Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет55/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74

120 
 
Кәсіптік  мектептерде  типтік  оқу  бағдарламаларының  айырмашылығы  осы 
мамандық аясындағы нақты қызметтер мен қызмет түрлерінің негізгі білімтілік 
нұсқаулары оқу мамандықтарындағы мазмұнның ерекшелігін құрайды.  
Ереже өзінің өндірістік шартындағы ерекшелігін ескере отырып кәсіпорын 
оқушыларды  даярлау  үшін  жеке  жоспарын  құрастыратын  негіздегі  оқытудың 
типтік жоспарынан тұрады. 
Нормативтік құжаттағы оқу жоспары мен бағдарламалар жылдық кестедегі 
материалдарды  беру,  оқыту  процесінің  ұзақтығы  мен  ұйымдастыру  белгілері, 
оқытудың  мақсаты,  кәсіптік  білім  берудің  мазмұнын  реттейді:  айпатаға  және 
айға  немесе  екі  және  алты  ай  арасындағы  уақытқа  шектеулер  қояды.  Оқу 
материалының мазмұны оқушыларға міндетті түрде білім беру талабы, білімге 
қатысты ең төменгі талаптарды көрсетеді. Оқытудың мазмұны мен оны жүзеге 
асырудың  тәртібі  болашақ  оқушылардың  ниетіне  қарай  кәсіптік  оқыту  үшін 
жазбаша келісім шарт жасасады. 
Өндірістегі  кәсіптік  оқытудың  сапасының  стандарты  әлеуметтік 
серіктестіктер  ұйымының  мамандарымен  тығыз  қарым-қатынас  орнатуның 
арқасында  өндірістік  оқытудың  мазмұны  мен  ең  төменгі  талаптарды  ескеріп 
отырып  қалыптастырады,  сонымен  қатар  оқу  мамандықтарындағы  негізгі 
нұсқауларын  анықтай  отырып  Федералдық  білім  және  ғылым  министрлігінің 
келісімі  аясында  Федералдық  салалық  өкілдер  министрілігінің  тиісті 
Ережесінде  қабылданған  келісім  бойынша  жүргізіледі.  Келісімсіз  Ереже 
қабылданбайды.   
Өндірістік оқытудағы типтік оқу жоспарының базасы 1/3 жалпы білім беру 
пәні  және  2/3  меңгеруге  тиісті  мамандықтарға  байланысты  кәсіптік  мектептер 
үшін  өзінің  оқу  бағдарламаларын  құрастыруда.  Олар  сабақ  жүргізудің 
әдістемелік  белгісін  құрамайды,  алайда  олардың  жүзеге  асырудың 
критерияларын анықтайды.  
Өндірістік-сауда  палатасы  бітіруші  емтиханы  мен  аралық  екі  кезеңді 
жүргізе  отырып  оқыту  процесінде  кәсіпорынды  бақылайды  және  кеңес  береді. 
Біліктілік емтиханы (тестілеу) мен емтихан талабын жүргізудің тәртібі бақылау 
сұрақтарын әзірлеу мен қабылдау аймақтық басқару органдарының (жергілікті) 
құзіреттілігінде болады және федералық деңгейде стандартталады. Бұл арқылы 
экономикада  жоғары  білікті  мамандарды  қамтамасыз  ету  мен  білім  алушы 
жастар  үшін  табысты  карьераның  негізін  қалауға  мүмкіндік  беретін  біліктілік 
емтиханнын стандаттаудың екі деңгейін қамтамасыз етеді. Оқытудың соңынан 
кейін  оқушы  жалпы  үш  аттестат  алады:  өзінің  кәсіпорындағы  ерекшелігімен 
берілетін аттестат; кәсіптік мектептен – бітірген туралы куәлік; мамандыққа ие 
болу куәлігі (біліктілік куәлігі). 
Көптеген  жұмысшыларды,  әсіресе,  орта  кәсіптік  білімі  бар  мамандардың 
біліктілігін  жұмыс  орнында  «Реттеу»  бір  жылдан  астам  уақыт  алады,  жұмыс 
беруші  қалағандай,  кемінде  үш  және  көптеген  салаларда  бес  жылға  созылады. 
1-кестені талдау және жұмыс берушілермен сұхбаттың нәтижесі  көрсеткендей, 
негізгі  мәселе  –  бітірушілерде  білім,  білік  немесе  дағдылардың  және 


121 
 
қалыптасқан  құзыреттілік  дәрежесімен  байланысты  негізгі  кәсіби  қызмет 
шеңберінде міндеттерді орындауға нақты қабілеттің болмауы. 
Қазіргі  теорияда  және  білім  беру  тәжірибесінде  құзыреттілік  пен 
модульдік тәсілдерді дамытуға келесі ерекшеліктер тән: 
- негізгі және кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға басты назар аудару ғылым 
мен тәжірибедегі перспективалық бағыт болып табылады; 
-  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  құзыреттілікті  дамыту  идеясы  барынша 
қарқынды дамып келеді; 
-  құзыреттілік  тәсіл  білім  мазмұнын  құруды  «білімнен»  –  «қызмет 
тәсіліне»  дейін  көшуді  білдіреді,  ол  мемлекеттік  білім  беру  стандарттарында 
көрініс табуы керек және қазіргі кезде көрініс тауып та отыр; 
-  құзыреттілік  тәсілді  іске  асыру  осы  көзқарас  шеңберінде  жұмыс  істей 
алатын кадрларды дайындау үшін елеулі ресурстарды бөлуді талап етеді; 
-  жоғары  білім  жүйесіндегі  «модуль»  түсінігі  (мұнда  оқу  модулі  ретіндегі 
түсінік) мен бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі (мұнда кәсіби 
модуль ретіндегі түсінік) түсінік арасындағы қарама-қайшылық; 
-  құзыреттілік  және  модульдік  тәсілдер  –  кәсіптік  білім  беру  жүйесіне 
қолданылатын құзыреттілік тәсілін технологиялық тұрғыдан тереңірек өңдеудің 
нәтижесі,  яғни  оны  БКО  мен  ОКО  жүйесінде  жүзеге  асыру  барысында 
қолдануға ыңғайлы нысаны. 
Құзыреттілік-модульдік  тәсіл  негізінде  білім  беру  стандарттары  мен  білім 
беру  бағдарламаларын  құру  стандарттар  мен  бағдарламаларды  әзірлеуші 
қызметкерлердің  білімі  мен  білігіне  сай  жұмыс  берушілердің  талаптары 
бойынша  тұрақты  кері  байланыс  ұсынады.  Кәсіби  стандарттар  болмаған  кезде 
осы  талаптар  туралы  ақпарат  екі  дереккөзден  алынуы  мүмкін:  ең  алдымен, 
еңбек  нарығын  талдау  және  екіншіден,  дағдылардың  қажеттіліктерін  талдау. 
Көрсетілген  ұстаным  құзыреттілік-модульдік  тәсілдің  мәнін  түсіну  үшін 
маңызды болып табылады. 
Алдыңғы  ережені  одан  әрі  дамыту  –  кәсіби  және  білім  беру 
стандарттарының  өзара  ұштасу  принципі.  Кәсіби  стандарттар  қызметкердің 
еңбек  нарығының  қолданыстағы  талаптарына  сәйкестігі  дәрежесін  анықтауға 
мүмкіндік  беретін  индикаторлар  жүйесін  белгілейді,  сонымен  бірге  адамның 
қалай  жасай  алатынына  сәйкес  келетін  білімдер  мен  дағдылар  түріндегі 
сипаттамалар  жиынтығын  білдіреді  және  бұл  үшін  белгілі  бір  мамандық 
бойынша  жүзеге  асыратын  іс-әрекеттерге  тән  типтік  кәсіби  критерийлердің 
белгілі  бір  жиынтығы  сипатталады.  Бұл  сипаттамалар  өз  кезегінде 
құзыреттілікке  бөлінеді.  Кәсіби  стандарт  пен  құзыреттілік  жұмыс  көлемімен 
анықталады. Кәсіби стандарттың мәні оның мазмұны сырттан алынбайды және 
жұмыс  берушілердің  пікірталастарының  нәтижесінде  пайда  болмайды.  Бұл 
мазмұн кәсіби әрекеттердің қатарына тән болып есептеледі. Кәсіби стандарттар 
осы салада нақты жұмыс істейтін барлық қызметкерлер үшін белгіленеді. 
Білім  мазмұнын  құрудағы  құзыреттілік-модульдік  тәсіл  оларды 
интеграциялау арқылы оқытудың теориялық және практикалық компоненттерін 
оңтайландыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  құзыреттілікті  меңгеру  барысында 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау