Кітапханада кітап көрмесін ұйымдастыру



жүктеу 14,74 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі14,74 Kb.
#5328

Кітапханада кітап көрмесін ұйымдастыру Кітапханалық көрме-бұл бір қатарға кездейсоқ жинала салған басылымдар жиынтығы емес. Бір қарағанда ұйымдастырылуы оңай көрінгенмен, көрме оқырмандармен жүргізілетін жұмыс бағыттарының ең күрделілерінің бірі. Кітап көрмесі бұл тек кітапты жарнамалау ғана емес.

  • Мақсаты. Оқырманды кітап оқуға шақыру, зияткерлік және шығармашылық жұмысқа тарту. Кітап көрмесі кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетудің бір түрі болып табылады. Кітап көрмесі белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін іс-шаралардың көрнекілік насихаттау түріне жатқызылып ұйымдастырылады.
  • Ұйымдастыру принциптері: -Безендірудегі айқындылық, мазмұндылық және өзгешілік -ойын тәсілдерін қолдану - Көрмені «сөйлету» -Қазіргі заман техналогиясын пайдалану (Интернет көрме)

Кітап көрмесін ұйымдастыру барысында көрнекілік принциптері бойынша кітапханалық- библиографиялық жұмыстар бір мезетте бірдей атқарылады. Біріншіден, белгілі бір мәселеге назар аудыраылады. Екіншіден, қор ашылады.Үшіншіден , баспа өнімі көрсітіледі және ұсынылады Кітапханада көрме жауапкершілігі мол шығармашылық жұмыс болып табылады.

  • Көрмені ұйымдастырудың элементтері: -Тақырыптың, мақсатын,оқырманның қай тобына арналғанын анықтау. –Тақырыптың барлық қырларымен танысу. - Тақырып бойынша әдістемелік ұсыныстар мен библиографиялық көрсеткіштерді анықтау. – Әдістемелік ұсыныстар мен библиографиялық көрсеткіштерді анықтау. – Анықтама- библиографиялық ақпарат бойынша әдебиеттер тізімін құрастыру. –Тізім бойынша кітап қорынан әдебиетті іріктеу. Әдебиеттпен танысу. –Көрмеге қойылатын әдебиетті іріктеу. Дәйекті сөздер дайындау.

Көрме-күнтізбе. Көрменің ерекшелігі-кез келген күнтізбеге қарай ай, сан, күн сияқты ақпараттан тұрады. Табиғат, ауа райы,мерекелер, өлеңдер, әдеби кейіпкерлердің,кітаптардың мерейтойлары аталып өтеді.

  • Көрме – пікірталас: Көрменің өзегі-мәселесінің қиындығы,күрделі жағдай, талас тудырған кітап немесе автор...Осы мәселелер бойынша айтылған түрлі көзқарастардан басқа пікірталасқа оқырманның қатысуына мүмкіндік беріледі.Ол жазылған пікір, шығарма түрінде немесе талас тудырған жағдай,сол кітаптан, өлеңнен үзінді болуы керек.
  • Көрме - сурет Оқырмандардың суреттері қойылған көрме.Суреттер белгілі бір тақырып,бір автордың шығармалары немесе нақты бір кітап бойынша салынуы мүмкін.Суреттермен қатар көрмеге кітаптардан дәйек сөздер,өлеңнен үзінділер жазылып қойылады.

Көрме тест: Оның негізіне қазіргі кезде көп жарияланып жүрген кез келген тесті алуға болады.Әсіресе тесті толтырғаннан кейін оқырман мінез – құлақ сипаттарын,көңіл – күйді білдіретін бірнеше нұсқаға тап болатындай тест түрін таңдаған жөн.

  • Көрме – саяхат немесе экскурсия: Сан тақырыпқа саяхатқа аттануға болады; өткен мен келешекке көз жүгірту,континеттер,елдер мен қалаларды аралау,әдеби орындарға жорық, жазушы шығармашылығына саяхат,әдеби кейіпкерлердің ізін кесу,мұражай ,технопарк,суреттер галлереясына саяхат жасау.
  • Көрме диалог Кітапханашының көрмедегі кітаптардың көмегімен оқырмандардың сұрақтарына жауап беруіне мүмкіндік беретін өте тиімді түрі.Бұл кітапханашының уақытын тиімді жұмсап.оқырманның еркіндігіне жол ашады.

Көрме - сұрақ-жауап /викторина/ Көрменің мұндай түрін атынан тануға болады.Әдебиетке іріктеу және безендірумен қатар сұрақ-жауап сұрақтары дайындалады, олардың жауаптарын көрмеде орналасқан материалдардан табуға болады. Сұрақтар тұтас көрме немесе көрменің жекелеген бөлімдері бойынша құрастырылуы мүмкін.

Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңдері Қасымның өзі емес деп кім айтады.

  • 1 бөлім: «Дабылды жырдың дауылпазы»
  • (Бұл бөлімде жазушы өмірі мен шығармашылығы
  • туралы материалдар қойылады)
  • Дәйекті сөз: « Мен едім от жүректі Қасым ағаң,
  • Дүние қасіретін не жасамаған.
  • Дауыл ғой, дауылдап бір тұрған бойым,
  • Мен қайтып іштегі өртті жасыра алам.»
  • Қ. Аманжолов.
  • Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны. Қазақтың аса ірі ақындарының бірі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. 
  • Жұбайы Сақыпжамалмен
  • Қыздары: Дариға мен Жанна , жұбайы Сақыпжамал
  • 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.
  • Қ. Аманжоловтың шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған "Нар тәуекел", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады.
  • 2 бөлім: « От ауызды, орақ тілді , қайсар ақын»
  • ( Жазушы шығармалары, аудармалары қойылады)
  • Дәйекті сөз: Cыршыл, суретшіл Қасым қандай тақырыпта жырласа да, ойын жалаң айтпайды. Шебер, ақын тілмен бейнелеп береді. Саяси лирикалардың өзінде Қасымның бұрқыраған ақындық жалыны жатық, оралымды тіл байлығы ерекше көзге түседі. Көркемдік шеберліктің қандайлық әдістері болса да, Қасымда табиғи қалпында жымдас... Есмағанбет Ысмайылов
  • 3 бөлім: « Қалтқысыз сыр, қайсар жан »
  • (Бұл бөлімде жазушы туралы айтылған қанатты сөздер қойылады)
  • Дәйекті сөз:
  • «Қасым поэзиясы домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған қоңыр күйге ұқсайды. Бұл күйден көңілінің санасы барлар әрқашан да мол ләззат, нәр алып, кең тыныс табады. Қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршіл күй, бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейріміңді молайтып, қиялыңа қанат қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын Қасым поэзиясы жаңарған өмірге әржақты жараса бермек. Сондықтан да өлімнің құшағына сыймайтын ақындардың бірі өзіміздің Қасым деп білеміз.
  • Тәкен Әлімқұлов
  • «Қасым поэзиясы домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған қоңыр күйге ұқсайды. Бұл күйден көңілінің санасы барлар әрқашан да мол ләззат, нәр алып, кең тыныс табады. Қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршіл күй, бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейріміңді молайтып, қиялыңа қанат қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын Қасым поэзиясы жаңарған өмірге әржақты жараса бермек. Сондықтан да өлімнің құшағына сыймайтын ақындардың бірі өзіміздің Қасым деп білеміз. Тәкен Әлімқұлов
  • Сыршыл, суретшіл Қасым қандай тақырыпта жырласа да, ойын жалаң айтпайды. Шебер, ақын тілмен бейнелеп береді. Саяси лирикалардың өзінде Қасымның бұрқыраған ақындық жалыны жатық, оралымды тіл байлығы ерекше көзге түседі. Көркемдік шеберліктің қандайлық әдістері болса да, Қасымда табиғи қалпында жымдас... Есмағанбет Ысмайылов

жүктеу 14,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау