Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет58/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74

126 
 
көлемі  бойынша  бөлу  көзделеді.  Осы  нормативтік  құжатты  басшылыққа  ала 
отырып,  білім  беруші  жұмыс  орнында  кадрларды  дайындау  бойынша  арнайы 
кәсіптік білім беру бағдарламасын жасайды. 
Осылайша,  кәсіптік  оқыту  ұйымдары  туралы  Ережені  талдау  негізінде 
өндірістік  орындардағы  даярлау  қызметінің  негізгі  бағыттары  қарастырылады 
[166, c. 7]. 
Германияда  кәсіптік  білім  беруді  реттеу  туралы  нормативті  құжаттарда, 
негізінен,  кәсіптік  білім  беруді  ұйымдастыру  туралы  Ереженің  үш  түрі 
бөлінеді: 
Мамандығы жоқ мамандарды дайындау Ережесі (көп салалы мамандық, 
мысалы, теруші, байланысшы, т.б.). 
-  Мамандандырылған  кәсіби  мамандықтарға  арналған  Ережелер.  Екі 
жылдық  жалпы  білім  беретін  және  нақты  дайындықтан  өткен  соң,  мамандық 
бойынша  арнайы  мамандандыру  басталады  (мысалы,  «жалпы  жөндеу 
жұмыстары», «қозғалтқышты жөндеу» және т.б. мамандығы бар автомеханик); 
- мамандығына сатылы дайындықты қамтамасыз ету Ережесі [167,168]. 
Сатылы оқыту Кәсіби білім беру туралы Заңмен реттеледі [169, s. 42]. 
Оқудың  алғашқы  жылы  аяқталғаннан  кейін,  тиісті  мамандықтар  негізінде 
мамандықтар  бойынша  топтарға  бөлінеді  және  одан  әрі  арнайы  мамандықтар 
бойынша бөлінеді. Мұны электрик мамандығы бойынша білім беру саласының 
мысалында қарастырайық. 
1-оқу жылында – базалық электротехникалық дайындық; 2-оқу жылында 
–  мамандықты  бес  топ  бойынша  саралау;  3-оқу  жылында  көптеген 
мамандықтар  бойынша  саралау:  электромонтерден  бастап  телефон 
станциясының  электригіне  дейін.  Кәсіби  білім  беру  саласындағы  Германия 
мамандарының  пікірі  бойынша,  бұл  сатылық  даярлықтың  артықшылығы  – 
білім  алушылар  үшін  кәсіби  өсуді  таңдаудың  тиімді  мүмкіндіктерінің  болуы 
[170, s.
 15]. 
Дуальді  жүйедегі  кәсіптік  мектепте  кәсіптік  білім  берудің  дидактикалық 
негізін  жеке  федералды  жерге  бағдарланған  оқу  жоспары  құрайды.  Кейбір 
мамандықтарда  белгілі  бір  жердің  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  оқу 
бағдарламаларындағы елеулі айырмашылықтарды байқауға болады. 
1972  жылдан  бастап  федералды  жерлер  арасында  білім  беру 
бағдарламаларын  Германияның  мәдениет  және  білім  министрлігінің  тұрақты 
Конференциясында  үйлестіру  байқалады.  Мысалы,  мәдениет  және  білім 
министрлігінің  тұрақты  Конференциясының  Үйлестіру  комитетінің  негізгі 
функциясы  мемлекеттік  деңгейде  индикативтік  оқу  бағдарламалары  бар 
кәсіптік  оқытуды  ұйымдастыру  туралы  жаңадан  әзірленген  Ережемен  келісу 
болып табылады [171]. 
Көптеген  сарапшылардың  пікірінше,  кәсіптік  мектептердің  алдын-ала  оқу 
жоспарларын қайта қарау және өндіріс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру 
туралы жаңа Ережені құру кәсіпорындардағы шеберлердің әрекеттеріне сәйкес 
келмеуінен кәсіптік мектептердегі мұғалімдердің әртүрлі деңгейлері мен соның 


127 
 
салдарынан  білікті  жұмысшылардың  кәсіптік  даярлығының  әртүрлі  сапасын 
көрсетті. 
Жаңадан  қайта  қаралған  нормативтік  құжаттарда  кадрлар  даярлаудың 
маңызды міндеттерінің бірі – әлеуметтік біліктіліктерді беру, сонымен қатар 
өндірістік процесті  дербес  жоспарлау,  енгізу  және  мониторинг  жүргізу  үшін 
тыңдаушылардың  біліктілігін  арттыру.  Қазіргі  кезде  кәсіптік  білім  беруді 
ұйымдастырудың  Ережелері  мен  индикативті  оқу  бағдарламаларын  үйлестіру 
мәселесі дуальді кәсіптік білім беру жүйесінде өзекті болып табылады [172]. 
Осылайша,  сапалы  кәсіби  білім  беру  үшін  білім  беруші  (шебер)  кәсіптік 
білім  беру  мектептері  үшін  бейімдеу  бағдарламалары  туралы  білімді  және, 
тиісінше,  кәсіптік  мектептердің  мұғалімдерінің  кәсіпорында  кәсіптік  білім 
беруді ұйымдастыру туралы Ережені білу қажет. 
Кәсіби  білім  беру  шеберлері  мен  кәсіптік  лицейлердің  оқытушылары 
арасында  өзара  ақпарат  алмасу  арқылы  ғана  кәсіби  дайындықта  оңтайлы 
нәтижеге қол жеткізуге болады. 
Қазақстан  кәсіптік  мектепте  тиісті  пән  бойынша  оқыту  мазмұнын 
анықтайтын негізгі мемлекеттік құжат оқу бағдарламасы болып  табылады. 
Ол  кәсіптік-техникалық  білім  беру  міндеттерін  ескере  отырып  әзірленеді.  Оқу 
жоспары  жұмыскерлердің  кәсіптік  даярлығы  үшін  экономиканың  қазіргі 
заманғы  талаптарын  көрсететін  оқу  жоспары  мен  біліктілік  сипаттамасына 
негізделеді. 
Біліктілік 
сипаттамасы 
Бірыңғай 
тарифтік-біліктілік 
анықтамалықтарына  (БТБА)  сәйкес  жинақталған  және  белгілі  мамандық  иесі 
мен  біліктілігі  бар  жұмыскердің  негізгі  білімі,  дағдылары  мен  қабілеттерінің 
тізімін қамтиды [69, б.115]. 
Дуальді  жүйеде  өндіріс  оқыту  мен  мектептегі  оқытудың  құқықтық 
мәртебесі, 
қаржыландыру, 
құқықтық 
бақылау 
тұрғысынан 
елеулі 
айырмашылықтары  болады.  Оқытудағы  басым  рөл  оқу  кәсіпорнына  тиесілі 
болады,  яғни  кәсіптік  оқыту  кәсіби  практикамен  тікелей  байланысты  және 
кәсіпорынның  барлық  инновациялық  технологиялық  өзгерістері  уақытында 
есепке алынады және кәсіби оқытуға тез бейімделеді. 
Дуальді  жүйедегі  кәсіптік  мектеп  қосымша  функцияларды  қамтиды. 
«Кәсіби  даярлықты  ұйымдастыру  туралы  Ережені  әзірлеу  және  жариялау 
кезінде ол кеңесші дауыс беру құқығына ие болады» [173, s. 9]. 
Сонымен  қатар  емтихан  комиссиясындакемінде  кәсіптік  мектептің  бір 
мұғалімі  қамтылуы  керек.  Комиссия  құрамына  кәсіптік  білім  беру  мектебінің 
мұғаліміне  міндетті  түрде  қатысуы  «Кәсіби  білім  беру  туралы»  Заңға  сәйкес 
«қорытынды емтихан студенттің қажетті теориялық және тәжірибелік білім мен 
дағдыға  ие  болу  дәрежесін  және  тұтастай  алғанда  оқудың  бүкіл  курсына 
арналған  оқу  материалын  көрсету  үшін  жасалған»  деп  түсіндіріледі  (Кәсіби 
білім беру туралы Заң&&35, 36). 
Кәсiпорында  кәсiби  білім  беруді  құқықтық  бақылауды«құзыреттi  орган» 
жүзеге  асырады.  Бұлар,  мысалы,  өнеркәсіптік,  қолөнер,  сауда,  адвокаттық, 
медицина және қоғамдық-құқықтық корпорацияларжәне басқа палаталар. 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау