Әок 378. 853: 004 Қолжазба құқығында



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет8/18
Дата05.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11673
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

16 

 

•  үйретуші  мен  үйренуші  әрекетінің  сипатын  және  мазмұнын  ӛзгерту, 



білім  беру  үдерісінде  субъектілердің  ӛзара  ынтымақтасуының  жаңа 

формаларын ұйымдастыру; 

•  жоғары білім беру жүйесін басқару тетіктерін жетілдіру. 

Білім  беру  үдерісіне  тән  «құрал»  санаты  ұғымына  түбегейлі  қайта  ӛзгерту 

енгізуге  қабілетті,  сонымен  қатар    жүйенің  қалған  компоненттері  жоғары  оқу 

орнындағы  жеке  тұлғаны  дамыту  және  тәрбиелеу,  оқытуды  ұйымдастыру 

формалары  мен  әдістері,  мазмұны  мен  мақсатына  елеулі  әсерін  тигізетін 

ақпараттық технологияларды  педагогикалық қызмет тиімділігін кӛтеру құралы 

ретінде қарастырылды. 

Білім  беруді  ақпараттандыру  үдерісі  оқушының  игерген  объектілер  мен 

құбылыстарды, үдерістерді, олардың арасындағы ӛзара ықпалдасуды модельдеу 

негізінде  қабылданған  шешімдер  нәтижелерінің  іске  асуын  болжау,  оқу  және 

практикалық есептер шешімін іздеу қабілетін қалыптастыру, оның белсенділік 

деңгейін  кӛтеру,  жеке  тұлғасын  дамыту  мақсатында  жаңа  ақпараттық 

технологияларды пайдаланудың тиімділігін ӛзекті етеді. Дегенмен жоғары оқу 

орындарын  басқаруды  ақпараттандыру  үдерісінің  ӛзекті  мәселелері  бар. 

Жоғары  оқу  орындарында  қолданылатын  ақпараттандырудың  маңызды 

құралдары  даму  сатысында  тұр.  Техниканы  сатып  алу  және  қолдануға  кететін 

шығын  жоғары,  ақпараттық  жүйелерді жасаушы  және  пайдаланушы  мамандар 

ӛте  аз,  жоғары  оқу  орнындағы  түрлі  сала  қызметінің  әрекеттеріндегі  білім 

беруді  ақпараттандырудың  жекелеген  құралдары  арасында  интерфейстік, 

технологиялық  және  ақпараттық  байланыс  жоқ.  Сондықтан  бәсекеге 

қабілеттіліктің  халықаралық  индексіне  сәйкес,  АКТ-ның  дамуы  деңгейіне 

сәйкес  келетін  болашақ  мамандардың  заманауи  инфокоммуникациялық 

мәдениетін  қалыптастыру  әлеуметтік-педагогикалық  міндет  болып  есептеледі. 

Бұл міндеттің іске асу деңгейі мемлекеттің жаңа экономикалық даму жолының 

анықталуына  және  болашақ  мамандардың  жаңа  технологияларды  жасау 

дайындығына тәуелді. 

Соңғы  жылдары  қоғам  жаңа  формация  жағдайына  білім  беру  жүйесін 

бейімдеуді  қажет  ететін  ақпараттық  қоғамға  ӛзгеруде.  Адамды  ақпараттық 

қоғам  ӛміріне  дайындауда  білім  беру  жүйесі  оқыту  формаларына,  әдістеріне, 

мазмұнына жаңа ӛзгерістер енгізуді талап етеді.  

Зерттеуде  білім  беруді  ақпараттандыру  үдерісін  талдау  үшін  физикалық 

ұғымдардың,  олардың  ӛзара  тәуелділігі  мен  ӛзара  шартының  теориялық 

информатиканың  пәндік  ӛрісінде  терең  түсіну  мен  дұрыс  бейімдеу  маңызды 

шарт  болып  табылады.  Материя,  энергия,  ақпарат  –  ұғымдарының  байланысы 

бастапқы алғышарт болып саналады. «Материя» ретінде  «жүйе» түсіндіріледі, 

ӛзара  бір  субстанция  жүйесінен  екіншісіне  ӛту  жолымен  жүйені  тепе  теңдік 

күйде  құраушы элементтер ұстап тұрады (1-сурет).  

С.И.Архангельский  жоғары  мектепте  оқытуда  ақпарат  туралы  мына 

түсінікті  ұсынады:  «ақпараттың  дидактикалық  және  гносеологиялық 

анықтамасы оқыту теориясы үшін ӛте маңызды. Оқыту үдерісінде ақпарат білім 




17 

 

жиынтығын  бейнелейді…  Оқытуда  ақпарат  ойлау  жұмысының  негізгі 



материалы ретінде түсіндіріледі». 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Сурет 1- Физика саласындағы ұғымдар мен информатика ұғымдары 



арасындағы ӛзара байланыс

 

 



Ақпаратты  кибернетикалық  коммуникативтік  үдерістерде  кӛрінетін  

материяның  жалпыға  ортақ  қасиеттері  ретінде  анықтауға  болады.  Ақпарат 

барлық уақытта  желі бойынша білімді таратуда "тасымалдық" белгіге ие, білім 

барлық  уақытта  оны  жасаушылармен  байланысты:  тұлға,  шығармашылық  топ 

немесе  компьютер.  Сондықтан  зерттеу  барысында  инфоматиканы  және 

физиканы  оқыту  саласындағы  анықталған  ақпараттық  үдерістер,  осы  пәндерді 

үйрету  әдістерінің ӛзара  байланысы  ретінде  қарастырылады.  Осындай үлгідегі 

ұсынылған жұмыс физика саласында жоғары білім беруде ақпараттық үдерістер 

дамуын жобалау және талдауға информатика түсініктерін шапшаң және сапалы 

түсіндіруге мүмкіндік береді. 

Заман  талаптарына  сай  ақпараттық  үдерісті  ақпаратты  технологияларды 

жобалау  әдісін,  ақпаратты  жинау,  талдау,  сақтау  мақсатында  жаңа  есептеуіш 

құралдарын  қолданбайынша  ақпараттандыру  мүмкін  емес.  Ақпараттық 

технологиялар  -  жасанды  интеллект  жетістігін  пайдаланатын  ақпараттық 

технологиялар.  Осы  ақпараттық  технологиялар  –  ақпараттандырудың 

әлеуметтік мәдени нұсқасының болашағы.  

Жоғары 

мектептің 



оқыту 

тәжірибесі 

ақпараттық 

және 


телекоммуникациялық  технологияларды  енгізу  идеясының  физика  саласында 

білім  беру  мамандарымен  жете  меңгерілмегендігін  дәлелдейді.  Заманауи 

электрондық  ресурстармен  ұсынылған  мол  ғылыми  және  оқу  ақпараттарының 

жағдайында  жоғары  мектептегі  физика  саласында  оқытушыларды  кәсіби 

даярлау  талаптары да  жоғарылайды.  Дегенмен  осыған  сәйкес  бүгінде    қажетті 

дидактикалық  және  әдістемелік  талаптарға  сәйкес  мамандандырылған  білім 

беру  электрондық  ресурстарының  жоқтығы  байқалуда.  Оқыту  үдерісінде 

қолдануға  арналған  ақпараттық  ресурстар  нақты  пәндерді  оқыту  әдістері  мен 

энергия 

Ф 

И 

З 

И 

К 

А 

 

материя 



И 

Н 

Ф 

О 

Р 

М 

А 

Т 

И 

К 

А 

технология

 

ақпарат 


Ақпараттық 

білім 

 

Физикалық  



білім 


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау