Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет51/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74

112 
 
- Кәсіптік білім беру стандартының нормативтігін қамтамасыз ету (кәсіптік 
білім берудің заңнамасы, директивті органдардың шешімі және т.б.); 
- Кәсіптік  білім  берудің  ұлттық  стандарты,  мамандықтар  номенклатурасы 
мен арнайы бағдарламалық-әдіспен қамтамасыз ету; 
- Кәсіптік  білім  беру  процесінің  құжатын  қолданысқа  енгізу  мен  келістіру 
және құрастыру; 
- Кәсіптік білім берудің сапасын бақылау жүйесі; 
- Кәсіптік  білім  берудің  сертификатына  ие  экономикалық  және  қоғамдық 
статустағы тұлға[148]. 
ГФР-ның  кәсіптік  білім  беруі  орталықтандырылмаған,  алайда  бірыңғай 
стандарттау  схемасы  аясында  жүзеге  асырылады.  Кәсіптік  оқытудың  келісім 
шарты,  «Жастарды  еңбек  шарты  негізінде  Заңды  түрде  қорғау»  аясында  оқып 
жатқан  жастарды  ерекше  сақтау  шарасы,  кәсіптік  білім  берудің 
заңнамасындағы  кәсіптік  білім  беру  статистикасы  мен  жоспарына  қатысты 
сұрақтарды  реттеу  (1981),  кәсіптік  білім  берудің  заңнамасында  қарастырылған 
(қолөнершілік  мамандықтардағы  қосымша  ереже  қолөнершілік  өндіріс 
саласында  қолданылады)  барлық  оқу  материалдары  оқушыларға  беруге 
жауапты кәсіпорын болып табылады [149]. 
Оқушыларды мамандықтар тізіміне енген дуальді форма аясында оқытуда 
тиісті ресми қабылған мамандық ғана оқытылады (қазіргі таңда 373 мамандық, 
1971 жылы 606 болған). Тізімдегі мамандықтардың саны азаюы оқытудың кему 
емес, қызметтің түрлеріне қарай әртүрлі даярлауды қарастырады.      
Тиісті Федералдық Білім және мәдениет министрілігінің Ережесіне сәйкес 
келетін  салалық  министердің  тізіміне  енген  мамандықтарға  қатысты  кәсіптік 
оқытуды  ұйымдастыру  өндірістің  әрбір  саласына  жатады.  Олар  кәсіпорында 
оқыту  үшін  міндетті  құқықтық  құжат  болып  табылады,  сонымен  қатар  келесі 
мамандықтардың атауын, оқыту уақытын, оқушылар меңгеруге тиісті білім мен 
біліктілік, оқытудың типтік оқу жоспары, емтихан талабын анықтайды. 
Мамандықтар  тізімі  –  оқыту  нұсқаулары  мен  мамандықтар  тобының 
құрамын  талап  етушісі,  мамандықтар  номенклатурасын  реттеуші  құжат  болып 
табылады.  Тізімде  ГФР-да  қалыптасқан  мамандықтардың  атауын  нақты 
қалыптастыру  мен  біліктілік  деңгейіне  анықтама  береді.  Мұндай  стандарт 
өндірістің 
даму 
процесіне 
әсер 
ете 
отырып 
еңбек 
нарығының 
тұжырымдамасына  бағынышты  болып  келетін  жетерліктей  қозғалмалы  кешен 
болып табылады [150]. 
ГФР-ның  мамандық  номенклатурасы  кәсіптік  оқытуды  ұйымдастыру 
ережесіндегі  басқа  нормативтік  маңызды  құжаттармен  жұмыс  істеу  көлемін 
анықтай  отырып  халықаралық мамандықтар  стандартының біліктілігін  ескеріп 
қалыптасады [151]. 
Осы  құжат  аясында  жұмыс  істеудің  негізгі  орны  белгілі  бір 
мамандықтардың талабына және нақты жұмыс орнының өндірістік сұранысына 
байланысты  анықталады.  Жұмысқа  кәсіпорын  сарапшылары,  әлеуметтік 
серіктестікті  ұйымдастыратын  кандидатуралар,  жұмыс  берушілер  одағы  мен 
кәсіптік 
даярлау 
бөліміндегі 
неміс 
өндірісінің 
орталық 
органның 


113 
 
кураторларықатысады.  Кіші  және  орта  кәсіпорындарының  өкілдері  ретінде 
палата  өкілдері  мен  емтихан  комиссияның  мүшелері,  жасөспірімдерге  қажет 
мамандықтарды  даярлауға  қатысты  қажетті  тәжірибеге  ие  кәсіпорынның 
тәлімгерлері  мен  кәсіптік  даярлау  бөлімінің  басшылары,  кәсіподақ  (неміс 
кәсіподағының  бірлестігі  мен  кәсіподақ  қызметкерлері)  атынан  сарапшы 
қатысады [152].  
Кәсіптік  оқытуды  ұйымдастыру  ережесі  бір  жағынан  жасөспірімдерді 
тиісті мамандыққа сай оқытудың жеке құқықтық келісім шартын жасай отырып 
қорытынды  жасау  үшін,  басқа  жағынан  кәсіпорында  оқытуды  ұйымдастыру 
мен  оның  мазмұнын  анықтау  үшін  қажет.  Ереженің  құрылымы  шынайы 
кәсіпорының шартына сәйкес оқытуға бағытталған, сондықтан нақты жағдайға, 
нақты  жұмыс  орнына  немесе  соған  сәйкес  шартқа  бағынады.  Кәсіптік 
мектептер  үшін арналған  бағдарламалар  мен  типтік  оқу  жоспарына  қарағанда, 
оқыту жүйесі үшін типтік оқу жоспардың (салалық) құрылымын құрастыруда.     
Осылайша,  кәсіпорында  кәсіптік  оқыту  кәсіптік  білім  беру  ұйымның 
Ережесіне  сәйкес  ГФР-ның  нормативтік-құқықтық  актісі  бойынша  реттеледі. 
Бұл  кәсіпорында  кәсіптік  даярлаудағы  жариялық  пен  міндеттілік  элементін 
енгізе отырып біріңғай стандарттық сападағы барлық елдің аймағында біріңғай 
кәсіптік білім беруге кепілдік береді [153].           
Кәсіптік-біліктіліктің ерекшелігі – білікті мамандықтардың педагогикалық 
және  психологиялық  ерекшелігі,  ғылыми-техникалық,  қоғамды  жүйелеуді 
біріктіретін  ресми  құжат.  Мамандықтардың  үлгісінің  сипаттамасы  болатын 
кәсіптік біліктіліктің ерекшелігі қажетті деңгейдегі білім берудің мазмұны мен 
құрылымын  анықтайды.  Сонымен  қатар,  олар  елдің  экономикасындағы  білікті 
мамандықтардың  орнын,  болашақта  оның  дамуы  мен  түрлеуі,  өндірістің 
материалдық-техникалық шарттары, еңбек қызметінің шарттары мен мазмұны, 
жалпы  білім  беру  мен  оқушыларды  кәсіптік  даярлау  талабы,  психо-
физиологиялық  талаптар  мен  медициналық  жарамдылықтың  шектеуін 
анықтайды.  Басқаша  сөзбен  айтқанда,  кәсіптік-біліктіліктің  ерекшелігі  – 
мамандықтың үлгісін сипаттайды [154]. 
Осындай  ерекшелікті  құрайтын  ГФР-ның  тәжірибесінің  сараптамасы 
көптеген прагматикасы мен ықшамын құрайды. Оларда тек қана мамандықтың 
белгілері ғана сипатталады. Біліктіліктің деңгейі  кәсіптік ерекшеліктің бейнесі 
емес.  Сол  немесе  басқада  мамандықтар  Еуропалық  Қауымдастықтың  әртүрлі 
елінде  оқу  мекемелерінің  әртүрлі  типтері  мен  деңгейлерін  даярлау  жүзеге 
асырылады [155]. 
Оқу  жоспары  мен  бағдарламалар  –  кәсіптік  білім  берудің  мазмұнын 
реттейтін  құжат.  ГФР-да  олар  Білім  және  ғылым  министрлігінің  деңгейінде 
бекітілген салалық министрліктің ғылымында құрастырылады.   
Оқу-бағдарламалық  құжаттар  жинақ  түрінде  шығарылады  және  келесі 
құжаттарға ие: 
- Аймақтағы кәсіптік мектептер үшін нұсқаулар; 
- Мамандықтың құрылымы (мамандықтың сипаттамасы); 
- Типтік оқу жоспары; 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау