«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет4/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Күттірмейтін жұмыстар кезінде кәсіпорын бойынша бұйрықпен (нұсқаумен) уәкілетті 

әкімшілік-техникалық  персоналдан  адамдар  болмаған  жағдайда  кәсіпорын  бойынша 

нұсқау  ресімделетін  осы  электр  қондырғысының  кезекші  персоналынан  ІV  тобы  бар 

жұмыскерлеріне нарядтар мен нұсқаулар беруге рұқсат етіледі. 

30.  Ӛз  еркімен  жұмыс  істеуге,  наряд  немесе  нұсқауда  айқындалған  жұмыс  орнын, 

ғимарат кӛлемін кеңейтуге тыйым салынады. 

31.  Басқа  нарядтағы  аймақ  кӛрсетілген  электр  қондырғыларында  кез  келген 

жұмыстарды  орындау  жұмыс  жетекшісімен  немесе  жұмыс  жетекшісі  тағайындалмаған 

жағдайда жұмыс ӛндірушімен келісілуі керек. 

32.  1000  В-тан  жоғары  электр  қондырғыларында,  сонымен  қатар  ӘЖ  күрделі 

жӛндеулер кернеуге қарамай технологиялық карталар немесе жұмыстарды ӛндіру жобасы 

(бұдан әрі - ЖӚЖ) бойынша орындалады. 

ЖӚЖ жұмыс жүргізу үшін сымдар (тростар) мен оларға қатысты сымдардан жоғары 

орналасқан  кернеулі  оқшаулағыштар  мен  арматураларда,  сонымен  қатар  күштік 

трансформаторлар  мен  реакторлардың  белсенді  бӛлігімен  байланысты  жұмыстарда 

орындалады. 

33. Электр қондырғылардағы жұмыстарға ӛтінімде жұмыс санаттары кӛрсетілуі тиіс. 

34.  Наряд  екі  данада  жазылады,  біреуі  жұмыс  жетекші  (ӛндірушісіне),  ал  екінші 

данасы  жергілікті  кезекші  персоналға  (жұмысқа  жіберушіге)  аталған  учаскеде  кезекші 

персонал жоқ болса, наряд жіберушіге жазылады. 

35.  Жұмыс  жүргізу  нарядтары  телефон  немесе  радио  арқылы  беріледі.  Наряд  үш 

данада жазылады: наряд берушіге, жұмыс жетекшісіне (ӛндірушісіне) жіберіледі. 

Бұл  жағдайда  наряд  беруші  бір  данасын  жазып,  ал  телефон  немесе  радиограмма 

арқылы  қабылдап  алатын  тұлға  нарядты  екі  данадан  толтырып,  сол  жерде  наряд 

берушінің аты-жӛні мен қолын кӛрсетіп, жазбаның дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін 

ӛзінің қол қоюымен растайды. 

Жұмыс жетекшісінің (ӛндірушісінің) және наряд жіберу міндеттерін біріктірген кезде 

екі данада жазылады. 

36.  Наряд  бойынша  қолданыстағы  электр  қондырғыларында  мынадай  санаттардағы 

жұмыстар орындалады: 

1)  1000  В-тан  жоғары  электр  қондырғыларында  кернеуді  ӛшірумен  (тумалы  және 

тумасыз кернеумен), ТҚ жинама шиналары мен 1000 В-қа дейінгі тарату қалқандарында, 

сонымен қатар жинама шиналарына кернеу берген уақыттағы олардың қосылымдарында; 

2)  кернеуді  алмай 

369-371-тармақтарда

  келтірілген  электр  ӛлшегіш  қысқыштар  мен 

штангаларды пайдаланатын жұмыстардан басқа электр қорғау құралдарын пайдаланумен, 

сонымен  қатар  ағымдағы  пайдалану  тәртібі  бойынша  жедел-жӛндеу  персоналы  мен 

кезекші  орындайтын  жұмыстар.  Ағымдағы  пайдалану  тәртібімен  жедел-жӛндеу 

персоналы мен кезекші орындайтын кернеусіз электр қорғау құралдарымен орындалатын 

жұмыстардың  тізбесі  жергілікті  жердің  жағдайын  ескере  отырып  әзірленеді  және 

кәсіпорынның техникалық жетекшісімен бекітіледі; 

3)  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерінің  әлеуетіндегі  кернеуді  алмай.  Бұған  қоса  наряд 

бойынша 


167

  және 


235-тармақтарда

  айтылған  кернеуді  алуды  талап  етпейтін  жекелеген 

жұмыстар орындалады. 

37.  1000  В-қа  дейінгі  электр  қондырғыларындағы  (

36-тармақта

  кӛрсетілген 

жұмыстардан  басқа)  кернеу  қатысындағы  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерінен  ара  жұмыстарды, 

электр  қондырғыларының  қолданылмайтын  бӛліктеріндегі  жұмыстарды  орындау 

барысында  нұсқау  мен  наряд  беру  қажеттілігін  бригада  құрамынына  байланысты  наряд, 

нұсқау беруші анықтайды. 

38. 

39-42-тармақтарда



  айтылған  жағдайлардан  басқа  бір  немесе  бірнеше  жұмыс 

орындары біріккен бір қосылымға беріледі. 

39.  1000  В-тан  жоғары  электр  қондырғыларындағы  барлық  кернеусіз  бӛліктердегі, 

оның  ішінде  ӘЖ  мен  КЖ  шықпаларында  және  кӛрші  электр  қондырғыларға  кірмеуге 




(1000  В-қа  дейінгі  қалқалар  мен  жинамалар  кернеусіз  қалуына  болады)  бір  мезгілде 

істейтін  барлық  қосылымдарға  бір  наряд  беріледі.  Жұмыс  жетекшісін  тағайындау  талап 

етілмейді. 

40. 6-110 кВ ТҚ бір жүйелі шиналардағы және секцияның кез-келген санымен барлық 

секцияға  жӛндеуге  бір  наряд  беріледі.  Бригаданы  осы  секцияның  маңайында  әр  түрлі 

жұмыс орындарына жіберуге болады. 

41.  Агрегаттарды  (қондырғыларды)  жӛндеуге  осы  агрегаттардың  (қондырғылардың) 

барлық  қозғағыштарында  жұмыс  істеуге  бір  наряд  беруге  және  осы  агрегаттардың 

(қондырғылардың) 

барлық 


қоректендіруші 

электр 


қозғағыштарының 

барлық 


жалғауларында ТҚ жұмыс үшін бір наряд беруге рұқсат етіледі. 

Бір  наряд  беруге  бір  кернеулі  және  бір  ТҚ  жалғауларындағы  электр 

қозғалтқыштарындағы жұмыс үшін ғана рұқсат етіледі. 

42.  Бір  қондырғының  бірнеше  жалғауларында  әртүрлі  жұмыс  орындарында  кезек 

бойынша  немесе  бір  мезгілде  жұмыс  істеуге  келесі  жағдайларда  ғана  бір  наряд  беруге 

болады: 


1)  күштік  және  бақылау  кәбілдерін  тӛсеу  немесе  қайта  тӛсеу,  электр  жабдықтарын 

сынақтан ӛткізу, қорғау, ӛлшеу, блоктау, автоматика, телемеханика, байланыс және басқа 

құрылғыларын тексеру барысында; 

2)  туннельде,  коллекторда,  құдықта,  шұңқырларда,  қазан  шұңқырларында  жеке 

кәбілді жӛндеу кезінде; 

3)  екі  қазан  шұңқырында  немесе  қазан  шұңқырының  жанында  тұрған  ТҚ  жұмыс 

жетекшісі  жұмыс  орындарды  қадағалай  алатын  мүмкіндігі  бар  жерлерде  (екіден 

аспайтын) кәбілдерді жӛндеу барысында. 

Осындай жағдайда бригада мүшелерін әртүрлі жұмыс орындарына таратуға болады. 

Бір  қосалқы  станцияның  бірнеше  қосалқы  станцияларында  немесе  бірнеше 

жалғауларында бір үлгілік жұмысты бірінші кезекте жүргізу үшін бір наряд беруге рұқсат 

етіледі. 

Осындай жұмыстарға мыналар жатады: 

1) оқшаулағыштарды сүрту; 

2) қысқыштарды тарту; 

3) сынамалар іріктеу және май толтырып құю; 

4) трансформаторлардың орауларын қайта тұйықтау; 

5) релелік қорғау құрылғыларын, автоматиканы, ӛлшеу приборларын тексеру; 

6) бӛгде тоқ кӛзінен кернеуді арттыруды сынау; 

7) ӛлшеу штангасының оқшаулағыштарын тексеру; 

8) КЖ бүлінуінің орнын іздеп табу, мұндай нарядтың әрекет ету мерзімі - 1 тәулік. 

43.  Кезекті  рұқсат  қағазын  беріп,  онымен  жұмыс  істеу  үшін  жұмыс  жетекшісіне, 

жұмыс  ӛндірушіге  (бақылаушыға)  берілетін  нарядтардың  санын  наряд  мерзімін  наряд 

беруші анықтайды. Нарядты ұзартуға болмайды. 

44.  Толық  жұмыстың  аяқталғаны  кӛрсетілген  нарядтарды  30  тәулік  қана  сақтауға 

болады. 


45. Нарядтар: 

1) электр станциялар мен қосалқы станциялардағы (бұдан әрі - ҚС) қызмет кӛрсететін 

персоналмен жұмыс істеу барысында - кезекшіде; 

2) ӘЖ мен ҚС-да кӛмек кӛрсететін персоналсыз істеген кезде - наряд берушіде немесе 

диспетчерде (ОВБ кезекшісінде) сақталуы қажет. 

46.  Жұмыс  ӛндірушіге  бір  реттік  сипатқа  ие  нұсқау  беріледі,  оның  мерзімі 

орындаушылардың жұмыс күнінің ұзақтығына байланысты. 

47.  Нұсқау  және  наряд  бойынша  жұмыстардың  есепке  алу  тәртібі 

4-қосымшада

 

кӛрсетілген. 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау