22
1 – кестенің жалғасы
1
2
3
Д. Н.Кулибаева
Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағдарланған
білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері
2007
С. З.Каирбекова
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесі
мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастырудың
ұйымдастырушылық-басқарушылық технологияларының
әдіснамалық негіздері
2007
С. Н.Калиева
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы жалпы білім беретін
қазақ мектебін басқаруды жетілдіру
2008
А.Б.Куспанов
Жоғары мектепті басқару әлеуметтік институттың
функциясы ретінде
2008
Ф.Я.Вассерман
Жалпы білім беретін мектептерде оқыту сапасын басқару
технологиясы
2009
Т.М.Баймолдаев
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-
педагогикалық негіздері
2009
С.К Исламгулова.
Жалпы білім беретін орта мектептің педагогикалық жүйесін
дамытуды басқарудың теориясы мен практикасы
2009
Э.Т.Баярыстанова
Сараптама мен талдау мектепте білім беру сапасын
басқарудың тиімділігі ретінде
2009
Н.Н.Мерхайдарова Жалпы білім беретін мектептегі жасөспірімдер арасындағы
тұлғааралық қақтығыстарды педагогикалық басқару
2009
Г.К.Байжикенова
Заманауи мектептің тұтас педагогикалық үдерісін
инновациялық басқаруды дамыту
2010
Ж.Б.Умирбекова
Қазіргі қоғамның жаһандану жағдайында білім берудегі
менеджменттің педагогикалық-ұйымдастыру негіздері
2010
Б.Сайлыбаев
Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде
мұғалімдер даярлығын басқарудағы сабақтастықтың
ғылыми негіздері
2010
Д. И Абдраимов.
Техникалық және кәсіптік білім беруді ақпараттандыру
жағдайында мұғалімдерді басқарушылық іс-әрекетке
даярлау жүйесін дамыту
2010
А. С.Сатывалдыева Жоғары білім беру сапасын тиімді басқарудың үлгісін
жасаудың ғылыми негіздері
2013
А. Жунусбекова
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін басқарушылық іс-
әрекетке даярлау
2015
М. Книсарина
Кіші мектеп жасы оқушыларының басқарушылық
іскерліктерін қалыптастыру
2016
К.Б.Аданов
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлау
үдерісінде басқарушылық мәдениетін қалыптастыру
2017
23
Көрсетілген зерттеулердің мазмұнына жасаған талдау отандық ғылыми
әдебиеттердегібілім беру саласындағы басқару мәселелерін топтастыруға
мүмкіндік берді:
1) Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың
теориясы мен практикасы
2) Жоғары оқу орнын басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері,
педагогикалық шарттары, ерекшеліктері
3) Білім беру ұйымдары басшыларының даярлығын жетілдірудің
теориялық-әдістемелік негіздері
4) Білім беру ұйымдарын басқарудағы өзара әрекеттестік, сабақтастықтың
ғылыми негіздері
5) Болашақ мұғалімінің басқарушылық іс-әрекетін дамыту, басқарушылық
мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері, эксперименттік тәжірибесі
және т.б.Осы еңбектер болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесінің зерттелмегендігін көрсетеді.
Олардың ішінде біздің зерттеуімізге жақын келетін 5-топтағы еңбектерде
болашақ бастауыш сынып мұғалімдері зерттеу нысанына алынған. Мәселен,
А.Жунисбекова болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің басқарушылық іс-
әрекетке даярлығын қарастырса [23], К.Аданов олардың басқарушылық
мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық жүйесін жасап негіздеген [24], ал
М.Книсарина кіші мектеп жасы оқушыларының басқарушылық іс-әрекетін
қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасаған [25].
Д.Абдраимов
мұғалімдерді
басқарушылық
іс-әрекетке
даярлауда
ақпаратттандыру мәселесін жан-жақты талдаған [26].
Адами ресурстарды басқарумен байланысты бастауыш мектептің өзекті
мәселелерінің шешімінің бірі – шағын жинақты оқыту процесін басқаруға
педагог даярлығын қалыптастырудың жүйесін құру сынды мәселені өз
диссертациялық жұмысында Г.З.Адильгазинов та қарастырған.
Аталған ғылыми-зерттеу жұмысында шағын жинақты мектептерді оқыту
процессінің қызмет етуінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
айқындалған және де автор осы мектептерді басқаруға мұғалім даярлығының
мәнін ашып көрсеткен. Зерттеуші жұмысында аталған даярлық деңгейі,
белгілері, критерийлері негізделіп, қалыптастырудың педагогикалық шарттары
айқындалған [27].
Сондай-ақ, зерттеу барысында «басқару», «менеджмент» ұғымдарының
ғылыми әдебиеттерде синонимдік терминдер тұрғысынан қарастырылғанына көз
жеткіздік. Ол үшін басқару және менеджмент ұғымдары қарастырылған
әдебиеттерге талдау жасадық, ғалымдардың берген анықтамаларын саралап,
кестеге түсірдік (кестелер 2, 3).
24
Кесте 2 - Ғалымдардың «басқару» ұғымына берген анықтамалары
Авторлар
Анықтамалар
Сократ
қажетті адамды өз орнына қоюды және берілген тапсырманы талап
ету
Г.Гегель
заңды ресми түрде орындау немесе қолдау
В.Г.Афанасьев
саналы және мақсаттылық іс-әрекеті, тек қана саналы іс әрекет емес
оның әртүрлілігі, шешімдерін өңдеуге қатысты және оның қабілеті,
жүйелілік жолымен алынған мақсатқа сай жүйе қызметін жөндеу,
қолдану және қайта өңдеу
Ю.А.Конаржевский адамдарды басқарудағы қызметтің нақты түрі
Л.В.Ительсон
нәтижесінде алдын ала дайындалған мақсатқа жететін әсердің
жиынтығы
А.В.Филипов
субъектінің объектіге бағытталған әсері және әсерету нәтижесінде
объектінің өзгеруі
В.А.Сластенин
мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін
анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым және оның
басшыларының қызметтік іс-әрекеттері
Д.Н.Бобрышев
бұл шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің
орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, орындалу
барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру
Г.И.Щукина
мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және
әдістемелік сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы
түрде реттеу
К.Ғ.Ахметов
бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету
Г.М.Коджаспирова
білім беру процесінің басқару принциптерінің ұйымдастыру
нормалары мен технологиялық тәсілдерінің жиынтығы
Ж.Б.Умирбекова
мекеме мақсатына қол жеткізуге және түрткі беруді, жоспарлауды,
ұйымдастыруды, орындау, бақылау және реттеуді қалыптастыруға
мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс
Б.А. Абилова,
К.К.Найманбаева,
Л.У.Сұлтанбаева
шешім қабылдау, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, мақсатқа
сәйкес объектіні бақылау, реттеу және жаңа шешімдер мен нақты
ақпарат негізінде қорытынды шығаруға бағытталған іс-әрекет
Ю.В. Васильев
Құрылымын сақтауды, оның мақсаттарын жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін интегралдық жүйе функцияларының бірі
М.М. Поташник
Мектептің қалыптасуын, тұрақтылығын, оңтайлы жұмыс істеуін
және міндетті түрде дамуын қамтамасыз етуге бағытталған барлық
пәндердің мақсатты қызметі
В.И.Симонов
Педагогикалық жүйелерді басқарудың технологиялық әдістері мен
тәсілдері, олардың жұмыс істеуінің және дамуының тиімділігін
арттыруға бағытталған принциптер жиынтығы
Т.И.Шамова
Баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы педагогикалық үдерістің
барлық қатысушыларының ынтымақтастығы үшін жағымды жағдай
жасау
Достарыңызбен бөлісу: |