Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



жүктеу 0,76 Mb.
бет6/15
Дата18.12.2017
өлшемі0,76 Mb.
#4664
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Ф-ОБ-001/033

өткізген жазушы-ғалым Немат Келімбетовтің ғұмырбаяндық осы үзінділері арқылы басынан таудай тауқыметі түскен қайсар тұлғаның төсекте жатып қаламгер-күрескерге айналу эвалюциясын алдарыңызға көлденең тартқымыз келді. Табиғатында әдебиетке деген сүйіспеншілік бола тұра тікелей ақ парақ бетіне бейнелі көркем сөзді түсіруге келгенде қаламға төселмеген жанның

қаншалықты сұрапыл сындардан өткенін жазушының өз сөзімен айтқымыз келді. Және бұл жолда Н. Келімбетов қаламының қалай ұшталғанын, кез-келгенге жалын сипаттас көркем сөз атты құр асауды қалай жуасытқаны туралы толғауды оқырман өз көзімен оқып, шындықты сезінуі керек шығар.

Жоғарыда келтірілген үзінділерді оқыған кімде-кім болмасын бір мүгедектің ғана тірлік үшін тайталасы мен танысып қоймай, қаламынан нұр саулаған қайсар жүректі қаламгер мен де тілдесіп, қауышары хақ еді. «Үміт үзгім келмейді» , - жан жарына жазған жүрек жарды хаты. Хат иесі шығарманың негізгі кейіпкеріне айналады. Оқырман негізгі кейіпкердің әйеліне жазған хаттары арқылы сұрапыл сынға түскен адам тағдырына куә болады. Негізгі кейіпкер мен біресе отқа түсіп, біресе суға түсіп, тіршілік үшін түнді-түнге ұрып, жылдарға созылған ауыр күреске бейне өзі араласып кеткендей болады. Шырыны үшін, халқы үшін тау қопарып, тас жарған тірі Фархадты көргендей болады, шоқта жатып шыңдалған шарболатпен бірге шыңдалады, өмірдің мәні, ерліктің нәні, тіршіліктің сәні дегендерге өзгеше бір көзбен қарап, өзгеше бір таразыға салып, өзгеше бағалайды. Жас оқырман автордың күрескерлік рухынан от алып, жасампаздық жолында жігерін қайрап, жалындай түседі. Өйткені, Немат аға тағдыры – түгел ұрпаққа үлгі боларлық ғажайып ғибратнама. Бұл кітаптың бір ерекшелігі, тағдыр, тақырыпты әдеттегідей жазушы өмірден іздеп бас қатырмаған, тағдыр – тақырып бұл жолы адамын өзі іздеп тауып, қағазға түскен қалтқысыз шындық авторды жазушыға айналдырған. Мінекей, бұл өмір шындығының құдіреті. Біздіңше, осынау нағыз адам туралы ақиқат – аңызды қанша данамен шығарсада,

Ф-ОБ-001/033

көптік етпес еді. Мектептер үшін патриоттық азаматтық тәрбие саласында таптырмас материал дер едік.

Жоғарыда баян еткендей, «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологының әрбір бөлімінде психологиялық толғаныстар, философиялық ой, педагогикалық шеберлік жатыр десек, еш уақытта жаңылыспаймыз.

Хикаят-монолог науқас жанның өмірге деген құштарлығы мен басталып, сол «Өмір атты алып өзеннің» шыңы жеткен шақпен аяқталады. Бұл Н.Келімбетов шығармашылығының композициялық-сюжеттік ерекшелігі десекте болады. Хикаят-монолог Ержанның аурухана төсегінде жатқан кезеңінен басталып, сол адам бойындағы азда болса кездесіп отыратын, ауыр науқас яғни жұлынға жасалған нейрохирургиялық ауруды жеңіп үмітін үзбей, жалғыз өзі үшін емес балалар үшінде күйініп, өмір сүремін, қайтсем де тірі қаламын деген ниетпен, операциядан аман шығып, басынан өткен ауыр қиыншылықтың барлығын көрмегендей болып артта тастап, бақытты өмір сүріп жатқан кезеңімен аяқталады.

Осы жерде орыстың көрнекті ғалымы А.Ф.Лосевтің мынадай терең мағыналы ойлары біздің әдебиеттегі ым мен емеурін мәселесі жөніндегі пікірлерімізді тереңдете түсетіндей: «Әрбір адамға тән келбеті, жүрісі, киім киісі, тіпті тамаққа дейін қатаң қадағалау арқылы оның ішкі өміріне ене аламыз. Олардың өзін қоршаған ортаға, - затқа т.б. деген көзқарастары ішкі әлемді танытар бірден-бір көркемдік кілт» [2,70 ].

Сюжеттік байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталыуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. [22, 197 ]. Айталық, «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологындағы сюжеттік байланыс: Ержанның ауруханаға түсіп, Гауһарға монологты түрде сыр шертуімен басталады.

Шарықтау шегі: Ержанның операция бөлмесіне кірген сәті.

Шешімінде: Ержанның операциядан аман қалып, жан-жары Гауһармен,

Ф-ОБ-001/033

балалары Мұхит пен Қайраттың бақытты сәттерін, әкелік махаббаттың шексіздігімен аяқталады.

Жазушы тілінің шеберлігі сонша – ол суреттеген образдар, сөз саптауы, сөйлем құрлысы барлығына дерлік жеңіл тілмен оқырман қауымға жеткізіп берген.

Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында тек қана өмірге құштарлық сезіммен шектелмей, адамгершілік, имандықыл мәселесін алға тартады.

Қорта айтқанда, «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологы тек Немат ағаның әдеби мұрасы ішінде ғана емес, бүкіл қазақ қаламгерлерінің ішіндегі алар орны бөлек шығарма.


1.2.«Ұлыма хат» эссесінің сюжеттік-композициялық желісі:

Жазушы Н.Келімбетов «Ұлыма хат» атты эссе жазу арқылы өз хикаят-монологын толықтыра түсіп, тіпті тың туындыға айналдырып жіберген деуге болады. Сонымен, «Ұлыма хат» деп аталатын эссе, анығын айтқанда, «Үміт үзгім келмейді» атты хикаят-монологтың логикалық жалғасы болып табылады. Автор туған жерден алыста, шет елде оқып жүрген ұлына, хат жазу арқылы алғашқы хикаят-монологта айтылған ойларын сюжеттік жағынан жалғастыра түскен.

Кейіпкер психологиясын, жан тебіреністерін суреттеп отырып-ақ автор адами құндылықтар мен адамгершілік қағидаларға философиялық астар береді. [24,167 ].

Н.Келімбетов «Ұлыма хат» эссесінде ұлына жазған хаттарында бүгінгі жастар үшін тәрбиелік мәні зор бір қатар моральдық-этикалық мәселелерді сөз етеді. Мәселен, автор өзінің бір хатында: «Ұлым менің! Сен өз ата-тегінді жақсы білесін бе? Кешегі Кеңестік кезеңде ата-тегін сұрастырған адамды рушыл, ұлтшыл, тіпті нәсілшіл деп айыптады. Өйткені кеңестік саясаттың


Ф-ОБ-001/033

негізгі мақсаты күллі қазақтың ата-тегін мүлдем ұмыттырып жіберу еді. Дәлірек айтсақ, халықты өз шежіресін, тарихын, шыққан тегін білмейтін мәңгүрт етіп қою болатын. Ал, біздің ата-бабаларымыз өздерінің шықан тегін, арғы түбін, яғни ата-тегін жіпке тізбегінденй етіп баяндайтын шежіре-тарихын әкеден-балаға асыл мұра ретінде қалдырып, сан ғасырлар бойы осы игі дәстүрді жалғасытырып келді. Өйткені ата-текті білу руға жіктелу,

тайпаға бөліну емес, керсінше қандас, тумалас, құдандалы адамдардың басын қосу арқылы бүкіл қазақты ынтымаққа шақыру, біріктіру болып табылады» - деп жазды. [14, 111].

«Жаңалық ашу – демек бәріміз көріп жүргенді көре білу, бірақ осыған дейін ешкімнің ойына келмейді ойлай білу» деген екен атақты венгр ғалымы А – Сент-Дьерди.

Олай болса, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат», «Қариялар» атты шығармаларын осындай жаңалықтардың қатарында атап өту орынды. Немат аға шығармаларының өміршендігінің кілті де осында жатса керек.

Н.Келімбетов тровчествосының ең бір өнімді, ең бір құнарлы саласын көркем әдеби мұрасы құрайды.. Өзінің жоғарыдағы «Үміт үзгім келмейді» повесін одан әрі айшықтап, стилін қалыптастырған «Ұлыма хат» эссесі қазақ әдебиеті үшін маңызы ерекше.

«Ұлыма хат» эссесінің тақырыбы: адамдық сеніммен ынтымақ туралы. Автор – табиғат пен адамзат арасындағы мәңгілік, бұзылмас заңдылық туралы философиялық ой түйеді.

«Ұлыма хат» эссесінің негізгі идеясы: қазіргі жас ұрпақты ата-бабаларымыз ту етіп көтерген отаншылдық рухында тәрбиелеу.

«...Сан ғасырлар бойы ұрпақтар арасында жалғасып келе жатқан дәстүрлі байланысты бір буыны шіріп, үзіліп қалған сияқты. Бұл буын аталар мұрасын немерелеріне жеткізе алмай қалған қасыретті буын еді. Олар өзге



жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау