2) жедел штангалармен басқарылатын ажыратқыштардың стационарлық қоршаулары
механикалық құлыппен бекітіледі;
3) аралас ажыратқыштардың жетектері ажыратылған күйде механикалық құлыпқа
жабылуы тиіс;
4) жүк немесе серіппелі жетектерде тұйықталатын жүк және тұйықталатын серіппелер
жұмыстан тыс жағдайға келтірілуі керек.
ЖТҚ итерілетін арбалары бар коммутациялық аппараттарының қате қосылып кетуінің
алдын алу үшін қолданылатын шаралар
203
және
204-тармақтарға
сәйкес болуы тиіс.
76. 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларындағы тоқ ӛткізгіш бӛліктерінің барлық
жағында жұмыс жүргізіліп жатса, кернеу коммутациялық аппараттар ӛшірілгеннен кейін
алынады, ал схемада сақтандырғыштар кӛрсетілсе, соңғы аталғаны ажыратылғаннан кейін
ажыратқыш ӛшіріледі. Схемада сақтандырғыш кӛрсетілмесе, коммутациялық аппараттың
қате қосылып кетуінің алдын алу мынандай шаралармен жетек ұстағыштарын немесе
шкафтың есігін жабу, бастырмаларды жабу, коммутациялық аппараттарының
түйіспелерінің арасында оқшауламалаушы бастырмалар орнату керек. Қашықтан
басқарылатын коммутациялық аппараттарының кернеуін ажырату
барысында
тұйықтаушы орауыштарда ажыратылады.
77. Егер аппараттың конструкциялы орындалуы мен жұмыс сипаты келсе жоғарыда
аталған шаралардың орнына коммутациялық аппараттан сымдар мен кәбілдерді ажырату
тәсілін қолданады.
Жұмыс орнын дайындау барысында сымдар мен кәбілдерді ажыратуды ІІІ тобы бар
жӛндеу персоналы ішіндегі жұмыскер жедел-жӛндеу персоналдары кезекшісінің
қадағалауымен орындайды. Жұмыс орнына жақын тұрған тоқ ӛткізгіш бӛліктерінен
кернеу алынуы тиіс немесе ол қоршалуы тиіс.
78. Байланысты (Айналмайтын үлгідегі автоматтар, пакеттік ажыратқыштар, жабық
орындаудағы ажыратпа және ӛзгелері) қарау үшін қолжетімсіз 1000 В-қа дейінгі
коммутациялық аппараттардың ӛшіріліп тұрған жағдайы оның қыспақтарында кернеудің
бар-жоқтығын тексеру арқылы анықталады.
79. 1000 В (автоматтар, шаппа қосқыш, ажыратқыштар) дейінгі коммутациялық
аппаратуралардағы қашықтан басқару бастырмаларында, кілттерінде, жүктеме
ажыратқыштарында, ажыратқыштардың жетектерінде қосу барысында жұмыс орнына
кернеу берілетін болса «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр» плакаттары
ілінеді.
Автоматтары, ажыратқыштары мен шаппа қосқыштары жоқ 1000 В-қа дейінгі
қосылымдарда плакаттар алынған сақтандырғыштарға ілінеді.
Жедел штангалармен басқарылатын ажыратқыштарда плакаттар қоршауларға, ал бір
полюсті ажыратқыштарда - әрбір ажыратқыштардың жетектеріне ілінеді. КТҚ
плакаттар
210
және
211-тармақтарына
сәйкес ілінеді.
Ажыратқыштың пневматикалық жетектеріне әуенің кіруін жабатын ысырмаларына
«Ашуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр» плакаттары ілінеді.
80. КЖ мен ӘЖ жұмыс істеу үшін ӛшірілген ажыратқыш жетектеріне бір плакат
ілінеді «Қосуға болмайды! Желіде жұмыс жүріп жатыр». Бұл плакатты жіберуге рұқсат
беретін және желіде жұмыс істеп жатқандарды есепке алуды жүргізетін жұмыскердің
нұсқауы бойынша ілінеді және алынады.
81. Арнайы құралдарды қолданумен пайдаланылатын кернеудің жоқтығын
анықтайтын кернеуді кӛрсеткішімен немесе жақын тұрған тоқ ӛткізгіш бӛліктерге
жақындаумен тексеру керек.
1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында кернеу кӛрсеткішін диэлектрикалық
қолғаптарын киіп ұстайды.
35 кВ және одан жоғары электр қондырғыларында кернеудің жоқтығын
оқшауламалаушы штангаларды тоқ ӛткізгіш бӛліктерге жақындату арқылы тексеруге
болады. Ұшқындаудың болмауы кернеудің жоқтығының белгісі болып табылады.
Бір тізбектегі 500 кВ және жоғары ӘЖ тәжденудің болмауы кернеудің жоқтығының
жеткілікті белгісі болып табылады.
82.
Электр
станциялары
мен
қосалқы электр
станцияларының
электр
қондырғыларындағы кернеудің жоқтығын тексеруді 1000 В-тан жоғары электр
қондырғыларында IV және ІІІ-тобы бар, ал 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында ІІІ-
тобы бар жедел-жӛндеу персоналы немесе кезекші жұмыскерлері ішіндегі бір жұмыскер
орындайды.
ӘЖ кернеудің жоқтығын 1000 В-тан жоғары ӘЖ IV және ІІІ-тобы бар, 1000 В-қа
дейінгі ӘЖ ІІІ-тобы бар екі жұмыскер орындайды.
83. Дәлдеу схемасындағы кернеудің жоқтығын тексеруге рұқсат етіледі:
1) АТҚ, ЖТҚ мен КТҚ сыртқы қондырғыларында, сонымен қатар тұман, жаңбыр, қар
жауған кездерде арнайы кернеу кӛрсеткіштерімен;
2) 500 кВ және жоғары АТҚ мен 500 кВ және жоғары екі тізбекті ӘЖ.
Схеманы дәлдеу барысында ӘЖ мен КЖ кірмелеріндегі кернеудің жоқтығын желі
орналасқан жедел басқарудағы кезекші растайды.
ӘЖ схеманы дәлдеу желінің сыртқы, ішкі белгілерін тексерумен, сонымен қатар
тіректердегі
белгілер
диспетчерлік
желі
атауларымен
сәйкес
болуымен
қорытындыланады.
84. 6-20 кВ ӘЖ ағаш немесе темір бетонды тіректердегі, сонымен қатар
телескопиялық мұнаралардан кернеуді тексеру барысында, тоқтың ӛту принціпіне
негізделген кӛрсеткіштің жұмыс бӛлігі жерге тұйықталу жолымен кӛрсеткіштің қажетті
сезімділігін қамтамасыз ету қажет.
85. ӘЖ сымдар әртүрлі деңгейде ілінген жағдайларда кернеуді қармауыш немесе
штангымен тӛменгі сымнан жоғары қарай тексеру керек. Кӛлденеңінен ілінген кезде
тексеруді жақын сымнан бастау керек.
86. 1000 вольтқа дейінгі кернеуі бар, нейтральмен жерге тұйықталған электр
қондырғыларында екі полюсті кӛрсеткіштерін қолдану кезінде фазалардың арасында және
жабдықтың жерге тұйықталған элементті немесе жерге тұйықталған (нӛлдендірілген)
жалғастырушы арасында да кернеудің жоқтығын тексеру қажет. Алдын ала тексерілген В
метрде де қолдануға рұқсат етіледі. Кернеуді тексеру үшін «бақылаушы» қыздыру
шамдарын пайдалануға болмайды.
87. Аппараттың, блоктаушы құрылғының ӛшірілуі туралы сигнал беретін құрылғылар,
үнемі қосулы В метрлер мен басқалар тек кернеудің жоқтығын растайтын қосымша
құрылғылар болып табылады және олардың кӛрсеткіштері негізінде кернеудің жоқтығы
туралы қорытынды жасауға болмайды.
88. Кернеуді тексергеннен кейін ғана тоқ ӛткізгіш бӛлшектерді жерге тұйықтауға
болады.
89. Тасымалды жерге тұйықтауды бірінші жерге тұйықтау құрылғыға жалғап, содан
кейін кернеудің жоқтығын тексергеннен кейін тоқ ӛткізгіш бӛлшектерге орнату керек.
Әртүрлі деңгейде ілінген ӘЖ сымдар тӛменнен жоғары қарай, тӛменгі сымнан бастап
жерге тұйықталады.
Тасымалды жерге тұйықтауды тоқ ӛткізгіш бӛлшектерге және бояудан тазаланған
жерлерде жерге тұйықтау шиналарға (конструкцияларға) жерлерінен жерге тұйықталады.
Тасымалды жерге тұйықтау кері қарай алынады: бірінші тоқ ӛткізгіш бӛлшектерден,
содан кейін жерге тұйықталатын құрылғыдан ажыратылады.
90. Тасымалды жерге тұйықтау алу мен диэлектрлік қолғаптар кию арқылы, ал 1000
В-тан жоғары электр қондырғыларында штангамен немесе тікелей диэлектрлік
қолғаптарды киіп қолмен пайдаланумен орындалады.
91.
187-тармақта
айтылған жағдайды қоспағанда, осы мақсатқа арналған ӛткізгіштерді
жерге тұйықтау үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
92. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында бір жерге тұйықтауды орнату
жеткілікті болатын, жұмыс істеу үшін ажыратылған құрастырмалы шиналарды