Қазақстан Республикасының білім және министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік Университеті
Филология, журналистика және өнер институты
«Орындаушылық өнер» кафедрасы
060240 «Орындаушылық өнер» мамандықтың
студенттеріне «Камералық ансамбль» пәнінен
мемлекеттік емтиханды өткізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Павлодар
Бекітемін
ФЖжӨИ директоры
Ж.Т.Сарбалаев
_______________
«__» _______ 200_ж
Құрастырған: аға оқытушы Каримов Т.Б.
Орындаушылық өнер кафедрасы
«__» _________ 200_ж кафедра отырысында бекітілді
№1 хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ Сметова А.А.
Кіріспе
Бұл әдістемелік нұсқау жас маманның біліктілік сипаттамасы талабына сай жасалынған және 050402 «Орындаушылық өнер»мамандығының студенттеріне камералық ансамбльден мемлекеттік емтихан тапсыруларына қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілген.
Орындаушылық өнерді меңгерудегі соңғы кезеңі болғандықтан камералық ансамбльден мемлекеттік емтихан тапрсырылады
Сонымен қатар музыканты теориялық және тәжрибелік дайындауда да соңғы кезең болғандықтан, таңдаған бағдарламасы маманның біліктілік сипаттамасына сай болуы қажет.
Камералық ансамбльдің мемлекеттік емтиханы жеке құрамы ректордың
Жалпы ережесі
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік Аттестациялау Комиссиясымен (ГАК) өткізіледі.
ГАК – тың құрамына кіретіндер:
- ГАК – тың төрағасы С.Торайғыров атындағы ПМУ-де қызмет атқармайтын, жоғары музыкалық білім ортасындағы жетекші, немесе, атақты орындаушы музыкант болуы тиіс;
- кафедра меңгерушісі;
- екі – үш кафедраның жүргізуші оқытушылары.
Ректораттың шешімімен ГАК – тың құрамына директораттан арнайы адам жәнете музыкалық білімнен сабақ беретін оқытушылар да қатынаса алады.
Мемлекеттік емтиханды тапсыру үшін оқу жоспары және оқу кестесі процессінің қойған арнайы дайындық кезеңі бөлінеді.
Мемлекеттік емтиханға дайындық кезінде консультациялардың және дайындықтардың өткізілуі ұйымдастырылады.
Камералық ансамбльден мемлекеттік емтихан
тапсырудың мақсаты мен міндеті
Камералық ансамбльден мемлекеттік емтиханды тапрысудың мақсаты: студенттердің орындаушылық өнерде игерген тәжірибелік және теориялық деңгейлерін анықтау, бірлесе ұжымдасып музыкалық шығармамен
ансамбльдік ойнауды көрсете білу.
Камералық ансамбльден мемлекеттік емтиханды тапсырудың міндеті:
- теориялық білімдерін кеңейтіп, бекіту және орындаушылық өнер тәжрибесінің білімін камералық ансамбльде жәнете концерттерде қолдана білуді үйрету.
- топпен ансамбльде бірлесіп жұмыс істеуді дамыту;
- болашақ музыканттың жеке және ансамбльмен ұжымда жұмыс істей алатынына дайын екендігін анықтау;
- Камералық ансамбльдің концерттік бағдарламасы кезінде: студенттердің оқып жүрген кездеріндегі алған білімдерін, кафедрада өткізілген концерттерде, фестиваль, конкурстарға қатынасқан кездеріндегі жинаған білімдерін анықтау.
- Камералық ансамбльден мемлекеттік емтихан тапсыруда орындалар бағдарламаның уақыты 20 минуттан кем болмауы тиіс. Тәмәмдаушы студент, ансамбльмен ойнай алатынын, шығарманың көркемдік түрлерін, орындаушылық өнер стилін және жанрлық ерекшелігін түсінетінін көрсете алуы керек.
Камералық ансамбльден СӨЖ – на арналған
әдістемелік нұсқау (домбыра)
(Домбыра) камералық ансамбль курсы студенттерге, ансамбльде өзіндік жұмыс жасауға керекті білімді береді.
Студенттер:
1. концерттік репертуарды білулері қажет (аспапты, халық музыкасы);
2. ансамбльдік музыка білімін меңгеру;
3. біртұтас жетістікке жету біліктілігін қамту;
4. әр түрлі жанрдағы, стильдегі, ғасырдағы шығармаларды игеру;
5. орындаушылық жауапкершілікті және дыбысты бақылай білуді үйрену;
6. жан-жақты білімін кеңейтіп, жеке көркемдігін қалыптастырып, біртұтас шығармашылық ұжым құруға жағдай жасау;.
7. нақты қызмет атқарып, ансамбльмен ойнауда орындаушылық және техникалық мүмкіншілітерді жоғары жеткізе білу;
8. тембрлік және интерпретациялық міндеттерді бірге шешуді қалыптастыру.
Ансамбльмен ойнау барысында музыкалық - орындаушылық және
теориялық пәндерден алған білімдері бекітіледі.
Тақырып №1 – Төкпе стиліндегі күй
1. Алдымен шығарманың (күйдің) мазмұнымен танысу;
2. Композитордың шығармашылығымен танысу;
3. Шығарманың көркемдік образын, ойын, мазмұнын ашу;
4. Дыбысталу мінезін көрсету, ырғағын, динамикасын анықтау;
5. Техникалық қиын эпизодтарын қарастыру;
6. Біртұтас ансамбльдік орындау мақсатына жету;
7. Оң қолдың артикуляциялық белгілерімен жұмыс жасау (сипай қағыс).
Тақырып №2 – шертпе стиліндегі күй
1. Шертпе стилінде орындау сипатымен, бегілерімен танысу (жеке саусақтар, шертіп тарту, сипай қағыс, дыбысты тұту);
2. Техникалық қиын эпизодтарын қарастыру;
3. Апликатураны таңдау;
4. Көркемдік жағымен, техникалық жаттығулармен шығарманың мазмұнын ашу;
5. Біртұтас ансамбльдік орындау мақсатына жету;
Тақырып №3 – вокалдық шығармалар
1. Вокалдық әндету және аспаптық сүйемелдеуді келістірумен жұмыс жасау;
2. Динамикасымен, нюанстарымен жұмыс;
3. Артикуляциямен, дұрыс дем алумен жұмыс жасау;
4. Дыбысталу мінезін іздеу.
Тақырып №4 – Ансамбль және жеке аспапта орындау
1. Жеке дауыста орындаушы аспаптың спецификалық дыбысталуымен жұмыс жасау;
2. Техникалық қиын эпизодтарын қарастыру;
3. Ырғағын анықтау, нюанстары мен дыбысталу сипатын іздеу;
4. Шығарманың сипатымен, динамикасымен, белгілерімен жұмыс жасау;
5. Таспаны тыңдау.
Репертуар
Тақырып №1:
1. Құрманғазы «Балбырауын»
2. Құрманғазы «Адай»
Тақырып №2:
1. Тәттімбет «Қосбасар»
2. Сүгір «Ыңғай төк»
Тақырып №3:
1.Халық әні «Ахау керім»
2. Әсет Бесеуов «Ағаларым»
3. Н.Тілендиев «Құстар әні»
Тақырып №4:
1. Т.Ахметов «Темірбектің төкпесі»
2. М.Ержанов «Қуанышым»
3. Ықылас «Жезкиік»
Әдебиеттер
1. М.Балтабаев Песни, обработки, переложения А., 1978 «Жалын»
2. Е.Үсенов Бозінген партитура А., «Өнер»
3. Б.Ғизаков Казахская народная инструментальная музыка М.. «Музыка» 1988
4. Н.Тілендиев жеңіс салтанаты, партитура А., «Өнер» 1980
5. А.Жайымов Домбыра үйрені мектебі А., «Өнер» 1992
6. С.Байжұманов Халық аспаптар оркестрі А., «Өнер» 1993
7. А.Жұбанов Ғасырлар пернасі А., 1975
Достарыңызбен бөлісу: |