жыр тербейді. Арай жырлар. 
Арай жырлар, күндейтін талай мұңдар. 
Мынау жердің үстінде 
бала көңіл, акпейіл адам берда, 
тарылуды білмейтін далаң барда, 
кеңдікке талпынасың, 
ерлікке талпынасың, 
талпынасың алдағы ақ арманға, 
сосын сенімді ақтауға шарқ ұрасың. 
Мынау жердің үстінде 
әділеттен жаралған жандар барда, 
үміт барда талпынтқан таңдарға, алға, 
досыңның түсін жылытып, 
жауыңның мысын құртып, 
төгіледі арай жырлар, 
шуағында толқиды ақ айдындар. 
1973 
 
 
ҚОШТАСУ 
 
 
Қыз Жібектің соңғы сөзі 
Қайран дүние, кең едің маған, сен неге бүгін тар болдың? 
Қасірет шегіп, кешегі мөлдір күлкіме де мен зар болдым. 
Аңсаумен жүрген асқар тауым менің құлады, 
құрғады мәңгі сылдырап аққан бұлағы. 
Сұңқарым едің, Төлеген, қияға қанат сермеген, 
мен—Атыраудың ақ маралы болғанда, сен- қырағы мерген ең. 
Қос қанатым менің қапылыста қалды-ау қиылып, 
орыныңды немен теңгерем?! 
Жанарыңа көзім түскенде, мен қорғасын болып балқыдым, 
ақ денемді өрт қылып, от-жалыныңмен шарпыдың. 
Асқақтай басып бас имеуші едім, жігіт біткенді дал қылып, 
ақыры мынау адыра қалған көркімнің 
құрбаны болдым, алтыным! 
Мен—Атыраудың көлеңкеде өскен гүлі едім, 
сен нұр-шапақ құйып алаулап тұрған күн едің! 
Қапыда мерт боп, тұңғиыққа сен құладың. 
Қатыгез тағдыр, қырықтың бүгін Жібектің қыршын тілегін. 
Дарқан дүние, қызығыңды маған қимадың, 
несіне бердің сорыма біткен хор қызының мынау дидарын? 
Мен өмірдің ләззатын сүйген балауса нәзік гүл едім, 
қимайтының бар, семсерді неге сыйладың?! 
Айналайын Ақжайық! 
Сұлулық тұнған ақ төсіңнен сенің ақ маржан болып жаралдым, 
Аққуың болып тарандым. 
Сен ерке толқындарыңның күмістей үнін маған ұсындың, 
бар сұлулықты енші етіп, қияларға мені ұшырдың! 
Мен осынау елімнің 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау