72
Н.М.Борытко
«педагогикалық
шартты»
педагогикалық
үдерістің
бағытымен байланысты белгілі бір дәрежеде белгілі бір нәтижеге
жетуді саналы
түрде білдіретін сыртқы жағдай деп түсіндіреді [152, с.46]. Біздің зерттеуімізде
бұл нәтиже болашақ мұғалімнің басқару құзыреттілігін қалыптастыру болып
табылады. В.И.Андреевтің пайымдауынша, педагогикалық шарттар «контент
элементтерін құрастыру мен қолданудың мән-жайлары; әдістер (әдістемелер),
сондай-ақ ... мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ұйымдастыру формалары,
құралдар және т.б.» [164, с. 124].
Педагогикада «шарттар» оқиғалардың себептері ғана болып қоймайды,
сонымен қатар бір мезгілде олар сол себеп-салдардың әсерін күшейтеді немесе
әлсіретеді.
В.И.Андреев педагогикалық шартты «жағдайды, қазіргі жағдайды, білім
берудің пайда болатын жағдайын анықтау. Оларды қоғамда анықталған сыртқы
шарттар және білім берудің өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-
өзі басқару қабілетімен анықталатын ішкі шарттар» деп бөледі [165, с. 327].
Ю.К.Бабанский педагогикалық шартты жағдайға байланысты объективті
мүмкіндіктер жиынтығы, білім беру үдерісімен бірге жүретін жағдайлар мен
шаралардың белгілі бір түрде құрылымдалғаны және мақсатқа жетуге
бағытталғаны деп түсінеді [166, с. 327].
Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып,
болашақ мұғалімдердің
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын –
оның басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыздандыруда
жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісі іс-әрекеттерінің кіріктірілуінде жүзеге
асуға міндетті шарттардың жиынтығы деп қарастырамыз.
Диссертациялық жұмыста өзіміздің зерттеу пәнімізге сәйкес
педагогикалық
шарттарды анықтау барысында алдымен, біздің зерттеуімізге жақын келетін
еңбектерде айқындалған педагогикалық шарттар түрлеріне тоқталып өтуді жөн
көрдік.
Мәселен,
Н.В.Мосина
университетте
болашақ
мамандардың
денешынықтыру және спорт саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға
арналған педагогикалық шарттар кешенін былай анықтайды:
- «университетте танымдық, практикалық және профессор-оқытушылар
құрамының іс-әрекеттеріне студенттерді белсендіру. Бұл шарт оқытушылармен
бірлікте жұмысты жүзеге асырады (әдістемелік семинарлар, семинарлар,
кураторлардың кездесулері, интербелсенді кездесулер (оқыту семинарлары мен
брифингтер), жеке кеңес беру, әкімшілік кездесулер (факультеттің ғылыми
кеңесі), студенттермен жұмыс істеу (іскерлік ойын түрінде, эвристикалық
әңгімелер, аудитория, дербес және ортақ ғылыми-зерттеу жұмысы);
- университеттің оқу үдерісінде педагогикалық және басқарушылық
рефлекцияны қолдану.Басқарушылық қызметтегі рефлексия профессор-
оқытушылар құрамының басқарушылық қызметін, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі
бағалауды, кәсіби проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруді
өздігінен талдауы керек;
73
- студенттердің жұмыс берушімен өзара қарым-қатынасы. Бұл жағдай мына
нысандар арқылы жүзеге асырылады: бірлескен ғылыми конференциялар өткізу,
оқу орындарында және балалар сауықтыру лагерінде педагогикалық
тәжірибеден өту, университетте, қалалық, аудандық жарыстарды ұйымдастыру
және өткізу» [167, с. 13]. Дегенмен, біздің ойымызша, автор таңдаған шарттар
педагогикалыққа қарағанда, ұйымдық жағдайға көбірек ұқсайды. Сонымен
қатар, автор болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін
психологиялық жағдайды ұсынбағанын атап өткен жөн.
И.А.Елисееваның басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру үшін
әзірлеген моделінде келесі шарттар анықталды:
- «басқарушылықты оқыту қажеттілігі, басқарудың жетіспеушілігін және
белгілі бір кәсіби мәселелерді шешуде әдістерді жетілдіруді, маңызды
нәтижелерге жету ықтималдығын бағалауды, сондай-ақ оқытудан кейінгі
қиындықтарды болдырмау мүмкіндігін бағалауды ескеру;
- жаңа білім мен әдістерді меңгеру үшін қажетті уақыт пен күш-жігерді
басқару және бағалаудағы менеджерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін басқарылатын оқу орнының әлеуетін бағалауға байланысты ішкі оқыту
мүмкіндіктерін субъективті бағалау;
- хабардар болу деңгейі, олардың тиімділігі мен қажеттіліктерге
қаншалықты сай екендігі анықталған, қолжетімді білім беру қызметтері мен
оқыту мүмкіндіктерін субъективті бағалау» [168, с. 8].
Автор әзірлеген басқару құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық
шарттары білім беру мекемелерінің басшыларымен немесе педагогикалық
қызметтегі тәжірибесі бар мұғалімдермен жұмыс жасағанда пайдаланылуы
мүмкін, алайда студенттердің басқару құзыреттілігін қалыптастыру үшін
пайдаланылмайды. Бұл жоғарыда аталған жағдайлар оқыту тақырыбы бойынша
жоғары дәрежеде көрсетілуін, сондай-ақ олардың қызметіндегі басқару
құзыреттілігінің жетіспеушілігін білдіреді.
О.П.Денисова басқаруға психологиялық дайындықтың психологиялық
шарттарын төмендегідей бөлді:
-«басқарушылық қызметке эмоционалды-құндылықты қалыптастыру және
адамдар арасындағы ішкі тұлғалық қарым-қатынас;
-өзін-өзі басқарушылық қызмет субъектісі ретінде тану қабілетін
арттыратын рефлексиялық
позицияны дамыту;
-кәсіби қызметтің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыру» [169, с. 74].
О.П.Денисованың айтуынша, болашақ менеджерлерді басқару үшін
психологиялық даярлықты қалыптастырудың педагогикалық шарттарына
мыналар жатады:
- «басқарушылық қызметтің ерекшелігі мен мазмұны туралы ақпаратпен
уақтылы қамтамасыз ету;
-басқару психологиясы саласында білім алуды, қабілеттерді және
дағдыларды әртүрлі оқыту формалары арқылы қалыптастыру» [169, с. 74-75].
Психологиялық-педагогикалық шартқа байланысты О.П.Денисова оқу
үдерісінде «оқушылардың психологиялық дайындықтың қажетті деңгейіне