АЛҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2017 жылы «Алға ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 144,8 млн теңге қаржы бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 98,8 пайызға игерілді. Округ бойынша жиналуға тиісті мүлік салығы 9,7 мың теңге, жер салығы 69,4 мың теңге, көлік салығы 1,8 млн теңге, барлығы 1,9 млн теңге жиналып, жоспар 109 пайызға орындалды.
Жыл бойына ауылдық округ әкімінің атына 4 жеке тұлғадан өтініш түссе, 2 адам жеке қабылдауда болды. Олардың барлығына тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді.
Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. Округте 310 отбасы, 1826 адам есепте тұрады. 2017 жылы 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 33 отбасының 116 баласына 1,9 млн теңге жәрдемақы төленді. 58 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 14 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, «Өрлеу» бағдарламасы аясында 4 адам жұмыс жасап, оларға 543,2 мың теңге төленді. Жастар тәжірибесінен өтуге 3 адам қатысты. Маусымдық жұмысқа 10 адам алынды.
Кәсіпкерлік. Ауылдық округ бойынша 27 бірлік кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Оның ішінде 1 ЖШС-гі, 10 малшаруашылығы, 5 аралас заттар дүкені, 1 жүктасымалы, 1 наубайхана, 3 әр түрлі қызметтер, 1 бақташы, 5 кәсіпкер жолаушылар тасымалымен жұмыс жасайды. «Айтбай» және «Жаңатал» ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылып, құрамында 9 адам жұмыс жасауда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында «Бастау - Бизнес» бағдарламасы арқылы 1 адам 1,0 млн теңге, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы арқылы 1 адам 6,0 млн теңге, 1 шаруақожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5,0 млн теңге несие несие алып, малшаруашылығын дамытуға жұмыс жасауда.
Ауылшаруашылығы. Округтегі «РЗА-АГРО» ЖШС-нің егіс бригадасы бойынша 2017 жылы 1250 га күріш, 800 га жаңа жоңышқа егіліп, 1200 га көне жоңышқа күтімге алынды. Күріштің әр гектарынан 52,9 центнерден өнім алынып, келер жылдың егісіне 1170 га сүдігер айдалды.
Сонымен қатар, округте «Ақмаржан» шаруа қожалығы жұмыс жасайды. 2017 жылы егілген 230 га күріштің әр гектарынан 35 центнерден өнім алынды. 60 га жаңа жоңышқа егіліп, 110 га көне жоңышқа күтімге алынды.
Ауыл тұрғындары азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Айтбай» және «Шолтыр» учаскесінен 70 га қауын-қарбыз, 10 га картоп, 30 га көкініс, т.б дақылдар егіп, уақытылы жинап алды.
Округ бойынша 2014 бас мүйізді ірі қара, 1523 бас қой, 1775 бас ешкі, 2095 бас жылқы бар.
Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру, жол жөндеу.
Елді мекендерді көркейту-көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 735,0 мың теңге бөлінді. Ауылдың ішкі су жолдары тазаланып, жасыл белдеулерге көшеттер мен қаламшалар отырғызылды.
2017 жылы Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл толуына байланысты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Тағзым» алаңы қайта жөндеуден өтті. Жаңадан «Жастар саябағы» салынды. Ауылдық клуб және №88 орта мектеп ауласы жаңадан қоршалып, абаттандырылды.
Ү.Түктібаев, Жаңа жол және Б.Әбдіразақов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ауыл ішіндегі 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2 көшеге асфальт төселіп, 2 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылды.
Ауыз су. Округ бойынша «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырының №17 су көтеру бекеті арқылы ауыз су тұрақты берілуде. Күнделікті 62 қоғамдық колонка арқылы 60 куб ауыз су босатылуда.
Байланыс. Ауыл орталығында «КСЕLL» компаниясының ұялы байланыс нүктесі орнатылған. 2017 жылға округ бойынша 882 дана газет-журналдарға жазылу ұйымдастырылды.
Білім, денсаулық сақтау, мәдениет. Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектепте 410 бала білім алуда. Оларға 67 мұғалім оқу-тәрбие беруде. 2016-2017 оқу жылында мектеп бітірген 18 түлектің 9-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның 8 жоғарғы оқу орындарының грантын иеленді. Қазіргі таңда бітірушілердің барлығы оқумен қамтылған.
150 орындық ауылдық клубта әр бір мереке уақытылы аталып өтіледі. Жыл ішінде 43 іс-шара ұйымдастырылды. Ауылдық клубта ән, драма, би, домбыра үйірмелері жұмыс жасайды. Ауылдық кітапханада 19 752 дана кітап қоры бар.
Ү.Түктібаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясы 11 адамға арналған күндізгі емдеу орынмен қамтылған. Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары білімді дәрігер, 12 орта білімді қызметкерлер жұмыс жасайды.
Жыл көлемінде 2,0 млн теңге бөлініп, науқастардың дәрі-дәрмегіне жұмсалды. 1 жедел-жәрдем автокөлігі қызмет жасайды.
Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес.
Ауылдық округ аппаратында сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында тоқсан сайын құқықтық оқу өткізіліп тұрады. Жыл көлемінде сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылық тіркелген жоқ.
Қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында округ бойынша 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Округ әкімдігі ғимаратында учаскелік полиция инспекторының арнайы бөлмесі бар.
Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер.
-Мемлекет тарапынан жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында берілетін несиелерге ауыл тұрғындарын көптеп тарту;
-Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің жұмысын жандандыру;
-Ауыл орталығының санитарлық тазалығы мен көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;
-Ауыл ішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына қаржы тарту;
-Ауыл тұрғындарының үй іргелік және округ аумағынан бақша және көкініс дақылдарын егу үшін қолайлы жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |