Ф-ОБ-001/033
еді. «Замира, сен бұл хабарды эфирден бір емес, төрт рет көрсет. Өйткені бұл хабардың ұрпақ тәрбиелеуге тигізер әсер-ықпалы зор» деді. Солай болды да,
хабар эфирден өтісімен біздің редакция хаттың астында қалды. Телефон соғушылар да өте көп болды. Олардың бәрі хабарды қайталап көрсетуді сұрады. Сондай-ақ осы тәріздес хабарларды көбірек дайындау қажеттігін айтты. Сөйтіп, мен осы хабар арқылы бүкіл Өзбекстанға қазақтың кім екенін таныттым”.
Жазушы Немат Келімбетов айтады: «...Тағдырыма ризамын. Мен күн сайын қаламгер және ғалым ретінде ел кәдесіне жарағаныма, менің азды-көпті еңбегімді ел-жұртым ескеріп, бүгін мені соншалықты ұлықтап жатқанына, қазақ қауымына екі ұл, бес немере тәрбиелеп бергеніме, ұлдарымның елге танымал азаматтар болып, халқына қызмет етіп жүргеніне, өмірлік досыма, айналамдағы адамдарға бәріне ризамын». [17,1-2].
Зерттеу барысында Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасын сюжеттік- композициялық ерекшелігің талдау, жазушы қолтаңбасына тән ерекшелік, хикаят- монолог, эссесінде көтерілген проблемалар, имандылық,адамгершілік мәселелерін ашып көрсету өзекті орын алады.
Әдебиет көз алдыңда болып жатқанды бейнелі тілмен баяндайтын көркем жазылған күнделік емес. Ол-адамзаматтың әлі күнге көзін байлап келе жатқан беймәлімдік дүниесіне үздіксіз жасалып тұратын шабуыл. Ол не атымен белгісіз жайттарды паш етеді, не белгілі деп жүрген жайттардың атымен беймәлім, соңы қырларын ашып береді. Оның көркем әдеби мұрасы төл әдебиетіміздің пайымдық – парасаттық денгейін тереңдеткен көркемдік - бейнелеушілік денгейін биіктеткен сүбелі үлес болды.
Н.Келімбетов туындылары бүгінгі заманның ең зәру тебіреністерімен үстірт үндеспейді, тұнғиықтан жалғасып жаттатын жер асты ағындарындай әрі астарлы, әрі жұмбақты жүйелестік танытады.
Ф-ОБ-001/033
Оқушысының аузына дайын ас ұсынбай, ойына тосын сауалдар ұялатып, жанын жаңа ізденістерге құлшынтады. Адамға адамнан жұмбақ ештеңе жоқ екенін ұқтырады.
Оған өз ұлытының күллі адамзатпен тарихи тағдырластығын, рухани өзектілігін жетік пайымдаған суреткер ғана жете алады. Н. Келімбетов бүгінгі әдебиетіміздегі сол өрге көтеріле алған сирек тұлғалардың бірі.
Суреткердің шығармаларын тақырыптық, идеялық тұрғыдан, сондай-ақ стильдік – көркемдік ерекшелігін жан-жақты танытудың өзі диплом жұмысының маңызын, мәнділігін көрсетпек.
Диплом жұмысының тақырыбы:
«Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы».
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Әрбір қаламгерді өзінше бір әлем десек, оның өзіндік ой тереңділігі, сөз саптау шеберлігі бар. Сол тылсымды тану талмай ізденуді, тапжылмай зертеуді талап етеді.
Ертіс пен Жайыққа, Алатау мен Алтайға бармаған адам қазақ жерін көрдім деп айта алмайтыны сияқты төл әдебиетіміздің Н. Келімбетовтей кемел суреткерінің құнарлы туындыларының тұнығы мен тұнғиығына бойламаған адам қазақ елін, қазақ ұлтын білдім деп айта алмасы хақ.
Дипалом жұмысының негізгі мақсаты- ұлыттық әдебиетімізде өзіндік дара қолтаңбасымен көрініп, прозаның дамуына үлкен үлес қосып жүрген Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасын сюжеттік- композициялық ерекшелігін талдап, мазмұны мен көркемдік құндылығын көрсету, жазушы стилінің өзіндік ерекшелігін айқындау.
Бұл мақсатты орындау үшін алдымызға төмендегі міндеттерді қойдық:
Н. Келімбетовке қатысты материалдар мен деректер жинақтау.
Жазушының тіл ерекшелігінг айқындау, стиліне тоқталу.
Кейіпкерлер әлеміне талдау жасау, жазушының образ жасау
Ф-ОБ-001/033
шеберлігін айқындау.
Жазушы шығармашылығы жайлы жазылған пікір, сыни көзқарастарға талдау жасау, ой қорыту.
Жазушының өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ізденіс тәсілдерін саралау.
Зерттеудің дерек көздері:
Еңбекті жазу әрі тақырыпты ашу барысында біздің мақсатымызға сәйкес Н. Келімбетовтің туындыларына талдау жасап, тұжырым түйген баспа сөз беттерінде жарияланған Ә. Нүрпейісовтың, С. Елубайдың, Ә. Нұршайқовтың, Қ. Зарханқызының, З. Жиенбаеваның ғылыми мақалалары, З Қабдоловтың «Сөз өнері», Алпысбаевтың «Көркем шығарманы талдау жолдары», Н. Ғабдуллиннің «Уақыт сыры» деген енбектері пайдаланылды. Сонымен қатар мерзімді баспасөздер, ғылыми журналдар, ғаламтордағы материалдар қарастырылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Зерттеу барысында талдау,жүйелеу,жинақтау,салыстыру әдістерін қолдандық.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тарау және қорытынды бөлімінен тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
Ф-ОБ-001/033
Бірінші тарау
«Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат» шығармаларының жанрлық сипаты .
«Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологы мен «Ұлыма хат» эссесі повесть жанрында жазылған эпикалық шығармалар. «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы бір адамның сөйлеуі, сыр шертуі жағынан баяндалады.
«...Сонау ауылдан анаңыз өмірден өтті деген хабар келгенде мен жұлын-омыртқама аса күрделі нейро-хирургиялық операция жасатып, төсекте шалажансар болып жатыр едім. Екі аяғым бірдей жансызданып, сал болып, екі қолымның саусақтары дірілдеп, әрең қимылдайтын, өмірден әлі дәмем болса да, қозғалуға дәрменім жоқ. Алыстағы ауыл түгілі, мені дәл мына күйімде осы қала ішіндегі ауруханаға «жедел жәрдем» машинасымен жеткізудің өзі қиямет еді. Алайда қазақ өлікті көп түнетпейді. Міне сол үшін мен анама дәл бүгін жетуім керек деген тас түйін шешімге келдім.
Ақыры мен шалқамнан жатқан күйімде «жедел жәрдем» машинасының зембіліне салып алып әуежайға жеткізді. Не керек сондағы жол азабы маған көр азабынан кем болған жоқ. Ақыры өлдім-талдым дегенде ауылға да жеттік. Анам марқұм табытта жатыр екен. Бетін жауып қойыпты. Туыстарым маған аранайы бөлме дайындаған екен. Алайда мен анамның жанына жатқызуды өтіндім. Сонан анамды жерлеуге алып кеткенше жанында болдым. Бала кезімде осылайша анамның жанында жатуды ұнатушы едім. Ал қазір біріміз табытта, біріміз табыт секілді зембілде жатырмыз. Арадағы бар айырмашылық мен сөйлеймін, анам үнсіз ұйықтап жатқан сияқты. Сол жылы мен анаммен емес, өмірімнің оралмас тұтас бір кезеңімен қоштасқандай болып қайттым. Тағдырыммен егескендей күйге түстім. Енді анам үшін де, өзім үшін де өмір сүргім келді. Өмір үшін, тіршілік үшін, бала-шағаны асырау үшін іштей тістеніп алып, қасірет кітабын жазуға кірістім. Менің «Үміт үзгім келмейді - монологым осылайша өмірге келген еді». [11,1-2].
Достарыңызбен бөлісу: |