«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет5/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

48. 1 сағаттан аспайтын қысқа мерзімді жұмыстарды нұсқау бойынша кезекші немесе 

жедел-жӛндеу  персоналының  қадағалауындағы  жӛндеу  персоналы,  сонымен  қатар 

кезекшінің және жедел-жӛндеу персоналының ӛзі орындауына болады. 

Осындай жұмыстарға: 

1) кәбілді, сымдарды, шиналарды электр қозғағыштардан немесе басқа жабдықтардан 

қосу  немесе  ажырату,  ТҚ  құрылғылары  мен  релелі  қорғаудың  тізбегіндегі,  автоматика, 

телемеханика  мен  байланыс,  оның  ішінде  байланыс  пен  жоғары  жиіліктегі  қорғау  сүзгі 

құрылғыларындағы жұмыстар; 

2)  0,4  кВ  ӘЖ  қосу  немесе  ажырату,  сонымен  қатар  барлық  кернеудегі  КЖ,  фазалау, 

КЛ  тізбегінің  толықтығын  тексеру,  трансформаторлардың  тармақтануын  қосып-алу,  май 

ӛлшейтін  әйнектер  мен  оқшауламаларды  сүрту,  майды  таңдап,  толтыру,  майды  кептіру 

мен тазалау үшін аппараттарды тұйықтау және алу, тоқ ӛткізгіш бӛліктердің дірілдеуі мен 

қызуын  тексеру,  электрлі  ӛлшейтін  қармауыштармен  ӛлшеу,  ӘЖ  сымдарын,  шиналарды 

және сымдарды құрғақ ағаштардан, басқа да бӛтен заттардан тазалау; 

3) электр қондырғылардың, энергия жүйелеріндегі диспетчерлік және технологиялық 

басқару  (бұдан  әрі  -  ДТБҚ)  және  жылу  автоматикасы  мен  ӛлшеу,  тұтынушыларды 

электрмен  жабдықтау  қондырғыларының  дұрыс  жұмыстарына  қауіп  тӛндіретін  немесе 

осындай  бұзушылықтарға  әкелетін  ақауларды  жою  бойынша  кейінге  қалдырылмайтын 

жұмыстар. 

49. 


48-тармақта

  кӛрсетілген  жұмысты  орындау  барысында  қадағалауды  жүзеге 

асыратын адамды қосып санағанда жұмыс істейтіндердің саны үш адамнан аспауы керек. 

Жедел-жӛндеу персоналы немесе кезекші жұмыскердің ішіндегі жауаптының 1000 В-

тан жоғары электр қондырғыларында жұмыс істеуі үшін ол адамда  IV топ, ал 1000 В-қа 

дейінгі  электр  қондырғыларында  ІІІ  тобы  болуы  қажет.  Қалған  бригада  мүшелерінде  ІІІ 

топ  болуы  керек.  Тұтынушыларды  қоректендіретін  қосылымдардағы  жұмыстарға  соңғы 

аталған топтағы жұмыскерлерді тартуға болады. 

Жұмыс  алдында  жұмыс  орнын  дайындауда  АТҚ-ды  арқанмен  немесе  баумен 

қоршаудан басқа барлық техникалық шараларды орындау керек. 

48-тармақта

  аталған  үш  жұмыскердің  қатысуымен  1  сағаттан  астам  уақытта  жұмыс 

тек қана наряд бойынша орындалады. 

50.  Бригаданың  саны  мен  оның  құрамы  электр  қауіпсіздігі  бойынша  наряд  беруші 

жұмыс кӛлемін, қауіпсіздік шартын, жұмыс ӛндіруші немесе жұмыс жетекшісі тарапынан 

бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып анықтайды. 

Наряд  бойынша  жұмыс  істеуде  бригаданың  ең  аз  саны  -  жұмыс  ӛндірушіні 

(бақылаушыны) қосқанда екі жұмыскер. 

Нұсқау бойынша жұмыс істеуде мыналарға жұмыстарды ӛз еркімен істеуге болады: 

1)  монтаждау,  екінші  реттік  тізбекті,  ӛлшеу  аспаптарын,  релелі  қорғау 

қондырғыларын,  автоматиканы,  телемеханика  мен  байланысты  пайдалану  мен  жӛндеу 

және жетектер мен коммутациялық аппараттардың агрегаттық шкафтардағы жұмыстарды 

қосқанда кернеуде ме жоқ па оған қатыссыз осы тізбектер мен құрылғылар 1000 Вольттан 

жоғары  тоқ  жүргізетін  бӛліктері  жоқ  немесе  толық  қоршалған  немесе  қоршау  талап 

етілмейтін биіктікте орналасқан үй-жайларға орналастырылған болса IV тобы бар жұмыс 

ӛндіруші; 

2)  жұмыс  жүргізуге  құқылы,  ІІІ  топтағы  жұмыскер  халықты  электр  тоғымен 

зақымдауға  қатысты  қауіпсіздігі  жоғары  емес  бӛлмелерде  орналасқан  1000  В-қа  дейінгі 

электр қондырғыларындағы жұмыстарды; 

3)  электр  станциясы  мен  қосалқы  станцияларындағы  электр  қондырғыларында  ІІІ 

топтағы жұмыскерге: 

АТҚ аумағын жабдықтау, шӛптерді шабу, жолдарды қардан тазалау; 

2,5  м  аспайтын  биіктіктегі  ТҚ  камерасынан  тыс  орналасқан  телефон  мен  радио 

байланыс құрылғыларына қызмет кӛрсету мен жӛндеу; 




ТҚ  камераларынан  тыс  қоршаулар  мен  жабдықтардың  сыртындағы  жазуларды 

қалпына келтіру; 

трансформаторлардың,  генераторлардың  және  басқа  да  жабдықтардың  құрғақтығын 

қадағалау; 

май  тазалайтын  және  майды  кептіру  мен  тазалау  барысындағы  қосымша 

аппаратураларға қызмет кӛрсету; 

компрессорларда,  трансформаторлардың  май  сорғыларында,  желдеткіштердің 

механикалық бӛлімдері мен электр қозғалтқыштарындағы жұмыстар; 

ауа  тазалау  сүзгілерін  тексеру  және  олардың  сорбенттерін  ауыстыру;  2,5  метрге 

дейінгі  биіктіктегі  камералардан  тыс  орналасқан  жарықтандыру  аппаратураларына 

қызмет кӛрсету мен жӛндеу; 

4) ІІ топтағы жұмыскерге: 

2,5  метр  аспайтын  биіктіктегі  ТҚ  тыс  орналасқан  шамдалыларды  тазалау  мен 

шамдарын ауыстыру; 

релелі және қалқаларды басқару бӛлмелері мен тоқ ӛткізгіш бӛліктері қоршалған 1000 

В-тан жоғары электр қондырғыларындағы бӛлмелерді тазалау; 

жақсы ауа-райында және тез ӛте алатын жерлерде ӘЖ қарау; 

ӘЖ тіректерінде тұрақты белгілерді қалпына келтіру; 

бұрыш ӛлшейтін құрылғылар арқылы ӘЖ габариттерін ӛлшеу; 

ӘЖ тіректерінің айналасындағы аумақты ӛрт болудан тазалау; 

ӘЖ тіректеріндегі құрсауларды майлау. 

51. Бригада құрамын наряд (нұсқау) беруші ғана ӛзгерте алады. 

Бригада  құрамының  ӛзгертілуі  туралы  нұсқау  телефон,  радио  немесе  нарядтағы  ӛзі 

қол  қойғаннан  кейін  ӛзгеріс  туралы  нұсқау  бергеннің  аты-жӛнін  жазатын  жұмыс 

жетекшісіне (ӛндірушісіне) қолма-қол тапсырылады. 

Жұмыстардың 

жетекшісіне 

(ӛндірушісіне) 

бригада 

құрамына 

енгізілген 

жұмыскерлерді нұсқаулықпен таныстыру қажет. 

52. Рұқсат беретін тұлғаның рұқсатынсыз жұмыс орнына жіберуге тыйым салынады. 

53.  Жұмысқа  жіберілетін  тұлғаға  рұқсат  беру  телефон,  радио  немесе  кезекші 

жұмыскер арқылы берілуі мүмкін. 

Алдын ала жұмысқа жіберуге рұқсат берілмейді. 

54.  ӘЖ,  ТП  -  10/0,4  кВ,  қосалқы  станцияларында  апаттық  ӛшірілу  барысында  және 

байланыстың  жоқтығына  байланысты  жұмысқа  жіберуге  рұқсатты  зақымданған  жерді 

жӛндеуге  жіберілетін  бригаданың  ішіндегі  сол  жабдыққа  наряд  бере  алатын  тұлға  бере 

алады.  Осындай  рұқсат  қоректендіретін  орталықтан  ӘЖ  жерге  тұйықтау  және  ӛшіруден 

кейін бригадамен жүрген наряд беруге құқығы бар тұлғаның «Жеке нұсқаулар» бағанына 

тегі жазылады. 

55. Бригаданы жұмысқа жіберуге тек бір наряд, нұсқау бойынша рұқсат етіледі. 

56.  Жіберуші  жіберу  алдында  жұмыс  орнының  дайындығы  бойынша  техникалық 

шаралардың  толық  орындалғанына  сенімді  болуы  керек.  Ол  жеке  қараумен,  жедел 

журналдардағы  жазбалар,  кезекшінің,  тұтынушылардың  жедел  жӛндеу  персоналының 

хабарламасы бойынша кӛзі жетуі тиіс. 

57.  Жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  мен  жетекшісі  жұмысқа  жіберу  алдында 

жіберушіден жұмыс орнын ӛздері тексеріп алады. 

58. Наряд және нұсқау бойынша жұмысқа жіберу тікелей жұмыс орнына ӛткізіледі. 

Жұмыс орнының дайындығын тексеру керек болмаған жағдайда ғана жұмысқа наряд 

бойынша жіберіледі, ал ӘЖ, БӘЖ, КЖ - талап етілмейді. 

59. Бригаданы жұмысқа жіберу барысында жіберуші: 

1)  бригаданың  құрамын  нарядқа  немесе  нұсқауға  сәйкес  жеке  куәліктері  бойынша 

тексеру; 

2)  нұсқаунама  жүргізіп,  бригаданы  нарядтың  мазмұнымен  таныстыруы,  жұмыс 

орнының  шекарасын  кӛрсетуі,  жұмыс  орнына  жақын  орналасқан  жӛндеу  үстіндегі 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау