Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
№ 12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ағаш өңдеуде сыйкәделік домбыра жасау технологиясы.
Технология пәні мұғалімі: Өмірәлиев Марат Қалиұлы.
Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдеуде сыйкәделік домбыраны жасау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды қазақтың ұлттық саз аспабы домбыраны жасау, оның тарихымен таныстыру, ағаш өңдеу тәсілдерін үйренуге баулу.
Дамытушылығы: Домбыраның ән айту мен күй тартатын негізгі түрі мен бірнеше нұсқаларын таныстыру. Оқушының шығармашылық қабілетін сабақ пен үйірме жұмысын байланыстыру арқылы дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды халқымыздың асыл мұрасын, салт – дәстүрін, домбыраны жасау арқылы отан сүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интерактивті, аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндірме, бағыт беру .
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология, математика, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Сабаққа дайындық, кезекші жұмысы
Суретті – сызбаларды тақтаға ілу;
Оқушының жұмыс киімі мен құрал – саймандарды тарату;
Киімді кию, құрал – саймандарды реттеу;
Қауіпсіздік ережесін еске алу
Санитарлық – гигиеналық талап
Сұрақ – жауап арқылы өткен сабақты пысықтау
Қашау түрлері, қашау не үшін қажет?
Ағаш материалының қандай бөлшектері бар?
Үлгілік қима үшін әрбір заттың сыртқы пішінін қалай түсіру қажет?
Қолара түрлері, ара не үшін қажет?
Егеу түрлері,түрпінің ерекшелігі қандай?
Қажау қағаз дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Ағаш түрлері, ағаш өңдеуді түсіндіру.
Ағаш түрлерін Қашаған жыраудың мына жыр шумағымен таныстырар болсам:
Қолымдағы қу ағаш,
Сайрап отыр бұл ағаш.
Асылы емен қарағай,
Шыққан жері су ағаш.
Пайғамбарлар туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Мұнаралы әр жерде,
Мешіт болған бұл ағаш.
Шеберлердің қолында,
Кәсіп болған бұл ағаш – дей келе ағаштың түрі мен қасиетіне тереңдей тоқталсақ:
Қарағай, емен, тұт ағашы, қараағаш, терек, қайың, тал және жеміс ағаштары болып бірнеше түрге бөлінеді.Ағаш шеберлері ағаштың ерешеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы білуі шарт. Олар ағаштың: қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, серпінділігі, түсі, тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б.
«Технология» пәні бойынша сабақта және үйірме сағатында ағаш материалдарымен жұмыс істейміз. Олардан әр түрлі әсем бұйымдар жасауға болады. Бұйым көрнекті әрі сапалы болу үшін материалды таңдай білуіміз қажет. Ол үшін еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтай отырып ағаштардың қасиеттерін ұғынып алғанымыз жөн.
Ағаш табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан адам өміріне тигізер пайдасы көп, алар орны да бөлек. Сондықтан болар, біз ағашты күнделікті өмірде жиі пайдаланамыз. Атап айтқанда ағашсыз құрылыс өз жұмысын бастамайды. Әсіресе өндіріс орындары мен күнделікті тұрмыстағы қолданылатын заттардың көбісін осы ағаштан жасайды. Басқа шикізаттарға қарағанда әртүрлі мүліктер жасауға да өте қолайлы, тез өңделетін жұмсақ, жас күйінде июге, тоқуға, ойып шабуға келгенде теңдесі жоқ материал.
Емен, қайың, терек ағаштары тұрмыста кеңінен пайдаланылса, қызыл қайыңды жақсы табиғи суреттері болғандықтан үй мүліктерін жасауға қолданған. Олардың түбірлерінен ердің қастарын қашап шапса, діңінен ыдыс-аяқ жасаған және оларды әсем оюлап өрнектермен безендірген.
Алма, акация, ырғай, алмұрт ағаштарын қолөнер жұмыстарына пайдаланған. Алма мен жаңғақ ағаштарынан-кебеже, сандық, жүк аяқ, қобдишалар жасаса, тал, қарағай, алма, арша, ағаштарын саз аспаптарын жасауға, терек, қарағай, үйеңкі, емен секілді ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттеріне керекті бұйымдар жасаға пайдаланған. Ал көбінесе домбыраны шайырыазқарағайдан,аршаданжасаған.
Мысалы қарағайдан аршадан домбыраны тұтас шауып жасайды немесе басқа ағаштан жасалған домбыраның қақпағын міндетті түрде
қарағайдан салады. Ағаштардың ішіндегі ең «шешені» сөйлегіштігі қарағай деп саналады.
Оған дәлел Шал ақынның:
Домбыра қолда қарағай,
Қолға да оны алған соң,
Жүйрік туған ағаңыз,
Арыдан бері тербетер, - деген жыр шумағын айтуға болады.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойына жинақтаған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. Ұлттық аспаптардың ішінде қазақтың жүрегіне, жандүниесіне жақыны да домбыра. «Домбыра-қазақ халқының рухымен жаны» -деген нақыл сөз бар. Домбыра асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп, үкі таққан, тас төріне ілген, ең қымбат дүниесі. Олай болса, домбыраның шығуы туралы аңыз әңгімелерге құлақ түрелік.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, сол аңшы биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап кәсіп еткен.Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан маралды атып алады да етекке түсіру үшін ішек қарынын ақтарып алып тастайды. Содан арада айлар өткенде аңшы жігіт «Аң атуға ұрымтал жер еді ғой» - деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Байқап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болуы керек, қарағайдың бұтағына қос ішек керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтағына керіле кепкен ішекті желтербеп, ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Ол бірде уілдеп, бірде сарнап, бірде сыңсып жылағандай, аңшы жігітті түрлі күйге түсіреді. Содан аңшы жігіт мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп ішекті үйге алып келеді де бір аспап жасап қос ішекті соған тағады. Аспапты тартып көрсе, қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Тек аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
Сонымен ертедегі шеберлер жасаған домбыра онша үлкен болмаған ол тоғыз пернелі кейіннен, он төрт пернелі болған. Қазақстанда музыкалық аспаптарды жасауды жетілдіру 1932 жылдан басталды. Домбыралардың 18 пернелілігімен ән айтуға 21 пернелігімен күй тартуға болады.
Домбыра талай ғасырлар тарихымен хикаяларын шанағына сақтап, батырлардың ерлігін қос ғашықтың пәк сезімдерімен елдің «Елім-ай» деген зарлы үні естіледі.
Сызба нұсқаларында домбыраның 2 түрі жасалды.
Олар - Абай және Жамбыл домбырасы. Олардың сырт пішінінде, өлшемі де әртүрлі болады. Домбыраның пішіні өлшемдері бойынша қатты қағазға сызылып, симметрия ережесімен қиылады. Қиылған қағаз қатты ағашқа түсіріліп, бірінші шанақ іші ойылады.
Шанақ іші ойылғаннан кейін домбыра пішінінің мойны, алақаны өңделеді. Мойын ағашын домалақтамас бұрын шанақтың сыртқы пішінін дәлірек келтіріп алған дұрыс, сырты толық өңделгеннен кейін шанақтың іші дәлірек айтқанда жұқартылып тазартылады. Бұл жұмыстардың барлығы қасық, ожау жасау технологиясын жасау менбірдей. Негізгі пішіні өңделген домбыраның ағашы әк әдісі бойынша кептіріледі де, бет, қақпаққа орын дайындалады. Бет қақпағының қалыңдығы 2 мм шамасында, ол 2 беті тазаланған жаңғақ ағашы. Өңделіп болғаннан соң ПВА желімі арқылы орналастырады. Бет қақпағының үстіне шырша ағашынан ою салынады. Домбыраның ілгегін, үлкен тиегін желімдегеннен кейін тазалап, лакталады. Құлақ, тиек, ілгек бөліктері белгілі бір өлшемдермен алынады. Лак әбден кепкеннен кейін пернелер байланып, қос ішектер тағылады.
Достарыңызбен бөлісу: |