Ф-ОБ-001/033
Идеясы – ауыр науқасқа шалlыққан, жандар үшін өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілілгі, мөлдір махаббаты дәріптеледі.
Повесть арқауы – екі аяғы бірден сал болып, ауруханаға түсіп, бірнеше жыл ауруханада жатқан жанның өмір сүруге деген махаббаты сөз болады. Хикаят-монологтың әрбір бөлімінде Ержанның аурухана табалдырығын аттаған сәттен бастап, сол ауруханадағы жан-тебіренісі,өмірге деген сүйіспеншілігі, қиыншылығы, науқасын жеңген кезге дейінгі бүкіл болмыс – бітімі хикаят-монолог түрінде суреттеледі.
Бірінші бөлімінде: Ержанның ауруханада еріксіз тұтқын болып, төсекке жіпсіз байланып, ой-қиялға шырмалып жатқаны, мұндай қатерлі науқас адамның бойына ғана емес, ақыл ойына запыран зәрін құйып аяусыз улап тастағаны, ауруының өте қатерлі екені суреттеледі.
Хикаяттың екінші бөлімінде: Ержан мен Гауһардың монологты түрде сыр шерткені жайлы жазылған. Мысалы: «Гауһар! Мына алма ағаштарының да адам сияқты кейде жаны қиналады дегенге сенесің бе? Оларда құмды қалың ұйқыдағы адам тәрізді қыс бойы маужырап, бусанып, толықсып жататы деген ше? Көктемгі найзағайдың құдіретті гүрілі бір түнде-ақ сол ұйқыдағы тіршілік атаулының апай-топайын шығарып, бәрін ұйқысынан оятып жіберетіні рас па деп қалдым...» [14,25 ]. Осы үзіндіден-ақ көктем мезгілін суреттеп, адам жанын, ағашпен теңеу арқылы көрсетеді. Ержан осылай монологты түрде сыр шертіп отырып, өзінің ойындағы ажал үрейінен құтылудың жолын іздейді. Профессордың ертеңгі операцияға дайын бол! – деген сөзі есінен кетпейді. Бұл оерация маған не сыйлар екен? – деген сұраудың қарамағында жауап іздейді. Оның барлық қорқынышы Гауһар екеуінің арасындағы шексіз махаббаттың үзіліп қалуынан қорқады. «...Мына өмірдің қызығына тойған ба адам, сірә?! Жаман айтпай жақсы жоқ. Күні ертең қан жылап, қара жамылып қалсаң, онда бәрін өзің-ақ түсінерсің. Мені кешірерсің онда, Гауһар...» [14,36 ].
Ф-ОБ-001/033
Үшінші бөлімінде: Ержанның палатасындағы Ақылбек ағай мен Қайсар жайлы баяндалады. Бұларда Ержан сияқты өмірге деген үміттерін үзбейді. Ержан алатасындағы кісілерге де, жаны ашарлық көзбен қарап, шіркін-ай,
адам баласы туылып, мына жарық дүниеге келген соң қайғы-қасірет көрмей-ақ өтіп кетсе ғой. Адам ауырмаса, қартаймаса, өлмесе не болар еді? Онда мүмкін, мына өмірдің шексіз рахатын, бар қызығын жан тәнімізбен толық
сезе алмас па едік? Ащының дәмін татпай тәттінің қадіріне жету қиын ғой. Сол үшін тағдыр бізді кейде қинап-қинап ала ма екен? – деп, біз тек қана бұған төтеп беруіміз керек екен дей келе, жанындағы науқас жолдастарына да демеу болады.
Төртінші бөлімінде: нейрохирургия бөліміндегі Бәкір ақсақал бойындағы ізгілікті, қаншама қиыншылық көрсе де, оның көңіліндегі шаттық, екінші рет операция жасатып аман қалғанын жазады. Бәкір ақсақалдың екі рет операция жасатқан кездегі батырлығын ер азаматтың тірлгі жайлы әспеттеп жазады. Ал мен болсам, ертеңгі операция қалай болады, аман қаламын ба? – деген ойдан арыла алар емеспін. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым. Бірақ бәрібір ертеңгі таң Ержанға не сыйлар екен?
Кейінгі бөлімдерінде Ержанның операция алдындағы,көңіл қобалжулары, одан кейінгі мүгедек болып қалғаннан кейінгі жан күйзелістері мейлінше шынайы суреттелген. Мысалы, «...Рас, бүгінгі операцияда өмір мен өлімнің қайсысы жеңері әзірше беймәлім. Әйтсе де, менің өмірден үміт үзгім келмейді. Тірі қалатыныма, профессор қолының жеңілдігіне, өзінің құлан таза сауығып, қатарға қосылып кететініне, өзіңе талай-талай қуанышты күндер сыйлайтыныма екі бірдей ұлымның алдында әкелік, елімнің алдымда азаматтық борышымды қалайда өтейтініме кәміл сенгім келеді. Басыма бұлт айналса, жанымда сенің болатыныңа иманымдай иланғым кеп тұр, Гауһар...» [14,85 ].
Ф-ОБ-001/033
Ержанның операция столынан шыққанан кейінгі палатадағы халі былай суреттеледі. Мұндағы қуанышты жағдай Ержанның аман қалғандығы.
Нархоздан айрылудағы Ержанның «кешелі бері не боп, не қойғанын бәрін жаңағы дәрігер жігіттен естіп білдім. Операция бес сағат отыз минутқа созылыпты. Нархоздың күші мен он екі сағаттай ұйықтасам керек. Профессор операциядан кейін мені жүрегі мықты, өкпесі таза екендеп мақтапты. Бірақ басқа ешнәрсе айтпапты. Демек, мен өз аяғыма мініп кете алам ба, жоқ па ,мына қолдарым негі қимылдамай қалған деген сауалдарға тек профессордың өзі жауап бере алады деген сөз...» [14,92 ].
Операциядан кейінгі күні Ержан палатасына профессор бір топ дәрігерлермен кіріп келгенде, науқастың аянышты халін түсініп, біраз үн-түнсіз болып қалады. Ержанның профессорды көргенде өкпесі аузына тығылғандай болды. Не дер екен? Жүрем бе, жоқ па? Профессордың берген жауабы: «Қолдарың қимылдамай қалады деп қорықпа. Көп ұзамай-ақ жанданып кетеді. Бес-алты ай шыда батырым. – Меніңше, аяқтарың осылай қалатын шығар... Әйтсе де сен тірі қалғаныңа қуан. Осындай күрделі операциядан аман шықтың. Бұл жарық дүниеге, мына өмірге қайта туып келуіңмен бірдей.Демек , сен ұмытпа, кешегі күн сенің қайта туған күнің!...» [14,113 ]. Осы жолдарды оқығанда ,көз алдында ағып жатқан өмір - өзен кілт тоқтап қалғандай болады екен. Ержанның ойында «Енді ешқашанда өз аяғыммен жен басып, жүре алмаймын» деген жалғыз суық ой ғана оқ жыландай басын қақшандатып, төбесінен ажалдай төніп тұрғандай болды.
Ержан мүгедек болып қалса да, көңіліндегі үміт отын сөндіргісі келмейтді. «...Белім бүгіліп қабырғам соғылып кетсе де мен өмірімнен күдерімді үзбеймін. Сол үшін ажалдың өзімен де арпалысып, алыса берем. Күрес әлі біткен жоқ. Айқас әлі алда...» [14,120 ]. Бұл сөздерден ешқандай қиындыққа мойымайтын Ержан бойындағы тектілік қасиетін көреміз.
Ержанның ауруханадан үйіне зембілге салынған күйі қайтып келеді. Ф-ОБ-001/033
Сол күні Бәкір деген туысы әйелімен көңіл сұраған болып келіп, Ержанға:
«Сенің мұндай халде масыл болып жатқаныңнан, гөрі мүгедектер үйіне барғаның дұрыс болар.Балаларыңды интернатқа бер, әйеліңе ерік бер саған байланып қалмасын, өз бақытын тапсын»- деген ауыр сөздер айтады. Ержанға бұл сөздер ауруынан бетер қатты тиеді. Бәкірдің өте іші тар, аяр адам екені көрінеді. Өмірде қанша жаны қиналса да, жылап көрмеген
Ержан туысының осы сөздеріннен кейі көздерінен қалай жас шығып кеткенін білмей қалады.. Оған асыл жары Гауһар «...Жыламашы! мына екі баланың көзіне көрініп тірі жатсаң болғаны. Қалған өзге тірліктің бәрін мен өзім мойныма алам»-дейді. [14,133 ].
Хикаятта бұдан кейін Ержанға көмек қолын созған жан досы Нұрлыбек пен әйелі Алма жайлы сыр шертіледі. Бұлар Ержанға туысқандарынан да артық жақсылық жасайды.Бұлар Бәкір мен әйелінің жасап кеткен тірлігінен кейін, Ержан мен Гауһардың көңілдерін көкке көтеріп жібергендей болады.
Күндердің күнінде Нұрлыбек Дастан деген жігітті ертіп келеді.Олар Ержанның жазуға,аудармаға икемді екенін аңғарып,кітап беріп кетеді.Бұл бір жағынан отбасына материалдық көмек,екінші жағынан аударма дегеніңіз,жазушы боламын деген адамға таптырмайтын еңбек екені айтылады.
«... Осы бір сары жігіт менің көңіліме жел беріп, өзімді рухтандырып, жіберген еді...»- дейді, Ержан.
Нұрлыбектің жалғыз өзі Ержанның үйіне келгені, Дастанның Ержанға бір атап беріп жібергені, содан бастап Ержан өз бойындағы ауруын ұмытып шығармашылықпен айналысуға бел байлағаны жазылады.Мұның барлығының Ержан қолынан келетініне кәміл сенуге болғандықтан, Гауһар Ержанға шығармашылық жұмыспен айналысу үшін барлық материалдық жағдайды жасайды. Досы Нұрлыбекпен, әйелі Алманың Ержанның туылған
Достарыңызбен бөлісу: |