Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

Жазғы күнге қош-қош деп мұңды жүзбен, 
дала жатты көзінен бұлбұл ұшып. 
Қаудырап тұр кешегі бұлаң құрақ
қызыл гүлге салыпты қырау сызат. 
Ақбоз үйдің маңайы құлазиды 
қыз үзатқан ауылдай жыламсырап. 
Бет қаратпай ысқырып қара суық, 
бозаң тартып жатады дала сұлық. 
Дарқандықтың барлығын жиып тастап, 
қыс қамымен жүресің аласұрып. 
1967 
 
 
АНАМЕН ҚОШТАСУ 
 
Анажан, егілме сен, елжіреме, 
жас құсың қанат қақты енді, міне. 
Аттасам алыстағы қиырларға, 
жүр екен әлде неғып деп жүдеме. 
Мен болып қуанышың, жанған бағың, жүресің жоқтай 
саған жалғанда мұң. 
Қарағым қашан жігіт болады деп, 
өзгенің ұлын көріп армандадың. 
Сездірмей өтеді екен жыл ағысын, 
талдырмаш жігіт болды бұла мүсін. 
Еленбей самайда шық, отырасың 
жанардың жайып салып қуанышын. 
Сүймедің, жылап келсем жаттан ығып, айтпадың жақсы бол 
деп ақтарылып. 
Бірақ мен сенің барлық жан-күйіңді 
өстім ғой жанарыңнан жаттап үғып. 
Тау асып шапқылаған бұлақтардай, 
мені арман шақырады жырақ, шалғай 
Сен мені күліп тұрып шығарып сал, 
күйзеліп өз-өзіңнен, жылап қалмай. 
Болса деп бір азамат ақтар үміт, 
тырыстың өсіруге ел мақтаны ғып. 
“ұлдары жасық болса, қыр анасы 
намыстан алады, - деуші ең, - жақтан ұрып”. 
Туғанда мынау жастық шақтар күліп, 
құнысып бишарадай жатпан бұғып. 
өмірдің шатқалына жеке тарттым, 
қатерден өзің күткен сақтар да үміт. 
Жаныма сеніміңді серік қыл да, 
сал мені жабырқамай аттандырып! 
1968 
 
 
КҮЗ СУРЕТІ 
 
Өтеді күндер зулап, жыл алмасып
қалыпты көк аспанды мұнар басып. 


Алтын күн бірде шығып, бірде бұғып, 
жөңкілген бұлттарменен тұр арбасып. 
Кешегі еркелеген жүз қылықпен 
самал жел ауысыпты ызғырықпен. 
Жағасын көтеріп ап, ай, жастық-ай, 
бұрышта жігіт мынау қызды күткен. 
Аптапты шуақ күндер қалды қашық, 
қалады таңғы тұман тауды басып. 
Жаздағы жанға сая жапырақтар 
тапталып жатыр жерде жаудырасып. 
Құрақтың қурағаны—күз жеткені, 
алқызыл алмалар тұр үз деп мені. 
Баяғы базар кеткен керуендей 
барады тырналардың тізбектері... 
1965 
 
*** 
 
Мен қорықпаймын 
сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым, 
жанартаулардан лапылдап шашқан жалын. 
Көңіл-сұңқар емес пе - келеді ылғи 
асқарлардан да әрі асып аспандағым. 
өршіп қайта жаныма от алмасам, 
мен әйтеуір құздардан жасқанбадым. 
Сезем - талай жанардан пас парларын. 
Тарлау жолда тайғанақ тастар барын. 
Шырқау деген шыңдардан құлау емес, 
жасыма тек, жас құсым - жақсы арманым! 
Шырқау шыңның жолында 
дариялар бар бұрқанып аласұрған, 
жан шошырдай сұстанған қара сұр маң. 
Тұңғиығына көз салсаң, көңілің жүдеп, 
түңілген сәтің секілді жанашырдан. 
Мен құлашты сермеймін - дарияны өтіп 
әрі асуға қайтсем де ана шыңнан 
(талпынар құз болмаса, адам деген 
құр қалатын тәрізді бар асылдан). 
Мен құласам құлармын 
жалын сөніп жанымда, біткенде дем, 
әйтпесе түк емес қой жүктер деген. 
Биіктерге самғамай тұра алмаймын, 
бұдан басқа бақытты күткен де емен. 
Мен қорықпаймын 
шырқап-шырқап, бұл күнде біткендерден, 
самғай алмай, ызадан бұлт теңдеген. 
Сезбей өмір азабын, қуанышын 
мелшиіскен, адамдай түк көрмеген. 
Қауіптенем жалғыз-ақ: жерде тұрып 
от жанарын қияға тіккендерден. 
1966 
 


КҮЙЗЕЛУ 
 
Көңіл-күйде тыншу жоқ: 
әлденені аңсай ма, жабыға ма, 
өрт кешкендей тынысым тарыла ма, 
әлде дауыл тілеген теңіз сынды 
бір бұрқаныс сәттерді сағына ма... 
Жүргенім-ай 
жаным бір жай таба алмай, 
жалтаңдаймын көп сырды айта да алмай. 
Мазасыз бір күйдемін. Жанымдағы 
жалын оты шаршатты қайта жанбай. 
Кайда кеткен сәттерім дауылдаған, 
/тымырсықта күн кешу ауыр маған!/ 
Бей-жай күндер, бойкүйез тіршіліктен 
жіңішкерген жүйкені сан улағам. 
Қайда менің бейкүнә сағым далам, 
сағым далам, кезім жоқ сағынбаған! 
Дүниенің барлығын пәк сезінген 
қайда армандай күндерім жалындаған?! 
Бұл мазасыз көңілдің 
міне, отырмын таба алмай бүгін де емін 
/содан жанды күйзелтіп түңілгенім/. 
Қайда кеткен өзімді Жер бетінде 
бақыттыдай сезетін күнім менің?! 
Қайда кеткен сан ойлар көз ілдірмей, 
ақ таңдарға ұласқан іңірлерім!.. 
Кейбіреулер қарайды 
маған осы тірлікті қимағандай, 
құдай маған мол бақыт сыйлағандай. 
Ал мен болсам күйзелем аласұрып, 
жалғыз өзім әлемге симағандай. 
...Әлде адамға рақат келмей ме екен 
сан күрсінтіп жаныңды қинап алмай?! 
1967 
 
 
ЖАСТЫҚ ІПАҚ ЖЫРЛАРЫ 
 
Б і р і нші жыр 
 
Мен жастықпын. 
От алғам 
қараңғы түнгі найзағай жарқылдарынан, 
қасиетті даламның бал құндағынан. 
Ерлік пен өрлік дегенді қатал мезгілдің 
қасіреттерімен шыңдалған халқымнан ұғам. 
Қайсарлық сіңген жаныма бабаларымның 
дұшпан алдында міз бақпас салқын қанынан. 
Ел үшін оқ боп атылған сұрапылдарда, 
сонда жаулардың жүрегін даңқым қарыған. 
Қырандар кеткен қияға жанарын жанып


өр көңілменен құлшынған артымдағы ұлан. 
Күшіме сенем. 
Жоқ сынды 
мынау әлемде алынбас қамалдар маған. 
Қызулы шақта күдікпен алаңдар ма адам?! 
Топас бір тірлік етпеймін. 
Сенің даңқыңды 
паш ету үшін, Отаным, жаралған балаң. 
Мақсат қып қойған ұлының болашағына 
әке жетпеген үміт пен бар арманды анам. 
Мен жаныма өр рухын өлмейтіндердің 
қызыл туларға малынған алаңнан алам. 
Маңқыстауларда сыңсыған қара орман болып, 
асау толқын боп мұхиттай каналдан ағам. 
Алып ГЭС-терге әкелем жұлдызды аспанды, 
қайран қап сонда, Жер, Әлем, қараңдар маған. 
Тәкаппар ұрпақ алдында менің атымнан 
жас шағым болып сөйлейді жаңарған далам. 
Сөйлейді ол сонда куә боп дана жылдарға, 
қалалар қалай қаз тұрды Қарақүмдарда, 
тайганы тіліп талқысып, саз кешіп жүріп, 
Неліктен тіктім өрлікпен жанарымды алға?! 
Кебіртек шөлде кеудемді дауылдарға ашып, 
түндерде жүрдім көз ілмей дала-қырманда. 
Жасыдым, кейде жыладым ыза-кекпенен 
тіршілік салған кеудеме нала-мұңдарға 
/өмір жоқ мұңсыз күңкілшіл жердің бетінде 
жалашыл кейбір жылмаң көз адамың барда/. 
Күсті қолдардың жасауы қызыл сөз емес, 
мұра боп қалсын ертеңгі саналы ұлдарға. 
Әйтпесе, мынау менменшіл мезгіл желінен 
жоғалған ізсіз сан алуан қалалар құмда. 
өмірдің өзі үйреткен қапы қалмауға – 
мейлің сен тағы, тарих, садағыңды арна. 
Мен армандап жүргем жоқ 
салар деп маған біреулер алтыннан мүсін, 
тірлікте жұрттан ерекше жарқылдау үшін . 
Бойдағы күшті сарп етем, келер ұрпаққа 
мақтан болсын деп қалдырған артымдағы ісім. 
Бас иіп жүрсін өр ұрпақ, бабалар бір кез 
таңдана бермес ғасырды таң қылғаны үшін. 
Жастықтың жалын шағында қызулы қанмен 
қорғасын бізше даланың даңқын, намысын. 
Соңымда менің өлмейтін бірдеңе қалса, 
шындықты шыңға көтерген халқымда күшім. 
О, менің жастық жылдарым! 
Шаттықпен аштым қақпаңды, жанарда—күлкім, 
есіңде қалар сәттер ғой саған да бұл күн. 
үмітке толы көңілдің пәк сенімімен 
қарап тұр бүгін саған да, маған да жұртым. 
Сенемін—-әрбір күніңде шабытпен шырқап, 
тынбайды еңбектің дабылы даламда күн-түн. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау