40
Біздің жүргізген зерттеуімізде қолөнер мамандығы негізінде кәсіптік
оқытудың дуальді формасының қалыптасуын және оның өндірістік
кәсіпорындық амалы жағдайында дамуын зерделеуге, педагогикалық үрдісте
оқытушы персоналдың (шәкірттікте қолөнер шебері, ал кәсіпорында өндіріс
шебері) рөлін бағалауға талпыныс жасалды. Жоғарыда айтылғанды сараптай
келе келесідей қорытынды жасауға болады:
1) мамандыққа дайындаудың қолөнерлік формасы дуальді оқыту
дамуының бастамасы болды. Оның еңбекті ұйымдастырудың қолөнерлік
формасы неміс халқының тарихи рухани дәстүрлерімен тығыз байланысты
пайда болды. Оқытудың қолөнерлік формасына тән нәрсе –шәкірттің
мамандығының құндылықтары мен дәстүрлі құрылымын иерархиясын сақтай
отырып өндірістік жүйеге тез әрі үйлесімді интеграциялануға ұмтылуы, осы
жүйенің бір бөлігіне айналу, өзара қарым-қатынастар орнату;
2) қолөнер цехтарында дуальді оқыту шебердің бақылауымен дамыды. ХІІ
және ХІІІ ғасырдың өзінде-ақ мұндай оқыту сол кезеңнің әлеуметтік
серіктестерінің - кәсіптік-сословиелік ұйымдардың - бақылауында болды
және олар «сайлау органдары» немесе «ақсақалдар кеңесі» құрастырған
ережелер мен қаулыларға сүйеніп реттеп отырды. Соларға сәйкес қоғамдық
өмірде қолөнер мен сауда айрықша құқыққа ие болды. Алайда
индустриализацияның өсуімен жастарды еңбекке баулу өндірісте, ал кейінірек
халық шаруашылығының барлық салаларында өрбіді. Дейтұрғанмен, дуальді
оқыту шын мәнінде ХІХ ғасырдың басынан, кәсіптік оқытуға кәсіптік
мектептер қосылған сәттен бастап басталды.
3) қосарланған оқу-өндірістік орта ретінде кәсіби білім беру жүйесінде
дуальді оқытудың пайда болуы мен дамуы тарихи-экономикалық және
әлеуметтік педагогикалық алғы шарттар кешеніне байланысты болды.
Тарихи-экономикалық алғышарттар:
- Орта ғасырларда Германия экономикасының дамуы. Тауар-ақша
қатынастарының етек алуы;
- қалаларында өзін-өзі басқаруға қатысты артықшылықтардың пайда болуы
(жеке бас бостандығы, қалалық заң және т.б.);
- қолөнершілердің өндіріс құралдарының жеке меншікке айналуы;
шеберханалардың дамуы;
- 1871 жылдың қаңтарында неміс империясының құрылуы герман
мемлекеттерін біріктірілуі;
- XIX ғасырдың соңында Германияның әлемдегі екінші индустриалды
қуатты мемлекетке айналуы.
Әлеуметтік, педагогикалық алғышарттар:
1) қолөнерді үйрену, шеберханада жұмыс істеу, мамандану арқылы
әлеуметтік рөлге ену;
2) «шеберлікке үйрету» цехтарының қатаң жарғыларына сәйкес келуі,
үйренуші – шебер шәкірті – шебер сұлбасымен классикалық үлгінің жүзеге
асырылуы;
41
3) Штайн-Гарденберг реформаларының қолөнер шеберлігін дамытуға
мүмкіндік беруі
4) «қолөнер» және «өнеркәсіп» санаттарының өрбуі;
5) Діни жексенбілік мектептерде кәсіби білім берілуі;
6) Кеңес өкіметі жылдарында жаңа қоғамның құрылысшысы қасиеттерін
тәрбиелеу мәселесінің қойылуы
7) «үйренуші – шебер шәкірті – шебер» кәсіптік білім беру жүйесіндегі
классикалық иерархиялық модельдің «шебер» және «цех құрылғысы»
ұғымдарына ауысуы
8) Р.Оуэннің зауытта жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін кешкі
мектептерді құру тәжірибесі
9) К.Маркс коммунистік қоғамның жас ұрпағын тәрбиелеу жүйесі
10) дуальді жүйедегі кәсіптік мектептің жалпы білім беретін мектептің
функцияларының бір бөлігін алуы, жалпыға ортақ пәндердің оқытылуы (саясат
пен экономика сабақтары, ана тілі және дін).
11) XIX ғасырдың басында Пруссияда 1806-1810/11 жылдары цехтық
жарғылардың жойылуы және қолөнершілер/кәсіпкерлер еркіндігі туралы
Ереженің енгізілуі, зауыттар мен фабрикалардың қарқынды дамуы өндірістен
тыс кәсіпорын ретінде басталған алғашқы неміс мемлекетінің болуы
12) Көптеген ірі кәсіпорындарда кәсіптік оқыту үшін арнайы бөлімдердің
құрылуы. Білім алушының жұмыс орны «қалыпты өндірістік процеске»
біріктірілуі. өндірістік оқыту шеберінің позициясы кәсіпорынның көлеміне
және оқыту өткізілген мамандықтың сипатына байланысты анықталуы
13) Қолөнер шеберлерінің басшылығымен «қарап ал – қайтала –
машықтан»қағидаты бойынша имитациялау әдістерінің өте сапасыз болуы,
жаңа өндірістік процестерді орындауға теориялық білімдердің қажет болуы
14) 1974 жылғы Жалпы Жер туралы заң «Оқушы болғысы келетіндер
цехтарға тіркелу керек» деген кәсіптік білім беру тұжырымдамасының
бекітілуі.
Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесіндегі дуальді оқытудың бастаулары
да қазақ халқы қолөнері кәсіпшілігінің дамуынан өрбиді. Бұл туралы біз келесі
1.2 параграфында баяндаймыз.
1.2 Қазақ халқы қолөнерінде шәкірт тәрбиелеу жүйесі – дуальді оқыту
бастауларының негізі
Алдыңғы 1.1 параграфта Германияның кәсіби білім беру жүйесінде
қалыптасып, дамып отырған дуальді оқыту жүйесінің негізі Орта ғасыр
дәуірінде қолөнердің, қолөнер шеберлігінің дамуымен пайда болғанын негіздеп,
мазмұндадық. Ал осы 1.2 параграфында Қазақстан жерінде қолөнер
кәсіпшілігінің дамуымен қатар пайда болған шәкірт тәрбиелеу дәстүрінің
кәсіптік оқытудағы дуальділіктің бастауларына саятынын нақты
дәлелдермен негіздеуге талпындық.
Ертеде қолөнер кәсібін таңдаған әке мен шешенің кәсіпшілігін ұлы мен
қызы, немерелері мен шөберелері жалғастырған. Қазақ халқында «аталық
Достарыңызбен бөлісу: |