Еуразиялық экономикалық



жүктеу 0,63 Mb.
бет3/7
Дата21.11.2018
өлшемі0,63 Mb.
#23096
1   2   3   4   5   6   7

111. ЕСКТ-ны орындау әдістемесі және ұқсастық  факторын (жинақтылығын, f2-критерий) пайдалану жөніндегі негізгі талаптар осы Қағидаларға № 5 қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

  1. Биоэквиваленттілікті зерттеулерге қосымша ретінде

in virto ерігіштігінің салыстырмалы кинетика тесті


112. Үш әртүрлі буферлік ортада (әдетте pH 1,2; 4,5 және 6,8 кезінде) және пайдалануға жататын дәрілік препаратты сынақтарға шығаратын ортада (ерекшелікке енгізілетін (дәрілік препараттың сапасын бақылау жөніндегі нормативтік құжат) сапасын бақылауға арналған орта) биоэквиваленттілікті зерттеуде пайдаланылған зерттелетін дәрілік препарат пен референтті дәрілік препарат серияларының ЕСКТ нәтижелерін ұсыну қажет. Кейбір дәрілік нысандарды, мысалы, ауыз қуысын диспергирлеуші таблеткаларды зерттеу әртүрлі жағдайларда жүргізіледі. Зерттеулердің нәтижелері туралы есепті орташа мәндерін және қорытылған статистикаларын көрсете отырып, ерітілген санының уақытымен үлесінің бейіндері түрінде ұсыну керек.
      113. Өзге де негіздер (дәрілік препараттың сапасын бақылау жөніндегі нормативтік құжат) болмаса, ерекшелікті зерттелетін дәрілік препараттың «Ерігіштік» көрсеткіші бойынша сапасын бақылау үшін референтті дәрілік препараттың биоэквиваленттілігін растайтын, зерттелетін дәрілік препарат сериясының еру бейіні негізінде (осы Қағидаларға №5 қосымшаның талаптарына сәйкес) жасау керек. Егер әртүрлі сериялармен жүргізілген ЕСКТ нәтижелері зерттеулерде бұрын дәлелденген биоэквиваленттілігін in vivo растамаса, онда in vivo зерттеулерінің нәтижелеріне сүйенеді. Алайда, мұндай алшақтықтардың себептерін зерделеу және түсіндіру қажет.


  1. Қосымша мөлшерлердің биовейвері мақсатында

ерігіштігінің салыстырмалы кинетика тесті
 114. биоэквиваленттілігіне in vivo қосымша зерттеулер жүргізбеудің негізділігін тиісті түрде орындалған ЕСКТ растау қажет. Егер өзгеше көрсетілмесе, pH әртүрлі мәндері (әдетте pH 1,2; 4,5 және 6,8) кезінде ерігіштігін зерделеу қажет. Барлық ұсынылған сериялар үшін қосымша мөлшерлер және барлық жағдайларда (осы Қағидаларға №5 қосымшаның талаптарын ескере отырып) биоэквиваленттілікті зерттеуде пайдаланылған сериясының мөлшерлері арасындағы in vitro ерігіштігі бейіндерінің салыстырмалылығын растау қажет.

115. pH мәндері кезінде мөлшерлердің бірде-біреуі толық ерімесе, мөлшерлер арасында ЕСКТ жүргізу шарттары ерекшеленуі мүмкін. Алайда, бұл дәрілік нысанның емес, әсер ететін заттың қасиеттерімен байланысты екенін растау үшін референтті дәрілік препараттың тиісті мөлшерімен салыстыру жүргізу қажет. Бұдан басқа, өтініш беруші бірдей мөлшерлер үшін (мысалы, 5 мг мөлшері бар екі таблетка және 10 мг мөлшері бар бір таблетка арасында) бейіндерінің салыстырмалылығын растауға құқылы.


V. Зерттеу туралы есеп


  1. Биоэквиваленттілікті зерттеу туралы есеп

   116. Биоэквиваленттілікті зерттеу туралы есеп зерттеулер хаттамасы, зерттеулер жүргізу және оның талдауы туралы барлық қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс. Есеп Комиссия бекіткен Одақтың Тиісті клиникалық практикасы қағидаларына №1 қосымшаға және осы Қағидаларға №7 қосымшаға сәйкес жасалуға және зерттеуші қол қоюға тиіс. Биоэквиваленттілікті зерттеу туралы есептің құрылымы осы Қағидаларға №7 қосымшаға сәйкес келуге тиіс.

 Есепте жауапты зерттеушілердің тектері мен аты-жөндерін, олардың жұмыс орнын, зерттеулер жүргізу орнын және ұзақтығын, сертификаттарын немесе аудиттің (бар болса) нәтижелері бойынша жасалған қорытындыларды көрсету қажет.

117. Есеп референтті дәрілік препаратты таңдау осы Қағидалардың ІІІ бөлімінің 2-кіші бөлімінің талаптарына сәйкестігін растауды қамтуға тиіс. Атап айтқанда, оның сауда атауын, мөлшерін, дәрілік нысанын, сериясының нөмірін, өндірушіні, жарамдылық мерзімін және референтті дәрілік препарат сатып алынған елді көрсету қажет.

118. Есепте зерттелетін дәрілік препараттың атауын, құрамын, мөлшерін және сериясының нөмірін, шығарылған күнін және мүмкіндігінше, жарамдылық мерзімінің аяқталатын күнін көрсету қажет.

  Зерттеуде пайдаланылған зерттелетін және референтті дәрілік препараттарды талдау    сертификаттары есепке қосымша түрінде қоса беріледі.


      119. Концентрациялар, фармакокинетикалық параметрлер және статистикалық талдау нәтижелері туралы мәліметтерді осы Қағидалардың ІІІ бөлімі 9-кіші бөлімінің «Деректерді ұсыну» кіші бөлімінде көзделген көлемде ұсыну қажет. Фармакокинетикалық параметрлерді қысқарту №8 қосымшаға сәйкес көрсетіледі.


  1. Тіркеу деректерінің құрамында биоэквиваленттілікті зерттеу нәтижелерін ұсынуға қойылатын басқа да талаптар

  120. Өтініш беруші дәрілік препараттың және тіркеуге берілген дәрілік препараттың биоэквиваленттілігін зерттеуде зерделенген сандық құрамы және өндіріс технологиясы ерекшеленбейтінін растайтын, өзі қол қойған ресми құжатты ұсынуға тиіс. Ерігіштігінің салыстыру бейінін (осы Қағидаларға IV бөлімге және №7 қосымшаға сәйкес) қоса беру қажет.

 Биоталдамалық әдістің валидациясы және № 6 қосымшаның талаптарына сәйкес дайындалған талдамалық есеп туралы есепті дәрілік препараттың тіркеу деректерінің 5-модуліне енгізу қажет.

121. Сұрау салу бойынша үлгілерді іріктеу уақыты, дәрілік препараттың концентрациясы, әрбір кезеңдегі әрбір субъектінің фармакокинетикалық параметрлерінің мәндері және рандомизирленген схемасы туралы деректерді қоса алғанда, фармакокинетикалық және статистикалық талдауды қайта жаңартуға жеткілікті деректерді (мысалы, үтірмен немесе бос орындармен бөлінген деректері бар электрондық мәтіндік файл немесе Excel нысанындағы файл түрінде немесе уәкілетті органмен келісім бойынша өзге де нысанда) ұсыну қажет.


VI. Тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезіндегі зерттеулердің көлемі
  122. Биожетімділігіне әсер етуі мүмкін бұрын мақұлданған құрамы немесе өндіріс технологиясы өзгерген кезде, егер өзге де негіздер ұсынылмаса, биоэквиваленттілігі in vivo зерттеулері жүргізіледі. Барлық ұсынылған негіз, атап айтқанда, осы Қағидаларға № 4 қосымшада көрсетілген немесе in vitroin vivo корреляциясының (IVIVC) қолайлылығын  (A деңгейін) белгілеу кезінде жалпы қағидаттарға негізделуге тиіс.
      Егер өзгертілген дәрілік препараттың биожетімділігі бұрын зерделенсе және in vivo фармакокинетикалық параметрлері мен in vitro ерігіштігі кинетикасы арасындағы қолайлылық (A деңгейі) корреляциясы белгіленсе, өзгертілген дәрілік препарат және корреляцияны белгілеу үшін пайдаланылған зерттеулердің сол бір жағдайларында бұрын мақұлданғандары арасындағы in vitro ерігіштігі бейінін салыстыру кезінде биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу (№5 қосымшаға сәйкес) талап етілмейді.

123. Қайта жаңартылған (мысалы, бірегей, жаңа комбинация, жақсы зерделенген қолдану) болып табылмайтын, дәрілік препараттардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде биоэквиваленттілікті зерттеулер және ЕСКТ жүргізу үшін бұрынғы құрамы, өндіру орны, орамасы және т.б. бар бұрын мақұлданған дәрілік препарат референтті дәрілік препарат ретінде бола алады.

  124. Салыстыру (компаратор, бақылау) препараты ретінде биоэквиваленттілікті зерттеулер үшін қайта жаңартылған немесе гибридтік дәрілік препараттың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде нарықта бар референтті дәрілік препарат пайдаланылады. Егер нарықта дәрілік препарат болмаса, онда салыстыруды тиісті негіздерді ұсына отырып, бұрын мақұлданған құраммен (қайта жаңартылған немесе гибридтік дәрілік препарат) жүзеге асыруға жол беріледі. Биоэквиваленттілікті зерттеулерді талап етпейтін өзгерістер кезінде дәрілік заттар айналымы саласындағы Одақтың құқығына кіретін ұсынымдар мен актілердің талаптарын басшылыққа алу керек.

____________________

Еуразиялық экономикалық одақ

шеңберінде дәрілік перепараттардың

биоэквиваленттілігіне зерттеулер

жүргізу қағидаларына

№ 1 ҚОСЫМША
Дәрілік препараттардың түрлі дәрілік нысандарының биоэквиваленттілігіне қойылатын

Ж А Л П Ы Т А Л А П Т А Р

І. Жалпы ережелер


Егер зерттеліп отырған препаратта референттік дәрілік препаратпен салыстырғанда басқа тұз, күрделі эфир, стереоизомер немесе олардың қоспасы, басқа кешенді қосындылар немесе әрекет ететін зат болса, онда биоэквивалентті in vivo биоэквивалентін зерттеудің көмегімен растау қажет. Алайда егер зерттеліп отырған дәрілік препараттың әсер етуші заты референттік дәрілік препараттың әсер етуші затымен бірдей болса (немесе Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік перепараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу қағидаларына (бұдан әрі тиісінше – биоэквиваленттілікке зерттеу жүргізу қағидасына, Одақ, Комиссия) № 4 қосымшаның ІІІ бөлігінде белгіленген қасиеттеріне ұқсас тұзы бар болса), онда кейбір жағдайларда, төменде биоэквиваленттілікті зерттеу қағидасына № 4 қосымшада сипатталған in vivo биоэквивиалентіне зерттеу жүргізу талап етілмейді.
ІІ. Жүйелі әсері дереу босатыла отырып, ішке қабылдауға арналған дәрілік нысандар
Биовейвер үшін жағдайлар болмаған кезде (биоэквиваленттілікке зерттеу жүргізу қағидасына № 4 қосымшаның талаптарына сәйкес) дәрінің таблеткалар, капсулалар, суспензиялар сияқты нысандарына қатысты биоэквивиаленттілікке зерттеу жүргізу қажет. Ауыз қуысында еріп кететін таблеткаларға және ішке қабылдайтын ерітінділерге қатысты төменде сипатталған арнайы талаптар қолданылады.
ІІІ. Ауыз қуысында еріп, ыдырап кететін таблеткалар
Ауыз қуысында еріп кететін таблеткалар (бұдан әрі - АЕТ) ауызда тез еріп кетуге арналған. Егер әсер етуші зат сілекейде еріп, ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы сіңіп кететін болса, онда дәрілік препаратты қабылдау уақыты мен оның шырышты қабыққа сіңіп кетуі маңызды фактор болып табылады. Дәрілік препараттың құрамына қарай АЕТ-дан тез босап шығатын, қабығы бар әсер ететін затты жұтқаннан кейін ол да асқазан-ішек жолдары арқылы сіңеді. Егер әсер ететін зат ауыз қуысы арқылы сіңбейді, асқазан-ішек жолдарында сіңу үшін жұтып жіберуді талап етеді дейтін болсақ, онда дәрілік препарат сыныптаманың биофармацевтикалық жүйесі (СБЖ) негізінде биовейвер критерийлерін қанағаттандыра алады (биоэквиваленттілікке зерттеу жүргізу қағидасына № 2 қосымшаға сәйкес). Егер мұны растау мүмкін болмаса адамның биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қажет.

Егер АЕТ қосымша (жаңа) дәрі нысаны және (немесе) ішке қабылдауға арналған дәрілік препараттың өзге құрамы үшін дозасы кеңейтілген болып табылса, онда ауыз қуысында еріп кететін таблеткаларды сумен немесе сусыз бір мезгілде қабылдаған кезде оны бағалау мақсатында үш кезеңді зерттеу жүргізеді. Алайда, егер сусыз қабылдаған АЕТ мен сумен ішілетін дәрілік препарат арасындағы биоэквиваленттілік екі кезеңді зерттеуде көрсетілген болса, онда сумен ішілетін АЕТ биоэквиваленттілігі дәлелденген болып есептеледі.

Егер АЕТ АЕТ-ны білдіретін референтті дәрілік препаратқа қатысты жаңартылған немесе гибридті дәрілік препарат болып табылса, зерттеуді жоспарлаған кезде мынадай талаптарды ұстанған жөн:

а) егер референтті дәрілік затты сумен де сусыз да ішуге болатын болса, онда оның биоэквиваленттілігі су ішпей-ақ жүргізілуге тиіс, өйткені бұл дәрілік препаратты нақты жағдайларда қабылдау тәсіліне көбірек сәйкес келеді. Бұл әсіресе, егер әсер ететін зат еріп, ауыз қусында сіңіп кететін болса, өте маңызды. Егер биоэквиваленттілігі су ішпей-ақ расталса, онда бір мезгілде сұйықты қабылдау арқылы биоэквиваленттілігі дәлелденген болып есептеледі;

б) егер референтті дәрілік затты сумен ішетін не сусыз ішетін болса, онда биоэквиваленттілікті зерттеу тиісті жағдайларда (стандартты екі кезеңді тоғыспалы дизайн арқылы) жүргізіледі;

в) егер референтті дәрілік затты сумен ішетін не сусыз ішетін болса, ал зерттеліп отырған дәрілік препарат екі тәсілмен де қабылдауға арналған болса, онда салыстыруды зерттеліп отырған дәрілік препаратты сумен іше отырып немесе сусыз іше отырып жүргізеді, бұл ретте дәрілік препарат ұсынылған тәсілге (3 топта 6 дәйектілікпен үш кезеңді зерттеу) сәйкес қолданылады.

АЕТ зерделеу бойынша зерттеулерде, егер таблетка сумен ішілмейтін болса, дәрілік препаратты дәл қабылдау алдында ауыз қуысын 20 мл. сумен жібіту ұсынылады. Дәрілік перапаратты ішкеннен кейін 1 сағат бойына сұйық зат қабылдауға тыйым салынады.

Ауыз қуысында еріп кететін қабықшаларға, қабықшаларға немесе ұртқа салатын таблеткаларға, тілдің астына салатын таблеткаларға және шайнап жұтатын таблеткаларға қатысты биэквиваленттілікті зерттеу АЕТ-мен ұқсас жүргізіледі. Биоэквиваленттілікті зерттеуді зерттеліп отырған дәрілік препаратты қолданудың ұсынылып отырған тәсіліне сәйкес жүргізу қажет.


ІV. Ішке қабылдауға арналған ерітінді
Егер зерттеліп отырған дәрілік препарат ішке қабылдауға арналған сулы ерітінді болса және оның құрамында тіркелген ерітінді сияқты әсер ететін зат концентрациясы болса, онда оның биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу талап етілмейді. Алайда, егер қосымша зат асқазан-ішек жолдарының моторикасына (мысалы сорбитал, маннитол және т.б.), сіңуіне (мысалы, беттік белсенді заттар немесе ақуыз таратушыға әсер ететін қосылыстар), еру және сіңу процесіне (мысалы, қосымша еріткіштер) немесе in vivo әсер ететін заттың тұрақтылығына әсер ететін болса және егер қосымша заттардың құрамының арасындағы айырмашылық өзге деректермен негіздемеген болса, онда оның биоэкваваленттілігіне зерттеу жүргізіледі. Ішке қабылдауға арналған ерітіндінің қосымша заттарына қойылатын талаптар биовейвер талаптарына ұқсайды (биоэквиваленттілікке зерттеу жүргізу қағидасына № 4 қосымшасының талаптары ескеріле отырып).

Егер ішке қабылдауға арналған ерітінді болып табылатын зерттеліп отырған дәрілік препараттың биоэквиваленттілігі дереу босатылатын қасиеті бар басқа дәрілік препаратқа қатысты расталуға тиіс болса, онда биоэквиваленттілікке зерттеу жүргізу қажет.


V. Қоспалы дәрілік препараттар
Зерттеу жүргізу бойынша талаптар Одақтың қоспалы дәрілік препараттарды әзірлеу жөніндегі құжатында берілген. Қоспалы дәрілік препараттарға қатысты биовейер шарттары биоэквиваленттілікке зерттеу жүргізу қағидасына № 4 қосымшада жазылған.

VІ. Ішке қабылдауға арналмаған, жүйелі әсері дереу босап шығатын дәрілердің нысандары


Осы тарау, ішінара алғанда, ректальды дәрілердің нысандарына қатысты. Әдетте, оларға қатысты биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізіледі. Егер дәрілік препарат құрамында сапасы және саны жағынан соған ұқсас тіркелген әсер ететін дәрілік заттың концентрациясында бар ерітіндіні білдірсе биовейвер мүмкін болады (бұл ретте ішке қабылдауға арналған ерітінділер үшін ұқсас талаптар қолданылуы мүмкін).

Бұл бөлімнің ережелері тыныс демікпесін және өкпенің созылмалы обструктивті ауруларын емдеу үшін қолданылатын ингаляцияға арналған дәрілік препараттарға, сондай-ақ назальды қолдануға арналған гармондық бүріккіштерге қатысты емес.


VІІ. Парентералдық енгізуге арналған ерітінділер
Егер зерттеліп отырған препарат күре тамырға жіберуге арналған ерітінді болса және оның құрамында тіркелген дәрілік препараттың құрамындағыдай әсер ететін зат болса, онда, әдетте, биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу талап етілмейді. Алайда егер қосымша заттардың бірі әсер ететін затпен өзара әрекетке түссе (мысалы, комплекстер пайда болса) немесе басқаша айтқанда оның таралуына, метаболизміне және шығуына әсер етсе, онда биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу талап етіледі. Егер салыстырылып отырған дәрілік препараттардың құрамында қосымша заттардың саны шамамен бірдей болса және олардың құрамындағы айырмашылық әсер ететін заттың фармакокинетикасына әсер етпейтіні тиісті түрде дәлелденсе, оны болғызбауға болады.

Дәрілік препаратты енгізудің басқа парентералдық жолдары, мысалы, бұлшық етке және терінің астына жіберу жолдары кезінде, егер зерттеліп отырған дәрілік препараттың ерітіндісінің түрі бірдей болса (мысалы, сулы немесе майлы орта), құрамында сапасы және саны жағынан соған ұқсас тіркелген дәрілік заттың концентрациясы бар әсер ететін зат болса, онда биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу талап етілмейді. Сонымен бірге, құрамында қосымша заттары шамамен бірдей су ерітінділерінің эквиваленттілігіне, егер соңғысы тұтқырлыққа әсер етпейтін болса, зерттеу жүргізу талап етілмейді.


VІІІ. Күре тамырға жіберуге арналған липосомальды, мицеллярлы және эмульсиялы дәрілік препараттар


  1. Липосомальды препараттар

Күре тамырға жіберуге арналған липосомальды препараттардың фармакокинетикалық ерекшеліктері Одақтың құқығына сәйкес биоэквиваленттілігін растаудың айрықша тәсілдерін қажет етеді.




  1. Эмульсиялар

Эмульсиялар, әдетте, биовейвер рәсіміне жатпайды.

Алайда, биовейвер төменде санамаланған шарттар сақталған кезде:

а) дәрілік нысан бақыланып босап шығарылуға және (немесе) бақыланып бөлуге (векторлық жеткізуге) арналмағанда;

б) енгізу тәсілі мен жылдамдығы тіркелген дәрілік препаратқа арналған тәсіл мен жылдамдыққа сәйкес келгенде мүмкін болады.

Мұндай жағдайларда дәрілік препараттың сапалық және сандық құрамы тіркелген дәрілік препараттан өзгеше болмауға тиіс; эмульсияның майда липидті фазасының фракциялық құрамын және басқа да маңызды сипаттамаларын, соның ішінде үстірт қасиеттерін (мысалы, * потенциалы және реологиялық қасиеттері) қоса алғанда, физикалық-химиялық қасиеттерінің жоғары ұқсастығын растайтын негізделген деректерді ұсыну қажет.




  1. Күре тамырға парентальды жіберілетін қоректендіруге арналған липидтердің дәрілік препараттары

Егер осы дәрілік препараттарға қатысты физикалық-химиялық қасиеттерінің салыстырмалығы туралы негізделген деректер берілген болса, биовейвер рәсімі мүмкін болады. Құрамындағы айымашылықтар осындай дәрілік препараттарды қолдануға арналған қасиеттермен және айғақтармен негізделуі мүмкін.




  1. Мицеллиятүзілуші препараттар

Күре тамырға жіберуге арналған мицеллярлық ертінділер «кешенді» ерітінділер ретінде қаралуы мүмкін, сондықтан да ол биовейверге жатпайды.

Алайда биовейвер төменде санамаланған шарттар сақталған кезде:

а) дәрілік пепаратты қолдану тәсілі жөніндегі ұсынымдарға сәйкес оны араластырған кезде мицелл тез ыдырайтын, ал дәрілік нысан бақыланатын тез босап шығуға немесе таралуға арналмаған кезде;

б) дәрілік препаратты жіберудің тәсілі мен жылдамдығы тіркелген дәрілік препараттақа сәйкес келген кезде;

в) қосымша зат таралуға, метаболизмге және әсер ететін заттың шығуына әсер етпейтін кезде мүмкін болады.

Мұндай жағдайларда мицеллярлы ерітіндінің енгізу алдындағы сапалық және сандық құрамы тіркелген дәрілік препараттан өзгеше болмауға тиіс; физикалық-химиялық қасиеттерінің ұқсастығын растайтын негізделген деректерді ұсыну қажет. Мысалы, мицеллтүзілудің шекті концентрациясы, дәрілік нысанның солюбилизациялану қабілеті (мысалы, (Maximum Additive Concentration) барынша қосымша концентрациясы), әсер ететін заттың еркін және байланысты фракциясы және мицелдің шамасы.

Бұл қағидаларды дәрілік препараттың сапалық және сандық құрамы шамалы ғана өзгерген кезде, осындай өзгерістер үстіртін-активті заттардың сапалық және сандық құрамын қозғамайтын кезде ғана қолдануға болады.


ІХ. Босап шығуы өзгертілген жүйелік әсері бар дәрілік нысандар
1. Ішке қабылдауға немесе трансдермальдық қолдануға арналған босап шығуы өзгертілген жүйелік әсері бар дәрілік нысандар
Ішке қабылдауға немесе трансдермальдық қолдануға арналған босап шығуы өзгертілген жүйелік әсері бар дәрілік нысандар Одақтың құқығына кіретін актілерге сәйкес биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізуді талап етеді.
2. Күре тамырға және тері астына жіберуге арналған босап шығуы өзгертілген дәрілік нысандар
Әсер ететін затты күре тамырға немесе тері астына жіберген кезде босап шығуын өзгертуге арналған суспензияларға немесе дәрілік нысандарға қатысты биоэквиваленттілікті растау кезінде Одақтың құқығына кіретін актілерге сәйкес босап шығуы өзгертілген тамырдан тыс жіберілетін дәрілік нысандардың (мысалы, трансдермалдық) биоэквиваленттілігін растауға қойылатын талаптар қолданылады.
Х. Жергілікті әсер ететін, жергілікті және сыртқа қолданылатын дәрілік препараттар
Жергілікті әсер ететін (ауызға, мұрынға себетін, өкпеге, көзге, терінің үстінен, ректалды, қынапқа жіберілетін) дәрілік препараттарды зерделеу жөніндегі қағидалар Одақтың құқығын құрайтын басқа актілерде көрсетілген.

Егер ерітіндіден тұратын зерттеліп отырған дәрілік препараттың (мысалы, көзге арналған тамшылар, мұрынға арналған спрей (гормонды мұрынға себетін спрейлерден басқа) немесе сыртқа қолданылуға арналған ерітінді) еру ортасы бойынша ерітіндіден айырмасы болмаса және оның құрамында тіркелген дәрілік препараттың әсер ететін затында болатын концентрат болса, онда олардың арасында эквиваленттілікті растау талап етілмейді. Егер зерттеліп отырған және референтті дәрілік препараттың маңызды фармацевтикалық қасиеттері бірдей немесе бір-біріне ұқсас болса, қосымша заттардың құрамында азғантай айырмашылықтар болуына жол беріледі. Қосымша заттардың құрамындағы кез келген сапалық немесе мөлшерлік айырмашылық олардың терапевтік эквиваленттілігіне әсер етуі тұрғысынан негіздемені талап етеді. Негіздеме болмаған кезде дәрілік препаратты енгізу тәсілі мен жолдары тіркелген дәрілік препаратқа сәйкес келуге тиіс.

Егер жергілікті қолдануға арналған дәрілік препараттарды жергілікті қолданғаннан кейін жүйелі сіңіру күшіне қарай жүйелі қолайсыз реакция беру қаупі туындайтын болса, жүйелі экспозицияны өлшеу қажет. Зерттеліп отырған дәрілік препараттың жүйелік экспозициясының осындай дәрілік препаратты салыстырудан аспайтынын растау қажет, яғни сенімділік интервалының жоғарғы 90 % шегі биоэквиваленттілікті қолданудың жоғарғы шегінен (125 00% ) аспауға тиіс.

Жергілікті немесе сыртқа қолданылатын жергілікті әсер ететін дәрілік препараттардың бір де бірін жаңартылған дәрілік препарат ретінде қарауға болмайды, өйткені олар гибридті дәрілік препарат анықтамалығына жатады.


ХІ. Газдар
Егер дәрілік препарат ингаляция жасауға арналған газ болып табылса, оның биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу талап етілмейді.

____________________

Еуразиялық экономикалық одақ

шеңберінде дәрілік перепараттардың

биоэквиваленттілігіне зерттеулер

жүргізу қағидаларына

№ 2 ҚОСЫМША
Биоэквиваленттілікті зерделеу аясында салыстырмалы

клиникалық зерттеулерге қойылатын

Т А Л А П Т А Р
1. Денсаулығы мықты еріктілерге немесе пациенттерге жүргізілген фармакодинамикалық зерттеулер, егер фармакокинетикалық тәсіл қолданылуға жарамайтын болса екі дәрілік препараттың арасындағы эквиваленттілікті жою үшін пайдаланылуы мүмкін. Фармакодинамикалық эквиаленттілікті зерттеу плазманың немесе зәрдің құрамындағы әсер етуші зат пен метоболиттердің мөлшерін анықтау жеткілікті сезімталдықпен және дәлдікпен жүргізілмейтін кезде қажет болады. Сонымен бірге, егер әсер етуші заттың концентрациясын өлшеу нақты дәрілік препараттың, мысалы жергілікті әсер ететін дәрілік препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін растау үшін соңғы нүкте ретінде пайдаланыла алмайтын болса, адамның эквиваленттілігін фармакодинамикалық зерттеу қажет болады. Сонымен бірге фармакокинетикалық зерттеулерге негізделген, in vitro еруін зерттеумен бірге немесе жеке жүргізілген жергілікті қолжетімділікті зерттеу биофармацевтикалық сапа тұрғысынан эквиваленттілікті растау үшін және жергілікті әсер ететін кейбір дәрілік препараттардың әсер ететін жерінен босап шығуы үшін суррагатты соңғы нүктелер ретінде қаралуы мүмкін. Бұдан басқа, дәрілік препараттардың жүйелі қауіпсіздігін зерделеу кезінде жүйелі экспозицияны (AUC) растау үшін де биоэквиваленттілікті зерттеу қажет.

2. Фармакодинамикалық зерттеулер әсер ететін заты жүйелі қан ағысына қатысты ұсынылмаған. Бұл ретте жүйелі экспозицияны бағалау және биоэквиваленттілікті белгілеу үшін фармакокинетикалық тәсілді пайдалануға болады. Бұл фармакодинамикалық және клиникалық соңғы нүктелердің дәрілік препараттар арасындағы олардың биофармацевтикалық қасиеттеріне, босап шығуына және сіңуіне қатысты айырмашылықтарын анықтауда сезімталдықтың неғұрлым төмен екенін сипаттаумен байланысты. Фармакодинамикалық және клиникалық соңғы нүктелер үшін «доза - әсер» қисығының тәуелділігі бір-біріне байланысы фармакокинетикалық параметрлердің дозаға тәуелділігіне қарағанда жатық болатындықтан, зерттеудің жеткілікті талдау сезімталдығын, яғни түрлі дозаларды қолданған кезде алынған реакцияны айыра білу қабілетін дәлелдеу қажет. Неғұрлым көбірек реакция тудыратын дозаларға салыстыру жүргізу маңызды, оларды анықтау үшін пилоттық зерттеу жүргізу талап етілуі мүмкін. Фармакодинамиалық көрсеткіштер фармакокинетикалық деректерге қарағанда көбірек түрленеді. Фармакодинамикалық көрсеткіштер плацебо тиімділігіне көбірек ұшырайды, ол зерделеудің түрлілігіне және күрделі дизайнына қосылады. Нәтижесінде жеткілікті статистикалық қуаттылыққа жету үшін көп пациенттер талап етілуі мүмкін. Салыстырмалы фармокодинамикалық зерттеулерді плацебо тобына (үшінші топ) енгізген дұрыс.

3. Зерттеудің нәтижелерін жоспарлау, жүргізу және бағалау кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:

а) өлшенетін реакция дәрілік препараттың тиімділігін және (немесе) қауіпсіздігін сипаттайтын фармакологиялық әсерді білдіруге тиіс;

б) фармакологиялық әсерді бағалау әдісі дұрыс болуы, дәл болуы, жаңартылуы және ерекшелігі тұрғысынан анық болуы тиіс;

в) зерттеліп отырған препарат пен референтті дәрілік препарат зерттеу барысында жоғары реакция туғызбауға тиіс, өйткені жоғары немесе жоғарыға таяу әсер ететін дозада қолданылатын әсер ететін заттардың арасындағы айырмашылықты анықтау мүмкін болмауы мүмкін, бұл ретте «доза - әсер» тиімділігін зерделеу осындай зерделеудің қажетті бөлігі болуы мүмкін;

г) реакция сандық, екіжақты соқыр әдіспен өлшенуге тиіс және нәтижелері плазмадағы ерітіндіні ауыстыратын фармакодинамикалық әсерлерді бекітіп қоюды (құжаттауды) қамтамасыз ету үшін қайталанатын өлшеулерді жаңартуға және тіркеуге мүмкіндік беретін лайықты жабдықтың көмегімен тіркелуге тиіс. Егер мұндай өлшеулер мүмкін болмаса, онда тіркеуді анықталған бағалау шкаласы бойынша жүргізуге болады. Егер деректер сапалы көрсеткіштермен шектелген болса (категориялық деректер), арнайы статистикалық талдауды орындау талап етіледі;

д) дәрілік препаратқа әсер етпейтін субъектілер алдын ала жасалған скринингтен кейін зерттеуден алынып тасталуға тиіс, және хаттамада әсер ететін және әсер етпейтін субъектілер сәйкестендірілетін критерийлер көрсетілуге тиіс.

е) зерттеу дизайнында негізге алынған патология мен аурудың анамнезі ескеріліп, алғашқы жағдайлардың жаңғыруы туралы ақпарат келтірілуге тиіс;

ж) айқаспалы дизайнды пайдалану керек, алайда, егер ол жарамаса, қатарлас дизайнды пайдалануға болады. Препаратты қолдану кезеңдері арасындағы шайылып кету кезеңі өткір фармакологиялық әсердің жартылай жойылып кетуінің 5 кезеңінен кем болмауға тиіс. Өткір фармакологиялық әсерді өлшеу ұзақтығы өткір фармакологиялық әсердің жартылай жойылып кетуінің 3 кезеңінен кем болмауға тиіс.

4. Жаңартылған дәрілік препарат пен референттік дәрілік препарат үшін таңдап алуды қалыптастыру қағидаттары Еуразиялық экономикалық комиссия бекіткен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қағидаларының ІІІ бөлігінің 3-бөлімінде сипатталғандай болып қалуға тиіс.

5. Қайсыбір уақыт аралығында байқалатын дәрілік препарат әсерінің қарқындылығының үздіксіз, үзілісті өзгеруін тіркейтін зерттеулерде плазмадағы әсер етуші заттың концентрациясын өлшеуге арналған зерттеудегідей болып сипатталуы мүмкін. Осы реакция болған кезде «әсер ету-уақыт» қисығының алаңын сипаттайтын параметрлерді, барынша жоғары реакцияны және уақытты шығаруға болады.

6. Жаңартылған дәрілік препарат пен референтті препаратты салыстыру мынадай жолмен:

зерттелетін дәрілік препарат белсенділігінің референтті препараттың белсенділігіне қатысты дозалық тәуелділігіне немесе қатыстылығының белсенділігіне талдау жүргізу:

фармакологиялық соңғы нүктелері бойынша эквиваленттілігін растаудан (кемінде 2 деңгейден) тұратын әсер ету тәуелділігіне талдау жүргізу арқылы орындалуға тиіс.

Аталған тәсілдердің кез келгені үшін ең төменгі талап сезімталдықты бағалау болып табылады. Сезімталдығын бағалау үшін дозалардың кемінде нөлдік емес екі деңгейін зерделеу керек, мұның барысында бір деңгейдің екінші деңгейден басым екенін көрсету қажет. Осыған байланысты тиісті негіздеме болмаған кезде екі дәрілік препараттың да бірнеше дозасын зерттеу керек. «Доза-әсер» қисығының жоғарғы бөлігінде орналасқан дозалар зерттелуге тиіс. Қисықтың төменгі жағында орналасқан дозалар эквиваленттілікті растау үшін сенімді болмауы мүмкін, өйткені олар субтерапевтикалық болуы мүмкін. Қисықтың төбесінде орналасқан доза сайып келгенде неғұрлым жоғары дозамен салыстырғанда бірдей әсер етуі мүмкін, ал бұл да эквиваленттілікті растай алмауы мүмкін.

Екі тәсілді де пайдалана отырып нәтижелерді ұсыну қажет. Екі жағдайда да эквиваленттілікті растау үшін зерттеліп отырған және референтті дәрілік препараттың фармакодинамикалық параметрлерінің сенім туғызатын интервалдары эквиваленттіліктің таңдап алынған шегінде орналасуға тиіс. Белсенділігіне келетін болсақ сенімділік интервалдарының 90% деп есептеу қажет (биоэквиваленттілікті зерттеулердегі сияқты), ал 95% сенімділік интервалдары әсер ету тәуелділігін талдау үшін есептеледі.

Фармакокинетикалық зерттеулерде қолданылатын жол берілетін диапазон бұл жағдайда қолданылмауы мүмкін. Екі тәсіл үшін де таңдап алынған эквиваленттілік диапазоны қарастырылып, зерттеу хаттамасында мұқият негізделуге тиіс.

7. Эквиваленттілікке фармакодинамикалық зерттеулер жүргізу туралы есеп Еуразиялық экономикалық комиссия фармакодинамикалық зерттеулердің ерекшеліктерін ескере отырып бекіткен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қағидаларына № 7 қосымшаның талаптарына сәйкес жасалады.

_______________________

Еуразиялық экономикалық одақ

шеңберінде дәрілік перепараттардың

биоэквиваленттілігіне зерттеулер

жүргізу қағидаларына

№ 3 ҚОСЫМША


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау