Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет63/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74

136 
 
Топтық  жұмыс.  Ұйымдастырудың  бұл  формасы  ситуациялық  әдісте, 
жобалар  әдісінде,  берілген  тақырып  бойынша  оқушылармен  әңгімелесуде 
барынша нәтижелі болады. 
Рөлдік  ойындар.  Оқу  үрдісін ұйымдастырудың  бұл  формасының  негізінде 
белгілі бір модель үшін болашақ тәжірибелік қызметті имитациялық жоспарлау 
жатыр.  Мысалы,  кәсіпорын  моделі  ретінде  әрекет  етеді.  Оқушыларға 
кәсіпорынның  түрлі  функцияларымен  (сатып  алу,  сату,  материалдық 
шығындар,  бухгалтерлік  есеп  және  т.б.)  танысу  үшін  сондай  жағдайлар 
ұсынылады.  Бұл  рөлдік  ойынның  міндеті  оқушылардың  өндірістік  процесте 
кәсіпорынның  жекелеген  функцияларының  өзара  тәуелділігін  түсіну  болып 
табылады.  Рөльдік  ойындар  әлеуметтік  білімді  жеткізу  үшін  жасалған  басқа 
әлеуметтік формаларға қарағанда аз болады. 
Рөлдік  ойындарды  өткізудің  шарты  оқушылар  арасында  осы  арнайы 
білімнің  болуына  қызмет  ету  болып  табылады.  Рөлдік  ойындардың  негізгі 
міндеті  –  оқушыларға  күрделі  өндіріс  жағдайында  дұрыс  шешім  қабылдау 
мүмкіндігін  беру.  Рөлдік  ойындарды  өткізген  кезде  мұғалім  көбінесе 
практикаға бағытталған жағдайлық, тәжірибелік әдісті пайдаланады. 
Әңгіме  (дөңгелек  үстел,дискуссия,  диспут,  дебат).  Сабақтыөткізудің  бұл 
формалары  оқушылардың  оқу  материалдарынтиімдіигеруінеықпалетедіжәне 
алынған  нәтижегеқатысты  білім  беруші  тарапынанең  аз  басқарылатын  түрі 
болып келеді . 
Германиядағы  кәсіптік  білім  беруде  негізгі  біліктіліктің  артуының 
маңыздылығымен,  кәсіби  қызметтің  кез-келген  түріне  қажетті  әдістерді 
(жағдаяттық,  бағыттаушы  мәтін  әдісі,  жобалар  әдісі,  т.б.)  және 
педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  формаларын  (топтық  жұмыс, 
рөлдік  ойындар,  әңгімелесудің  әралуан  түрлерін)  қолдану  кадрлардың 
қызығушылығы  арттырады.  Оқытудың  заманауи  әдістері  мен  формалары 
негізінде білім алушыларды оқыту  қызметінің өзін-өзі реттеу  тұжырымдамасы 
кәсіби  педагогика  саласындағы  неміс  ғалымдары  А.Шелтен,  Э.Тергарт, 
М.Штентцел, т.б. еңбектерінде құрастырылған [192]. 
Жоғарыда  айтылғандарға  жасалған  талдау  бізге  Германия  және  Қазақстан 
тәжрибесінде  кәсіби  білім  берудегі  дуальді  оқытудың  дидактикалық 
негіздемесін жасауға ықпал етті (кесте 6). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


137 
 
Кесте 6 – Германия мен Қазақстандағы кәсіби білім берудегі дуальді оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық 
негіздемесі 
 
Оқу-әдістемелік 
қамтамасыздан 
дыру 
Германия 
Қазақстан 
Заңнамалық 
құжаттар 

 
Кәсіби білім туралы Заң 

 
Кәсіби білім беруді ұйымдастыру Ережесі. 

 
ҚР Білім туралы Заңы 

 
ҚР Еңбек кодексі 23.11.2015   
 

 
жеке федералды жерге бағдарланған оқу жоспары 

 
мемлекттік оқу бағдарламалары 
Құқықтық 
бақылау 
-  өнеркәсіптік,  қолөнер,  сауда,  адвокаттық,  медицина,қоғамдық-
құқықтық корпорациялар, палаталар. 
-  мәдениет  және  Білім  министрліктері,  тиісті  федералды  жер, 
тұрақты жер комиссиялары 

 
ҚР БжҒМ 

 
Облыстық білім беру басқармасы 

 
«Самұрық Қазына» АҚ 

 
«Атамекен» Ұлттық Палатасы 
Оқыту әдістері 

 
демонстрация, қабылдау, жаттығу,  

 
проблемалық-дамытушылық  әдіс  (Фукс,  1974),практикалық  іс-
әрекеттерді  жоспарлау  арналған  рөлдік  (имитациялық)  ойындар 
(Кайзер, 1976; Леманн, 1977);  

 
жобалау  әдісі  (Фрей  1984),  пәнаралық  байланыстарды  жүзеге 
асыру (Шелц, 1986)  

 
жағдаяттық  әдіс  (Шелтон,  1988),  оқытудағы  жүйелі  ойлауды 
дамыту әдісі (Дубс, 1989),  
-  стратегиялық оқыту әдісі (Мецгер, 1989). 

 
сөздік, практикалық, көрнекілік,  

 
түсіндірмелі-иллюстрациялық,  

 
репродуктивті, проблемалық,  

 
ішінара іздену әдісі, зерттеу әдісі,  

 
бағыттаушылық әдісі, жобалау әдісі  және т.б. 
 
Оқыту 
құралдары 

 
жұмыс құралдары, нысандар, арнайы техника  

 
баспа құралдар,  

 
техникалық жұмыс құралдары, 

 
мотивациялық құралдар, телевизиялық фильм жәнет.б. 

 
оқу-зертханалық, оқу-өндірістік жабдықтар, 

 
дидактикалық техника,оқу-көрнекі құралдар,  

 
ұйымдық-педагогикалықтәрбие беру құралдары  
- (оқу-бағдарламалық құжаттар және т.б). 
Оқыту 
формалары 

 
фронталдық сабақтар,  

 
жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс,  

 
болашақ тәжірибелік іс-әрекетті жоспарлау ойындары,   

 
(имитациялық) рөлдік ойындар, әңгімелер (пікірталастар, 
диспуттар, дебаттар). 

  қарапайым (әңгіме, экскурсия, викторина, емтихан 
т.б.) 

  құрамдас (сабақ, шеберлік жарысы, мереке кеші   
т.б.), 

  кешенді (ашық есік, білім, ғылым е өндіріс күндері). 

 
теориялық оқыту, техникалық оқыту, кәсіби 
даярлықтың сабақтан тыс формалары,  

 
өздігінен білім жетілдіру 


138 
 
Кәсіптік  білім  беру  туралы  заңға  сәйкес,  дуальді  жүйеде  білім  беруші 
кадрлардың  басты  міндеті  негізінен  мыналар  болып  табылады:  «Білім  беруші 
маман білім алушыны оқытудың мақсатына жеткізу үшін қажетті дағдылар мен 
білімдерге  ие  болуын  қамтамасыз  ету  керек.  Кәсіби  даярлау  оқыту 
мақсаттарында жоспарланған мерзімде қол жеткізілетіндей етіп жүргізілуі тиіс» 
(6 Кәсіптік білім беру туралы Заң). Білім беруші кәсіби дайындықты жүргізуге 
толық  жауапты  болады.  Бұл  төмендегі  ереже  бойынша  түсіндіріледі:  «Егер 
білім  алушы  кәсіби  дайындықтың  сапасы  төмен  болғандықтан,  қорытынды 
емтиханды  тапсыра  алмаса,  бұл  жағдай  нақты  дәлелденсе,  білім  алушы 
үйретуші шебердің қызметі туралы «құзырлы органдарға» шағымдана алады. 
Білім алушы мен білім беруші тарап арасында жасалған кәсіптік білім туралы 
келісім  білім алушыланың  осындай  әрекеттерін  заңды  деп  санайды»  (&& 3,  4 
Кәсіби білім беру туралы Заң). 
Дуальді    жүйеде  оқытатын  кадрлардың  орнын  және  мәртебесін  анықтау 
үшін ең алдымен кәсіби білім беру саласындағы «білім беруші тарап»  термині 
нені түсіндіретінін анықтап алу керек. 
Өндірістегі білім беруші тарапқа келесі лауазымды тұлғалар жатады: білім 
беруші,  өндірістік  оқыту  шебері  және  кәсіби  дайындықты  жүргізуші  уәкіл.  Әр 
оқушыны  өндірісте  оқыту  үдерісінің  негізгі  бағыттарын  барынша  нақтырақ 
қарастырайық. 
ГФР  дуальді  жүйеде  «кәсіби  даярлық»  термині  Кәсіби  білім  беру  туралы 
заңға сәйкес (6/1), кәсіптік даярлауға жауапты тұлға оқытуға, оқушыға мақсатқа 
жету  үшін  қажетті  білім  мен  дағдылардың  берілуіне  қадағалау  керек  деп 
түсіндіріледі. Білім берушінің міндеттеріне кәсіптік даярлау бойынша түрлі іс-
шаралар  кіреді,  атап  айтқанда:  өндіріс  орынында  жоғары  техникалық  оқу 
орындарының  студенттерін  тәжірибеден  өткізу,  қайта  оқыту,  Білім 
алушылар/кәсіпкерлер  кәсіби  біліммен  айналыспаса,  жұмысшылардың 
біліктілігін арттыру (ережеге сай бұл орта және ірі фирмаларда өтеді), онда ол 
кәсіби дайындық міндеттерін штаттағы оқыту шеберлеріне немесе штаттан тыс 
шеберлерге тапсырады. 
8-суреттегі  сызба  әртүрлі  кәсіпорындардағы  кәсіптік  білім  беру 
үдерісіндегі  білім  алушылар  арасындағы  құзыреттілікті  бөлу  құрылымын 
білдіреді. 
Кәсіптік  білім  беру  туралы  Заңға  сәйкес,  штаттағы  шеберлер 
техникалармен  айналысатын  дуальдық  жүйедегі  білім  алушыларды  кәсіби 
даярлау үшін жеке және арнайы жарамдылыққа ие болуы керек. Компанияның 
көлеміне  және  құрылымына  байланысты  штаттағы  шеберлер  немесе  штаттан 
тыс шеберлер үшін кәсіби дайындықты жүргізуге фирма нұсқау береді. 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау