109
Сурет 7 - Кәсіби білім беруде дуальді оқытуға қатысушы субьект- обьекттердің
өзара әрекеттесуі
Мұндай сызбада екі әртүрлі мазмұнды процесс көрсетілген – оқытушылар
мен студенттердің тұлғалық-кәсіптік құзіреттілігін үздіксіз дамыту, бір
жағынан мамандардың тұлғалық-кәсіптік құзіреттілігін үздіксіз дамыту,
басқа жағынан дуальдіқ жүйе аясында олардың біріңғай әдістемелік және
тұжырымдамалық-теориялық негізді біріктіретін біріңғай процесті түрлендіру
қызметіндегі ұсынысты айтуға болады.
Біліктілікті көтеру жүйесі аясындағы білім беру саласы, мамандардың
инженерлік қызметі негізінде алынған кәсіптік тәжірибе, ғылыми-
педагогикалық және педагогикалық тәжірибе арқылы педагогикалық қызмет
түрленеді.
Педагогтың инженерлік-педагогикалық қызметіндегі жоғары оқу орнының
студенттерін кәсіптік даярлау процесі «студент – маман - кәсіпқой» түрінде
түрленетін маман-инженердің тұлғалық-кәсіптік құзіреттілігін үздіксіз
дамытудың бастамасы ретінде студенттердің танымдық қызметін өзгертеді.
Мұндай процесс қызметтің түрленуіне септігін тигізеді: танымдық (оқу) -
тәжірибелі-бағыттылық (оқу-өндірістік); содан кейін кәсіптік тәжірибеде
жинақталған негізді тұлғалық-кәсіптік құзіретке түрлендіру арқылы өндіріс
саласы инженерлік-өндірістік - тәжірибелік-бағыттылық саласына ұласады
[144].
практика
ОҚЫТУШЫ
Оқу орны
ТЕОРИЯ
Тапсырыс беруші
Білім беру кеңістігі
Әдіскер
Әдістемелік
қамтамасыздандыру
ОӘО
Кәсіптік
стандарт
Кәсіпорын
110
Тұжырымдамалық модельдегі тұлғалық-нәтижелік деңгей кәсіптік
құзіреттілік пен терминдені кілттік құзіреттіліктегі мамандардың моделін
жүзеге асыруды ұсынатын мамандықтарға ие болатын ерекшеліктер мен
тұлғалық сапалардың кәсіби бірлестігі ретінде білім берудің нәтижесін
субъективті бейнелейді.
Барлық кәсіптік мектептерде жалпы білім беретін және профилді
пәндерден сабақ өтетін аудиторияларымен қатар, практикалық сабақтарға
арналған лабораториялар мен шеберханалар да бар. Онда практик мұғалімдер
жұмыс істейді. Бұл лауазым да кәсіптік білім беруде сәйкес саланың шебері
атағын алу үшін емтихан тапсырудыталап етеді.
111
3 КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
3.1 Кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарты –дуальді оқытудың
құқықтық негізі
ГФР мен бірқатар шет елдерде біліктіжұмысшы күшін даярлаудағы
мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып табылады. Осы мәселенің шешімін табу
мақсатында және олардытиісті кәсіптік деңгейде сапалы даярлауға кепілдік
беретін тұтастай құжаттың кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартын жасау
қажеттігі туындайды.
ГФР-ның кәсіптік білім беруі екі тұлғалық заңнамалық құзіреттілігіне ие:
мемлекет территориялық бірлестіктің тұлғасы (палата) және жергілікті
(аумақтық) билік органдары (жергілікті мәдениет министрлігінде). Өндірістік-
сауда палатасы кәсіптік оқытудың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Дегенмен, Федералдық үкімет кәсіптік білім беруді басқарудағы құрылымында
маңызды рөл ойнайды. Кәсіптік білім берудегі дуальді оқыту толық басқару
мүмкіндігіне ие болмайынша, мемлекет заңнамалық және қаржыландыру
тетігін қолдануға талпынады. Кәсіби білім берудің жалпы құрылымдық
жүйесіжұмыс берушілер мен кәсіподақ, жергілікті үкімет, муниципалдық және
жергелікті (аймақтық) деңгейдегі федералдық үкіметті қаржыландыру мен
басқару жүйесіне жауапты, тиісті кәсіптік білім берудің заңнамасы арқылы
анықталады [145].
Кәсіпорындағы кәсіптік оқыту кәсіпкерлердің бақылауымен жүзеге асады
(мемлекет кәсіптік білім берудің жалпы негізін анықтайды) [146]. Кәсіптік
оқытудағы дуальдіқ форма жұмыс орнындағы уақытымен тығыз байланысты.
Федералдық Білім және ғылым министерлігінің кәсіптік білім берудің
федералдық институты кәсіптік білім беру жүйесіндегі стандарттыжасау үшін
өндірістің әртүрлі саласындағы мамандардың жұмысшы тобын құрайды
(кәсіпкерлер одағынан). Институт жеке мамандықтар тобындағы оқу-
бағдарламалық кешеннің стандартын құрастырады, оған кіретіндер:
- Мамандықтар құрылымының нұсқауы;
- Жаңа және ескі мамандықтардың жүйелік тізімі мен қысқаша
түсініктемелері;
- Мамандықтың сипаттамасы;
- Тиісті мамандықты қамтамасыз ететін қаулының мәтіні;
- Емтихан өткізудің механизмі.
Кәсіптік білім берудің стандарты халықаралық талаптарға жауап береді,
біріншіден, халықаралық еңбек нарығына қатысу мүмкіндігі мен Еуропалық
Қауымдастық шеңберіндегі баламасын қамтамасыз етеді, екіншіден, оқыту
мекемесіндегі жұмыстың тиімділігі мен бақылау жүйесін реттейтін білім
берудегі сапалық шартын көтереді [147].
ГФР-дағы кәсіптік білім берудің стандартын талдау кезінде келесі
мазмұндық бөлігі зерттелді:
Достарыңызбен бөлісу: |