1
ӘОК 378.853:004
Қолжазба құқығында
КЕРІМБАЕВ НҰРАСЫЛ НҰРЫМҰЛЫ
Физика саласында білім беруді ақпараттандыруды дамытудың
ғылыми-теориялық негіздері
13.00.02-Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі
(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы
2010
2
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Оқытудың ақпараттық жүйелері» кафедрасында орындалған
Ғылыми кеңесшілері:
педагогика
ғылымдарының
докторы,
профессор Нұрғалиева Г.Қ.
педагогика
ғылымдарының
докторы
Мусин Қ.С.
Ресми оппоненттері:
педагогика
ғылымдарының
докторы
Үсенов С.С.
педагогика
ғылымдарының
докторы,
профессор Баймұханов Б.Б.
педагогика
ғылымдарының
докторы,
профессор Жүсіпалиева Д.М.
Жетекші ұйым: С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті
Диссертация 2010 жылы 27 желтоқсан күні сағат 14.30-да Абылай хан
атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру
жӛніндегі БД 14.08.04 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен жайы:
050022, Алматы қаласы, Мұратбаев кӛшесі, 200, мәжіліс залы-208.
Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің (050022, Алматы қаласы, Мұратбаев кӛшесі,
200) және Ұлттық ақпараттандыру орталығының (050036, Алматы қаласы,
Жандосов кӛшесі, 61а) кітапханаларында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 26 қарашада таратылды.
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы Қозыбай А.Қ
3
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Ұлттық білім беру жүйесін
реформалау
мен
жаңарту
Қазақстан
Республикасы
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында, сондай-ақ «Білім туралы» заңда атап
кӛрсетілгендей заман талабына сай білім беруді ізгілендіру парадигмасы
есебінен жүзеге асады. Біздің еліміздің әлемдік білім беру саласында ұлттық
саясатты ұстануы, жоғары оқу орындарының халықаралық мәртебе алуға
ұмтылуы, оқу үдерісін жаңа жүйеде ұйымдастыру талаптары білім беру жүйесін
ғылыми-әдіснамалық негізде және қоғамды ақпараттандыру негізінде жүзеге
асады.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық ӛсудің маңызды ресурстары
мен интеллектуалды білім беру әлеуеті оның әлемдегі рӛлін анықтайды.
Сондықтан мемлекеттік саясаттың негізгі элементтерінің бірі ақпараттық
қоғамның талаптарына сәйкес, сапалы білім беруді қанағаттандыра алатын
қызмет кӛрсетуге қабілетті, тиімді білім беру жүйесі болып табылады.
«Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерінің бірі экономиканың
барлық саласына қажетті бәсекеге қабілетті маман кадрлар даярлаудың біртұтас
ақпараттық ортасын қалыптастыру болса, 2015 жылға арналған Қазақстан
Республикасы білім беру тұжырымдамасында қоғамдағы негізгі қажеттілікті
қамтамасыз ете алатын әлеуметтік мақсаттарды шешуге бейімделген кәсіби
мамандарды даярлауды талап етеді. Осыған орай, жоғары оқу орындарында
білім беру жүйесінің алдында әдістемелік жүйені жетілдіру мен дамыту
қажеттігі туындайды. Бұл бағытта отандық ғалымдардың кӛптеген құнды
зерттеу жұмыстары бар (Б.Б.Баймұқанов, Е.Ы.Бидайбеков, Д.М.Жүсіпәлиева,
Г.Жангисина,
С.Кариев,
Ж.А.Қараев,
А.Қ.Қозыбай,
С.С.Құнанбаева,
Е.А.Нәбиев, Г.Қ.Нұрғалиева, Ж.Нұрбекова, Қ.С.Мусин, С.С.Усенов, К.Сариева
және т.б.). Қазіргі кезеңде компьютерді оқу үдерісінде пайдалана білетін
тәжірибелі мұғалім кадрларын даярлау міндеті қойылып отыр. Біздің елімізде
ақпараттық қоғам жағдайында болып жатқан ӛзгерістер білім беру жүйесіне
деңгейі мен мазмұны ӛзгерген сапа тұрғысынан жаңа тұрпатты мұғалімдер
даярлауды талап етеді. Физика пәнінің мұғаліміне ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды оқыту жоғары оқу орындарында
физиканы оқыту теориясы мен әдістемесін және тәрбиелеу нәтижесінің жайын
елеулі түрде ӛзгертуге, жаңартуға негіз салушы бола алады.
Еліміздегі физика саласында білім беру индустриялық қоғамның талаптарын
және қазіргі
заманғы ақпараттық қоғамның талаптарын қанағаттандыруға
бағытталуы тиіс. Бұл бағытта тұрақты ізденістер арқылы ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды белсенді түрде пайдалана алатындай білім
берудің әдістемелік жүйесіне жаңа ӛзгерістер енгізуді қажет етеді.
Физика саласында білім беру үдерісін ақпараттандыруда басты элемент
ақпараттық технологиялардың құралдарымен жабдықталған ақпараттық
ресурстарды меңгертуге негізделген жоғары білім беру жүйесін құру болып
табылады.