20
шиеленіс жағдайында дағдарыстық кезеңдерде шешім қабылданған басшыларға
көмек ретінде сандық әдістерді басқару моделін қолданды.
Төртінші, педагогикалық менеджменттің даму кезеңі (ХХ ғасырдың 80-
90). ХХ ғасырдың 90-жылдары педагогикалық мамандықтарға зерттеуші,
студенттік ортадағы лидерлікті дамыту тұрғысынан аса көңілбөлінді.
Педагогикалық білім беру мекемелерінде студенттер бойында лидерлік
сапаларды дамыту бойынша тренингтер, бағдарламалар қолданылды. Ол
бағдарламалар мақсаттары білім алушыларды белсенді әрекеттерге, өзіндік
жетілуге, өз болашағын жоспарлауға бағытталды. Бағдарламалар лидерлерді
даярлауға ынталандырды, яғни ұжымда беделге ие білім алушыларды
ынталандыру, ол бағдарламалар екі бөлімнен, біріншісінде тұлғаның лидерлік
қабілеттерін анықтауға арналған психологиялық тесттер, ал екінші бөлімде
лидерлік қабілеттерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындардан тұрды.
Педагогикалық менеджмент мәселесі Т.И.Шамова, Ю.А.Конаржевский,
М.М.Поташник, П.И.Третьякова жұмыстарында көрініс тапты [19].Білім беру
үдерісінде оқытушылар мен білім алушылар арасында субъект-субъектілі
қатынастар дамыды, ол тұста педагог және білім алушылар арасында өзара
әрекеттестік пен ынтымақтастық орын алды. Педагог іс-әрекеті басқарушылық
сипатта болды. Бүгінгі күн педагогі әдіскер, бақылаушы, басқарушы қызметін
атқарады. Ол өз әрекетін және білім алушылар іс-әрекетін басқара алады.
Студенттік ортадағы лидерлікті дамыту мәселелерімен айналысушы отандық
және ресейлік ғалымдар сәйкес қабілеттерді тек сабақтан тыс уақытта емес, түрлі
пәндер аясында да дамытуға болатындығын айтады. Ол үшін бұл мүмкіндіктерге
педагог мамандар өздері ие болулары қажет, себебі басқарушылық қабілеттері
бар педагогтар, өз кезегінде белгілі деңгейде «идеал», «эталон» болады, білім
алушылар іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті болады.
Бесінші, қазіргі ХХІ ғасыр кезеңі (2000 жылдан - бүгінгі күнге дейінгі кезең).
Соңғы біз белгілеп өткен кезеңде педагогикалық-психологиялық ғылымда
көптеген диссертациялық жұмыстар орындалған, олардың аясында лидерлік,
басқарушылық әлеует мәні айқындалған, лидерлік сапалардың жіктемелері мен
сипаттамалары
берілген, лидерлік қабілеттерді
тиімді қалыптастырудың
педагогикалық шарттары көрсетілген, басқарушылық іс-әрекетке даярлықты
қалыптастыру
мәселелер
қарастырылған.
Е.Ю.Зимина
жұмысында
педагогикадағы басқару практикасының тарихи аспектілері қарастырылған,
болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттіліктерін мәселелері көтерілген.
Ғалым пікірінше, оқу-тәрбие үдерісінде басқарушылық ойындар, кейс-стади,
практикалық басқарушылық міндеттерді шешу және т.б. интерактивті
технологиялар қолданылса, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру тиімді
болады [20].Бұл туралы автордың өзінің жарық көрген мақаласында да кеңінен
айтылады [21].Осы кезеңде білім берудегі менеджмент саласының дамуына
назар аударылды. ТМД елдерінде жоғары оқу орындарында «білім берудегі
менеджмент» мамандығы бойынша кәсіби мамандар даярлана бастады.
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы бакалавриаттың педагогикалық
мамандықтардың оқу жоспарына «Білім берудегі менеджмент» атты арнайы пән