Әож 378. 091. 3: 37 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,32 Mb.
Pdf просмотр
бет3/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,32 Mb.
#25657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

9
 
 
П.Ф.Друккер 
және 
т.б.; 
ресейлік 
Ю.А.Конаржевский, 
А.Майоров, 
М.М.Поташник,  Т.И.Шамова,  С.Д.Якушева  және  т.б.  ғалымдар  еңбектерінде 
тереңнен қарастырылған.  
Соның  ішінде  қазақстандық  ғалымдар  еңбектерінде  педагогикалық 
менеджмент  мәселесі  ХХ  ғасырдың  90  жылдарынан  бастап  соңғы  жылдарды 
басым  зерттеле  бастады.  Атап  айтқанда,  жалпы  білім  беретін  мектептің 
педагогикалық үдерісін басқарудың теориясы мен практикасы (Т.О.Балықбаев, 
Т.М.Баймолдаев, Д.Н. Кулибаева, С.К.Исламгулова,  К.Ж.Аганина, З.А.Исаева, 
Ж.Б.Умирбекова  және  т.б.);  жоғары  оқу  орнын  басқарудың  ғылыми-
педагогикалық 
негіздері, 
педагогикалық 
шарттары, 
ерекшеліктері 
(А.С.Сатыбалдиева, Л.Н.Ким, К.А.Жусупова Е.Ш.Козыбаев, Б.К.Омарова және 
т.б.); білім беру ұйымдары басшыларының даярлығын жетілдірудің теориялық-
әдістемелік  негіздері  (А.Туксанбаев,  Г.З.Адильгазинов  және  т.б.);  білім  беру 
ұйымдарын басқарудағы өзара әрекеттестік , сабақтастықтың ғылыми негіздері 
(Б.Сайлыбаев,  А.Абишев  және  т.б.);  болашақ  мұғалімінің  басқарушылық  іс-
әрекетін  дамыту,  басқарушылық  мәдениетін  қалыптастырудың  теориялық 
негіздері, эксперименттік тәжірибесі  (Д.Абдраимов, А.Джунусбекова, К.Аданов 
және т.б.) мәселелері зерделенді.   
Осы  еңбектерге  жасалған  талдау    болашақ  педагогтардың  басқарушылық 
құзыреттілігін  қалыптастыру  мәселесінің  отандық  ғылымда  арнайы  зерттеу 
нысанына  алынбағандығын  көрсетеді.  Олардың  ішінде  біздің  зерттеуімізге 
жақын келетін еңбектердің өзінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдері зерттеу 
нысанына  алынған.  Мәселен,  А.Жунисбекова  болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  басқарушылық  іс-әрекетке  даярлығын  қарастырса,  К.Аданов 
олардың  басқарушылық  мәдениетін  қалыптастырудың  педагогикалық  жүйесін 
жасап  негіздеген,  ал  М.Книсарина  кіші  мектеп  жасы  оқушыларының 
басқарушылық  іс-әрекетін  қалыптастыруды  теориялық  тұрғыдан  негіздеп, 
әдістемесін  жасаған.  Д.Абдраимов  мұғалімдерді  басқарушылық  іс-әрекетке 
даярлауда ақпаратттандыру мәселесін жан-жақты талдаған. Бұдан басқа да біздің 
зерттеуіміз  үшін  қызығушылық  тудыратын  лидерлік  мәселесі  отандық 
әдебиеттерде соңғы жылдары ғана зерттеу нысанына алынып отыр. Осы бағытта 
болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  лидерлік  сапасын  қалыптастыру 
(Б.М.Баймуханбетов),  студенттердің  лидерлік  әлеуетін  дамыту  (М.К.Ушатов, 
А.А.Алимбекова),  жоғары  сынып  оқушыларының  лидерлікке  даярлығын 
қалыптастыру (А.М.Байкулова), кіші мектеп оқушыларының лидерлігін дамыту 
(Г.Аспанова) мәселелері зерттелген. 
Аталған  зерттеулердің  барлығы  педагогикалық  менеджментті,  білім  беру 
жүйесін  басқаруды,  оқу-тәрбие  үдерісін  дамытуға  айтарлықтай  үлес  қосады, 
бірақ олардың барлығы осы үдерістердің белгілі бір аспектілерін қарастырады.  
Зерттеу 
барысында 
психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерге 
және 
практикаға  жасаған  талдау  білім  беру  саласындағы  басқарушылық 
проблемасының  әртүрлі  аспектілерінің  зерттелгендігін,  алайда  болашақ 
педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін зерттеу қажеттігін, сондай-ақ оның 
ғылыми  әдебиеттерде  жете  зерттелмегендігі  мен  осы  үдерісті  оқу-әдістемелік 


10
 
 
тұрғыдан қамтамасыздандыру керектігін байқатты. Ол бізге қоғам сұранысы мен 
бүгінгі  ғылым  мен  практика  арасында  мынадай  қарама-қайшылықтардың бар 
екендігін көрсетті:  
-  басқарушылық    құзыреттілігі  қалыптасқан    болашақ  педагогтарға 
қоғамның сұранысы мен оның зерттелу деңгейінің жеткіліксіздігі арасында;  
-  болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастыру  
қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің айқындалмауы арасында; 
-  жоғары  педагогикалық  оқуорындары  студенттерінің  басқарушылық 
құзыреттілігін  қалыптастырудың  мүмкіндіктері  мен  оны  жүзеге  асырудың 
ғылыми тұрғыдан негізделмеуі арасында; 
-  болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастыруды  
жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру қажеттілігі мен 
оны  іске  асырудың  әдістемелік  негіздерінің  жеткілікті  деңгейде  жасалмауы 
арасында. 
Аталған  қарама-қайшылықтар  болашақ  педагогтардың  басқарушылық 
құзыреттілігін  қалыптастыруды  теориялық  негіздеу  мен  оны  практикаға 
ендірудің  әдіс-тәсілдерін  іздестіру  зерттеудің  проблемасын  айқындады  және 
бізге  диссертациялық  жұмыстың  тақырыбын  «Болашақ  педагогтардың 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру»деп таңдауға негіз болды.  
Зерттеудің 
мақсаты:болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық 
құзыреттілігін  қалыптастыруды  теориялық  негіздеу,  әдістемесін  жасау  және 
оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттен өткізу. 
Зерттеудің  нысаны:жоғары  педагогикалық  оқу  орнының  оқу-тәрбие  
үдерісі 
Зерттеу  пәні:болашақ  педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін 
қалыптастыру 
Зерттеудің 
ғылыми 
болжамы:егер,болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың 
теориялық 
негіздері 
айқындалса, демократиялық стильдегі ізгілікті бағыттағы педагог-менеджердің 
құрылымы 
жасалып, 
сипаттамасы 
берілсе, 
болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастырудың  моделі,  әдістемесі  жасалса 
және  олар  жоғары  педагогикалық  оқу-тәрбие  үдерісіне  рефлексиялық, 
танымдық, жобалаушылық кезеңдерімен ендірілсе, онда болашақ педагогтардың 
тұлғалық  қабілеттері  мен  педагогикалық,  менеджерлік  білім,  білік,  дағдылары 
дамып, педагог-менеджердің қалыптасуына мүмкіндік туады, өйткені олардың 
басқарушылық  құзыреттілігі  мақсаттық,  технологиялық,  ұйымдастырушылық, 
өлшемдік тұрғыдан қамтамасыздандырылады.  
Зерттеудің міндеттері: 
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың 
теориялық  негіздерін  айқындау; 
- педагог-менеджер тұлғасының құрылымын анықтау және оған сипаттама 
беру; 
-  болашақ педагогтардың  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық моделін жасау; 


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау