Ф-ОБ-001/033
күндеріне сыйлаған сыйлығы бұларға ең үлкен материалдық көмек болады. Осы кезеңнен бастап өзі сияқты жандарға арналған, хикаят жазуға кіріседі. Былайша қарасақ хикаят кемтар жандар хақында емес, қайта аяқ-қолдан
қалса да кемтарлық көрмеген адамдар жөнінде болмақ. Себебі, Немат аға мүгедек болып жатса да нарға жүгін салғысыз, нар атандай жандардың талайымен сырлас, мұндас болды ғой.
«Атар таңым алда»- дегендей, тамылжыған тамыздың шуағына төрт жылдан кейін, тысқа шығарып күн нұрын өзіне қабылдап, көңіліне шаттық,
жүзіне күлкі сыйлатқан Ержан бейнесін көруге болады. Ержан бұл күні өте бақытты жан. Оның Гауһарға жасар жақсылығы шексіз. Сондықтан ол Гауһар үшін ақ қағаз алып, кітабын жалғасытыра түскені, «...Гауһар! Күндей күлімдеп аспанымда жарқырап сен тұрғанда, қос қанатымдай самғап, екі жағымда екі ұлым жүргенде, білектегі күшімдей жаныма қайнап біткен достарым бар да, мен неден қамығам? Қас қағымдай сәтке де, жабырқауға хақым жоқ. Басыма тағдыр салған таудай тауқыметті көтере алмай белім бүгіліп, қабырғам сөгіліп кетсе де бар ғой, мен өмір үшін күресті бір минутқа да тоқтатпаймын. Соңғы демім біткенше күресе берем. Бұл саған берген соңғы сертім Гауһар.
Өмірден, сірә, үміт үзгім келмейді...» [14,171 ].
Ержан мен Гауһардың арасындағы жеті жылдағы жасаған, ауруларының кейінгі жемісі, қуанышы мен қайғысы баян етіледі. Осы бөлімді оқып көрсеңіздер, бейне бір махаббат әлеміне саяхат жасап, махабаттың жемісі не екенін көруімізге болады.
Келесі бөлімдерден Ержан палатасында бірге жатқан Ақылбек жайлы сыр шертеді. Ақылбек бойындағы ізгілікті, мейірімділікті, білімділікті осы бөлімнен көруімізге болады. Ақылбек-студент шағында ғылыммен айналысып, ғылым докторы атанған кісі екен. Бірақ Ақылбек ойда жоқта ауыр дертке шалдығып, төсек тартып жатып қалады. Ақылбек жары Раушан
Ф-ОБ-001/033
кесірінен ашу үстінде аяқ-қолы істемей сал болыпты.Дәрігерлер миға қан құйылған , яғни инсульт деп тапты.Осы науқасының арқасында бірнеше күн, айлап ауруханада жатады. Бұған қарайтын, демеу болатын ауруханадағы дәрігерлер, сондағы науқастар ғана болатын.Ал жары Раушан болса, мен
айналысамын, керек десең үш баламды да, ауылға апарып тастағынмын, науқас болсаң өзіңе деп, Ақылбекке қарамайды. Раушан кезінде,өзінің анасында ауылға тастап, науқастығына қарамай, мен білім аламын, оқимын деп тастап кеткен екен. Мұндай адамнан не күтуге болады? – бұл жай ғана тас жүректің бірі екен деп ұғынасың!
Ақылбек мүгедек боп қалғалы бері талай рет ауруханаға жатып шығады. Ол оқтын-оқтын есінен танып, талып қала беретін дертке ұшыраған еді. Ауру күннен-күнге мендеп бара жатты. Бір жолы ол ауруханада үш ай жатып қалады. Кеселі асқынып кеткен екен. Дәрігерлердің күшімен тірі қалады. Ажал аузынан аман шығады. Ақылбек қатты қиналып жатқан күндердің бірінде аурухананың бас дәрігері Раушанды шақыртып алып, мына кризис өткенше аурудың жанында күндіз-түні күзетіп отыратын адам керек. Мүмкін, өзіңіз отырарсыз дейді. Күйеуінің халі өте нашар болса да, Раушан онда қалуға дәрігерге қарсы болады. Бас дәрігер Раушанның осындай іс-әрекетін көріп «...Медсестра әйелге қарап, көрдіңіз бе, қандай қатыгез әйелдер болады»-дейді. Әйелі Раушан қараманғанан кейін, оның қасында болып, аузына су тамызып, көз алмай қарап отыратын медсестра, Ақылбектің алғашқы махаббаты Мейіркүл апай бойындағы, пәк махаббатпен мейірімділікті көруге болады.
Он жетінші бөлімінде:Ақылбек аурухана төсегінде жатқан шағындағы он тоғыз жылдан бері отау құрып келген, аяр жары Раушан жайлы ой-толғаныстары жазылады. «...Ақылбек этимолог ғалым. Демек, жәндіктердің, шыбын-шіркейлердің тіршілігін зерттейді. Өзі кейде әзіл-шынын араластырып: «Біз көктем келсе-ақ, тентек балалар арқылы сияқты көбелек
Ф-ОБ-001/033
қуып кетеміз», - дейтін. Ол жыл сайын арнайы экспедицияны басқарып, жәндіктерді мол тау мен тасты кезіп жүретін, сондай сапарға шыққанда әлгі аяр араның «шектен шыққан» зұлымдығын, жәдігөйлігін, мейірімсіздігін талай тамашалап жағасын ұстаған...» [14,217 ]. Міне, осындағы аяр - араны Раушанға теңейді.
Раушанның бойындағы арам пиғылды аналық махабаттың жоқтығы, көрсе қызарлығы, зымиян, пиғылы барлығы осы жолдардан айқын көрініс табады. Мұның бәрі Ақылбек ішінде қайнап жатқан өзінің мешелдігінен екі-үш есе ауыр дерт болып санлатын. «...Раушан! Шындап келгенде, менің сенен бір
ғана артықшылығым бар-ау деймін. Мен адамдарға сенем. Күлгенімді де, жылағанымды да жасырғым келмейді. Аузынан сөзі түскен, қолынан безі түскен аңғырт дейтін шығар, біреулер мені мейлі дей берсін. Тек қана «зымиян», «аяр», «екі жүзді» демесе екен...» [14,223 ].
Келесі бөлімд:Ақылбектің сүйікті баласы Арман мен Мейіркүл арасындағы сұхбатты оқи аласыздар. Осы бөлімде Мейіркүл апай Арманнан өтініш ретінде ауылдағы екі бауыры Ләззат пен Мұратты әкесінің алдына алдыруды тапсырады. Себебі, Ақылбектің науқасы өте ауыр, бұдан кейін бауырларыңды көру не көрмеуі екі талай. Әкеңнің бар арманы үшеуіңді көру. Сол себепті Арман сен бүгін поъезға отырып, алыстағы ауылыңа барып бауырларынды әкелуіңді өтінемін дейді.
«...Бұдан үш күн бұрын ол өзіне өзі келіп көзін ашты. Қасында Мейіркүл отыр.
Ләззатты көргің келе ме? – деді Мейіркүл күлімсіреп.
Иә... Ол қайда? – Ақылбек елерін-екіленіп кетті. Әйтсе де, Мейіркүл жауаптың орнына тағы да сауал берді.
Мұратты көргің келе ме?
Айтсайшы, олар қайда?...
Осында.
Ф-ОБ-001/033
Бүгін таңертең Мейіркүл шынын да, Ақылбек үш баласын палатаға ертіп келді. Соларды көрген бойда-ақ Ақылбек өзінің науқас екенін бір жола ұмытып кеткендей болды...» [14,227].Ақылбек, көктен түскен қуанышқа сенерін де, сенбесін де білмей тұрған адамша сасқалақтап, үш баласын алма-кезек аймалап иіскелей берді. Ақылбек мұның бәрін жасаған Мейіркүлдің ісі екенін көрген бойдан-ақ түсінді.
Ақылбек бұл күні шексіз бақытты еді.
Ақылбек ой-толғанысын Мейіркүлдің бейнесі жайлы жазады. Мейіркүл өткен өмірінің өкінішті халі мен бүгінгі халінің нақ осы шағының бақытты күн екенін ойына алып, оймен сыр шертеді.
Соңғы бөлімінен Ақылбек пен Мейіркүлдің соңғы махаббат хикаясы, Ақылбек балаларының бақытты шағы, әйелі Раушанның басына қонған бақтын маңдайдан тепкенін,қазір ғана түсінгендей болған кезін оқи аласыздар.
Немат аға «Үміт үзгім келмейді» туындысының эпилогын былай аяқтайды.
«Басқа түскен таудай тауқыметті өмірлік серігім Гауһар (шынайы есімі Қуаныш) екеуміз ұзақ жылдар бойы бірлесе көтеріп келеміз. Бір кездегі жас Гауһар (Қуашыш) екі келіннің енесі, бес немересінің мейірімді әжесі болып отыр. Мен өз тағдырыма, өмірлік серігім Қуанышқа, ұлдарым Мұхит пен Қайратқа, немерелеріме, айналамдағы адал жандардың бәріне ризамын. Демек, мен бақытты жанмын. Ұрпақтарымызға да Алланың нұры жауып, егеменді еліміздің бақытты азаматтары болғай! Әумин!».
«...Төсек тартып жатқаныма бес жыл өткенде барып менің саусақтарым қимылдай бастады. Ол күн сен үшін, мен үшін және ұлдарымыз Мұхит, Қайрат үшін бұл өмірдегі ең бақытты күннің бірі болды...»
Мінекей сол күнен бері жазушы - ғалымның қолынан қалам түспеді. Өмірінің отыз бес жылын аяқ үстінде, қалған отыз бес жылын төсекте
Достарыңызбен бөлісу: |