Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру



жүктеу 0,76 Mb.
бет1/2
Дата22.02.2018
өлшемі0,76 Mb.
#10543
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы: Модель түрлері және ұсыну тәсілдері. 

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру. 
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе 
білуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың типі: тәжірибелік жұмыс 
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру 
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: слайд, интерактивті тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсете түсіндіру, тапсырмалар орындау
Сабақтың өту барысы:
І. Оқушыларды ұйымдастыру .
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
ІІІ.. Болашаққа көзқарас, «Экспо – 2017» ой толғау жазу
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
V. Қорытындылау (Сәйкестендіру кестесі, компьютермен жұмыс)
VІ. Бағалау.
VІІ.
Үйге тапсырма беру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Модель дегеніміз не?

  • Модельдеу дегеніміз не?

  • Күнделікті тұрмыста өздерің кездестіретін нысандарға мысалдар келтіріңдер? 

  • Экспо-2017 болашақтың энергиясы модельін құрастыру.

Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз Модель түрлері және ұсыну тәсілдерімен танысамыз.  Мағынаны тану- конструкциялау.

Жаңа сабақты түсіндіру. 
Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз. 
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. 
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. 
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін. 
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін. 
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет. 
Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді. 
Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады: 
Қоршаған ортаны танып - білу; 
Берілген қасиет бойынша нысанды құру; 
Әсердің нысанға тигізер салдары; 
Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару. 



Модель - кез - келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады. 
Күндіз бәрі қашады, 
Түнде аспанды басады. \жұлдыз\ 
Математикалық модельдерді математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз. 
2*1=2 --------2*6=12 
2*2=4 --------2*7=14 
2*3=6 --------2*8=16 
2*4=6 --------2*9=18 2*5=10 -------2*10=20 
жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау