24
- жеке тұлғаға бағытталған оқытудың қазіргі заманғы білім беру
парадигмалары
жағдайында
бұл
мәселені
шешу
шарттарын
және
мүмкіндіктерін анықтау;
- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, студенттердің
ӛзіндік іздену-ғылыми жұмыстарын басқару ерекшеліктерін анықтау;
- физиканы ақпараттық оқыту әдістемесінің мазмұнын анықтау;
- студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда компьютерлік
физика әдістерін жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдерін жасау;
- оқу есептеу тәжірибесінің әдіснамасын қолдана отырып, компьютерде
физикалық есептерді шешуді оқытудың әдістемелік тәсілдерін жүйелендіру
және жалпылау;
- оқытудың ақпараттық технологияларының білім алушылардың білімі мен
құзыреттілігін қалыптастыру деңгейіне ықпалын анықтау.
Физика саласында білім беруді ақпараттандыру үдерісіне бағытталған
әдістемелік жүйенің негізгі компоненттерін дамыту оқытудың тұтас үдерісін
ақпараттандыру, оқыту үдерісінің ұйымдастыру формаларын ӛзгертетін
ақпараттық-коммуникациялық құралдарды ендіру есебінен жүруі тиіс. АКТ –
студенттерге пән бойынша түрлі білімдерді ұсынатын, білім алушының
шығармашылық мүмкіндігін, зерттеу жүргізуге, оқытудың белсенді және
жекеленген страгтегияларын қалыптастырудың негізгі құралы. Әлемдік
ақпараттық телекоммуникациялық қатынас құру мүмкіндігі білім алушыларға
сыртқы ортаны ӛзінше қабылдауға тиімді әсер етеді.
А.А.Кузнецовтың, Е.С.Полаттың, Т.А.Сергееваның, Е.В.Огородниковтың
жұмыстарында келтірілген ақпараттандырудың негізгі бағыты, ең алдымен,
АКТ құралдарының мүмкіндігімен емес, білім беру жүйелерінің ӛзінің
дамытудың ішкі қажеттіліктерімен анықталуы тиіс деген тұжырымдамаларын
құптаймыз.
Білім беруде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды ендіру ӛлшемі
бойынша оқу орнымен оқу үдерісінде оқытушының рӛлі ӛзгереді. Білімді ӛз
бетінше алуға деген басымдылыққа байланысты оқытушының оқыту әрекетінің
кеңес беру және түзетушілік бағыттылығы күшейеді. Білім алушыларға қазіргі
заманғы технологиялармен ұсынылған ғылыми және оқудың басым
ақпараттары жағдайында оқытушының кәсіби даярлығына, оның тұлғалық,
жалпы мәдени, қарым-қатынас жасау әрекетіне талап артады.
Ақпараттық компьютерлендірілген білім беру ортасында студенттердің
арнайы кәсіби әрекетінің психологиялық-педагогикалық мәселелері осы кезеңге
дейін арнайы зерттелмеген және ол зерттеу нысаны болуы тиіс. Оған қоса, білім
беруді ақпараттандыру құралдары мен технологияларының кеңінен таралуына
қарамастан, оқытушының басты қызметі – оқыту үдерісін басқару, тәрбиелеу
және дамыту кӛкейкесті мәселе болуы қажет.
Оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды жасау және ендіруге
педагогикалық кадрларды даярлау әкімшіліктің қолдауынсыз мүмкін емес.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің ұйымдасқын инфрақұрылымын құруға
25
бағытталған және білім беруді тәжірибелік ақпараттандыруға маман
дайындығының жоғары деңгейіне кӛтерілуді кӛздейтін әкімшілік саясат қажет.
Ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдану қажеттілігі
білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқытуда бірнеше басым
бағыттарды ерекшелеуге мүмкіндік береді. Оқыту үдерісінің субъектілерінің
ақпараттық-білім беру ортасында қолданушылық және интеллектуалдық
біліктілігі болуы шарт.(2-кесте)
Кесте 2- Ақпараттық-білім беру ортасында жұмыс істеуге қажетті біліктілік
Біліктілігі
Мазмұны
Технологиялық
біліктілік
-телекоммуникациялық желілердің ақпараттық ресурстарымен ӛзара
байланысын жоспарлау білігін қалыптастыру;
-компьютерлік желілердің ақпараттық ресурстарымен интерактивті
ӛзара қатынас үдерісінде мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық жағдайда
интеллектуалдық және процессуалдық білікті тасымалдау мүмкіндігі;
-негізгі танымал бағдарламалық құралдарды (Internet Explorer, Netscape
Navigator, Outlook Express, т.с.с. тәрізді) қолдану білігі;
-Интернеттен алынған ақпаратты іздеу және аналитикалық ӛңдеу
білігін меңгеру қажеттілігі;
-ақпараттық телекоммуникациялық ресурстармен білім алушылардың
ӛзара әрекеті үдерісінде оқытушы рӛлінің мәнін түсіну;
-оқыту
үдерісінде
субъектілердің
ӛзара
ақпараттық
қарым-
қатынасының жоғары деңгейде болуын есепке алу;
-қажетті ақпараттық ресурстарды қолдану және іздеуге білім
алушылардың тұрақты жоғары уәждемесін қалыптастыру;
-субъектінің жеке және ӛзбетінше жұмыс істеуге мүмкіндігі.
Интеллектуалдық
біліктілік
-білім
алушылардың ақпараттың адрестік бағыттылыққа сын
тұрғысынан ойлау және ақпараттарды жүйелендіру түсінігін
қалыптастыру;
-ақпаратты қабылдауда психологиялық-жас ерекшеліктерін есепке алу;
-күнделікті ӛмірде ақпаратты тәжірибелік қолдану мақсатында білім
алушылардың телекоммуникациялық арналар бойынша алынған
ақпаратты ӛңдеу білігін қалыптастыру;
-қажетті ақпаратты мақсатқа сай іздеу, ақпаратты тұтастай қабылдап,
түсіну білігін қалыптастыру;
-нақты бір ақпараттың адамға әсерінің түрлі психологиялық тәсілдерін
бағалау, нақты дәлелдерді айыру, ақпаратты сыни тұрғыда қабылдау,
күнделікті ӛмірде қолдану және сақтау; интернеттің ақпараттық
ресурстарының мазмұнын қайта ӛңдеу және бейнелеу білігін
қалыптастыру.
Алайда дәстүрлі бағыт–АКТ құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерінен
бастап, оқу үдерісіне ӛту – жеткіліксіз, тиімсіз, оқытуды бұл құралдардың
нақты орны мен қызметтерін толық түсінуге мүмкіндік бермейді. Оқу
бағытындағы АКТ құралдарының типологияларын қарастыруға бағытталған
бағыт анағұрлым тиімді болып табылады. Мұндай бағыттың бірнеше түрлері
белгілі: дидактикалық бағыттылық, бағдарламалық жүзеге асыру, қолданудың
пәндік саласы ӛлшемдері бойынша, АКТ құралдарының әдістемелік қызметі
бойынша: кӛру, тыңдап-түсіну, бақылау және бағалау; ақпараттық модельдерді