Экономиканыѕ дамуы кґбінесе мемлекеттіѕ ќаржы жїйесініѕ жаєдайына байланысты


Қазақстан Республикасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеті құрылымы



жүктеу 1,6 Mb.
бет6/7
Дата26.05.2018
өлшемі1,6 Mb.
#17933
1   2   3   4   5   6   7
2.4. Қазақстан Республикасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеті құрылымы
Қазақстан Республикасының 2008 жылға арналған республикалық бюджет мынадай көлемдерде бекiтiлген:

      1) кiрiстер – 2 684 730 759 мың теңге, оның iшiнде:

      салықтық түсiмдер бойынша – 2 209 284 565 мың теңге;

      салықтық емес түсiмдер бойынша – 43 537 228 мың теңге;

      негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 8 726 192 мың теңге;

      трансферттер түсiмдерi бойынша – 423 182 774 мың теңге;

2) шығындар – 2  608 432 180 мың теңге;

3) операциялық сальдо – 76 298 579 мың теңге;

4) таза бюджеттiк кредит беру – 53 135 180 мың теңге, оның iшiнде:

      бюджеттiк кредиттер – 59 085 252 мың теңге;

      бюджеттiк кредиттердi өтеу – 5 950 072 мың теңге;

5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 220 739 499 мың теңге, оның iшiнде:

      қаржы активтерiн сатып алу – 222 239 499 мың теңге;

      мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 1 500 000 мың теңге;

6) тапшылық – - 197 576 100 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң
– 1,3 процентi;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 197 576 100 мың теңге.

2008 жылға арналған республикалық бюджетте «Байқоңыр» кешенi 13 972 500 мың теңге сомасында және әскери полигондар 3 011 499 мың теңге сомасында Ресей Федерациясы пайдаланғаны үшiн жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.

Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:

      бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Роялти» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын ұдайы молықтыру қоры алдындағы берешегi, сондай-ақ келiсiмшарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың негiзiнде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтiн тарихи шығындар сомасы;

      бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және салық режимі тұрақтылығының кепілдігі көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген аударымдардың сомасына азайтады;

      «Өндiрушiлер көтерме саудада сататын өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;

      «Өндiрушiлер көтерме саудада сататын өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.  

       Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың көлемдерi 81 752 134 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

      Атырау облысының бюджетiнен – 15 467 703 мың теңге;

      Маңғыстау облысының бюджетiнен – 4 249 313 мың теңге;

      Алматы қаласының бюджетiнен – 52 400 834 мың теңге;

      Астана қаласының бюджетiнен – 9 634 284 мың теңге.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi


341 430 640 мың теңге сомасында көзделсiн.

       2008 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 10 435 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 4 050 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 7 888 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 168 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 10 125 теңге болып белгiленсiн.

       2008 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң, қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 430 теңге сомасында белгiленсiн. 

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi
449 066 155 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

      Ақмола облысының бюджетiне – 31 498 056 мың теңге;

Ақтөбе облысының бюджетiне – 15 722 690 мың теңге;

      Алматы облысының бюджетiне – 48 921 656 мың теңге;

      Шығыс Қазақстан облысының бюджетiне – 46 936 313 мың теңге; 

      Жамбыл облысының бюджетiне – 44 196 691 мың теңге;

      Батыс Қазақстан облысының бюджетiне – 20 212 610 мың теңге;

      Қарағанды облысының бюджетiне – 35 715 079 мың теңге;

      Қостанай облысының бюджетiне – 33 661 004 мың теңге;

      Қызылорда облысының бюджетiне – 36 160 661 мың теңге;

      Павлодар облысының бюджетiне – 14 677 917 мың теңге;

      Солтүстiк Қазақстан облысының бюджетiне – 31 031 953 мың теңге;

      Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетiне – 90 331 525 мың теңге.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мынадай мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн:

жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға – 334 626 мың теңге;

жаңадан iске қосылатын білім беру объектiлерiн ұстауға –


3 834 034 мың теңге;

қайта енгізілген әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға – 51 246 мың теңге;

дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға – 8 496 383 мың теңге;

      ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялауға – 1 228 934 мың теңге.

      Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу және оларды пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге 11 908 331 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.

      Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

2008 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, радиациялық қауiптi аймақтарда және жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрып жатқан және 1949 жылдан 1990 жылдар аралығында тұрған зейнеткерлер мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларға, сондай-ақ жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн халыққа бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеуге 4 935 690 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.

      Аталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бөлiнедi деп белгiленсiн. 

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға 21 747 462 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн, оның iшiнде:

      тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға – 1 134 415 мың теңге;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға – 1 853 895 мың теңге;

      өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша – 12 805 000 мың теңге;

      ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялауға – 775 036 мың теңге;

      жемiс дақылдарының және жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызуды және өсiрудi қамтамасыз етуге – 1 185 756 мың теңге;

      мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға – 3 739 656 мың теңге;

      қазақстандық талшықты мақтаның сапасын сараптауға – 253 704 мың теңге.

      Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу және оларды пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

      2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға 11 459 924 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн, оның iшiнде:

      бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға –  2 457 650 мың теңге;

      бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға – 2 676 454 мың теңге;

      бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге – 6 325 820 мың теңге.

      Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлудi және оларды пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың


2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға 17 719 606 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн, оның iшiнде:

жергілікті деңгейде қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 1 200 219 мың теңге;

жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 16 519 387 мың теңге.

      Аталған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлудi және оларды пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн сейсмикалық жағынан күшейту үшiн
3 437 369 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттерi көзделсiн.

2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен сейсмикалық жағынан күшейтiлуге тиiс Алматы облысы мен Алматы қаласындағы бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiмeтi айқындайды.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 47 554 442 мың теңге сомасында шығындар, оның iшiнде:

      ауылдық (селолық) жерлердiң денсаулық сақтау iсiнде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға – 629 689 мың теңге;

      мыналарға нысаналы даму трансферттерi:

      ауылдық (селолық) елдi мекендердi ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға – 13 766 592 мың теңге;

      ауылдық (селолық) жерлердiң бiлiм беру объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға – 18 133 909 мың теңге;

      ауылдық (селолық) жерлердiң денсаулық сақтау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға – 15 024 252 мың теңге көзделсiн.

      Аталған нысаналы даму трансферттерi қаражатының есебiнен 2008 жылы салынуға және қайта жаңартылуға тиiс ауылдық (селолық) жерлердiң бiлiм беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетiне қалаларда бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға 44 998 160 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттерi көзделсiн.

      2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен салынуға және қайта жаңартылуға тиiс қалалардағы бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектiлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

2008 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде денсаулық сақтау объектілерін салу үшін аванс төлемін төлеуге 17 410 176 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салынатын денсаулық сақтау объектілерінің тізбесі мен сомаларын бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдауға арналған шығыстарының құрамында 1 292 201 мың теңге, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен айқындалатын тәртiппен мыналарға байланысты iс-шараларды қаржыландыруға:

      ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге – 118 646 мың теңге;

      ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарына арналған жабдықтардың қаржы лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге – 3 555 мың теңге;

      өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға – 100 000 мың теңге;

      ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға – 1 000 000 мың теңге;

      ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн дамытуды субсидиялауға – 70 000 мың теңге көзделсiн.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылға арналған резервi 55 337 035 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасында 2008 – 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына 7 300 000 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 41 700 000 мың теңге сомасында даму нысаналы трансферттері көзделсін.

Аталған нысаналы даму трансферттерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

    2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында 2008 – 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша тұрғын үй салуға кредит беруге 31 200 000 мың теңге көзделсiн.

    2008 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеуге 716 200 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.

2008 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанкi» жабық акционерлiк қоғамы арқылы алынған жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi қарыз алушыларының 2007 жылғы төлемдерi бойынша бағамдық айырманы төлеуге 49 516 мың теңге көзделсiн.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыруға және сақтауға арналған шығындарының құрамында 4 552 079 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджеттік кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды сатудан түскен қаржатты көрсете отырып 2 260 782 мың теңге сомада қаражат көзделгені ескерілсін.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте:

      концессияға берiлуi мүмкiн объектiлер бойынша ұсыныстарды сараптауға – 72 000 мың теңге;

      концессиялық жобаларды бағалауға және сараптауға – 900 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.

      Аталған сомаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде айқындалады.

       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2008 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға бөлiнген кредиттер мен қаражат бойынша талаптары, Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын заңды тұлғалардың тiзбесi мен берешек көлемдерi бойынша 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады деп белгiленсiн.

       2008 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн   3 117 923 мың теңге көзделсiн.

       2008 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 15 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

       2008 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 1 005 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

       2008 жылға арналған мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi
35 000 000 мың теңге көлемiнде белгiленсiн.

       2008 жылға арналған республикалық бюджеттiң бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларға бөлiне отырып сәйкес бекiтiлген.      



3.1. 2006 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБ­ЛИ­КАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫ­ЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2006 жылғы республикалық бюджеттің ат­қа­рылуы кезіндегі макроэкономикалық жағ­дай­лар және Қазақстан Республикасы Президен­тінің Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы 2006 жылы Қазақстан экономикасы 2005 жыл­мен салыстырғанда жедел қарқынмен да­мы­ды. Қазақстан Республикасы Статистика агент­тігінің деректері бойынша жалпы ішкі өнім­нің (ЖІӨ) көлемі 9738,8 млрд. теңгені құ­рады және өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ға өсті. 2006 жылғы макроэкономикалық көр­сеткіштер Қазақстан Республикасының 2006–2008 жылдарға арналған әлеуметтік-эко­номикалық дамуының орташа мерзімді жоспа­рында ұсынылған болжамнан едәуір асып түсті.

Орташа мерзімді жоспарда 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің болжамы – 8065,4 млрд. теңге, негізгі капиталға құйылатын инвести­ция­лар – 2529,0 млрд. теңге, ал мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 47 АҚШ доллар болды.

Болжам кезінде ЖІӨ, экспорт пен импорт көлемдерінің өсу қарқыны, мұнайдың бағасы, сондай-ақ инфляция деңгейі төмендетіп көрсе­тілген. Бұл ретте 2006 жылы макроэконо­мика­лық болжаудағы ауытқулар едәуір артқан. Мәселен, 2006 жылы ЖІӨ-нің нақтыланған болжанған көлемі іс жүзіндегі көлемнен 10,4 пунктке төмен болды, ал мұнайдың құны 15,9 АҚШ долларына кем бағаланған.

2006 жылы жекелеген негізгі көрсеткіштер­дегі ауытқулар 2005 жылмен салыстырғанда өскен. ЖІӨ-нің нақтыланған болжанған өсу қар­қыны іс жүзіндегі өсімнен – 21,7 пунктке, ал инфляция деңгейі 11,6 пунктке төмен болды. Осының бәрі, белгілі бір дәрежеде бюджет сая­сатының сапасына, яғни республикалық бюд­жеттің кірістері мен шығыстарының атқары­луы­на әсер етті. 2005-2006 жылдардағы респуб­ликалық бюджет кірістерінің болжамы негізінен төмендетіп көрсетілген, бұл республикалық бюджетті атқару барысында оның нақтыланып, түзетілуіне әкелді. Есеп комитетінің бағалауы бойынша макроэкономикалық болжамдағы қа­теліктер республикалық бюджет қаражатының толық және тиімді пайдаланылуына кедергі келтірді.

2006 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы кезінде Қазақстан Республикасының Парламенті оның негізгі параметрлерін нақты­лап, Қазақстан Республикасының Үкіметі олар­ға бірнеше рет түзету енгізген. Мәселен, бюд­жетті нақтылау кезінде кірістер 42,1 млрд. тең­геге ұлғайтылып, салықтық түсімдер 36,2 млрд. теңгеге кемітілді. Қазақстан Республикасы Үкі­ме­ті­нің бұдан кейінгі түзетулерінің нәтижесінде кірістер 214,7 млрд. теңгеге, ал салықтық түсім­дер 136,4 млрд. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджет кірістерінің кассалық атқарылуы бекі­тілген және нақтыланған көрсеткіштерден тиі­сінше 26,0% және 22,3%-ға асып кетті.

2006 жылғы республикалық бюджет шы­ғындары нақтылау кезінде 42,6 млрд. теңгеге ұлғайып, бұрынғы 1476,2 млрд. теңгенің ор­нына 1518,8 млрд. теңге болды, ал қаржы ак­тив­терін сатып алу шығыстары 12,3 млрд. тең­геге артып, 103,5 млрд. теңге болды. Өз кезегін­де, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті жыл ішінде нақтыланған көрсеткішке енгізген өзгерістерінің нәтижесінде, шығындар 185,1 млрд. теңгеге ұлғайып 1703,9 млрд. теңге болды. Шығындардың нақты орындалуы 1686,3 млрд. теңгені немесе нақтыланған көрсеткіштің 111,0%-ын және түзетілген көрсеткіштің 98,9%-ын құрады.

Республикалық бюджеттің тапшылығы нақ­ты­лау кезінде 12,5 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 126,2 млрд. теңге болғанмен іс жүзінде респуб­ликалық бюджет 54,7 млрд. теңге профицитпен орындалды. 2006 жылы бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сыртқы және ішкі займдар тартылды. Бұл ретте ішкі займдар 167,6 млрд. теңге болды, оның ішінде 83,7 млрд. теңге мем­лекеттік бағалы қағаздар бойынша негізгі бо­рыш­ты өтеуге жіберілді, ал 83,9 млрд. теңге пайдаланылмай қалды. Соның себебінен, 2007 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет қара­жа­тының қалдығы 151,0 млрд. теңге болып, 2006 жылмен салыстырғанда 12 есеге өсті. Бұл, Есеп комитетінің мультипликативтік әсерді ескере отырып бағалауы бойынша, республика экономикасының 200 млрд. теңгеден астам қосымша өсу мүмкіндіктерінен айрылуына себеп болды.

Макроэкономикалық болжаудағы қателік­тер республикалық бюджетке түсетін салық түсімдеріне елеулі әсер етті, бюджеттің кіріс бө­лігіндегі олардың үлесі 2006 жылы 90,2% болды. Бұл ретте салық алымдарының ұлғаюына әсер еткен негізгі фактор мұнай бағасының көтерілуі еді. Есепті жылы мұнайдың бағасы 2005 жыл­мен салыстырғанда 20,2%-ға өсті. 2005-2006 жыл­дары көмірсутегілер мен металдар респуб­ли­каның экспортқа шығатын тауарлары құны­ның 3/4-тен астамын қамтамасыз етті, ал рес­публикалық бюджетке мұнай секторынан түсетін салық түсімдерінің үлесі 30%-дан асты.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаржысының құралуы мен пайдаланылуының жаңа тетігін енгізді. Осыған сәйкес 2006 жылғы 1 шілдеден бастап мұнай секторының елу бес кәсіпорнынан түсетін 499,5 млрд. теңге – тікелей салықтар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсті. 2006 жылдың 1 шілдесіне дейін бюджетке жоспарлы және жоспардан тыс түсетін түсімдерді ескере отырып, нақтыланған жоспарда 470,8 млрд. теңге көрсетілгенімен есепті жылы Қазақстан Республикасының Ұлт­тық қорына 688,6 млрд. теңге қаржы жинақ­талды. Өз кезегінде, республикалық бюджетті нақтылау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 76,6 млрд. теңге трансферттер алу көзделген еді. Алайда, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының трансферттері корпоративтік табыс салығы түсімдерінің 216,1 млрд. теңгеге артығымен орындалуына байла­нысты республикалық бюджетке түскен жоқ. Табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану­дан түскен түсімдер 267,3 млрд. теңге, ал олар­дың нақтыланған болжамы – 140,3 млрд. теңге болды.

Жоғарыда көрсетілген фактілер республи­калық бюджет түсімдерінің 2006 жылы негізінен шикізат секторының кірістеріне тәуелді бол­ғанын көрсетеді. Салық түсімдерін нақты бол­жаудағы қателіктер және Қазақстан Республи­касының Ұлттық қорын қалыптастырудың қолданыстағы тетігіндегі кемшіліктер шикізат секторынан республикалық бюджетке есепке алынбаған салық алымдарының түсуіне себеп болып отыр.

Шикізат тауарларына экспорттық бағалар­дың құбылуы – теңге бағамының нығайып, инфляцияның өсуіне әкелді. Өз кезегінде, айырбас бағамын болжаудағы кемшіліктер рес­публикалық бюджеттің атқарылу көрсеткіш­те­ріне бірнеше бағытта әсер етті. 2006 жылы тең­генің АҚШ долларына қатысты 0,7%-ға ны­ғаюынан шикізат секторынан 5 млрд. теңгеден астам салық алымдары түспей қалды. Бұл со­ны­мен қатар, Қазақстан Республикасының ау­ма­ғына әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждарының көлеміне және импортталатын тауарларға салынатын қосымша құн салығына әсер етті. Есепті жыл ішінде әкелінетін тауар­ларға салынатын кеден баждары болжанған 59,7 млрд. теңгенің орнына 72,4 млрд. теңге түсіп, барлық кеден төлемдерінің 73,4%-ын құрады. Өз кезегінде, импортталатын тауарларға салы­натын қосымша құн салығы 361,3 млрд. теңгені немесе ҚҚС жалпы көлемінің 73,8%-ын құра­ды. Бұл ретте республикада өндірілген тауар­ларға салынатын ҚҚС бар болғаны 97,0 млрд. теңге болды. Республикалық бюджеттен шаруа­шылық жүргізуші субъектілердің шоттарына қаражат аудару арқылы нөлдік ставка бойынша ҚҚС қайтару өтемі 132,0 млрд. теңгені құрады. Бұл, тұтастай алғанда экономикада ақша масса­сының көбеюімен қатар, инфляцияның деңге­йіне де әсер етті.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 2006 жылы 4735,4 млрд. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 1,8 есе өсті. Екін­ші деңгейдегі банктер кредиттерінің құрылымы өзгерді: ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 2005 жылдың аяғындағы 66,5%-дан 2006 жылдың дәл осындай кезеңінде 72,8%-ға өскен. Респуб­ликада елеулі қарқынмен ипотекалық және тұтыну кредиттерінің көлемі ұлғайып келеді, 2005 жылмен салыстырғанда олар 2006 жылы тиісінше 1,8 және 2,4 есе өсті.

Тұтастай алғанда, жоғарыда аталған макро­экономикалық көрсеткіштер, шикізатқа деген әлемдік бағалардың қолайлы конъюнктурасы республикалық бюджеттің атқарылуына оң ықпалдарын тигізді, бұл негізінен Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берді.

Сонымен, 2006 жылдың ішінде бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелер шешілді. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап соғысқа қатысқан­дар­ға теңестірілген адамдарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 2,4 есе; соғыс мүгедек­теріне теңестірілген адамдарға – 1,2 есе; Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жауынгер­лердің жесірлеріне – 1,6 есе өсті. Қаза болған (қай­тыс болған) әскери қызметшілердің отба­сы­ларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 1,5 есе, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, күйеулеріне – 2,7 есе, Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жоюға қатысқандарға ішінара 4 есе өсті және т.б.

Осыған қарамастан, “Балалы отбасыларға бе­рілетін мемлекеттік жәрдемақылар” бюджет­тік бағдарламасының “Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы” деген кіші бағдарламасы толық көлемде іске асырылмай 2006 жылы көзделген 6,3 млрд. теңге бюджет қаражатының 1,5 млрд. теңгесі игерілмей қалды.

Бюджеттік тәртіптің нығаюы байқалмайды. Бюджет қаражатын негізсіз және тиімсіз жұмсау мөлшері жылдан жылға өсіп келеді. Есеп ко­митеті 2006 жылы бюджеттің шығыстары бой­ынша 53,6 млрд. теңге қаржы бұзушы­лықтарын анықтады, оның ішінде 3,9 млрд. теңге – мақ­сатсыз, 17,9 млрд. теңге – тиімсіз, 14,8 млрд. теңге негізсіз жұмсалған, басқа бұр­малаушы­лық­тар - 17,1 млрд. теңге. Бюджеттің кірістері бой­ынша заң бұзушылықтар 30,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу за­ңы­ның талаптары 12,3 млрд. теңгеге бұзылған.


3.2. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТКЕ ТҮСІМДЕРДІҢ ТОЛЫҚ ЖӘНЕ УАҚТЫЛЫ ТҮСУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ БАҒАЛАУ
Нақтыланған бюджетке сай 2006 жылғы республикалық бюджеттің кірістері 1 510,3 млрд. теңге көлемінде белгіленген. Жасалған түзетуге сәйкес шикізат секторынан бюджетке түсетін түсімдер 172,6 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 682,9 млрд. теңгеге белгіленді. Іс жүзінде 1 847,2 млрд. теңге немесе нақтыланған көрсеткіш 122,3% орындалды.

Есепті жылы кірістердің 1 667,8 млрд. теңгесін немесе 90,2%-ын салық түсімдері, салықтан тыс түсімдер – тиісінше 49,2 млрд. теңге яғни 2,7%, негізгі капиталды сатудан түскен кіріс түсімдері – 8,3 млрд. теңге, яғни 0,5%, трансферттерден түскен түсімдер – 121,9 млрд. теңге немесе 6,6% құрады.

Республикалық бюджетке салық түсімдерінің толық әрі уақтылы түсуіне жүргізілген бағалау және бақылаудың қорытындылары

2006 жылғы республикалық бюджеттің салық түсімдері бойынша нақтыланған және түзетілген көрсеткіші тиісінше 31,7% және 15,9%-ға асыра орындалып, 1 667,8 млрд. теңгені құрады.

Салық түсімдерінің жоспарын асыра орындау негізінен 216,1 млрд. теңгесі (1,4 есе) корпоративтік табыс салығы мен 127,0 млрд. теңгесі (1,9 есе) табиғи және басқа да ресурс­тарды пайдаланудан түскен түсімдер есебінен қамтамасыз етілді.

Өткен жылдардағы сияқты корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер республикалық бюджетке түсетін са­лық түсімдерінің негізгі көздері болып табыла­тынын құрылымдық талдау көрсетіп отыр. Мәселен, жалпы салық түсімдерінің арасында корпоративтік табыс салығының үлесі 2006 жылы – 46,6%, ал 2005 жылы – 53,4%, ҚҚС тиісінше 29,4% және 22,0%, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер 16,0% және 19,5% құрады.

2006 жылы республикалық бюджетке түскен салық түсімдері 2005 жылмен салыстырғанда 105,9 млрд. теңгеге немесе 6,8%-ға ұлғайды. Салық түсімдерінің арасында ең жоғары өсім қарқыны кедендік төлемдер (85,3%) мен акциздердің (56,4%) үлесіне келеді.

Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілер бойынша 2006 жылы бюд­жетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге жүргізілген талдау көрсетіп отырған­дай, шикі мұнай мен табиғи газды өндіретін кәсіпорындар үшін салықтық жүктеме коэф­фициенті жедел деректер бойынша орташа алғанда – 31,3%, ал мұнай өнімдерінің сауда­сын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін 6,5% құрады. Салық комите­тінің жедел деректері бойынша “Север-ойл” ЖШС-інде салықтық жүктеме коэф­фициенті – 0,3%, ал “Гелиос” ЖШС-інде 1,7% құрады. Екін­ші деңгейдегі банктердің салықтық жүкте­месі орташа алғанда – 6,6%, ал сақтан­дыру және аудиторлық компанияларда – 26,4% құра­ды. Бұл ретте Салық комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері көбінесе салықтық жүк­темелері 10%-дан төмен шаруашылық жүргізуші субъектілерге тексеру жүргізіп, екінші деңгей­дегі банктерге есепті жылы тексеру жүргізбеген.

2006 жылы жүргізілген 45071 тексерудің қорытындылары бойынша қосымша 114,9 млрд. теңге есептеліп, 14,9 млрд. теңге немесе 13% өндіріліп алынды. 3925 тексеру нәтижесіз аяқталды.

Республикада бюджетке артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің көлемі ұлғаюда, 2007 жылғы 1 қаңтарға 693,5 млрд. теңге артық төленіп, есепті жылдың бастапқы кезімен салыстырғанда 150,4 млрд. теңгеге немесе 27,7%-ға өскен. Осыған байла­нысты, шаруашылық жүргізуші субъектілердің айналым қаражатының бір бөлігі оқшауланып, салық төлеушілердің салық жүктемесі артуда, сондай-ақ республикалық бюджетке түскен түсімдерді қайтару ұлғаю үстінде.

2007 жылғы 1 қаңтарға мемлекеттік бюд­жет­ке салықтар бойынша артық төленген қар­жының ең көбі қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығының үлесіне тиеді.

Есеп комитеті Салық комитетінің орталық аппаратында 2004-2006 жылдары шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексерудің жиынтық жоспарының, сондай-ақ мониторинг пен аудит бөлімшелерінің өзара іс-қимылын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жоқ екенін анықтады.

Жоғарыда келтірілген фактілер салықтық әкімшілік жүргізу тетігінің күрделі әрі тиімсіз екенін көрсетеді. Салық заңнамасында норма­лар мен ережелерді екіұшты түсіндіруге жол берілген, ал уәкілетті орган салық тексеруле­рінің сапасын арттыруға, салықтық әкімшілік жүргізу тетігін оңайлатуға жүйелі шаралар қабылдамаған.

2006 жылы 776,6 млрд. теңге корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) немесе нақтыланған көрсеткіштің 118,6%-ы түскен. Бұл ретте шикізат секторы ұйымдарынан 172,9 млрд. теңге КТС немесе осы салық түрінің жал­пы көлемінің 22,3%-ы түсті. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық қорына шикізат секторы ұйым­дарынан келіп түскен КТС 376,4 млрд. теңгені құрады. 2006 жылы заңды тұлғалар – резидент­тер мен резидент еместерден КТС бойынша 11,7 млрд. теңгенің артық түсуіне байланысты, КТС бойынша жалпы 68,3 млрд. теңге артық төленіп, 2005 жылмен салыстырғанда 24,1 млрд. теңгеге немесе 54,6%-ға өскен.

Сонымен қатар, артық төлемдер заңды тұлғалар – шикізат секторы ұйымдарынан түскен КТС есебінен 11,3 млрд. теңгеге ұлғай­ған.

2006 жылғы КТС тоқсандық түсімдерін талдау аталған салық түрі түсімдерінің біркелкі түспейтінін көрсетеді, бұл республикалық бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде КТС үлесінің қалыптасқан басымдығы кезінде бюджет қаражатының толық және тиімді игерілмей қалу қаупін арттырады.

Есеп комитеті корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің біркелкі түсуін қамтамасыз ету мақсатында КТС әкімшілік жүргізу тәртібін жетілдіру бойынша бірнеше рет ұсыныстар енгізгенімен уәкілетті орган оларды ескерген жоқ.

Республикалық бюджетке қосымша құн салы­ғы бойынша түскен түсімдер 489,6 млрд. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 42,4%-ға ұлғайған.

Есепті жылы республикалық бюджеттен ҚҚС өтеу өткен жылмен салыстырғанда 19,0%-ға көбейіп, 195,1 млрд. теңгені құрады. Бұл негізінен нөлдік ставка бойынша ҚҚС салына­тын шикізаттар мен тауарлар экспорты көлемі­нің артуынан туындаған. Бұл ретте салық төлеу­шілердің есеп айырысу шоттарына 132,0 млрд. теңге немесе өтелуге жататын жалпы қаржының 67,7%-ы қайтарылды.

Республикалық бюджеттен негізінен мұнай, газ, металл прокат, бидай және басқа шикізат экспорттайтын ірі компаниялар ҚҚС өтемін алды.

ҚҚС бойынша артық төлемдер 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша артық төленген салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің жалпы көлемінің 57,7%-ын немесе 400,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде есепке жатқызылған ҚҚС-ғы есептелген ҚҚС-нан 278,5 млрд. теңгеге асып кеткен.

Есеп комитеті салық төлеушіні есепке қою­да, салық тексерулерін жүргізуде және тексеру нәтижелеріне шағым жасаудың тетігінде, сондай-ақ мәжбүрлеп өндіріп алу шараларында кемшіліктердің бар екенін анықтады.

Заңды тұлғаларды тіркеу жүйелері Әділет министрлігінде, Статистика агенттігінде және Салық комитетінде жұмыс істейді. Осы жүйелер арасында кешенді байланыстың болмауы ҚҚС-қа әкімшілік жүргізудің тиімділігіне әрі “бір күндік” және “қолма-қол ақшаға айналдыру” фирмаларын жедел анықтауға кері әсер етеді.

Есеп комитеті ҚҚС ақпараттық жүйесінің жұмысында ұйымдастырушылық және жүйелік кемшіліктерді, оның ішінде Салық комитетінің басқа жүйелерімен өзара айқын іс-қимылының жоқ екенін анықтады.

Республикада салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, жедел-іздестіру шаралары ҚҚС бойынша берешегін азайтуға елеулі ықпал ете алмай келеді. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚҚС бойынша берешек 19,0 млрд. теңгені құрады. Сонымен бірге, қазіргі уақытқа дейін “қолма-қол ақшаға айналдыру” фирма­лары мен “бір күндік” фирмаларды жою, сон­дай-ақ өндірісті ынталандырып, қосылған құны жоғары тауарларды өткізу үшін ҚҚС қайтару­дың тетігін жетілдіру жөніндегі Есеп комитеті ұсынған кешенді шаралар қабылданбаған.

Табиғи және басқа да ресурстарды пайда­ланудан түсетін түсімдердің нақтыланған жыл­дық жоспары 140,3 млрд. теңге, ал іс жүзінде түскен түсімдер 267,4 млрд. теңгені немесе 190,5% құрады, оның ішінде шикізат секторы ұйымдарынан – 386,0%, басқа салық төлеу­шілерден – 143,0%. Жоспардың асыра орында­луы, негізінен, үстеме пайдаға салынатын са­лықтан – 28,7 млрд. теңге (1,3 есе), бонус­тардан – 9,7 млрд. теңге (3,6 есе), роялтиден – 5,8 млрд. теңге (1,3 есе) құралды.

2006 жылы табиғи және басқа да ресурс­тарды пайдаланудан түскен түсімдер негізінен роялтидің (79,0%), бонустардың (58,5%) және жасасқан келісім-шарттарға сәйкес шикізат сек­торы ұйымдарынан өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі (37,3%) есебінен 2005 жылмен салыс­тырғанда 12,1%-ға азайды.

Табиғи және басқа да ресурстарды пайда­ланудан түскен түсімдер құрылымында үстеме пайдаға салынатын салық негізгі салық болып табылады, 2006 жылы оның үлесі 42,9% құрады. Республикада үстеме пайдаға салынатын салық түсімдері тұрақты түрде артып келеді, бұл мұнай бағасының өсуіне байланысты болып отыр. Мәселен, 2006 жылы үстеме пайдаға салынатын салық түсімдері 2005 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өскен.

Мемлекет мұнай операцияларынан қосым­ша кіріс алу үшін және мұнай-газ секторына салық жүктемесін көбейту мақсатында 2004 жы­л­ғы 1 қаңтардан бастап экспортталатын мұ­найға рента салығын енгізді. Сонымен бірге, Үкімет Салық кодексінің 304-3-бабын бұза отырып, шикі мұнайдың ұқсас сорттарының салық ставкасын айқындайтын тізбесін белгілемеген. Сараптамалық бағалау бойынша көрсетілген Тізбе дер кезінде белгіленген жағ­дайда, 2004 жылы республикалық бюджет кірісіне экспортталатын мұнайға салынатын рента салығынан қосымша 1,5 млрд. теңге түсетін еді.

Кеден органдары әкімшілік жүргізетін сырт­қы экономикалық қызметтен түсетін ке­дендік төлемдер мен салықтар бойынша 2006 жыл­ғы болжам 110,0%-ға орындалды. Тапсыр­мада белгіленген 441,1 млрд. теңгенің орнына іс жүзінде 485,4 млрд. теңге түскен.

Есепті жыл ішінде, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті жоспарды орындау мақсатында жоспарларын орындамайтын де­пар­таменттердің көрсеткіштерін азайтып, ал жос­парларын асыра орындайтын департамент­тердің көрсеткіштерін көбейту арқылы бастап­қы бекітілген көрсеткіштерді бес рет түзеткен.

Республикада кедендік салықтар мен төлем­дерді төлеу бойынша елеулі жеңілдіктер және төлеу мерзімін ұзартуға артықшылықтар беріл­ген. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кедендік салықтар мен төлемдер бойынша бе­рілген жеңілдіктердің көлемі, сондай-ақ есепке жатқызу және мерзімін ұзарту әдісімен төленген ҚҚС көлемі 457,3 млрд. теңгені немесе сыртқы сауда операцияларынан республикалық бюд­жетке іс жүзінде түскен қаражаттың 94%-ын құрады. Бұл ретте көрсетілген қаржының 393,1 млрд. теңгесін кедендік салықтар мен төлем­дерді төлеу бойынша жеңілдіктер құрады, оның ішінде кедендік төлемдерге салық салудан Қазақ­­стан Республикасының заңнамасында бел­гіленген тәртіппен босату жеңілдіктері – 132,8 млрд. теңге, кедендік одақ пен еркін сауда аймағы шеңберінде берілген тарифтік артық­шылықтар – 103,7 млрд. теңге.

Республикалық бюджетке түскен салықтан тыс түсімдерді бағалау және оларға жүргізілген бақылаудың қорытындысы

Республикалық бюджетке түскен салықтан тыс түсімдер 49,2 млрд. теңгені немесе 125,0% құрады, ал олардың нақтыланған жоспардағы мөлшері – 39,3 млрд. теңге.

Салықтан тыс түсімдердің ішінде ең көбі 33,0 млрд. теңге мөлшерінде немесе 67,0% мем­лекеттік меншіктен түскен кірістердің үлесіне тиеді, оның ішінде 5,8 млрд. теңге респуб­ликалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне есептелген дивидендтер құрайды. Бұл ретте 2005 жылмен салыстырғанда есепті жылы дивидендтер түсімі 3 есеге немесе 12,6 млрд. теңгеге азайған. 2006 жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Ұлттық банкі­нің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұста­лып, қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақыдан, санкция­лардан, өндіріп алулардан республикалық бюджетке 5,2 млрд. теңге түсті немесе нақты­ланған бюджеттен 6,9 есе асты. Бұл ретте, осы­лардың негізгі үлесін зиянды өтеу туралы та­лап-арыздар бойынша табиғат пайдалану­шы­лардан алынған қаражаттар, тәркіленген аң жә­не балық аулау құралдарын, түскен түсімдердің 14,7% немесе 766,4 млн. теңге мөлшерінде заңсыз өндірілген өнімдерді сатудан түскен қаражаттар, түскен түсімдердің 8,8%-ы немесе 457,6 млн. теңге мөлшерінде атқарушылық санкциялар құрады.

2006 жылы салықтан тыс төлемдердің жоспардан тыс түсімдері 4,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері салған әкімшілік айыппұлдардан, өсімақыдан, санкциялардан, өндіріп алулардан 3,4 млрд. теңге түсті.




Қазақстан Республикасының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,5 %-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісі нақты көлемінің индексі 104,5 %-ды құрады. Есептік кезеңде 7703,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 4365,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2006 жылдың қаңтар-желтоқсандағы деңгейінен 2,6 %-ға жоғары. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру 3,1 %-ға, темір кені – 1,4 %-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде 2916,6 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2006 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінен 6,7 %-ға жоғары.

623,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығының өнімі өңделді, соның ішінде сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру 559,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінең 7,2 %-ға жоғары.

Былғары және былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер өндірісі 47,6 %-ға, химия өнеркәсібі - 26,7 %-ға, резина және пластмасса бұйымдары - 25,9 %-ға, машина мен жабдықтар 21,6 %-ға ұлғайды.

Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу 7,3 %-ға ұлғайды. Электр энергиясын өндіру 76,1 млрд. кВт. сағ. құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейден 6,2 %-ға жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2007 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1069,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың осы кезеңінен 8,4 %-ға артық, бұл ретте мал шаруашылығы өнімі – 4,0 %, өсімдік шаруашылығы – 12,7 %.

Өсімдік шаруашылығы. 2007 жылы алдын-ала деректер бойынша астықтың жалпы жиналуы қайта өңдеуден кейінгі салмағында 22,0 %-ға ұлғайып, 20,1 млн. тоннаны құрады, оның ішінде солтүстік облыстар үлесіне – 15,4 млн. тонна келеді, бұл 2006 жылдың деңгейінен 20 %-ға жоғары. Дәнді дақылдар шығымдылығы тұтастай республика бойынша гектарынан 13,3 центнерді құрады.

2007 жылы 6,8 млн. тонна экспорт жіберілді, астыққа эквивалентте – 2,1 млн. тонна ұн экспортталды (ұн – 1,5 млн. тонна). 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда астық экспорттың көлемі 2,2 млн. тоннаға (47,6%-ға), ұн – 339,9 мың тоннаға (30,3%-ға) ұлғайды.



Мал шаруашылығы. Үстіміздегі жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мал санының өсуіне қол жеткізілді: ірі қара мал - 3,4 % -ға, қой мен ешкі – 5,2 % -ға, жылқы – 4,4 % -ға, түйе – 3,7 % -ға, шошқа – 6,4 % -ға және құс – 5,7 % -ға.

Тірі салмақта ет өндірісінің көлемі 3,9 % -ға, сүт – 3,0 % -ға, жұмыртқа – 6,8 % -ға өсті.



Құрылыс. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1307,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейнен 15,3 %-ға көп.

Тұрғын үй құрылысына 489,6 млрд. теңге инвестиция жіберілді (негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлемінің 15,1 %), бұл 2006 жылы инвестициядан 26,2 %-ға көп.

Жалпы алаңы 8,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2006 жылы қол жеткізілген көрсеткіштерден 29,8 %-ға көп.

Көлік. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада жүк айналымы 350,4 млрд.ткм құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 6,7 %-ға көп.

Темір жол көлігінің жүк айналымы 5,1 %-ға, автокөлік жүк айналымы – 14,1 %-ға, магистралдық құбырдың жүк айналымы - 5,4 %-ға, әуе көлігінің жүк айналымы – 28,8 %-ға және өзен көлігінің жүк айналымы 1,3 есе өсті.

Инфляция. 2007 жылғы желтоқсанда инфляция 2006 жылдың желтоқсанына 18,8 % деңгейде қалыптасты, 2006 жылдың тиісті кезеңінде – 8,4 % болған.

Инфляцияның жеделдеуіне оның құрамдас бөліктері бағаларының өсуі негіз болды, азық-түлік тауарларына – 26,6 % (2006 жылғы желтоқсанда - 7,3 %) және азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 10,5 % (7,1 %). Ақылы қызметтер құнының өсуі 15,4 %-ды (11,6 %) құрады.

2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда инфляция жылдың мәнде 2006 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 10,8 % (8,6 %) деңгейде қалыптасты.

Сыртқы сауда айналымы. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 80,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 30,0 %-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт – 47,8 млн. АҚШ долл. (24,8 %-ға), импорт – 32,8 млн. АҚШ долл. (38,3 %-ға).

Экспорттың жалпы көлімінде ең үлкен үлес – 69,7 % минералдық өнімдерге тиесілі. Асыл емес металдар және олардан жасалған бұйымдар 17,1% -ды, химия өнімі 4,0 %-ды, азық-түлік тауарлар және оларды өндіруге арналған шикізат 4,3 %-ды, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар 2,0 %-ды құрады.

Импорттың құрылымында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппаратар (жалпы импорт көлемінің 46,6 %), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,3 %), минералдық өнімдер (13,1 %), химия өнімі (10,6 %) үлкен үлеске ие.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға инвестициялар ­ 3234,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда 8,2 %-ға көп.

Негізгі капиталға қаражат салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты (54,4 %) мен шетел инвестициялары (18 %) болып табылды. Бюджет қаражаты 15,7 %-ды, қарыз қаражаты - 11,9 %-ды құрады.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (60,9 %), сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (23,0 %) игерді. Мемлекеттік сектордың үлесі 16,1 %-ды құрады.

Инвестициялық тартымдылық бойынша негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде мыналар басым салалар болып табылады: мұнай және табиғи газ өндіру, осы салада қызмет көрсету – 27,9 %, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және тұтынушыларға қызмет көрсету – 25,4 %, көлік және байланыс – 13,4 %, өңдеу өнеркәсібі – 10,5 %.

Ағымдағы жылдың 12 айында Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда елдің халықаралық резервтері 15,7 %-ға ұлғайып, 38,4 млдр. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 21,0 млрд. АҚШ доллары.

Валюта нарығы. 2007 жылдың 12 айында теңгенің орташа өлшемді айырбас бағамы бір доллар үшін 122,61 теңге болды. Кезеңнің соңында биржалық бағам бір доллар үшін 120,3 теңге болды. Жыл басынан бері теңге АҚШ долларына номиналдық мәнде 5,28 %-ға нығайды.

Депозит нарығы. Депозиттік ұйымдардағы депозиттер жыл басынан бері 25,9 % өсіп, 2008 жылғы 1 қаңтарға 3873,9 млрд. теңгеге жетті.

Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары 2007 жылдың 12 айында 40,5 %-ға 1432,6 млрд. теңгеге жетті. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 31,5 %-ға өсіп, 904,0 млрд. теңгеге, ал шетел валютасындағы депозиттер 59,0 % -ға 528,3 млрд. теңгеге өсті. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 66,7 %-дан 63,1 %-ға дейін төмендеді.



Кредит нарығы. 2008 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредиттік салымдары 12 айда 54,7 %-ға ұлғайып, 7258,4 млрд. теңгені құрады.

Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 51,6 %-дан 57,2 %-ға дейін жоғарылды.

Ұзақ мерзімді кредиттердің өсу үрдісі байқалады. Мәселен, ұзақ мерзімді кредиттер қаңтар-желтоқсанда 68,9 % өсіп, 5800,8 млрд. теңгені құрады, ал қысқа мерзімді кредиттер 16,0 %-ға өсіп, 1457,6 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 73,2 %-дан 79,9 %-ға дейін жоғарылды.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері 2007 жылы 75,2 % ұлғайып, 1508,2 млрд. теңгені құрады.

Салалық бөлуде экономиканың сауда (41,2 %), құрылыс (20,2 %), өнеркәсіп (7,4 %) және ауыл шаруашылығы (7,2 %) тәрізді салаларына мейлінше көбірек кредит берілді.

Еңбек нарығы және еңбек қатынастары. 2007 жылдың төртінші тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 8,3 млн. адамды құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңінен 225,6 мың адамға көп (2,8 %-ға). Республика экономикасында 7,7 мың адам жұмыспен қамтылған. 2006 жылғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 265,5 мың адамға (3,6 %-ға) өсті. Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында негізгі үлесті – 65,6 % жалдамалы қызметкерлер құрады, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 34,4 %.

2007 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздар деңгейі 578,8 мың адам болды және 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,9 мың адамға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 7,0 % болды (2006 жылғы 4 тоқсанда – 7,7 %).

2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 211,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жұмыс іздеп келгендердің 88,7 % құрады.

Еңбекақы төлеу. 2007 жылғы қаңтар-қарашада бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 51101 теңгені құрады және 2006 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,0 %-ға, нақты мәнде – 17,3 %-ға ұлғайды.
Өңірлерді дамыту
Өнеркәсіп. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қарағанды облысынан басқа республикамыздың барлық өңірлерінде өнеркәсіп өндірісінің өсуі байқалды. Ең жоғары өсу қырқыны Ақмола (19,8 %-ға), Батыс Қазақстан (12,5 %-ға), Жамбыл (9,0 %-ға) және Қостанай (6,3 %-ға) облыстарында, тағы да Астана және Алматы қалаларында (тиісінше 21,7 % және 9,2 %) байқалды. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуі Қарағанды облысында 0,7 %-ға байқалды.

Ауыл шаруашылығы. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара малдың, жылқының, қой мен ешкі санының өсуі байқалып отыр.

2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылмен салыстырғанда республиканың барлық облыстарында ет өндіру көлемі өсті. Ет өндіру Шығыс Қазақстан (6,4 %), Оңтүстік Қазақстан (5,9 %) Қарағанды (5,8 %) және Жамбыл (4,1 %) облыстарында барынша өсті.

2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, республиканың барлық облыстарында сүт өндірісі ұлғайды. Сүт өндірісі көлемінің барынша өсуі Манғыстау (13,8 %), Оңтүстік Қазақстан (7,6 %), Атырау (4,7 %) және Қарағанды (4,6 %) областарында байқалды.

2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда жұмыртқа өндірісінің ұлғаюы 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстанның 12 өңірінде байқалды. Алматы (19,1 %), Манғыстау және Батыс Қазақстан (әр қайсында 14,3 %), Шығыс Қазақстан (9,2 %) және Қостанай (7,6 %) облыстарында және Алматы қаласында (44,4 %) ең жоғары өсу қарқынына қол жеткізілді.

Инвестициялар. Негізгі капиталда инвестицияның өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды. Ең көп өсім Ақмола (2,1 есе), Батыс Қазақстан және Қызылорда (әр қайсында 1,4 есе), Oңтүстік Қазақстан (1,4 есе), Қостанай (28,9 %) және Алматы (13,6 %) облыстарында тіркелді. Жоғары өсу қарқыны сонымен қатар Ақтөбе (11,5 %) және Солтүстік Қазақстан (11,3 %) облыстарында байқалды. Астана және Алматы қалаларында инвестиция көлемі (тиісінше 16,7 % және 8,3 %) ұлғайды. Сонымен қатар инвестиция көлемінің төмендеуі Атырау облысында – 2,3 %-ға, Маңғыстау облысында – 14,5 %-ға және Павлодар облысында – 6,3 %-ға байқалды.

Тұрғын үй құрылысы. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйлерді пайданалуға беру көлемі 2006 жылдың ұқсас кезеңіндегі Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда (төмендеу деңгейден тиісінше 1,1 % және 12,2 %), республиканың барлық өңірлерінде артты.

Астана (өсуі 1,8 есе) қаласында, Атырау (2,0 есе), Қарағанды (1,5 ece) және Шығыс Қазақстан (1,4 есе) облыстарында тұрғын үй салу белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй құрылысы өсуінің жоғары қарқыны сонымен қатар Маңғыстау (27,8 %), Ақмола (28,7 %) және Қостанай (23,4 %) облыстарында да байқалды.


жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау