116
заңнамасы негізіндегі кәсіптік мектептерге бару болып табылады. Кәсіптік
мектептерде оқытудың міндетіне кіреді: кәсіптік циклдағы пәннің білімін
тереңдету; жалпы білім беру цикліндегі пәннің қажетті білім көлемін меңгеру.
Шамамен 40% жалпы білім беру мен 60% кәсіптік циклдағы пән кәсіптік
училищелердегі уақытқа негізделеді.
Типтік оқу бағдарламаларыжергілікті деңгейіндегі кәсіптік мектептердің
біріңғай білім беруін қамтамасыз етеді. Бұл бағдарлама ұсынылады – Білім
министрлігі Конференциясының хатшылығы тарапынан [160].
Типтік оқу бағдарламаларының айырмашылығы, біріншіден, ықшам,
екіншіден, оқытудың сапасын талап етеді. Төменде неміс типтік
бағдарламасының формасы ұсынылған (қосымша В).
Белгілі бір мамандықтарды оқытуды қайта қарастыруда типтік оқу
бағдарламарының әзірленуін бақылайтын 16 жергілікті мәдени министрілігінің
коммиссиясының әрдайым дауыс беруімен ұсынылады.
Тиісті федералдық мектеп жүйесі жергілікті федералдың типтік оқу
жоспарының базасында кәсіптік мектептер үшін өзінің оқу бағдарламаларын
құрастыруда [161].
70 жылдары БМК типтік оқу бағдарламасының негізінде бағдарламалық –
әдістемелік атауына келісім жасалды. Олар сабақ жүргізудің әдістемелік
белгісіндегі мазмұнын құрамайды. 1991 жылы БМК белгілі бер критерияларды
талап ететін кәсіптік мектептердің келесімін қабылдады. Типтік оқу
бағдарламаларында анықталғандар:
- Кәсіптік мектептің құрылымы, мақсаты, міндеті;
- Оқытудың ұзақтығы мен мектеп білімінің міндеттілігі;
- Мамандандырылған сыныптардың болуы;
- Оқу жоспары мен оқу бағдарламалары, сабақтың көлемі;
- Кәсіптік мектепті аяқтағаны жөнінде куәлік және аттестат;
- Кәсіптік мектептің құқығы [162].
Барлық Федерация үшін біріңғай кәсіптік мектептердің типтік оқу
бағдарламасы әзірленген, алайда міндетте болмасада, ұсынушылық сипатқа ие.
Жергіліктінің міндеті осы ұсыныстарды типтік оқу бағдарламаларына енгізу
болып табылады.
Типтік оқу жоспары мен бағдарламасының мазмұны келесі:
- Алдын-ала жалпы ескертулер;
- Оқытылып жатқан материалдардың құрылымы мен оны сағатқа бөлу;
- Білімнің жекелеген саласы бойынша алдын-ала арнайы ескерту;
- Жекелеген бөлімдерден білім саласын бөлу;
- Оқу материалдары мен оқу мақсатын білім саласында нақтылау.
Типтік оқу бағдарламаны жүзеге асыру нақты жерлердегі тиісті
шарттардың аясында іске асады. Олардың көмегімен кәсіптік оқытуды жүзеге
асыру үшін қызметкерлердің еңбек ақысының шығындарын есептеседі. Оқу
материалдары мен құралдары, жиһаз, қажетті жабдықтарды сатып алу, мектеп
ғимаратын кеңейту мен құрылысына қажетті қаржылық шығындарды өтеу үшін
117
қаржы министрлігінде оқу жоспары мен бағдарламасы келісілген қажеттіліктен
туындайды.
Шет елдердегі кәсіптік білім берудің стандартын сақтау мен кәсіптік
даярлаудың сапасын бақылаудың тиімділі үшін біліктілік емтиханын қабылдау
арқылы әртүрлі ұйымдар құрылуда (комиссиялар, комитеттер). Комиссияның
құрамына
жұмысшылардың
өкілдері,
кәсіподақ,
оқу
мекемелерінің
оқытушылары кіреді. Комиссияның қызметі Комиссияның қызметі Федералдық
заңнаманы реттейді. ГФР-дағы барлық жерлердегі кәсіптік білім берудің
басқару жүйесінің емтихан талаптары біріңғай бірдей (орталықтанған -
орталықтанбаған).
Біліктілік емтиханы екі кезеңнен жүзеге асырылатынын атап айту керек.
Алдымен аралық емтихан болады, мақсаты емтихан тапсырушының білім
деңгейін анықтау. Ол екінші жарты жылдықтың соңында жүргізіледі және
оқытудағы 18 айдың бірінші мазмұнын қамтиды. Емтихан тапсырушы алдын
оқытылған материалдың негізінде құрылымдалған мазмұндағы тапсырмаларды
180 минут ішінде жазбаша формада орындау тиіс.
Комиссияның шешіміне сәйкес жазбаша емтиханына ауызша пәннен
емтихан жеке қосылады (егер ол емтихан тапсыру үшін шешуші мәнге ие
болса), алайда оның маңызы жазбашадан төмен болады. Жеті сағаттан
аспайтын білім алушының тәжірибелік даярлықтың нәтижесін тексеру үшін ол
ұсынылған тапсырманы бөлшегіне дейін даярлау қажет. Оқытудың соңынан
кейін 14 сағаттан аспайтын күрделілігі жоғары тапсырмаларды мерзіміне сай
орындау қажет емтихан сұрақтарының бөлшектерін даярлау мен жазбаша
жұмыстарды қарастыратын бітіруші емтиханы өткізіледі [235].
Біліктілік емтиханын (тестілеу) өткізу тәртібі мен емтихан талаптары
федералдық деңгейде стандартталады. Емтихан сұрақтарына келетін болсақ
(тапсырма, тесттер) оларды даярлау мен қабылдау аймақтық жергілікті басқару
органдарының құзіреттілігінде болады.
Осылайша, ГФР-да біліктілік емтиханын стандарттаудың екі деңгейлік
орны бар. Елдің экономикалық табыстылығы негізінде оқушылардың білімі мен
дағдыларын ескере отырып кәсіптік оқуты екі мақсатты көздейді: оқытылып
жатқан жастар үшін табысты карьераның негізін қалау мен экономиканы
жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.
Оқытудың соңынан кейін оқушы жалпы үш аттестат алады: болашақтағы
жұмысына қатысты мамандықпен жұмыс істеудің маңызы болатын
кәсіпорының ерекшелігімен берілетін аттестат; кәсіптік мектеп – оқытудың
барлық кезеңіндегі үлгерімін көрсететін бітірген туралы куәлік; үшінші куәлік
– жұмысқа көрсететін мамандықтың тиісті талабына сәйкес келетін
коммерциялық қызметкер мен болашақ білікті жұмысшыға берілетін мамандық
(біліктілік куәлігі) [163].
Егер біліктілік куәлігі бейтарап жағынан оқушылардың білімін базалық
таңдау арқылы тексеріліп берілсе («білім алушылар емтихан тапсырмайды»
принципінде), қалған екі құжат (білім беруші кәсіпорын мен мектеп) оқытушы
мен тәлімгер аралық ерекшелік мен үлгірім бағасына сүйенеді («кім оқиды, сол
Достарыңызбен бөлісу: |