74
жетуіне» кепілдік беретін шаралар кешені деп түсінеді» [169, с. 74]. Болашақ
менеджерлерге арналған автор ұсынған психологиялық-педагогикалық шарттар
қалыптасқан және мақұлдаудан өткен, оларда басқарушылық аспект басқару
қызметінде жетекші болып табылады. Оның үстіне, біздің зерттеуіміз үшін
авторлық идея «педагогикалық шарттар сыртқы сипаттармен (сыртқы
жағдайлармен) байланысты құрылса, ал психологиялық шарттар ішкі сипатқа
байланысты болады» [169, с. 74].
О.Ю.Заславскаяның
айтуынша,
басқарушылық
құзыреттілікті
қалыптастыру үшін «басқару құзыретінің негізгі компоненттерін дамытуға
арналған шарттарды жасау қажет:
-
басқарушы құзыреттіліктегі басым компоненті негізгі ойлау
операцияларын (талдау, синтездеу, бағалау және т.б.) белгілі бір деңгейде
меңгеру [170, с. 23];
- белгілі бір тапсырманы немесе тапсырманы шешу үдерісін іске асыру
қажет болған кезде проблеманы шешу жағдайында жұмыс істей білу;
- өзінің оқу жұмысын құра білу, оны басқару, өзіндік құндылықтарын және
оны орындау кезіндегі кемшіліктерін сезіну қабілеті;
- педагогтың рефлексиясын дамыту» [170, с. 23].
Мұнда автордың әзірлеген шарттары сипатына қарай педагогикалық болып
табылатынын айта кету керек, себебі олар тек мұғалімнің білімдерін,
дағдыларын және операцияларын меңгеруге бағытталған. Сонымен бірге, бұл
шарттар мұғалімнің жеке сипаттамаларын ескермейді, яғни олар басқару
құзыретінің функционалдық құрамын қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру деңгейлері авторда
былай сипатталды. Бірінші деңгей – болашақ басқару құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған бастапқы кәсіби бағдарлау деңгейі. «Бұл деңгейде
басқарушылық қызметтің және ресми кәсіби сәйкестендірудің алғашқы
мотивациясы студент бірінші ресми индикаторлар негізінде болашақ
мамандығымен танысқан кезде пайда болады. Екінші деңгей – кәсіби дайындық
деңгейі, кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттер бағдарламасын терең түсіну, нақты
мектептегі тәжірибені ескере отырып, басқарушылық білімді, білік пен
дағдыларды түзету, жинақталған кәсіби және басқарушылық қасиеттерді
тұрақтандыру. Келесі деңгей – педагогикалық тәжірибе бойынша мұғалімнің
кәсіби дайындығына қойылатын жаңа талаптарға қанағаттанбаудан және
педагогикалық тәжірибе бойынша мұғалімнің кәсіби дайындығына жаңа
талаптардан хабардар болу» [171, с. 30-31]. Осы деңгейлердің әрқайсысында
мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінде өзгеріс жүреді. Осылайша,
О.Ю.Заславскаяның айтуынша, «басқарушылыққа даярлау процесі көп деңгейлі
жүйелі және тұрақты сипатқа ие болады» [171, с. 31].
Ал, отандық ғалым Т.М.Баймолдаев мектеп басшысының басқару ісіне
даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын төрт топқа бөліп
қарастырады:
1) мектеп басшысының кәсіптік-оқыту әрекетін қоғамның сұранысына,
білім беру жүйесіндегі өзгерістердің логикасына қарай ұйымдастыру; 2) білім
75
мазмұнын басшының басқару әрекетінің технологиясына сәйкестендіре
үйлестіру; 3) мектепте пайдаланылатын жаңашыл технологияларды ғылыми
тұрғыда негіздеу; 4) шығармашылық ізденіске бағдарлау [172].
Әрине, Т.М.Баймолдаевтың еңбегі біріншіден орта білім басшыларына
арналғандықтан, екіншіден теориялық-әдіснамалық еңбектер қатарында
саналатындықтан, педагогикалық шарттарды жоғарыда аталғандай ғылыми
негізде беру заңды. Осы шарттар басқа зерттеулерде практикалық тұрғыдан
нақтыланып, зерттеу нысандарына қарай пайдаланылуы мүмкін.
Р.С.Сеитова
педагогикалық
жоғары
оқу
орны
студенттерінің
коммуникативтік-басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастырудың
педагогикалық шарттарын үшке бөліп анықтайды: бірінші педагогикалық
шарты
тұрғысынан
студенттердің
коммуникативтік-басқарушылық
құзыреттілігінің мазмұныны құрайтын білімдер, іскерліктер, кәсіби тұлғалық
мәнді сапалардың қалыптасу үдерісін үздіксіз өзіндік бақылауына мүмкіндік
беретін – болашақ мұғалімдердің рефлексиялық белсенділігін көтеруді
қарастырады. Бұл студенттердің оқу іс-әрекеті мен олардың нәтижелерін
рефлексиялық орта есебінен, рефлексиялық іс-әрекет негізінде өткізуді көздейді.
Екінші шарты – студенттердің өздігінен білім алу іс-әрекеттерін басқару болса,
үшінші шартын – білім беру үдерісі субъектілерінің диалогтік өзара
әрекеттестігін ұйымдастыру [173].
Біздің пайымдауымызша, осы шарт оқытушы мен студенттің біргеліктегі
іс-әрекетін жүргізуде қолайлы жағдайдың құрылуы нәтижесінде соңғысының
яғни, болашақ мұғалімнің коммуникативтік-басқарушылық құзыреттілігінің
тиімді қалыптасуына ықпал ететіндігі анық.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген ғалымдардың болашақ мұғалімнің
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы анықтаған педагогикалық
шарттарын талдай отырып, біз олардың ой-пікірлерінің бір-біріне қайшы
келмейтіндігін байқадық. Керісінше бірін бірі толықтыра түседі. Мәселен,
В.М.Мосина ұйымдастырушылық шарттарға ерекше көңіл бөлсе, И.А.Елисеева
болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
шарттарын анықтауда олардың теориялық білім деңгейіне баса назар аударады,
ал О.П.Денисова олардың осы саладан психологиялық тұрғыдан даярлануына
лайықты шарттарды жасайды. О.Ю.Заславскаяның айқындаған педагогикалық
шарттарында басқарушылық құзыреттілік қалыптасуының деңгейлеріне (кәсіби
бағдарлануы, кәсіби даярлығы және тәжірибелік деңгей) аса мән берілуін біз
қолдаймыз. Т.М. Баймолдаев басқарудағы педагогикалық шарттарды ғылыми
негізде ұсынған болса, Р.Сеитова болашақ мұғалімнің коммуникативтік-
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда рефлексиялық белсендіруді оқу
іс-әрекеттері негізінде ұйымдастыруға, диалогтік қатынас формаларына
басымдық береді. Осы талдаулар нәтижесінде біз өзіміздің зерттеу пәнімізге
сәйкес педагогикалық шарттарды анықтаймыз.
1.1. параграфта айтып өткеніміздей, диссертацияда басқару ұғымын
субъектілердің өзара әрекеттестігі деп қарастырғандықтан, шарттарды түзгенде
де осы білім беру субъектілерінің өзара әрекеттестік мәселесіне мән береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |