Әок 378. 853: 004 Қолжазба құқығында



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/18
Дата05.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#11673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы жаңа 



әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайға  қарай  бейімделіп  келеді.  Атап 

айтқанда,  қоғамдағы  туындайтын  жаңа  ақпараттық  құбылыстардың  рӛлі  мен 

факторлары ақпараттық қажеттіліктің қайшылықтары мен үйлесімділік жүйесін 

анықтайды.  Бұл  бағыттағы    зерттеулердің  даму  деңгейі    ғылым  мен 

практиканың  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алмауда.  Оның  ішіндегі  ең 

бастысы – қоғамды  ақпараттандыру жағдайында физика саласынан білім беру 

бойынша  зерттеулерді  ұйымдастыру  теориясы  мен  әдістемелік  жүйесінің 

жасалмағандығында болып отыр.

 

Оқу  үдерісін  ақпараттандыру  білім  беруді  ақпараттандыру  үдерістерімен 



ұштасып 

жататындығы 

белгілі. 

Сондықтан 

телекоммуникациялық 

технологиялардың,  мультимедиалық  оқу  құралдарының  кең  таралуы  заман 

талабына  сай  білім  беру  үдерісін  жасап,  жүзеге  асыра  отырып,  білім 

алушылардың  адамгершілік  пен  тұлғалық  ұстанымдарына  басымдық  бере 

отырып, оқу үдерісін жаңа деңгейге кӛтереді.

 

Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  мәліметтері  бойынша 



(2007  ж.)  елімізде  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  (бұдан  әрі- 

АКТ) саласында мамандардың тапшылығы байқалады.  

Елбасының  «Интеллектуалды  ұлт-2020»  жобасы  аясындағы  бірінші 

басымдық  білім  алуға  деген  сұранысты  арттыруға  ықпал  ететін  және  озық 

ақпараттық  технологияларды  белсенді  қолдануға  негізделген  білім  беру 

жүйесін құруға бағытталған маман даярлау стратегиясы болып табылады. 

 

 Аталған  салада  білім  беруді  ақпараттандыру  үдерістері  мәселелері 



бойынша  бірқатар  диссертациялық  зерттеулер  орындалды.  Бұл  мәселелерге 

А.А.Абдукадыров, Г.Б.Ахметова, В.С.Гершунский, М.И.Жалдак,  Г.Б.Камалова, 

А.А.Кузнецов,  Ш.Х.Құрманалина,  В.М.Монахов,  Е.И.Машбиц,  В.В.Лукин, 

Ә.Т.Чакликова және т.б. зерттеулерін арнады. Зерттеу жұмыстарының кӛпшілігі 

орта  мектептегі  (С.А.Бешенков,  Е.П.Велихов,  С.Қариев,    А.И.Тәжіғұлова, 

Б.Д.Сыдықов,  И.В. Роберт және  т.б.)  және педагогикалық оқу  орындарындағы 

(Э.И.  Кузнецов,  М.П.  Лапчик  және  т.б.)  информатика  курсын  оқытуға 

бағытталған. 

Компьютерді 

физика 


пәнінде 

қолдануға 

арналған 

В.А.Извозщиков,  А.С.Кондратьев,  В.Н.Косов,  В.В.Лаптев  және  т.б.  еңбектері 

бар.  Білім  беру  саласында  В.В.  Гузеев,  А.В.  Могилев,  В.И.  Овсянников, 

Е.С.Полат,  В.И.Солдаткин,  В.П.  Тихомиров,  С.А.Щенников  және  т.б. 

қашықтықтан  оқыту  мен  телекоммуникациялық  құралдарды  пайдаланудың 

теориялық  және  практикалық  мәселелерін  қарастырса,  И.Я.  Злотникова,

 

А.А.Андреев, Б.Ж.Нұрбеков және т.б. диссертациялық зерттеулер жұмыстарын 



жүргізді.  Дегенмен  физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыру  арқылы 

оқыту сапасын арттыру факторы ретінде әдістемелік жүйесін дамыту  мәселесі 

жеткілікті түрде зерттелмегені байқалады.  

Физика саласында білім беруді ақпараттандыруға байланысты зерттеулерге 

талдау  жасай  келе:  Мемлекеттік  тұжырымдамалар  мен  бағдарламалар  білім 

беруді  ақпараттандыруды  жүзеге  асыруға  бағытталған  және  берілген  салада 

мамандар даярлауға басымдық береді, бірақ болашақ физика пәні мұғалімдерін 



 

даярлауға  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  мен 



бағдарламаларындағы  ақпараттандырудың  теориялық  және  әдіснамалық 

негіздері  жеткілікті  түрде  жасалмауы  арасында;  білім  беруді  ақпараттандыру 

жағдайында  жоғары  оқу  орындарының  түлектері  болашақ  қызметінде 

ақпараттық,  қашықтықтан  оқыту  технологияларын  меңгерту  үшін  басымдық 

беретін  қазіргі  заманғы  электрондық  инфрақұрылым  құру,  университеттік 

порталдар мен сайттар жасау, олардың толыққанды коммуникациялық  болуын 

талап  ету,  оқу  үдерісінде  субъектіге  инфокоммуникациялық  ықпал  етуі 

арасында бірқатар қарама-қайшылықтардың бар екені айқындалды. 

Осы  қарама-қайшылықтар  негізінде  физика  саласында  білім  беруді 

ақпараттандыру мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын оқу үдерісін тиімді 

қамтамасыз  етуге  бағытталған  педагогикалық  құбылыс  ретінде  қарастыру, 

болашақ  физика  пәні  мұғалімдерін  даярлаудың  әдістемелік  жүйесі,  физикадан 

жоғары білім беруді ақпараттандырудағы педагогикалық бағыттар қандай болу 

керек, – деген зерттеу мәселесі туындайды. 

Жоғарыда  келтірілген  білім  беруді  ақпараттандыруға  байланысты 

пайымдаулар  және  осы  айтылған  қарама-қайшылықтарды  шешу  зерттеу 

мәселесінің  кӛкейкестілігін  анықтап,  тақырыпты  «Физика  саласында  білім 

беруді  ақпараттандыруды  дамытудың  ғылыми-теориялық  негіздері»  деп 

таңдауға негіз болды. 



Зерттеу  мақсаты:

 

физика  саласында  білім  беруді  ақпараттандыруды 



дамытудың теориялық негізін тұжырымдау және тәжірибеде іске асыру. 

 Зерттеу  нысаны:  жоғары  педагогикалық  оқу  орындарында  ақпараттық 

коммуникациялық  технологиялар  негізінде  физика  саласында  білім  беруді 

ақпараттандыру үдерісі. 



Зерттеу пәні: ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы физика 

саласында білім беруді ақпараттандыру үдерісін дамыту. 



Зерттеу  болжамы:  егер  физика  саласын  ақпараттандыру  педагогикалық 

және  әдістемелік  жүйелерді    дамытуға  бағытталған  үдеріс  ретінде  және 

физикадан білім беру саласында ақпараттандыру тұлғаға бағдарланған ұстаным 

ретінде  жүйелілік  пен  құзыреттілік  тұрғыда  қарастырылатын  болса,  онда 

ақпараттандырудың  ғылыми-теориялық  негіздерін  дамыту  физика  саласында 

жоғары педагогикалық білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді, өйткені 

ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды  белсенді  түрде 

пайдаланып физика саласын ақпараттандыру білім беруді ақпараттандырудағы 

әдіснамалық  және  технологиялық  үдерістердің  құрамдас  бӛлігі  болып 

табылады. 

Зерттеу  мәселесі,  мақсаты,  пәні  және  болжамдары  келесі  міндеттерді 

шешуді талап етеді: 

1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде физика саласында 

білім  беруді  ақпараттандыруды  ғылыми-теориялық  және  әдіснамалық 

негіздеріне талдау; 

2.  Физика  саласында  ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар  арқылы 

білім беруді ақпараттандырудың негізгі мәселелерін анықтау; 



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау