Электр аппараттары «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет77/116
Дата18.09.2023
өлшемі8,21 Mb.
#43447
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116
8 Девочкин Электр аппараттары. Оқулық

Бақылау сұрақтары
1.
Қандай электр аппараты түйістіргіш деп аталады?
2.
Түйістіргіштің тозуға төзімділігі (механикалық жəне коммута- 
циялық) дегеніміз не?
3.
Түйістіргіштің негізгі тораптарын атаңыз.
4.
Түйістіргіш қандай негізгі параметрлермен сипатталады?
5.
Тұрақты ток түйіспелеріндегі доғаның зиянды əсерін қалай 
төмендетеді?


154
6.
Тұрақты токтың түйістіргішін ағытудың өзіндік уақыты жəне 
қосудың өзіндік уақыты немен анықталады?
7.
Негізгі түйіспелердің қанша айнымалы ток түйіспелері болуы 
мүмкін?
8.
Тұрақты жəне айнымалы ток түйіспелеріндегі доғаны сөндіру 
процестері несімен ерекшеленеді?
9.
Айнымалы ток түйіспелеріндегі діріл қалай жойылады?
10.
Қандай электр аппараттары магнитті қосқыштар деп аталады? 
Олардың мақсаты қандай?
11.
Магнитті қосқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.


155
10-ТАРАУ
ЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТТАР
ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ПРИНЦИПІ
10.1. Жалпы мәліметтер
ХХ ғасырдың ең маңызды өнер табысы жартылай өткізгіш аспаптар 
болып табылады, ол аппарат құрылысына революция жасап, адамзатқа 
өрлеу жолында үлкен қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды. Жар- 
тылай өткізгіш құралдарды пайдалану аппараттардың мүмкіндіктерін 
кеңейтті: олардың беріктілігін арттырды, басқаруға энергия шығы- 
нын азайтты, пайдалану уақыты бойынша шектеуді жойды, жиіліктік 
қасиеттерін арттырды жəне т.б. Жартылай өткізгіш құралдары көме- 
гімен берілген алгоритмде жəне пайдалану мерзімін шектеусіз етіп, 
кез-келген электронды аппаратты жасауға болады. Электрондық аппа- 
раттардың іске қосылу мезетін жəне қадамын дəл бекіту механикалық, 
электрлік, гидро- немесе пневможетегі бар электрлік аппараттармен са- 
лыстырғанда əлдеқайда жоғары. Егер электрлік аппараттарда уақыт өте 
келе физикалық қасиеттерінің өзгеруі жəне құрылым элементтерінің 
тозуы салдарынан жүктемелерінің өзгеруі байқалатын болса, электрон- 
дық аппараттарды барлық қызмет ету уақытында жүктемелер өзгеріссіз 
сақталады. Электрлік аппараттар құжаттарында өндіруші зауыт ауы- 
стырып қосудың кепілдік санын көрсетеді, одан асып кетсе, аппарат 
істен шығады. Электрондық аппараттарда мұндай параметр жоқ. Элек- 
трондық аппараттарда байланыс жұбының (түйіспелі жұптар) болмауы- 
ның, электрлік құрылғылардың қызмет ету мерзімі мен сенімділігін ай- 
тарлықтай қысқартатын ұшқын шашырауының жəне электрлік доғаның 
пайда болуының алдын алады.
Электрондық аппараттар қолданылмайтын ғылым мен техниканың 
саласы жоқ. Олар тұрмыста да өте кең қолданысқа ие. Электронды 
аппараттар бөлек дискреттік жартылай өткізгіш элементтер негізінде 
орындалады, сонымен қатар оларды жасауда аналогты жəне цифрлық 
интегралдық микросхемалар пайдаланылады. Электронды аппарат- 
тардың салыстырмалы түрде жоғары құны оларды пайдалануға жəне 
оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың едəуір азаюымен 
өтеледі. Оның үстіне технологиялық процесстердің дамуы жəне шыға- 
рылу көлемінің артуы нəтижесінде электронды құрылғылардың бағасы 
үнемі төмендеп отырады.
Электронды аппараттардың кемшілігіне олардың қымбат бағасынан


156
n
10.1-сурет. Электрондық аппараттың құрылымдық схемасы
бөлек коммутацияланатын қуатының шектеулілігін жатқызуға болады, 
қосымша ток көзінің қажеттілігі жəне радиациялық сəулелену ықпалы- 
ның кезінде істен шығуы қажет болады.
Электронды аппараттың құрылымдық схемасы 10.1-суретте кел- 
тірілген. Электрондық аппараттың арналуына байланысты оның 
құрылымдық схемасында қандай да бір блок болмауы мүмкін. Мысалы, 
тұрақты ток тізбегіне арналған кернеу электрондық реледе түрлендір- 
гіш мен қуат блогы болмайды.
Электронды аппараттардың элементтік базасы ретінде резисторлар, 
конденсаторлар, индуктивтілік орауышы, трансформа¬торлар, жарты- 
лай өткізгіш диодтар, əртүрлі типтегі биполярлық жəне өрістік тран- 
зисто¬рлар, тиристорлар, симисторлар жəне т.б. қолданылады. Көп 
жағдайда тізілген элементтер электронды аппараттарда кең диапазон- 
ды.

жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау