2.2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі - миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жїйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимылда мемлекеттік фискалдық, инвестициялық, өңірлік (аумақтық) саясаттың, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000 Астана қаласы, сол жақ жағалау, 35-көше, N 2 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.
Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" мемлекеттік мекемесі". Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Министрліктің негізгі функциялары мен құқықтары
Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Министрліктің құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
нәтижелерге жетуге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз етуді және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, орта мерзімді экономикалық, бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын әзірлейді;
салық және бюджет саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі жөніндегі борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының үш жылдық кезеңге арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы Заң жобасын әзірлейді;
жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлейді;
мемлекеттік активтерді басқару саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының жобасын әзірлейді;
мемлекеттік функцияларға және бағдарламалық құжаттарға сәйкес бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) тізбесінің жобасын қалыптастырады;
республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді болжауды жүзеге асырады;
шоғырландырылған бюджет жобасын әзірлейді;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады;
Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Министрліктің құзыреті шегінде аумақтық (өңірлік) даму саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
инвестициялық саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
стратегиялық маңызы бар, оларға қатысты мемлекеттік меншік мониторингі жүзеге асырылатын экономика салалары объектілерінің тізбесін жасайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
бірыңғай бюджеттік сыныптаманың жобасын әзірлейді;
мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
мемлекеттік органдардың республикалық бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, нақтылау, түзету сатыларындағы қызметін үйлестіреді;
макроэкономикалық көрсеткіштерді талдауды жүзеге асырады;
бағдарламалық құжаттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың орта мерзімді кезеңге арналған жай-күйі мен болжамын жыл сайын бағалауды жүргізеді;
басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады;
бюджеттік инвестициялар мен байланысты гранттардың тиімділігіне мониторинг және бағалау жүргізеді;
байланысты гранттарды тартуға арналған басымды өтінімдердің тізбесін қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты қалыптастырады және жыл сайын Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаларды) экономикалық сараптауды жүргізеді;
министрліктің құзыреті шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді жетілдіруді ұйымдастырады;
мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдауды жүзеге асырады;
мемлекеттік меншік объектілерін басқаруды талдау мен бағалауды жүзеге асырады;
мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға қатысады;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
мемлекеттік органдардың ұсынымдары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, жұмыс бейінін өзгерткен кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы ұсыныстар енгізеді;
негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлер бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдауды және өндірістік күштердің дамуын болжауды жүргізеді;
мемлекеттік меншік мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға қорытылған талдамалық жазбалар, даму болжамдарын, ұсыныстар мен ұсынымдар береді;
барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарттардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізеді;
ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы саясатты іске асыруды үйлестіреді;
төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлейді;
бюджеттік өтінімдерді құру және ұсыну тәртібін әзірлейді;
республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді болжамдау әдістемесін әзірлейді;
жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
республикалық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу мен іске асыру әдістемесін айқындайды;
бюджеттік инвестициялық жобаның (бағдарламаның) техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қойылатын талаптарды айқындайды;
бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және қарау тәртібін айқындайды;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және олар бойынша қорытындылар береді;
ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимитін қалыптастырады;
мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан түсетін түсімдер мен ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді;
орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады;
лицензиарлар ұсынатын ақпаратты жинауды, талдауды, өңдеуді жүзеге асырады.
Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2.3. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы «16» № 599 қаулысымен жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 42-бабына сәйкес әзірленді және үш жылдық кезеңге арналған және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жыл сайын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті жергілікті бюджеттің кірістері мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі:
ЖСТі= КБКі - ШБКі;
мұнда ЖСТі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі;
КБКі - і- облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлемі;
ШБКі - і-облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) шығындарының болжамды көлемі.
Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындардың болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі>0) жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленеді.
Жергілікті бюджет шығындарының болжамды көлемі кірістердің болжамды көлемінен асқан кезде (ЖСТі<0) жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
Жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлемі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес және мыналардың негізінде есептеледі:
1) түсімдерді бюджеттердің деңгейлері арасында бөлу;
2) Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат;
3) Республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары;
4) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді бюджетке есептеу тәртібі мен шарттарын, оның ішінде жоспарланатын кезеңде енгізілетін ережелерді регламенттейтін және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің қысқаруын немесе ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы.
Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінде белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мақсатқа жетуге, стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалар мен өңірді дамыту жоспарларының нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі мыналардан тұрады:
- еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерді төлеу, азық-түлік пен дәрілік заттар сатып алуға жұмсалатын шығындар, жәрдемақылар төлеу және басқалары;
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар және басқалары.
Әдістеменің көмегімен есептелген жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау үшін ғана пайдаланылады.
Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай жергілікті бюджеттер бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде мыналар ескеріледі:
1) Орта мерзімді көлемін фискалдық саясатқа сәйкес жоспарланатын кезеңдегі тұтыну бағалары индексіне ағымдағы шығындардың (жалақыны қоспағанда) ұлғайғанын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
2) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының ережелері;
3) жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе қысқаруын, оның ішінде бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіруді көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ережелері;
4) бұрын қолданысқа енгізілген, алайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген, Қазақстан Республикасы заңдарының Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ережелері;
5) ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындаған кезде, сондай-ақ мыналар ескеріледі:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері;
2) ертеректе қолданысқа енгізілген, алайда облыстың бюджет комиссиясы шешімдерінің негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне қосымша демалыстар беруге арналған қаражат алынып тасталады және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелген соң абсолют сомалармен толықтырылады.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжамдаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды келемін есептеу осы әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтары бөлінісінде жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау өңірлердің шығындары деңгейіндегі айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескере отырып, осы әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттер есебінен көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жоспарланатын кезеңдегі санына негізделіп жүзеге асырылады.
Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
;
мұндағы АШіj - j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;
Шj - j функционалдық кіші тобы бойынша барлық облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;
T - j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қызметтерін тұтынушылардың саны;
Kij1 ...,Kijn - j функционалдық кіші тобы бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) қызметтер көрсетудің құнындағы республикалық орташа немесе облыстық орташа деңгейден айырмашылықты негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеген кезде қызмет көрсету құнының әр түрлілігін негіздейтін, объективті факторларды бейнелейтін мынадай коэффициенттер қолданылады:
а) урбанизация коэффициенті:
;
мұндағы Халіқала - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың немесе ауданның қала халқының саны;
Халі - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) немесе аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың саны.
Урбанизация коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі қызмет көрсетулерге байланысты шығындардың республикалық орташа деңгейге қатысты неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;
б) таратып орналастыру дисперсиялығының коэффициенті:
;
мұндағы Халіұсақ - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстың немесе ауданның халқының саны 500 адамнан аз елді мекендерінде тұратын халқының саны;
Халі - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша і-облыстағы немесе аудандағы халықтың жалпы саны.
Таратып орналастыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің көлеміне қарамастан, халықты бюджеттік қызметтердің айқындалған жиынтығымен, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген шығындардың орташа республикалық деңгеймен салыстырғандағы неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;
в) ауқым коэффициенті:
;
мұндағы
Достарыңызбен бөлісу: |