114
- Оқу процесін ұйымдастыру тәртібі;
- Оқу пәнінің бағдарламасы;
- Оқытудың нәтижесін бағалау тәртібі.
Типтік оқу жоспарын тақырыптық деп атауға болады. Оқытудың
мазмұнына қарай олар оқу процесін ұйымдастыру және кәсіптік ерекшеліктің
талабына сәйкес келетін оқу мақсатын көрсете алады (қосымша А).
Типтік оқу жоспарының құрылымы оқу мамандығының ерекшелігіне
бағытталған. Оқу материалдарының мазмұны кәсіптік қызметтің түрлеріне
бағыттала отырып оқу мақсатына жетуге бағытталады. Осы талаптағы
теориялық білім ерекше аталмайды, тек қызметтің жеке түрлері ғана
біріктіріледі. Дегенмен экономиканың талабы кәсіптік оқытудағы техникалық
өзгерістер болып жатқан жағдайларға әрдайым бейімделуге мүмкіндік
жасайтын техникалық бейтарапты қалыптастырудағы оқу материалдардың
мазмұнының қарқынды өзгергенін дәлелдейді. Негізгі біліктілікке ие болу
біріктіру формасын жүзеге асырады [156].
Типтік оқу жоспары алты және екі ай аралығында немесе апта және айлық
оқу материалына ұсыныс тастау аясында ұзақтығы мен уақытына (жылдық
оқыту) қатысты мазмұннан тұрады. Уақыттың шектеулі әдістері әртүрлі оқыту
мақсатындағы бірнеше байланыстарды жүзеге асыратын өндірістік оқытудың
процесін ескереді. Оқу материалының мазмұнындағы кәсіптік оқытуды
ұйымдастыру Ережесінде оқушылар үшін ең төменгі білімге ие болуды талап
ететіні айқындалған. Кәсіпорын өзінің өндірістік мүмкіндігі мен қажеттілігіне
байланысты тиісті ең төменгі деңгейлік шектеу аясынан шығу құқығына ие,
алайда Ережеде көрсетілген ең төменгі талапқа бағыну керек.
Кез-келген кәсіпорын кәсіптік оқытуды ұйымдастыру процесі мен даралық
құрылымның талабы арқасында ерекшеленеді. Ереже оқытудың мазмұнындағы
жеке тақырыптар мен бөлімдерді оқу уақытына бөлу, типтік оқу жоспарына
сәйкес өзінің оқыту бағдарламасын құрастыруда нақты өндірістік жағдайды
ескере отырып кәсіпорын оның иілгіш болуына мүмкіндік жасайды.
Оқытудың мазмұны мен оны жүзеге асырудың тәртібі оқуға қабылдау
кезінде жасалған өтінішін анықтай отырып оқушының болашақтағы ниетін
ескере келе кәсіптік білім берудің тиісті заңнамасындағы оқушыларды кәсіптік
оқыту мен кәсіпорын арасында жасалған келісім шартын бекітеді. Тиісті
заңнамалық келісім шарт жазбаша түрде жасалады және өндірістік-сауда,
қолөнершілік немесе басқа палатада тіркеледі.
Келісім шарт келесі тармақтардан тұрады:
- Оқытудың уақыты, оның мазмұндық құрылымы, кәсіптік білім берудің
мақсаты мен түрлері;
- Кәсіптік оқытудың ұзақтығы мен басталуы;
- Оқу мекемесінен тыс жүргізілетін кәсіптік даярлаудың іс-шаралары;
- Күнделікті жұмыс күнінің ұзақтығы;
- Сынақ мерзімі;
- Сыйақы мөлшері мен төлем;
- Демалыстың ұзақтығы;
115
- Кәсіптік оқытудың келісім шартын бұзу мүмкіндігінің шарттары.
Тиісті типтік оқу бағдарламалары мен кәсіптік білім беруді ұйымдастыру
Ережесінде құрастырылған міндеттілік пен жариялық принципінің таралуы
үшін жергілікті федералдыққа кіретін мәдениет министрі, жалдамалы
жұмысшы мен жұмыс беруші, федералдық үкіметпен ынтымақтастық
шеңберінде жүзеге асатын ерекше рәсімді анықтайды. Кәсіптік білім берудің
федералдық институтындағы соңғы зерттеулердің мәселесі мен тиісті салалық
министрлігінің өкімі бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру ережесінің
жобасы ГФР-дағы сарапшылармен бірге кәсіптік білім беруді құрастыруда
[157].
Типтік оқу жоспарын қабылдау кәсіпорындар мен кәсіптік мектептердің
Ережесін қарастыра отырып өзгерген жаңа талаптар аясында жылдың соңында
даярлануды жүзеге асырады. Әдетте әзірлеменің ұзақтығы мен 2 жылда осы
ережені келістіру оқушылардың санына байланысты. Уақыттың шығындары
білікті өскелең ұрпақты экономикалық қамтамасыз ете отырып кәсіптік білім
берудің маңызы болып табылады.
Мамандардың есептеуі бойынша осы уақыт аралығында алғашқы
тәжірибелік жинақталудың ұйымдық-техникалық, экономикалық және
қоғамдық өзгерістердің ережесіндегі талаптардың тиісті ең төменгі бақылау
мерзімі
бес
жылдық
болып
саналады.
Кеңселік
қызметкерлердің
мамандықтарына байланысты оқу бағдарламаларын бағыттылығын жүзеге
асыруы мысал ретінде Бавария мен Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі
салыстырмалы кестесі ұсынылған (қосымша Б).
Кәсіптік білім беру процесіне қатысушылардың барлығы айтуынша
нормативтік-құқықтың актінің маңызы оны жүзеге асыруда шешуші рөл
ойнайды. Осы актігі сәйкес өндірістегі кәсіптік оқытудың сапасы тиісті
Ережеде қабылданған Федеративтк Білім және мәдениет министрлігінің
келісімі
негізінде
салалық
Федеративтік
министрлігің
үкіметімен
ынтымақтастық орнатады.
Кәсіптік оқытудың ұйымдастыру Ережесін қабылдаудан бұрын жұмыс
берушілер мен кәсіподықтан қорытынды пікірлер сұрастырылады, сондай-ақ
құжатқа жауапты ұжымды қамтамасыз етеді [158].
Жергілікті сарапшылардың Ережесінде аталған қосалқы әзірлемелер
(кәсіптік мектептің оқытушылары) кәсіптік оқытуға қатысты кәсіптік мектептер
үшін типтік оқу бағдарламаларын құрастыруда. Жалпы білім беру пәні
бойынша (оқу пәнін таңдау) Білім министрлігінің Конференциясы (БМК)
ұсыныстар бермейді.
Германияда кәсіптік оқытудың басқа формасында толық оқу аптасы бар
екендігін айта кету керек (дуальдіқ формадан тыс), біріншіден, денсаулық
сақтау саласындағы кәсіптік мектептер, үй шаруашылығы немесе әлеуметтік
саладағы мамандықтар, коммерциялық қызметтердің түлектері арнайы
мектептерге бағытталған [159].
Кәсіптік мектептердегі дуальдіқ форманы оқыту кәсіпорындарда
жүргізіледі. Оқушының міндеті оқытудағы мектептің әрбір жергілікті
Достарыңызбен бөлісу: |