205. Ажыратқышы бар арбаны басқару және қорғау мақсатында жұмыс атқаруын
сынап кӛру үшін бақылау қалпына орнату тӛменгі жағдайларда рұқсат етіледі: КТҚ-нан
тыс ӘЖ және КЖ-дан шығатын жұмыс кезінде немесе оларға қосылған жабдықтар жүзеге
асырылмаған немесе КТҚ шкафында жерге тұйықтау жүргізілген жағдайларда ӛткізіледі.
206. Вакуумды ажыратқыштармен жабдықталған ТҚ-дың ішінде доғасӛндіргіш
камераны 20 кВ-тан жоғары амплитудалық кернеумен сынақтан ӛткізгенде пайда болатын
рентген сәулелерінен қызметкерлерді қорғау мақсатында арнайы экранды қолдану қажет.
207. Сығымдағыш құрылғыларға және электр қондырғылардағы ауа жинағыштарға
қызмет кӛрсететін жұмыскерлерде III-топ болу керек.
Релелік қорғау және электравтоматика құрылғылары, өлшеу құралдары
208. Тоқтың ӛлшеуіш трансформаторларының екінші реттік орамаға қосылған тізбекті
үзуге рұқсат етілмейді.
Ӛлшеу құралдарындағы, релелік аппаратурадағы тоқ тізбегін және басқа да тоқ
трансформаторының екінші реттік орамасының тізбегін үзу қажет болған жағдайда осы
үшін арнайы арналған қыспақпен немесе сынау блоктарының кӛмегімен алдын ала
қысқартылады.
Екінші реттік тізбекте тоқ трансформаторлары мен белгіленген қысқатұйықтауыш
арасында жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді, ӛйткені ол тізбектің ажырауына әкеліп
соғады.
209. Екінші реттік құрылғылар мен кернеу трансформаторларының тізбегінде
кернеуді ӛзге кӛздерден беріп жұмыс істеген кезде кері түрлендіру мүмкіндігін
болдырмайтын шаралар қабылданады.
210. Релелік қорғаныс және электравтоматика құрылғыларында жүргізілетін
жұмыстар «Ұйымдастыру іс-шаралары» 3-тарауының талаптарына сәйкес орындалады.
211. Энергиямен жабдықтау ұйымдарының персоналы есептеу құралдарымен
жұмысты іссапарға шыққан персоналдың құқығында жүргізеді. Бұл жұмыстарды
құрамында кемінде екі жұмыскері бар бригада жүргізеді.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның III тобы бар қызметкеріне тұтынушы ӛкілінің
қатысуымен ТҚ үй-жайларында электрсанауыштардың кӛрсетулерін жазып алуға рұқсат
етіледі.
212. Кернеуі 1000 Вт-қа дейінгі электр қондырғыларда қоса атқаратын немесе шарт
бойынша қызмет кӛрсететін персоналы бар тұтынушылардың (балабақшалар, дүкендер,
емханалар, кітапханалар және т.б.) жұмыс орны мен жұмысқа рұқсаттама дайындауды
тиісті энергиямен жабдықтаушы ұйымның шұғыл персоналы тұтынушы ӛкілінің
қатысуымен, III және V тобы бар екі жұмыскерден тұратын бригада орындайтын
жұмыстардың тізбесі бойынша ағымдағы пайдалану тәртібімен жүргізеді.
213. Электр энергиясын есептеу аспаптарымен жұмыс кернеуді алу арқылы
жүргізіледі. Ӛлшеуіш трансформаторға қосылған электр санауыштардың тізбектерінде
сынақ қораптары бар болса, кӛрсетілген қораптағы электрсанауыш схемасынан кернеуді
алу керек.
214. Бірфазалық электр санауыштармен жұмысты III тобы бар энергиямен
жабдықтаушы ұйымдардың шұғыл персоналы ағымдағы пайдалану тәртібімен
орындалатын жұмыстардың бекітілген тізбесі бойынша алынған кернеумен жеке
жүргізеді. Ағаш үйлерде, аса жоғары қауіптілігі жоқ үй-жайларда электрсанауышқа дейін
коммутациялық аппарат болмаған кезде бұл жұмысты алынған жүктемемен кернеуді
алмай-ақ жүргізуге рұқсат етіледі.
215. Осы қағидалардың
212
және
216-тармақтарында
кӛрсетілген жұмыстарды
орындаған кезде жұмыскерлерге энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың басшылығының
бұйрығымен немесе ӛкімімен аумақтық учаске бекітіліп беріледі. Тапсырмалар
бланкілерінде шұғыл персонал электр қондырғыларындағы жұмыс қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін техникалық іс-шаралардың орындалғанын белгілеуі керек.
216. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда есептеу аспаптарымен жұмыс жүргізу
үшін әрбір жұмыс түріне нұсқаулық немесе технологиялық карталар жасалады.
Электродты қазандар
217. Оқшауланған корпусты 1000 В-ға дейінгі электродты қазанның қаптамасы
құлыпқа жабылады. Қаптаманы ашуға қазаннан кернеуді алғаннан кейін ғана рұқсат
етіледі.
218. Іске тұйықталған электродты қазандардың құбырларында құбырлардың
қорғаныстық жерге тұйықталуын бұзатын жұмыстарды орындауға рұқсат етілмейді.
219. Құбырларды ажыратқан кезде алдын ала ажыратылған бӛліктердің арасындағы
сенімді металл түйіспесін электр пісірумен қамтамасыз ету керек. Байпастық қоршау
болған кезде мұндай түйспенің ажырату орнын қажет етпейді.
Электрсүзгілер
220. Электрсүзгілерді пайдалану кезінде:
1) нарядта айтылған жағдайлардан басқа электрсүзгіде адамдар болған уақытта сілку
механизмдерін қосуға;
2) бір мезгілде бункерлер мен секцияларда жӛндеу жұмыстарын жүргізуге;
3) қоректендіру агрегаттарын блоктау ақаулы болған кезде, электрсүзгілердің
секцияларының, оқшаулағыш қораптардың және басқаларының тесіктері мен
саңылауларының бекітпелері болмаған және ақаулы болған кезде электрсүзгілерге және
оларды қоректендіруші кәбілге кернеу беруге рұқсат етілмейді.
221. Электрсүзгінің кез келген секциясында (электр ӛрісінде), резервтік шинада,
секцияның (электр ӛрісінің) кез келген қоректендіру кәбілінде жұмыс жүргізу кезінде
қоректендіруші агрегаттар мен барлық секциялардың (электр ӛрістерінің) кәбілдері
ажыратылады және жерге тұйықталады.
222. Электрсүзгілер секциясына адамдарды жұмысқа жіберер алдында соңғысы
желдетіледі және бункерлерден күл шығарылады. Секциядағы температура +33
0
С жоғары
болмауы тиіс.
223. Электрсүзгіні секциядан және қоректендіруші кәбілдерден ажыратқаннан кейін
статикалық заряд электр агрегаттарды жерге тұйықтау арқылы алынады. Электрсүзгінің
жерге тұйықталмаған бӛліктеріне жанасуға рұқсат етілмейді.
224. Электр станцияларында, электрсүзгілерге қызмет кӛрсететін нұсқаулықтарда
нарядтар мен электрсүзгілерде жұмыс істеуге рұқсаттаманы беру тәртібі цехтардың
арасында қызмет кӛрсету аймақтарының бӛлінуіне байланысты регламенттеледі.
Нұсқаулықты жасаған кезде осы Қағидалардың, «Электр станцияларының жылу
механикалық жабдықтарын және жылу жүйелерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасы қағидалары» және «Электрсүзгілерді пайдалану жӛніндегі үлгі нұсқаулықтың»
талаптары ескеріледі.
Аккумуляторлық батареялар
225. Аккумулятор үй-жайы әрдайым құлыппен жабылады. Осы үй-жайларды
қадағалайтын және осында жұмыс істейтін адамдарға кілт жалпы негізде беріледі.