«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет1/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


Источник: ИС Параграф WWW 

http://online.zakon.kz

 

 

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын 



бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1509 Қаулысы 

  

 «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі 



Заңының 

4-бабының  14)  тармақшасына

  сәйкес  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1.  Қоса  беріліп  отырған  Электр  қондырғыларын  пайдалану  кезіндегі  қауіпсіздік 

техникасы 

қағидалары

 бекітілсін. 

2.  Осы  қаулы  алғашқы  ресми 

жарияланған

  күнінен  бастап  күнтізбелік  он  күн  ӛткен 

соң қолданысқа енгізіледі. 

  

  



Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі  

  

С. Ахметов 

  

Қазақстан Республикасы 



Үкіметінің 

2012 жылғы 29 қарашадағы 

№ 1509 

қаулысымен



 

бекітілген 



  

  

Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы 

қағидалары 

  

1. Жалпы ережелер 

  

1. Осы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары 

(бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 

жылғы 9 шілдедегі  Заңының 

4-бабының 14)  тармақшасына

  сәйкес  әзірленді  және  электр 

қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы тәртібін айқындайды. 

2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы электр қондырғыларын 

және  қайта  жаңғыртылатын  электр  станцияларын,  электр  және  жылу  желілерін 

пайдалануға,  жӛндеуге,  монтаждауға,  реттеуге  және  сынауға  байланысты  персоналына 

қолданылады. 

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) II, III және ӛзге тобы бар жұмыскер - электр қауіпсіздігі бойынша II, III және ӛзге 

тобынан тӛмен емес жұмыскер; 

2)  бригада  (наряд  немесе  нұсқау  бойынша)  -  жұмыс  атқарушыны  немесе 

бақылаушыны қоса алғанда құрамында екі немесе одан кӛп адам бар бригада; 

3)  электр  жеткізудің  әуе  желілері  -  ашық  ауада  орналасқан  және  инженерлік 

құрылыстарда  (кӛпірлер,  жол  ӛтпелері  және  басқалары)  тіреуіштеріне  немесе 

кронштейндеріне және бағандарына оқшаулағыштар мен арматуралар арқылы бекітілген 

сымдар бойынша электр энергиясын беруге арналған құралдар; 

4)  бағытталған  кернеу  астындағы  әуе  желісі  -  жалпы  ұзындығы  2  километрден  кем 

болмайтын  ӘЖ  және  барлық  ұзындық  бойымен  немесе  жеке  бӛлімшелеріне  ось 

қашықтықта 110 киловольт және одан жоғары кернеумен ӛтетін ӘЖ және ӘЖС, м: 

110 киловольтты ӘЖ үшін........................... 100 

220 киловольтты ӘЖ үшін........................... 150 



500 киловольтты ӘЖ үшін ........................... 200 

1150 киловольтты ӘЖ үшін ........................... 250 

5)  қайталама  (кӛмекші)  тізбек  -  электр  станцияларының  (қосалқы  станцияларының) 

басқару  құралдары  мен  құрылғыларын,  автоматикасын,  ӛлшемін,  қорғанышы  мен 

дабылын байланыстыратын электр сымдары мен қысқыштар қатарының жиынтығы; 

6)  алғашқы  рет  рұқсат  беру  -  наряд  немесе  нұсқау  бойынша  жұмысқа  алғаш  рет 

рұқсат беру; 

7)  қайта  рұқсат  беру  -  наряд  бойынша  бұрын  жұмыстар  жүргізілген  жұмыс  орнына 

қайта рұқсат беру; 

8)  электр  ӛрісіне  әсер  ететін  аймақ  -  электр  ӛрісінің  кернеуі  5  киловольт/метрден 

асатын кеңістік; 

9)  экрандау  аймағы  -  электр  ӛрісті  ғимараттар  мен  имараттарына,  сонымен  қатар 

жерге тұйықталған металл конструкцияларына, жабдықтардың іргетастарына, күш беретін 

трансформаторлар мен электр ӛрісінің кернеуі 5 киловольт/метрден аспайтын ірі аумақты 

объектілерге жақын орналасқан кеңістік; 

10)  коммутациялық  аппарат  -  электр  тізбектерінің  коммутациясы  мен  тоқ  жүргізуге 

(ажыратқыш,  жүктеме  ажыратқышы,  бӛлгіш,  айырғыш,  автомат,  ӛшіргіш,  пакеттік 

ажыратқыш, сақтандырғыш және ӛзгелері) арналған электр аппараты; 

11) жүк кӛтергіш машиналар - крандардың барлық түрі, кран-экскаваторлар (арқанға 

ілінген  ілгекпен  жұмыс  істеуге  арналған  экскаваторлар),  жүк  кӛтергіш,  жүк  пен 

адамдарды кӛтеруге арналған жүкшығыр; 

12)  механизмдер  -  гидравликалық  кӛтергіштер,  телескоптық  мұнаралар, 

экскаваторлар,  тракторлар,  автотиегіштер,  бұрғылау-кран  машиналары,  механикалық 

жетекті жылжымалы баспалдақтар және ӛзгелері; 

13) бұрмаланбаған электр ӛрісінің кернеуі - жұмыс процесінде адамның болуы қажет 

аймақпен айқындалатын адамның қатысуымен бұрмаланбаған электр ӛрісінің кернеуі; 

14) рұқсаттама-наряд (наряд) - оның мазмұнын, орнын, басталу мен аяқталу уақытын, 

қажетті қауіпсіздік шараларын, қауіпсіз жұмыс жасауға жауапты бригаданың құрамы мен 

адамдарын  айқындайтын  жұмысты  қауіпсіз  орындауға  арналған,  арнайы  бланкідегі 

нұсқау; 


15) электр беретін әуе желілерін және байланыс әуе желілерін күзету аймағы - шеткі 

ӛткізгіштерден  бастап  желінің  екі  жағында  бойлай  орналасқан  ауытқусыз  жағдайында 

болатын  сызықтық  жазықтықпен  шектелген  әуе  желілерінің  аймағы  (бұдан  әрі  -  ӘЖ) 

бойынша жер телімі және әуе кеңістіктер түрінде, м; 

кернеуі 1 киловольтқа дейін ӘЖ және БӘЖ үшін...........................2 

1-20 киловольт болатын ӘЖ үшін...........................10 

35 киловольт болатын ӘЖ үшін........................... 15 

110 киловольт болатын ӘЖ үшін ........................... 20 

220 киловольт болатын ӘЖ үшін ........................... 25 

500 киловольт болатын ӘЖ үшін........................... 30 

Шеткі  ӛткізгіштерден  басталатын  екі  желіні  бойлай  орналасқан  ауытқусыз 

жағдайында болатын тік жазықтықпен шектелген су  қоймаларының үстінен әуе кеңістігі 

түрінде су қоймаларымен (ӛзендер, арналар, кӛлдер және тағы басқа) ӛтетін ӘЖ ауысуы 

бойының  аймағы  кемелер  жүретін  ұзындығы  100  метр  су  қоймалары  үшін,  кемелер 

жүрмейтін  су  қоймалары  үшін  бойлайтын  күзет  аймақтарын  орнатуға  ескертілген 

құрлықтан ӛтетін ӘЖ; 

16) кәбілдік электр беру желілерін және кәбілдік байланыс желілерінің күзет аймағы - 

тік жазықтық пен шектелген, кәбілдік желінің (бұдан әрі - КЖ) жерастын бойлайтын жер 

телімі,  КЖ  арналған  екі  жағынан  желі  шеткі  кәбілдің  арасы  1  метр  және  2  метр  кәбілді 

байланыс желілері (бұдан әрі - КБЖ); 

17)  әкімшілік-техникалық  персонал  -  жетекшілер,  қызмет  және  бірлестіктер 

бӛлімдерінің  басшылары,  кәсіпорындар,  цехтар,  зертханалар,  аудандар  және  электр 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау